1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2011 в 14:58, реферат

Описание

Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Работа состоит из  1 файл

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт.doc

— 426.00 Кб (Скачать документ)

    Жағдайдың бұдан әрі шиеленісуінің қиынға соғатының ұққан әскери губернатор С.А. Геппенер Әулиеата үйезі, Мерке  өңіріндегі көтеріске байланысты үйездегі әскери горнизондарды күшейтудің көтеру қажеттігін айтып, 30-шы тамызда Түркістан генерал-губернаторы Н.А. Куропаткинге мынадай жедел хат жіберіп, жағдайды баяндайды: « Мерке учаскесі приставының мәліметі бойынша өңірде қарауы қозғалысы басталды. Мерке –Пішпек телеграф байланысы үзілген, Меркеден 16 верст жердегі Құрағаты болысынан қазақтардың үлкен тобы Мерке қарай келе жатыр. Селоның үш жағынан өрт қойылған. Луговой селосы қоршауда. Пристав пен оның күзетшісіне қарсы оқ атылды. Болыстың хатшысы Шелякинді шанышқымен жаралады. Қазақтарға қарсы атылған оқтардан өлгендер мен жаралғандар бар. Кузьминко селосы өрт құшағында. Пристав, Меркеге келе сала қоныстанушы халықты (орыстарды) мүмкіндігінше қаруландырды. Түземдіктердің көңіл-күйі үйездің басқа учаскелерінде де бірқалыпты емес. Халық толқуда. Меркедегі қозғалыстың бет алысынан жағдайдың бұдан да қиындай түсетінін аңғару қиын емес» [5, 300  бет].

    Патша үкіметінің жазалаушы отрядтары  мен болмай қоймайтын қақтығыстарды  сезе білген Т. Рысқұлов көтершілерді ұйымдасқан түрде іс-қимыл жасауға, азғантай топтармен әрекет етпеуге үгіттейді, негізгі қарсылықты патша әкімшілігіне көрсетіп, орыс шаруаларына және олардың қоныстарына  тиіспеу керектігін айтып ақыл кеңес береді. Ондағысы отарлау саясатының майын ішкен патша әкімшілігі бұл жағдайды өз пайдаларына арандату арқылы шешіп кетуінен қорықты. Бұл туралы Т Рысқұлов былай деген, менің қатты қауіптенген нәрсем патша әкімшілігінің орыс шаруаларын қазақ жасақтарына айдап салар арандатушылығы болды, ал мұндай жағдайда көтерілісшілердің жағдайы тіпті шиеленісіп кетер еді.Ұйымдастырушылық қабілеті зор Т.Рысқұловтың қауіптенуі өте орынды еді. Пікірімізді дәлелдеу үшін Т.Рысқұловтың бір еңбегіне тоталып өтейік...

    Орыс  темір жол жұмысшыларына қатысты  айтатын болсақ, олар барынша отаршылдық рухта тәрбиеленген, сондықтан да көтерілісшілерге жандары ашымайды.  Тіпті кейбір аудандарда көтерілісшілерді басып – жаншуға дайындалды. Міне сондықтан да Әулиеата уезі, Мерке ауданында көтерілісшілер Жетісу темір жол құрылысын салушы орыс жұмысшыларына шабуыл жасады. Бұл революциялық қозғалыстағы  Европа жұмысшылары мен түземдік еңбекшілердің арасында ортақ ештеңенің болмағандығын көрсетеді  [6] дейді Т.Рысқұлов.

    Қыркүйектің 1-іне Әулиеата уезі, Ново- Троицк селосында  көтерісшілер мен жазалаушылар арасында бүгін 2 рет қақтығыс болды. Көптеген адам өлімі бар. Бұл жерде көтерлісшілерге қарсы 50 адамнан тұратын патша отряды соғысты [6, 303 бет].

    Жалпы алғанда Әулиеата үйезінде 1916 жылы шілде айының аяғынан бастап, бүкіл  тамыз бойы үйез халқы толқуда болды.

    Әулиеата  үйезінің Луговой селосына жақын  жерде салынып жатқан темір жол  станциясына көтерілісшілер шабуыл жасады. Көмекке жүз адамнан тұратын  атты әскер жіберілді [6, 304 бет] Жағдайдың одан әрі ушығуынан қорыққан патша үкіметі жедел түрде шара қолдануға мәжбүр болды. Бұл туралы Түркістан өлкесінің генерал – губернаторының көмекшісі М.Р. Ерофеевтың әскери министр Д.С.Шуваевқа 1916 жылы 6 қыркүйекте жіберген жеделхатында былай дейді: «екінші қыркүйек түні Ташкенттен  Әулиеатаға, Мерке ауданына запастағы бірінші Сібір полкынан күзетке екі рота солдат жіберілді ».

