Кемірушілер отряды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:20, курсовая работа

Описание

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.

Содержание

I Кіріспе
1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы
II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері
III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.
IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар
V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы
VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі
VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі
VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.
IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.
X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы
XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі

Работа состоит из  1 файл

Дип.-безгек-паразитті-мен-поземаның-дамуы-жағдайы.doc

— 1.94 Мб (Скачать документ)

Үлкен мөлшерде жауын құрты бейнеленген сызба көрсетіледі. Оқушыларға жауын құртын пинцетпен түрту арқылы оның реакциясын, оның қозғалуын, көру мөлшері мен жарыққа қарсы реакциясын анықтау тапсырылады. Бұл тапсырманы орындау барысында, жауын құртын түрткен кездегі оның бойлық және шеңбер тәрізді бұлшық етінің жиырылуын арнайы қору мүшесінің болмайтындығы, бірақ жарық тітіркендіргішке қарсы реакциясы/ жарық жерден жауын құрты ығысуға тырысады/ анықталады.

Жауын құртын бақылап болғаннан соң, оқушылар өз беттерінше олардың сыртқы құрылыс, қозғалуы, қоршаған ортадағы бағыттарға жайлы, жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстыра отырып, қортынды жасайды. Оқушыларға өздерінің өмірлік - тәжірибелеріне сүйене отырып, жауын құртының табиғаттағы алатын орны мен маңыздылығын айтуды тапсырады. Оқытушы, оқушылардың шығыршық құрттарды байқаудан алған білімдерін қолдана отырып, бұл типтін әр түрлері және олардың табиғаттағы ролі жайлы әңгімелейді /аз қылшықтылар өкілі ретінде нереида бейлененген қабырға сызбалары көрсетіледі/.

Тақырыпты қайталау және қорыту мақсатында мына сұрақтар қойылады. Жауын құрты сыртқы құрылыстары ерекшеліктері қандай? Жауын құрты қоршаған ортада қалай бағытталады. Шығыршық құртар типіне қысқаша сипаттама беріңіздер.

Тақырыпты қортындылап  болғаннан соң үй тапсырмасы түсіндіріледі, және жауын құрттарды табиғатта бақылап тұру тапсырылады. Мына сұраққа жауап беру тапсырылады; жауын құртының былай аталу себебі неде?

Жауын құртының ішкі құрлысы.

Сабақтың мақсаты: Жауын құртының ішкі құрлысын өткенде, ішкі қуыстармен салыстырғанда оның біршама күрделі екендігін көрсету.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Суретпен бейнеленген құралдар. Жауын құртының ішкі құрылысы бейнеленген таблица.

Сабақтың барысы: мұғалім алдынғы сабақтардағы қойылған тәжірибені демонстрациялайды және оқушыларға мына сұраққа жауап беруді ұсынады:

Бірінші және екінші банкадағы қара топырақ пен құм қабаттарының, бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Одан кейін оқушылар өздерінің бақылағандарын баяндап береді де, қортынды жасайды.

Мұғалім таблица мен кітаптың суретін пайдалана отырып жауын құртының ішкі құрлысын баяндайды, құрттың тері, бұлшық ет қапшығы мен дене қуысы жайында түсінік береді, тақтаға схема түріндегі суретін салды. Сондай-ақ тері-бұлшық ет қапшығы сұйықтыққа толған дене қуысын, онда орналасқан ішкі органдармен қоса, қоршап жататынын түсіндіру қажет. Мұғалім оқушылардың назарын құрттып сыртқы буылтықтар аралығындағы сайлауға тура келетін көлденең орналасқан ішкі перделерге және олардың денелері айқын екі жақты симметриялы екеніне, денесінің сегменттерге бөлінгеніне аударады. Перделерді тузетін клеткалар үшінші қабат-мезадерманы құрайды. Ол дене қуысының ішкі жағын астарлап жатады, ас қорыту системасын орай отырып, тері бүлшық ет ішкі жағынан жауып жатады.

Ас қорыту органдары: Мұғалім оқушыларға жауын құртының қалай қоректенетінің гидра қорегінің қайда және қалай қорытылатынын естеріне түсіруді ұсынады. Осыдан кейін мұғалім жауын құртын қорегі гидрадан өзгеше, тканьдерден тұратын ас қорыту органдарында қортылатынын атап көрсетеді. Мұғалім таблицадан құрттың ас қорыту органдары мен астың біртіндеп қозғауын көрсетеді де, оқушылардың назарын оның өзгеріп ішек қабырғасы арқылы қанға сіңе алатындай қоректік заттар түзетіндігіне аударады. Ол ас қорыту огандары /ауыз, жүтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ішек/ бегілі жүйемен — системамен орналасқанын бұлардың бәрі бір жұмыс атқаратын және ас қорыту системасын құрайтынын атап көрсетеді. Оқушыларға жауын құрты ас қорытуының гидраның ас қорыту процесінен қандай айырмасы бар? - деген сұраққа жауап беруді ұсынады.

Қан айналу органдарды және тыныс алу процесі

Бұдан бұрын өткен жәндіктерден жауын құртының өзгешелігі тамырда ағатын /қызыл түсті/ қанын болатынын айтады,

Мұғалім баяндай және таблицаны көрсете отырып, тақтаға қан айналуының схема түрдегі: арқа қан тамыры, құрсақ қан тамыры, сақиналы тамырлар - жүрек суретін салады. Бұл қан тамырларынан басқа ұсақтау жанама тамырлар болады, оның өзі өте майда капиллярға тарамдалып кетеді. Барлық қан тамырлары ашық қан системасын құрайды. Жауын құртының сыртқы құрылысын өткенде оқушылар жауын құрттары бүкіл денесімен терісі арқылы тыныс алатынын білетін болады. Енді мұғалім тыныс алудағы қанның маңызын баяндайды және гадра мен жауын құртының тыныс алу процестеріндегі айырмашылықты көрсетеді.

Зәр шығару системасы: Мұғалім оқушыларға мынандай: қарапайымдар денесінен зиянды заттар қалай шығаралады? - деген сұраққа жауап беруді ұсынады. Жауын құрты зиянды сұйық заттарды білулері қажет. Зәр шығару түтіктері зор системасын құрайды.

Нерв систамасы: Мұғалім оқушыларға гидра нерв системасынын құрлысын және оның маңызын естеріне түсіріп, рефлекс дегеніміз не - деген сұрақа жауап беріндер де мысал келтіріндер. Осыдан кейін оқушылар өткен сабақта, құрттын мінез - қылығын бақылау мақсатында жасаған тәжірибелерін естеріне түсірді. Мұғалім мұнда жауын құртыңда алуан түрлі рефлекс байқалатынын, оның мінез - қылығын, гидраныкіне қарағанда, күрделілеу екенін айтады. Түсіндіру барысында мұғалім жауын құртының нерв системасын таблицадан көрсетеді және схема түрінде оны тақтаға салады. Бұл жерде жауын құртының нерв системасын жақсы жететіндігін көрсете отырып, онын орталық органы жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ нерв тізбегі болатынын, олардан жанама нервтер таралып, олардың ұштары құрт денесінін барлық жеріне дейін жететінін айту керек. Бұдан әрі мұғалім схема түріндегі сурет арқылы қозу жолдарын көрсетеді мұнда ол қандай тітіркену болса да нерв арқылы нерв тізбегіне өтіп одан басқа нервтер арқылы бұлшық етке өтіп оның жиырлуын тудыратынын түсіндіреді. Құрт денесі алдынғы ұшынан ғалымдар ерекше сезімтал клеткалардың болатынын тапқан. Органдардың бүкіл қызметін реттестіру, сыртқы ортамен байланыс жасау нерв системасы арқылы жүзеге асырады.

Көбею: Құрттың көбеюі құрылысы жайында баяндай отырып, мұғалім олардың орналасуын таблицадан көрсетеді; белбеушенің роліне назар аударады; құрттың дамуы да ішек қуыстылардікіндей бір клеткадан-ұрықтанған жұмыртқадан басталатынын айтады; одан кейін жұмыртқа беліне келе қос қабаттан тұратын ұрыққа айналады.

Оқушылардың назарын құрт денесіндегі ұрықтың көп қабаты болатындығына және азды-көпті дамыған органдары мен тері-бұлшық ет қапшығы сопақша пішінді болатындығына аударған жөн. Жауын құрттының: ас қорыту, қан айналу, зәр шығару нерв және жыныс органдар системалары болатынын айтады. Бұл системаның органдары клеткалардан тұрады. Клеткалар өзара топталып тканьдер түзеді. Оқушылар құрылысы да атқаратын қызметі де бірдей, өзара жанасып жатқан клеткалар тобын ткань деп айтатынын өздері түсініп алулары керек. Жауын құртында: жабын ткані, нерв ткані және басқа да тканьдері болады.

Регенерация: Мұғалім  сыныпқа: біз оқып өткендердің ішінде регенерация құбылысы қай жэндіктерде  байқалған еді-деген сұрақ қояды. Қайтарылған жауаптан соң ол жауын құртының регенерация құбылысы жайында баяндап, жәндіктің өзі үшін мұның қандай маңызы бар екенін түсіндіреді: кездейсоқ жарақаттанудан жәндік өлмейді.

 

Маллюскалар типі.

 

Оқу-тәрбиелік міндеттері: Оқушылар жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі жайындағы ұғымдары кеңейте түсу, оларды маллюскалар типіне жататын жануарлардың ерекшеліктерімен таныстыру. Маллюскалар мен құрттардан туыстық байланыстарын табу олардың жалпы ортақ тектен шыққандығын дәлелі екендігі. Шаруашылық саласындағы адам қызметі үшін маллюскалардың маңызын айқындау.

Биологиялық ұғымдары:

Эволюция туралы систематика  туралы ұғымдарды қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.

 

Жүзім ұлуы немесе тоспа ұлуы және жалаңаш шырыш

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бауыр аяқты маллюскалардың өздеріне тән ерекшеліктерімен таныстыру.

Методтары: Баяндау, әнгіме. Өздігінен істелетін жұмыстар.

Құрал-жабдықтар;

Табиғи құралдар, Тірі обьект-жүзім ұлуы /немесе тоспа ұлуы/, жалаңаш шырыш. Бауыр аяқты маллюсқалардың бақалшақтарының жиынтығы. Суретпен бейнеленген құралдар. Маллюскалар типінің өкілдері бейнеленген таблица. Шыны пластанкалар, сапталған инелер, ұсақтап кесілген сәбіз.

Сабақтың барысы

Оқушыларға мұғалім құрттардың өдеріне тән ерекшеліктерін және құрттардың типтерін атауды ұсынады. Осымен қатар мұғалім оқушыларға маллюскалардың мекен ететін жерлері жайында түсіндіреді. Олар жалпы маллюскаларға тән белгілерді әр түрлі пішінді және әр көлемдегі сыртқы бақалшақтарының болуын, бақалшақтың ішінде жұмысқа денесінің болуы, осыдан оларды екінші аты былқылдақ денелер деп аталуын, қимылдау органы аяғының болуын ескертіп өтеді.

Таратып беретін материялдармен жұмыс  істеу. Тұщы суларда кездесетін бауыр аяқты маллюскалардан бос бақалшықтарын шалшық ұлуы, тоспа ұлу, қошқар мүйіз оқушылар столдарына таратып берді оқушылар осы жәнтіктердің барлығына не ортақ бақалшақ пішіні қандай болады?

Олар қайда тіршілік етеді?-деген сұрақтарға жауап қайтарулары керек.

Содан кейін мұғалім таблицадан жүзім ұлуын және оның спиралына жирылатын бақалшағын көрсетеді. Бақалшық заттары қалай түзелетінін түсіндірді; маллюска денесінің құрлысын баяндап берді.

Мұнда моллюсканың қимыл органы - аяғы - денесінің бауыр жақ құрсақ жақ бөлігі болып көбінесе тоспа ұлуында, шалшық ұлуында, қошқар мүйізіде табан пішіндес болып келетінін айтады.

Бұл бауыр аяқтылар кластарының - өкілдеріне тән сипат. Осыдан соң мұғалім маллюсканың басындағы органдары; қармалауыштары, көздері, ауыз тесігі жайында баяндайды. Тыныс алу процесі жайында баяндағанда ұлудың құрлықтағы түрлері жүзім ұлуы және бақ ұлуы/ мен суда мекендейтін/ тоспа руы, қошқар мүйіз/ өкпесі мен тыныс алатынын, алайда желбезегі мен тыныс алатын моллюска да бар мысалы/ шалшық ұлуы/ екенін айтады.

Бауыр аяқты маллюскалардын көпшілігі уылдырықтар арқылы көбейеді, дегенмен тірі туатындары да бар /мысалы шалшық ұлуы/.

Өздігінен істелетін  жұмыстар: Өздігінен істелетін жұмысқа даярлық. Оқушылардың столдарын шыны пластинканын бетіндегі жүзім ұлуларын таратып береді. /Жүзім ұлуларын таратып беруден 1 -2 минут бұрын жылы суға салып алу қажет/.

Сабақтың қорытынды бөлімі: Мұғалім оқушыларға бауыр аяқты маллюскалардың өкілдерін және олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атап шығуды ұсынады.

Үйге тапсырма беру: Жалаңаш  жыртқыш күндіз емес, түнде әрекетшіл болуы неліктен екендігіне/ яғни жемін түнде аулау/ жауап беру.

 

Тіссіз- қос  жақтаулы маллюскалардың өкілі.

 Бас аяқты  маллюскалар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қос жақтаулы және бас аяқты маллюскалардың өздеріне тән ерекшеліктерімен таныстыру бауыр аяқтылармен ұқсастықтары және олардың айырмашылықтарын белгілеу. Маллюскаларға жалпы сипаттама беру.

Методтары: Баяндау, әңгіме, өздігінен істелетін жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Тіссіздердің бақалшақ жақтаулары; Ашылған күйіндегі дәріленген тіссіз. Суретпен бейнеленген құралдар.

Тіссіздің ішкі сыртқы құрлысын бейнелейтін құралдар ұлуының, сегіз аяқтың, каракатицаның, кальмардың қолдан жасалған таблицалары, Қосымша құрал-жабдықтар: Ванналар, сапталған инелер, лупалар.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің столында бауыр аяқты ұлыудың бақалшақтары жатады.

Мұғалім оқушыға шалшық ұлуын, трспа ұлуын, қошқар мүйізді тауып оларды әр қайсысын өздеріне тән ерекшеліктерін айтып беруді ұсынады.

Басқа бір оқушыға  жалаңаш шырыш жайында айтып  беруді және неге бауыр аяқты малюскаларға жататынын түсіндіруді ұсынады. Бүкіл сыныпқа: бауыр аяқты молюскалардың қайсысы мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді және олармен күресудің қандай шаралары деген сұрақ беріледі.

Жаңа материалды: Мұғалім тіссізіді, перловицаны және басқа қос жақтаулы малюскаларды демонстрациялайды.

Оқушылар: бұл маллюскалардың қандай айырмашылықтары бар?- деген сұраққа жауап береді.

Мұғалім бақалшағы екі жақтаудан тұратын маллюскалардың барлығы қос жақтаулы маллюскаларға жататынын, барлық қос жақтаулы маллюскалар су жәндіктері екенін түсіндіреді. Тіссіздің мекені және тіршілік қалыбы жайында ашып айтып береді.

Сабақтың қорытынды бөлімі:

Оқушылар маллюскалар типтің жалпы  белгілерін: мантиясын, бақалшағын денесінің  бөлімдерге белшетінін, оған тән екенін және оның өзі қозғалу органы екенін аралап айтатын болады. Сонда кейін мұғалім бауыр аяқты маллюскалардың жұмыртқалардан теңіздегі буылттық құрттардың дамуымен көп ұқсастықтары болатынын баяндап береді. Бұл ұқсастық маллюскалар мен құрттардың алғашқы даму сатыларында болады. Ол маллюскалар мен сигментке бөлінген буылтық құрттардың арасында туыстық байланыс бар емес пе және бұл типтердің тегі бір емес пе екен деп жорамалдауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге мұғалім, құрттарға қарағанда, маллюскалар дамуын жағарға сатысында тұратынын, оларда жүрек бүйрек, арнайы тыныс органы, әжептеуір күрделі нерв системасы мен сезім органдары бар екенін атап көрсетеді.

Үйге тапсырма беру: маллюскалар  типінің өздеріне тән ерекшеліктерін дәптерге жазып келу. Қосымша әдибетті оқу. Мына төмендегі: өлген тіссіздің бақалшақ жақтаулары леніктен ашылып жатады. Ішек қуыстылар және буылтық құрттармен салыстырганда маллюскаларды қай белгілеріне қарап құрылысы жағынан, күрделі организмдер деп санауымыз мүмкін деген сұрауларға жауап беру.

 

Буын аяқтылар

 

Оқу-тәрбиелік міндеттер:

Жануарлар дениесінің көп түрлілігі  жайында: оқушылардың ұғымын кеңейте түсу оларға буын аяқтылардың ең көп тараған алуан түрлі болып келетін жәндіктер тобы екенін көрсету.

Буын аяқтыларды бултық құрттармен салыстыру арқылы олардың арасындағы ұқсастық және айырмашылықтарын белгілей отырып буын аяқтылардың ертедегі көп қылшықты құрттардан шыққандығын дәлелдеу және екіншісінікімен салыстылардың жеке формалырын өткенде тұтас алғанда организмінде әр түрлі органдардың пішіні және атқаратын қызметі бір-біріне бағыныңқы болып келетінін көрнекі мысалдар арқылы көрсету.

Информация о работе Кемірушілер отряды