Кемірушілер отряды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:20, курсовая работа

Описание

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.

Содержание

I Кіріспе
1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы
II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері
III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.
IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар
V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы
VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі
VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі
VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.
IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.
X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы
XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі

Работа состоит из  1 файл

Дип.-безгек-паразитті-мен-поземаның-дамуы-жағдайы.doc

— 1.94 Мб (Скачать документ)

 

Теңіз жұлдызы.

Сабақтың мақсаты. Теңіз  жұлдызы мысалынан тікен терілілердің құрылысындағы және тіршілігіндегі ерекшеліктерін анықтау.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар. Теңіз жұлдызының құрғақ және ылғал препараттары. Теңіз жұлдызының ішкі және сыртқы құрылыстарының қолдан жасалған таблицалары.

Үйге тапсырма беру:

Оқулықтан теңіз жұлдызының дискісі мен тармағының жарып көрсеткен схемасын дәптерге салу.

Сабақтың барысы: Мұғалім өзінің тікен терілілердің тіршілік ортасы жайындағы баяндауында бұл жануарлардың таралу аймағының тар екенін айтады.

Осы күнгі терілілердің түрлерінің санын /6000/ шамасы айтады. Теңіз  жұлдыздарының сыртқы құрылысына тоқталады.

 

Тікен терілілердің әр түрлілігі.

Сабақтың мақсаты: Өтілген әр түрлі тікен терілілерге негіздей отырып типтің өзіне тэн белгілерін анықтау: тікен терілілердің құрылысындағы және тіршілік ету тәсіліндегі ерекшеліктердің себептерін ашу.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар. Әр түрлі тікен терілілердің құрғақ және ылғал препараттары.

Сабақтың барысы: Мұғалім осы күнгі тікен терілілердің алуан түрлілігі жайында баяндай келе, әр сыныптың бейімділік ерекшеліктерін сипаттайды, оларды бір типке біріктіретін құрылыстарындағы ұқсас белгілерге тоқталады.

Тікен терілілер теңіз  жануарлары, ересек күйінде екі жақты  симметриялы болады, бұл олардың екі жақты симметриялы жануарлардан шыққандығын көрсетеді, ізбесті ішкі скелеті бар, дене қуысы жақсы жетілген су — сосуд системасы болады.

Мұғалім қазбадан табылған тікен терілілер жайында баяндай отырып, осы күнігі теңіз лилиясының сәулелі симметриясы орнында қозғалмай отырып тіршілік етуге байланысты келіп шыққандығын айтады.

Өте ертеде тікен терілілер  қозғалып жүріп тіршілік еткен де, екі жақты симметриялы және қозғалмайтын жануарды жауыннан қорғайтын ізбесті скелет пайда болған.

Кейініректе тікен терілілердің көпшілігі ата тегінің белгілерін сақтай отырып, қозғалып тіршілік етуге  көшкен.

 

Хордалылар  типі.

Оқу - тәрбиелік міндеттері: Оқушыларды хордалы жануарлардың белгілерімен, олардың шығу тегімен және классификациясымен таныстыру.

Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың арасындағы айырмашылықтарды белгілеу. Хордалылардың шығу тегі туралы мәселелерді зерттеудегі орыс ғалымдарының рөлін көрсету.

Биологиялық ұғымдар:

Жануарлардың систематикасы  және эволюциясы жайындағы ұғымды қалыптастыруды жалғастыра түсу. Ішкі скелет жайында ұғым беру.

 

Хордалы жануарлардың белгілері

Сабақтың мақсаты: Хордалы жануарлардың өздеріне тән белгілерімен олардың шығу тегімен және класскациясымен оқушыларды таныстыру.

Методтары: Баяндау, әңгіме, оқулықпен жұмыс істеу.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар.

Омыртқалылардың скелеті  мен тұлыбы.

Сабақтын барысы: Насекомдардың  метомерлі /сегментті/ құрылысы нені білдіреді. Зауза қоңызында қандай органдар системасы бар. Симметрия дегенміз не, құрттар және буын аяқтылар денесінің симметриясы қандай болады. Омыртқасыздардан ланцетниктік айырмасы денесінің ішінде хордасы болады. Хорда дененің тірегі немесе ішкі скелеті болып есептелді. Омыртқасыздардан ланцетниктің тағы бір айырмашылығы органдар системасының орналасуында. Орталық нерв системасы хорданың үстіне, жануардың арқа жағында орналақан. Ішек қарыны хорданың астына орналасқан, оның алдыңғы бөлігінде ішекпен қатынасты желбезек саңылаулары бар. Ланцетникті ең алғаш 1778 жылы сипаттап жазған орыс ғалымы академик П.С. Паллас екенін айтады. Ғалым оны алдында маллюска екен деп қалады, кейін бұл жәндікті төменгі сатыдағы балықтарға жатқызады. Ланцетниктің шын мәніндегі табиғатты және оның жануарлар дүниесінің систематикасында орны көпке дейін белгісіз болып қала берді. Орыс ғалымы А.О. Ковалеский ланцетниктің ересектік формасын және ұрықтың дамуын зерттей келе бұл организмде хордалардың да, омыртқасыздардың да белгілілерінің бар екенін аңғарған. Сөйтіп ғалым ланцетниктерді омыртқасыздардың арасынан орын алады деген қорытындыға келген. Ланцетникке ұқсас организмдер жануарлар дүниесінен үлкен екі тобының арасындағы туыстық байланысты барлығын көрсетеді. А.О. Ковалевскийдің зерттеулерінің нәтижиесінде жануарлардың жаңа типі -хордалылар белгілі болды. Кейініректе тип бірнеше тип тармағына бөлінді, оқушылар соның ішінде құрылысы жағынан ланцетникке ұқсас жануарлар жататын бассүйексіздер тип тармағын, бассүйектілер тип тармағын немесе омыртқаларды оқып үйренетін болады. Омыртқалылар өздерінің құрылысы жағынан алуан түрлі болып келетіндіктен бірнеше кластарға бөлінетінін айту керек. Хордалылар омыртқасыздардан қандай белгілері арқылы ажыратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Хордалардың систематикасы

 

 

Балықтар классы

 

Оқу-тәрбиелік міндеттері: Балықты мысалға ала отырып, омыртқалы жануарлар құрылысының, қызмет атқару системаларының күрделене түсумен таныстыру. Балықтардың көп түрлігі жайында ұғым беру.

Су ортасындағы арнайы жағдайларға /судың оттекпен канығу дәрежесі, химиялық құрамы, температурасы, жарықтың түсуі, қысым сондай - ақ қорек түрі мен қоректену тәсілі/, және көбею жағдайының ерекшеліктеріне байланысты алуан түрлі экологиялық топтардың болу себебтерін ашу. Балықтардың нерв системасының даму дәрежесін көрсететін мінез - қылығы мен олардың тіршілік жағдайы арасындағы материалдық үздіксіз байланыстың барлығын ашу.

 

Балықтың сыртқы құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерімен және суда тіршілік етуге бейімделгендіктерімен салыстырмалы екенін айту.

Методтары: Баяндау, әңгіме. Өздігінен бақылау.

Құрал - жабдықтар: Табиғи жабдықтар. Көрсетуге арналған балықтардың әртүрінен ылғал препараттары.

Сабақтың барысы: Мұғалім екі оқушыны ортаға шақырып олардың бір -екеуіне түрлі түсті бормен хордалылар құрылысының схемасын салып, ондағы бейнеленген органдарын тұсына аттарын жазуды тапсырады.

Екіншісіне хордалылардың  систематикасы схемасын сызуды ұсынады. Оқушылардың білімін тексеріп, мұғалімнің айтып тұрып дәптерге мына төмендегілерді жаздырумен аяқталады.

Хордалар типінің өздеріне тән белгілері:

Ішкі скелеті.

 

Хорданың үстіндегі, арқа жағына орналасқан орталық нерв.

Ересектерінде немесе ұрықта болатын ішектің алдыңғы жағымен байланысқан желбезек саңылауларының болуы.

Жаңа материалды оқыту: Мұғалім омыртқалылардың бірінші класын -балықтарды оқи бастайтындарын хабарлайды және оқушыларға дэптерлеріндегі «Хордалардың систематикасы» схемасын тиісті графасы бұл кластың атын, сондай-ақ сабақтың тақырыбын «Балықтың сыртқы құрылысы» жазып қоюды ұсынады.

Өздігінен бақылау: Мұғалім  тақтаға сабақ басталар алдында  балықтың сыртқы көрінісіндегі ерекшеліктерді көрсететін бес суретті салады және оларды нөмерлеп қояды. Егер мектепке ірі материал болса, онда кезекті бақылауға арналған нұсқаудан оқушыларға таратып береді. Одан кейін кезекші әр столға ішіндегі тірі балығымен суы бар банкадан алынған балық қабыршағын және қол лупасын қояды. Мұғалім оқушыларға нұсқаудағы сұрақтар бойынша және тақтадағы суретті пайдалана отырып, балықтың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктерді белгілеуді ұсынады. Балықтың скелеті мен еттері.

Сабақтың мақсаты: Ішкі скелет жайындағы ұғымды тереңдету; организм тіршілігіндегі сүйек - ет системасының маңызын көрсету.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи құралдар. Балықтың скелеті.

Таблицалар. Балықтың ішкі құрылысы, Жауын құрты. Балық құрылысының ерекшеліктері. Қосымша құрал - жабдықтар.

Сабақтың барысы: Бұлшық еттері. Мұғалім Жауын - құрты таблицасын іледі де, оқушылардан жауын құртының қалай қозғалатынын, бұлшық ет тканінің негізгі қасиеттерінің қандай екенін сұрайды.

Мұғалім сыныпқа терісі сыпырылған балықты көрсетіп тұрып, терінің астына еті орналасқанын түсіндіреді; оқушылардың назарын мына төмендегі ерекшеліктеріне аударады. Балық денесінің көп бөлігін ет алып жататынын айтады. Әсіресе балықтың тығыз судағы белсенді қозғалысын жүзеге асыратын арқа және құйрық етері жақсы дамыған. Жүзу қанаттарының өзіндік шағын еттері болады. Денесінің бойымен сегмент бөліктерінен тұратын үлкен бүйір еттері созылып жатады .

Барлық денесін онға және солға қозғалтып, яғни балықтың қалай қозғалатынын еліктей салып тұрып, мұғалім сегменттердің жирылуы және босаңсуының кезектесіп келетінін көрсетеді. Сегманттердің саны омытқалардың санына байланысты болатынын, айтқан еттердің сүйекке бекінетінін айтқан жөн. Бақылау және бұлшық ет жұмысын оқып үйрену негізінде оқушылар балықтың жиырылуға қабылеті бар еттері жануардан алуан түрі белсенді қимыл-қозғалыстарын қамтамасыз етеді деген қортынды шығарады. Балықтың скелетін оқыту. Мұғалім пинцетпен балықтың етін алып, оқушыларға оның астындағы еттер бекінетін скелетті көрсетеді.

 

 

 

Балықтың нерв системасы. Балықтың көбеюі.

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды балыктың нерв системасының құрылысымен танстыру, тіршілік жағдайы мен жануардың мінез қылығының арасындағы матриалдық байланысты ашу оқушыларды балықтың су жануары болуына байнысты көбеюіндегі ерекшеліктермен таныстыру. Омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың ұрықтану процесіндегі және жұмыртқаның бөлшектенуінің алғашқы сатысындағы бірлікті табу, балықтың көбею процесін зерттеудің халық шаруашылығында орасан зор манызы бар екенін көрсету.

Методтары: Табиғи құралдар. Балықтың орталық нерв системасының және дамуының ылғал препараты.