    Үйездегі  жағдай бұдан кейін де тыныштала  қоймады. Мұны сол Түркістан әскери округы қолбасшысының көмекшісі  М.Р.Ерофеевтың әскери министр Д.С.Шуваевқа қыркүйектің 16- сы мен 25-інде жіберілген жеделхаттарынан аңғару қиынға соқпайды.Онда Әулиеата үйезінің Аққолтық, Ағашақ және Шу болыстарында құмға барып топталған қазақтар соғыс жұмысына адам беруге келіскен ауылдардың малын айдап кеткендігі туралы айтылған [7].

    Жалпы алғанда 1916 жылғы көтеріліс Әулиеата үйезінің Алмалы, Арғын, Аспара, Ашын, Ботамойнақ- Алмалы, Күшеней болыстарын қамтыды.

    Әуелі жеке-жеке ауылдардан басталған бұл  көтеріліс Қазақстанды түгелге  жуық қамтыды. Көтерілісшілердің қатарына қазақ халқының барлық әлеуметтік топтарының өкілдері болған. Көтеріліске ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері қатысты. Өйткені патша үкіметінің озбырлығы барлық ұлттардың езілген тобына қатты тиді. Олар қай тұрғыда болса дербестікке, егемендікке жетуді аңсады [8].

    Сырдария  облысының көптеген аймақтарын қамтыған 1916 жылғы көтеріліс қыркүйектің  аяғына таман қарудың күшімен  жанышталды, жазалаушы отрядтар жіберілді. Патшаның жазалаушы отрядтары көтерілісшілерге ғана емес, сонымен бірге бейбіт халыққа да жауыздық әрекеттер жасады. Көтеріліске шыққан ауылдар ойрандалды, көтерілісті бастаушылар жазаланды. Бірақ патша үкіметі қаншама күш жұмсаса да, олардың қозғалысқа деген күші мен жігерін жасыта алған жоқ.

    Патшалық  ресейдің қоныстандыру және көтеріліске  байланысты жүргізген жазалау саясатының мақсаты ұлттың үлес салмағын біртіндеп азайту, яғни орыстандыру болды.

    Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің маңызы зор. Ол Ресей империясының отарлау жүйесіне елеулі соққы берген қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады. Халық қозғалысы қазақ еңбекшілерінің таптық сана- сезімін арттыруда маңызды рөл атқарды, патшаның малайлары ретінде феодалдық- рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына айқын көрсетіп, буржуазияшыл ұлтшылдардың атқарған сатқындық рөлін  әшкереледі, ауылдағы билеп- төстеушілерге қарсы күресті жаңа сатыға көтерді.

    Ұлттық  шаруалардың кең жіктері көтерілістің негізгі қозғаушы күші еді, оған жергілікті кәсіпорындардың жұмысшылары да, қолөнерші, батырақтар да қатысты. Олар өздерінің ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызметке құлшына кірісті. Қазақ еңбекшілері өздерін Ресей самодержавиесінің отарлаушылық экспедициясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш деп сенді.

    1916 жылғы бүкілхалықтық көтеріліске Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин, Сейітқали Меңдешов басқа да қазақ интеллигенциясының демократиялық бағыттағы өкілдері белсене қатысты. өзге бір топ қайраткерлер жергілікті әкімшілікке, Мемлекеттік Думаға жолдаған үндеу – хаттарында патшалық жазалаушы жасақтардың айуандығын әшкерелеп, қарусыз халықты қырғынға ұшыратуын талап етіп, бүкілхалықтық қозғалысқа үндерін қосты.

