Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)

Байланыс дәріс сабағы 

 

 

 

 

Тақырыптар

Сағат саны

Байланыс дәріс сабағы

Виртуальдық дәріс сабағы

Виртуальды практикалық/семинар  сабақтары

1.

Философия пәні нені зерттейді.

2

   

2.

Адам мәселесі -философияның мәселесі.

2

   

3.

Философия-  білімнің ерекше түрі.

2

   

4.

Философия терихи түрлері..

2

   

5.

Коне Шығыс флософиясы.

2

   

6.

Коне Грек философиясы. 

 

1

 

7.

Орта ғасыр философисы.

 

1

 

8.

Қайта Өрлеу дәүрі жәнеАғартушылық кезеңі.

 

1

 

9.

Жана даүір философиясы.

 

1

 

10.

Неміс классикалық философиясы.  .

 

1

 

11.

Орыс философясы.

 

1

 

12.

ХІХ ғ. Иррационалдық философиясы.

 

1

 

13.

ХХ ғ. Философияның негізгі бағытттары.  

 

 
 

2

 

14

Жыныс философиясы.

 

1

 
   

10

10

8

     
           

 

  

 

 

  

 

 

 

Лекциялардың  тезистері 

 

№ 1 тақырып: “Философияның  пәні және әдісі. Философияның адамның  және қоғамдық өмірдегі қызметтері”. 

 

“Философия” термині үш мағынада қолданылады: біріншіден, философия  – дүниеге көзқарастың бір  түрі; екіншіден, философия - өзінің зерттеу  пәні бар ерекше ғылым саласы; үшіншіден, философия адамзат өмірінде айрықша  орын алатын адамның рухани қызметінің үлкен бір саласы, қоғамдық сананың  ерекше формасы.

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген  тұрғыда қойылып келеді.

Философия адамның дүниеде  болуының көптүрлі формалары мен  жолдарын, сол формалар мен жолдардың  ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл  күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

“Адам-әлем” қатынасы философияның көптеген мәселелерін қамтитын танымның жүйелі субстанциясы. Сондықтан философияның негізгі қызметі – адамның  дүниеде болуының белгілі бір  мәнді жолдарын көрсету, өмірдің  осындай формаларын бейнелеу.

Философияның негізгі  мәселесі: ойлаудың болмысқа (немесе рухтың табиғатқа) қатынасы. Философияның бұл  өзекті мәселесі философия тарихының  өне бойынан өтіп, оны мол рухани құндылық ретінде анықтайды.

Философия – жалпы методология, яғни әдістердің теориясы, ал теория білімнің адекватты формасы. Философиялық заңдардың, принциптердің, ұғымдар мен категориялардың  табиғат, қоғам, адам ойлауының дамуын, жалпы дүниетаным үшін маңызы зор.

Философияның негізгі  функциялары (қызметі): экспликациялық, рационализациялық, жүйелеу, сыншылдық, интегративтік, синтездеу, дүниеге  көзқарастық, гносеологиялық, логикалық, гуманистік, аксиологиялық, тәрбиелілік.  

 

Негізгі әдебиеттер:

1.     Әбішев К.Ә. философия. – Алматы, 1999.

2.     Әлеуметтік философия. – Алматы, 1999.

3.     Әбжанов Т.И. Қазақ рухының философиясы. – Қарағанды, 2003.

4.     Философиялық сөздік. – Алматы, 1996. 

Философияға кіріспе. Философияның дамутарихы. Философия  пәні мен функциясы. 

 

Оқыту мақсаты: Философия сөзінің мағынасы, философия ізденіс және адамның өз болмысының негізгі сауалдарына жауап табуы ретінде, философия данышпандылыққа құштарлық ретінде, парасатты және дұрыс өмір туралы ілім ретінде. Философиялық ойлаудың үлгілері. Дүниеге философиялық қатынастың ерекшелігі. Даналық - моральмен байланысқан, дұрыс өмір сүре білу дағдысымен, өз позициясын дұрыс таңдай білумен байланысты білім ретінде. Теориялық кәсіби философия және тәжірибелік өмірлік философия. Философия - адамның бағыт-бағдары тұрғысынан қарастырылатын идеялар, мәселелер туралы ойлау ретінде. Дүниетанымның типтері ретіндегі философия туралы түсінік. Миф, дін, философия, ғылым: олардың ортақ және ерекшелік сипаттары.

Негізгі ұғымдар: Теориялық философия, дүниетанымның тарихи типтері: мифология, дін, философия.

Қаралатын мәселелер:

1.      Философия пәні, генезисі және қазіргі әлемдегі рөлі.

2.      «Дүниетаным» ұғымы, оның құрылымы (дүниені түйсіну, дүниені қабылдау, дүниені ұғыну, дүниені түсіну).

3.      Мифологиялық       және діни дүниетанымның философиялық дүниетанымнан айырмашылығы.

4.      Философияның  даму тарихы.

5.      Философияның  негізгі функциялары.

Философия - бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл  иеленушілік дәуірге аяқ басар  мезгілде, мифологиялық діни түсініктермен  күрес барысында қалыптасты. Сол  кезде пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі  де тегін емес. Философияның басты  ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені  тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол -дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен  байланысын, арақатынасын қарастырамыз.

Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас  дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән - мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.

Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда  болған коғамдық тарихи құбылыс. Оның шығуының қайнар көзі - өмірдің өзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эвалюциялык  тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның  дүниедегі орны, болмыстын мән  жайы, адамзат өніп - өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер  қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кеткен ізденіске салды. Сөйтіп, әлем құбылыстарын түсіндіруге  талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір  кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың  сабақтастығы, өмір салтының материалдық  және рухани деңгейінің жоғарылауы, яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибенің  молаюы дүниетанымдық ықыласты жетілдіре  түсті. Осы факторлар өмірдің  негізгі мәселелерін ескерусіз  қалдырмай, ол туралы түсініктерді үнемі  дамытып, тереңдетіп отырды.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары «дүние»  және «адам». Олар ажырамас бірлікте. Яғни адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай- ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған  адамның іс - әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік  позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние арақатынастары бір - бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп дүниеге көзқараста 1) әлем, табиғат және қоғам туралы, олардың бірлігі туралы, 2) адам және оның дүниедегі орны туралы 3) болмыс пен болашақтың мән - жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады.

Дүниетанымның, дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз- білім. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана надандықты жоятынын, қала берсе, халық пен халықты  теңестіретін күш екеніне кәміл  сенді. «Ештеңе білмейтін және бірдеңе  білейінші деп талпынбайтын адам өте нашар адам» - деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені  ашу, игеру қабілетіне ие болу деген  сөз». Ал халық «білім - ырыс қазығы»  дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып. ерекшеленіп, жүйелік тұрақтылық сипатқа ие болды. Білім адамның көкірегіне қоныс  теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің  елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім - дүниеге көзқарастың түп  қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген іске, ұмтылған мұрат мақсатына деген беріктігі, сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.

Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал етеді. Сондай-ақ, дүниеге көзқарастың  қалыптасуы мен дамуының өзі табиғи әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге  көзқарастарды ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады.

Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі - ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет - әрекет барысында  қалыптасады. Өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке фактілерден  нәр алып, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі жалпылама. сыдыртпа «білімпаздық»  басым. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар  араласып, шатысып жатады.

Ал  тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің  болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың  мифологиялық, діни, натурфилософиялық  және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалыптасқан  мифологиялық дүние көзқарасына  тән нәрсе - адам қоршаған ортадан  өзін ажырата алмауы, құбылыстардың  құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір  ғана сипатына - символдық қызметіне  ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен  соқыр сенім элементтері қат-қабатымен  кезігеді. Миф - адамның қауымдық санасының  алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып  құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.

Дүние негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Діни дүниетаным табиғаттан тыс, құдіретті күшке  адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың  бұрмаланған бейнесін туғызады, оны  табиғатты өзгерту мүмкіндігінен  шеттеуге бейімдейді.

Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен  жүргізген натуралистік философия  болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат  туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін  нәрсе ретінде қарастыру басым  еді.

Натуралистік  дүниеге көзқараста жаратушының  даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де, Х^Ш-ХІХ ғ. бұл  дүние танымда табиғатқа деген  материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. «... сол кездегі философияның сіңірген аса зор еңбегі мынау деп білу керек , - дейді Энгельс, - ол өз заманындағы жаратылыстану-ғылыми білімдердің таяздығына қарамастан, түзу жолдан жаңылған жоқ. Спинозадан бастап ұлы француз материалистеріне дейін ол дүниенің мәнін өзі арқылы түсіндіруге табандылықпен әрекеттеніп, мұны толық дәлелдеп шығу ісін болашақ жаратылыстануға тапсырды ».

Ал, философиялық ой-толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығуы барысында, яғни ертедегі Қытай, Греция, Үнді елдерінде айқынырақ  қалыптасты. Осы кезде экономика  мен сауда-саттық, саяси құрылым  мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларда  шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. Өндіріс құралдарының шоғырлануы еңбек  бөлінісін тездетті, әрі тереңдетті.

Біреулердің қолында өндіріс байлығы, саяси  билік, жерді, сондағы бар мүліктерді иемденуге мүмкіндіктері сақталынды. Басым көпшілік, бұқара қауым мұндай игілік пен праводан мүлде айырылды.

Өндіріс өсті, өндіріспен бірге өндіргіш күш  те жетілді. Осыдан адамның табиғи ортадан  тәуелсіздігі дербестелінді, керісінше, адамдар арасындағы қарым - қатынаста  практикалық саяси тәуелділік тұрақталынды. Қоғамдық қайыршылықта адамның әлеуметтік жағдайы мен жеке билік арасындағы алшақтық күшейе түсті. Жеке билік өзімшілдікті орнықтырды, оған әлеуметтік мән берді. Таптық қайшылық қоғамдық өмірдің күрделі  мәселелерін күн тәртібіне қойды. Қайшылық салдарынан таным мен өндіріс  қызметі, ой еңбегі мен дене еңбегі бір-бірінен дараланып бөлінді. Білім  жеке биліктің есебімен ғана практикалық  қолдау тапты. Міне, осы жағдайда дүниеге  деген көзқарас қалыптасты. Бір жағынан, өмір мен сұлулық, бақыт пен болашақ  жайлы сезімтал көзқарастар дами түсті. Жеке адамның артықшылығын мойындаушылық  үдеді. Адамзат күші табиғаттағы  ең керемет күш деп ұғынушылық негіз алды. Адам өз тағдыры үшін өзінің де, өзгенің де ой-пікіріне талғаммен  қарайтын болды.

Информация о работе Философияның пәні және әдісі