Сабақтын барысы: Оқушылардың  білімі 6 вариант бойынша жазба  түрде тексеріледі. Жұмыстың ұзақтығы 10 минутқа созылады.

I вариант.

Түрлі - түсті карандашпен  балықтың қан айналу системасын салу. Стрелкамен қанның бағытын көрсету. Жүректің бөлімдері мен тамырларын атап, олардың тұсына аттарын жазу.

II вариант.

Ішкі скелеттер мен  еттердің балық тіршілігіндегі маңызын түсіндіру. Скелет бөлімдерін атау. Омыртқасыздардың сыртқы скелеті мен омыртқалылардың ішкі скелетіндегі айырмашылықты айыру.

III вариант.

Балықтың дене күрлысындағы органдарды түрлі - түсті карандашпен  бояу және мылқау суретке олардың аттарын жазу.

IV вариант.

Ас қорту процесінің не екендігін түсіндіру. Асты қортуға  қатысты органдарды санап, атап шығу.

V вариант

Балықтың кеудесіндегі және құйрығындағы омыртқалылардың суретін салу. Олардың бөліктерінің аттарын жазу.

VI вариант.

Зат алмасудың мәнін түсіндіру. Оған қандай органдар системасы жатады.

Жаңа материалды оқыту: Әңгімеге араластыра отырып кіріспе баяндау. Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлап тұрып оны тақтаға жазады. Нерв системасының құрылысы. Қоршаған ортада балықтың бағдарлау. Содан кейін мұғалім балықтың желбезектері тыныс алуды, бүйректері - зәр шығаруды, жүрек пен тамырлары қан айналуды атқаратынын айта келіп, нерв системасы жануардың тіршілігінде қандай роль атқаратынын сұрайды.

Оқушылардың жауаптарын жинақтай келіп, мұғалім балық нерв системасы және сезім органдарының көмегімен әр - түрлі реңді ажырата білетінін, өте нэзік иісті ажырата алатынын баяндайды, кейбір балықтар әр - түрлі дыбыстар шығарады және соған сай өзгере әрекет етеді, яғни өзара сөйлеседі.

Онан басқа балықтар су түбінің түсуіне және судағы өздері жүретін жердегі өсімдіктің түсіне қарай реңдерін өзгерте алады, сөйтіп жауларына байқалмайтындай жасырына алады.

Балықтардың өте ерекше бір қасиеті - терісімен «көру». Соқыр  балық та кәдімгі көздері көретін балық сияқты тіршілік етеді: басқа заттарға соғылыспайды, және жемін де аулайды.

Балық нерв системасының құрылысын оқыту: Мұғалім оқушыларға ылғал препарат немесе оқулықтағы сурет бойынша нерв системасының басты органы - мидың құрылысын қарап көруді ұсынады, оның әрбір бөлігін сипаттап айтып береді. Одан соң балықтың скелетінен орталық нерв системасының орналасқан жерін көрсетеді де бұрын омыртқасыздардікіне қарағанда, құрылысы күрделі — түтік құрылысты екеніне назар аударады.

Мұғалім мидың таблицадан кетіп жатқан көп нервтарды көрсетеді де олардың ішкі органдарды және сезім органдарын байланыстырып тұрғанын, яғни барлық аталған органдар біртұтас система құрауы, ондағы негізгі рольді мидың атқаратыны жайындағы ұғымды қалыптастырады.

Рефлекторлық әрекеттерді оқыту: шартсыз рефлекстер. Су түбіндегі грунттың әсер етуінен камбаланың реңінің өзгеруі деген қолдан жасалған таблицаны пайдалана отырып, мұғалім таблицадағы суретті демонстрациялап, сонан кейін процестің өзін баяндағанда тақтадағы суретті көрсете отырып қарастыруға болады. Балықтың терісіне орналасқан пигмент клеткалары тітіркенудің нәтижесінде өзгереді - созылады немесе жиырлады.

Информация о работе Кемірушілер отряды