    Халық қозғалысы барысында өкімет құрылымы қарулы күштер, басқару аппараты құрылып  ол ұлт – азаттық революцияға ұласты. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы және зардаптары жағынан алғанда ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңі ішіндегі азаттық күрестің шырқау шыңы еді. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі патшалық режимнің, отарлау жүйесі дағдарысының бір көрінісі болды, ол Ресейдегі азаттық күрестің жалпы тасқынына ұласты [9]

    Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы  басылып  тасталды. Бірақ ол тарихтан ізсіз кеткен жоқ: халық бұқарасының  ұлттық санасын оятты, отаршылдыққа қарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренаға қазақ зиялыларының демократиялық бағыттағы күрескер тобының өсіп шығуына тікелей ықпал етті. Сонымен қатар 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің бір нәтижесі хандық билік жаңғыртылды. Шын мәнінде, 1916 жыл – ХХ ғасырдың соңында қазақ халқының қолы жеткен саяси тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта өз орнын алды.

    Сонымен қазақ елі сан жылдар бойы аңсаған  тәуелсіздікке жетіп, егемендігін  алған бүгінгі таңда, азаттыққа жетуге бастама болған күрестердің тарихына мән  беру  қазіргі күнгі талаптардың бірі. Сондықтан азаттық алу жолындағы күрестер тақырыбын тарихи шындық тұрғысынан зерттеу, сол күрестер барысындағы тәуелсіздік рухының мәнін терең ашып көрсету, тәуелсіздікке бет алған қазақ елінің мемлекеттік санасының нығаюына сәйкес қажеттілік болып табылады. 

    Пайдаланылған әдебиеттер: 

    1. Восстания 1916 г в средней Азии  и Казахстане. Сб. Документов. Москва. 1960. 301-302- б.б.

    2. Рыскулов Т. Восстание туземцов в 1916 году. ІІ Очерки революционного движения в средней Азии. Сб. ст. Москва., 1926. 50-б.

    3. ЖОММ. 140 қор. 1 тізбе. 105 іс. 1 - бума.

    4. Восстания киргизов и казахов  в 1916 году. Партия национального  движение. «Асаба», Бішкек., 1977. 12-б.

    5. Қаһарлы 1916 жыл. ІІ том. Т. Рысқұлұлы, 1916 жкөтеріліс. Алматы., 1998. 181-182-бб.

    6. О. Қоңыратбаев. Т. Рысқұлов  қоғамдық – саяси және мемлекеттік  қызметі. Алматы.,  «Қазақстан». 1994. 20-б.

    7.К.Нұрлыбеков.Әулиеата  үйезіндегі көтерілістер.// Қазақ  тарихы. 2005. № 4. 68-б.

    8. С.Сабыров. Қазақстан тарихы. Тарихи  оқиғаларды ұлттық мүдде тұрғысынан  бағалау. Алматы., «Ғылым» ғылыми  баспа орталығы. 2004. 136-б.

9. К.  Рысбай. Қазақстан Республикасының  тарихы. Алматы., 2ӘОЖ 958  

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 1916 ЖЫЛҒЫ  ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ 

С.Д. Тоқбергенова

Төле  би атындағы №8 гимназиясы, Тараз қ. 

    Қазақстан Республикасы-қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіз мемлекетіміздің  құрылуы-қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-азаттық күресінің  заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа мазмұндағы саяси кезең басталды.

    ХХ  ғасырдың басында Қазақстан, Ресей  империясының капитализмге дейінгі  өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы отарлық өлкесі болды. Қазақ  халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.

    Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-казак жерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға созылған жылдарында ресейлік отарлаушылар  Қазақстанның 45 миллион десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне иелік етті. 1917 жылы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын тепкен ресейлік қоныстанушылар (негізгі орыс ұлттарының өкілдері) сол кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 пайызын құрды [1, 30 бет].

    Отарлаушылар  қазақ халқының жері мен табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады. Халықты тілінен. Дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағында қатыгездікпен ойластырылған шараларды жүзеге асырды.

    Бұл жөнінде Міржақып Дулатов «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында  былай деп ашына жазған еді: «...Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді  халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады...өздерің көз жазбай байқап отырғандай...чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді...

    Енді  чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-ғұрыптарымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...

    Енді  бұл чиновнитер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып, қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін еркін иемденуде...Бұлар сорлы қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде...» [2, 211 бет].

    Патша үкіметінің отарлау саясаты өзінің шырқау шегіне жетіп, отарлау саясаты  өзінің шарықтау шегіне жетіп, отарлау саясаты күшейген сайын халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Соның бірі - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы еді.

    Ғылыми  жұмысты жазудағы мақсатым: биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің болғанына 90 жыл толып отыр. Осы  уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын, сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр.

Информация о работе 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс