Кемірушілер отряды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:20, курсовая работа

Описание

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземаның дамуы жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлке тану материалдарын кенінен нәтижелі қолдану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезіңдегі оқушыларға, Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі жылдары.
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.

Содержание

I Кіріспе
1.1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы.
1.2. Зоология сабағынан жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
1.3. Жануарлар классификациясы
II. Қарапайымдылар класы
II. 1. Дара клеткалы (торшалы) жануарлар
II.2. Қарапайымдардың паразиттік түрлері
III. Жалпақ құрттар типі
III. 1. Түкті құрттар
III.2. Лекталы құрттар
III.3. Дөңгелек құрттар
III. Адам аскаридасы
III.5. Паразиттік құрттар
III.6. Шығыршық құрттар
III.7. Шығаршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықты өкілі
III. 8. Жауын құртының ішкі құрылысы.
IV. Маллюскалар
IV. 1. Жүзім ұлуы (тоспа ұлуы) және жалаңаш шырыш
IV.2. Тіссіз қос жақтаулы маллюскалардың өкілі.
Бас аяқты маллюскалар
V. Буынаяқтылар типі
V. 1. Өзен шаянының сыртқы құрылысы мен тіршілігі
V.2. Кенелер және оның өзіне тэн ерекшеліктері.
V.3. Кене энцефалиті. Кененің жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.
V.4. Насекомдар класификациясы. Насекомдар ауру таратушылар.
V.5. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылармен буылтық құрттардың арасындағы ұқсастық белгілері мен айырмашылығы
VI. Тікен терілер типі
VI. 1. Теңіз жұлдызы
VI.2. Тікен терілердің әртүрлілігі
VI.3. Хордалылар типі
VII. 1. Хордалы жануарлардың белгілері
VII.2. Балықтар класы
VII.3. Балықтың сыртқы құрылысы
VII.4. Балықтың скелеті мен еттері
VII.5. Балықтың нерв систематикасы. Көбею.
VII.6. Балықтардың шығу тегі көп түрлігі
VIII. Бауырмен жорғалаушылар класы немесе Рептилий.
VIII. 1. Кесірткенің сыртқы және ішкі құрылыстары.
IX. Құстар класы.
IX. 1. Құстардың сыртқы құрылыысымен тіршілігі.
ІХ.2. Құстың сүйек, ет системасы.
IX.3. Құстардың ішкі құрылысы.
ІХ.4. Құстардың көбеюі.
X. Сүтқоректілер класы немесе аңдар
X. 1. Сүтқоректінің сыртқы құрылысы
Х.2. Сүтқоректінің сүйек, ет системасы
Х.З. Сүтқоректінің ішкі құрылысы
Х.4. Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы
XI. Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңі

Работа состоит из  1 файл

Дип.-безгек-паразитті-мен-поземаның-дамуы-жағдайы.doc

— 1.94 Мб (Скачать документ)

Әр түрлі тіршілік жағдайына огганизмдердің бейімділік құбылысын оқушыларға нақтылы мысалдармен ашып көрсетіп, оның салыстырмалы екенін атап айту.

Буын аяқтылардың тіршілік ету  биологиясын оқып үйрену негізінде  егіс түсімін арттырып адам денсаулығын  сақтаудағы ғылым мен практиканың өзара байланысын көрсету, пайдалы буын аяқтылардың өсіруге қолайлы жағдай жасау. Зиянды насекомдар көбейіп кетуінін табиғи себептерге байналанысты екенін оқушыларға түсіндіріп осы мәселе жайындағы әр түрлі діни нанымдарды жоққа шығару.

Өзен шаянының сыртқы құрылысымен тіршілігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  буын аяқтылар типіне жататын жәндіктердің өзіне тән ерекшеліктерімен таныстыру. Өзен шаянын мысалға ала отырып, шаян тәрізділер класынан сыртқы құрылысындағы  белгілерді анықтау.

Методтары: Баяндау, Әңгіме, өздігінен істелетін жұмыс.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар, аквариумдағы тірі өзен шаяны. Өзен шаянынын препараттары. Суретпен бейнеленген құралдар. Буын аяқтылар типіне жататын жәндіктен бейнеленген таблицалар.

Сабақтың барысы: Мұғалімнің буын аяқтылар типі жайындағы кіріспе әңгімесімен баяндау. Мұғалім оқушыларға оқылып өткен жәндіктер типін түгел атап оларды өздеріне тән ерекшеліктерін ажыратуды ұсынады, содан кейін оларға енді жәндіктердің жана типін-буын аяқтылар типін өтетінін айтады. Мұғалім буын аяқтылар типін класстарға бөлінетінін, ал класстардың өзі жәндіктердің одан кішілеу топтарына-отрядтарға бөлінетінін баяндайды. Оқушылар буын аяқтылардың негізгі класстары мен отрядтарын оқитын болады.

Осыдан соң мұғалім буын аяқтыларды құрылысы күрделі жоғары сатыдағы және өте алуан түрлі болып келетін, теңіздерді де, тұщы суларды да, сондай-ақ барлық құрлықтың кез келген жерлерін мекендейтін әр түрлі тіршілік жағдайына бейімделген жәндіктер екенін айтады. Мұғалім оқушыларға буын аяқтылардың қандай ерекшеліктері олардың әр түрлі тіршілік жағдайына бейімделулеріне және осыған орай бұл топтағы жәндіктердің кеңінен таралуына сөйтіп олардың негізінен құрлықта иемденуіне нендей себеп болғанын ойлануды ұсынады. Оқушылардың берген жауаптарынан кейін мұғалім сыныпқа қарап жауын құртының денесі немен жабылғанын және бұл жабынның қандай ерекшеліктері бар екенін естеріне түсіндіріп айтып беруді сұрайды. Мұғалім буын аяқтылардың құрттардан айырмашылығы, денесі хитинмен жабылған деген қортынды жасайды.

Хитин қабығы мықты болады да суды аз өткізіеді, ылғалды буландырады. Бұл типке жататын жәндіктердің аяқтары бунақты болып келеді де, осыдан типтін аты - «буын аяқтылар» деп аталған.

Өзен шаянының сыртқы құрлысын оқып үйренуде оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары. Оқушыларға жаңа ғана өлтірілген немесе дәріге салынған шаянды және бақылауға қажетті жазба нұсқауды таратып береді.

Мақсаты: Шаянның сыртқы құрылысын қарап шығып, олардың құрылысындағы өзендерше тән ерекшеліктерін және онын судағы тіршілік жағдайына сай екендігін табу.

 

Шаянның сыртқы түрі.

1.Тірі шаян денесінің  реңі қандай. Оның денесіндегі жабынның қаттылығын, сипап жауын құртының денесіндегі жабын мен салыстырыңдар.

II Баскөкірек.

2. Баскөкірегін және бас пен көкректің арасындағы сайды \жігін\ табыңдар. Қосылған жерін түсіндіріп, анықтандар. Шаянның баскөкірегінде қандай органдар болады, мұрттары, көздері, ауыз органдары, жүретін аяқтары, олардың саны және құрылысы.

3. Шаянның баскөкірегі және бүйірін, аяқтарының астынан қараңдар. Желбезек қуысына апаратын саңлауды табындар.

III. Құрсағы.

4. Құрсағының неше бунақтан тұратынын санаңдар. Аяқтарын табыңдар және оларды санап шығарыңдар. Олардың жүретін аяқтарымен салыстырыңдар. Құйрық қанаты және артқы тесігін табыңдар.

Сабақтың қорытынды  бөлімі: Өздігінен істеген жұмыстар кейін оқушылардың білімдерін айқындай түсіп, шаянның сыртқы құрылысындағы өздеріне тән ерекшеліктерді /баскөкрек, құрсақ, екі, жұп мұртары, фасеткалы жұп көздері, тыныс органдары, желбезектер /жекелеп саралап көрсетеді.

Өзен шаяндары хитин  қабығы және бунақты аяқтары бодатындықтан буын аяқтылар типіне жататындығына ерекше көңіл аударады.

Үйге тапсырма беру: Оқулықтағы суретті пайдаланып келесі сабаққа өзен шаянын мүше - мүшеге бөлшектеп даярлап қою.

Өзен шаянының ішкі құрлысы. Басқа шаян тәрізділер және олардың манызы. Шаян тәрізділер класының сипаттамасы.

Сабақтың мақсаты. Өзен шаянының ішкі құрылысындағы өзіне тән ерекшіліктерін анықтау. Шаян тәрізділердің маңызын анықтау.

Методтары: Баяндау, әңгіме

Құрал - жабдықтар: Тірі объектілер. Пробиркадағы циклоп пен дафниялар. Табиғи препараттар. Ішін жарған өзен шаяны, краптар, омарла және т.б. Суретпен бейнеленген құралдар. Өзен шаянының және басқа да шаян тәрізділердің ішкі құрылысы бейнеленген таблицалар.

Сабақтың барысы

Үйге берілген тапсырманың  орындалуын тексеру. Өзен шаянын мүшелеу  бағытындағы жұмыстар. Жақсы орындалған жұмыстарды ерекше атап көрсету. Тақтаға шығарылған оқушыға таблицадан өзен шаянының баскөкірегін көрсету және оған қандай органдар келіп бекілетінін, олардың маңызын айтып беру тапсырылды.

Еңді бір оқушыға  оның құрсағындағы органдардың құрылысы мен маңызды жайында айтып беруді тапсырады.

Жаңа материалды оқыту: Мұғалім шаяның ішін қалай жаруды көрсетеді және өзен шаянынын ішкі құрылысы жайында қысқаша баяндап, шаянды таблицадан көрсете түрып, оны жауын құртымен салыстырды.

Оқушылар іші жарылған өзен шаянынын препаратын қарап көреді. Мұғалім оқушыларға сұрақтарға жауап қайтаруды ұсынады.

Өзен шаяның сыртқы ортада не алады? Шаян организімінде қоректік заттар қандай өзгеріске ұшырайды? Шаянның денесіне оттек қалай кіреді. Шаян организіміндегі зиянды заттар қандай органдары арқылы қайда шығарылады? Мұғалім қайтарылған жауаптан соң қорытынды жасайды. Сыртқы ортада шаянның денесіне оның тіршілігіне қажет заттардың бәрі енеді. Олардың қорғалуының нәтижесінде қоректік заттар түзіледі де клеткаларға өтеді және сол жерде клетка затына айналады. Клеткалар өседі көбейеді.

Сонымен қатар клеткаларда  заттар ыдырап тіршілік әрекетіне қажетті жылу энергиясын бөліп жатады. Ыдырау процесі нәтижесінде зиянды заттар түзіледі де, организімнен шығарылып тасталады: сөйтіп оганизим мен сыртқы орта арасында үздіксіз зат алмасу болып түрады. Бұл процесті мына схема күйінде көзге елестетуге болады.

Мұғалім схеманы тақтаға жазады, ал оқушылар оны дәптерлеріне көшіреді.

Зат алмасуы

Сыртқы орта

Организм

Қорек

Ас қорту органдары 

Қан айналу органдары

Оттек

Тыныс алу органдары 

Дененің клеткалары

Қоректік заттардың жылу энергиясын бөле отырып, клетка затына айналуы.

Зиянды сұйық

Заттар

Зәр шығару органдары 

Зиянды заттардың түзілуі.

Көмір қышқыл газ

Тыныс алу органдары.


 

Сыныпқа сыртқы ортадан  организмге оттек пен қоректік заттар өнбесі, не болар еді ? - деген сұрақ қойылды.

Мұғалім зат алмасудың бұзылуынан организм өледі деген қорытынды жасады. Зат алмасу барлық тірі организмде жүреді. Зат алмасуы болмаса тіршілік те жоқ. Одан әрі мұғалім өзен шаяның нерв системасы жайында баяндап шаянның нерв системасы құрттардікі сияқты нерв тізбектерінен тұратын, бірақ құрылысы жағынан одан гөрі күрделірек екенін атап көрсетеді.

Сыртқы тітіркендірулерді  қабылдайтын сезім органдарының жақсы жетілгендігі өткен сабақтан оқушылардың естерінде. Шаян оған өзінің мінез қылығымен өзгертуімен  жауап береді.

Мұғалімнің басқа шаян тәрізділер және олардың маңызы жайында баяндауы. Мұғалім крабтар, креветкалар, лангистар, омарлар және төменгі сатыдағы шаян тәрізділерлер - циклоп пен дафниялар жайында баяндайды. Ол өзінің баяндауын таблицалар және табиғи объектілерді көрсетумен ұштастырады.

Мұғалім өзен шаяны мен дафнияның дене құрылыстарындағы жалпы ортақ белгілерді атап көрсетеді. Шаян тәрізділердің маңызы жайында баяндағанда оны адамның асқа пайдаланатындығын алдымен атап айту керек болады, мысалы 1963 жылы дүние жүзі бойынша ауланған шаян тәрізділердің мөлшері 1080 мың тоннаға тең болатындығы туралы мағлұматтар айтылады.

Оқушылардың білімін  пысықтау: Жаңа материалдарды жақсы ұғулары үшін мұғалім оқушылардың мынандай сұрақтарға жауап беруін ұсынды: шаян тәрізділер класына жататын организімдердің құрылысына қандай белгілер тән болады? Шаян тәрізділер класы неліктен буын аяқтылар типіне жатады? Шаян тәрізділер мен буылтық құрттардың қандай ортақ белгілері бар.

Зат алмасуға қандай органдар системасы қатысады.

Зат алмасуға олар қандай қызметтер атқарады.

Ас қорыту системасы

Ас қорытады, қоректік заттарды сіңіреді.

Тыныс алу системасы

Сыртқы ортадан оттекті  қабылдап көмір қышқыл газды сыртқы ортаға бөліп шығарады.

Қан айналу системасы

Органдар мен клеткаларға  қоректік зат пен оттегін алып келеді. Көмір қышқыл газды тыныс органына, сұйық өнімді зәр шығару органдарына алып барады.

Зәр шығару системасы

Организмнен зиянды сұйық заттарды шығарады.


 

 

Кенелер және оның өзіне тән ерекшеліктері.

 

Кене энцефалиті. Кененің  жабылып кетуінен адамды сақтау шаралары.

Сабақтың мақсаты: Кенелердің паразиттік тіршілігіне байланысты пайда болған өздеріне тән ерекшеліктерін көрсету. Оқушыларды кенеден қорғау шараларымен таныстыру.

Методтары: Баяндау, эңгіме.

Құрал-жабдықтар: Табиғи құралдар. Дәріленген кенелер. Суретпен бейнеленген құралдар. Кененің сыртқы құрылысын бейнелейтін таблицалар. "Кене-энцефалитті тасушы".

Сабақтың барысы: Алдымен мұғалім оқушылардың жазбаша тапсырманы қалай орындағандарын тексереді. Одан кейін мына сұрақтарға жауап беруді ұсынады. Инстинкт дегеніміз не? Инстинктің тұқым қуалайтынын қандай фактілермен дәлелдеуге болады? Егер тіршілік әрекетінің нәтижесінде түзілген өнімдер денеден шығарылмаса, зат алмасу процесі жүзеге аса ма?

Жаңа материалдарды  оқыту:

Кенелер жайында баяндап  тұрып, Мұғалім олардың көпшілігі өсімдіктердің, жануарлардың және адамның қауіпті паразиттері екеніне оқушылардың назарын аударады. Бұлардың көпшілігі паразиттік тіршілігіне байланысты дене құрылысы өзгерген, бас көкірегі құрсағымен бірігіп кеткен, аузындағы қосалқы мүшелер шаншып — соратын немесе кеміріп соратын аппаратқа айналған, шағын жәндіктер болып келеді.

Мұғалім өрмек тоқитын қызыл кене, тайга кенесі жайында қысқаша баяндап береді. Тайга кенесі жайында баяндағанда онын зілді ауру — энцефалитті таратушы екенін айтады: энцефалит деген сөз - грекше, оны қазақшаға аударғанда мидың қабынуы деген мағына береді. Ауру кенеттен басталады, дененің ыстығы 38-39 - қа дейін көтеріліп, дірілдеп бас ауырады.

Адамды қалжырататын науқас 6-8 күнге дейін созылып, ақырында адам сал болып ауырады, кейде өледі.

Өздігінен істелетін  жұмыстар: Мұғалім лупамен тайга кенесінің препаратын қарап көруді және тақтадағы жазуды мына сұрауларға жауап беруді ұсынады. Кененің денесінің мөлшері қандай болады. Кененің сыртқы көрінісі неге ұқсайды. Кененің аяғын санап шығындар.

Мұғалімнің столында микраскоптар - /2-3 дана/ тұрады; ол арқылы оқушылар кезек-кезек тайга кеңесінің ауыз аппаратын қарап көретін болады.

Егер препараттар жоқ  болса, оқушылар кененің оқулықтағы суреттерін қарап көреді. Барлық өрмекші тәрізділердің денесі қысыңқы; бас жағына қарай сүйірленіп бітеді; бас жағына ауыз аппараты орналасқан. Сүйір тұмсығы арқылы қан сорады. Бунақы төрт жұп аяқтары болады. Оның ұшында жабысқан ілгекті тырнақтары бар. Денесі бітісіп кепкен:

Мұғалімнің баяндауы. Мұғалім таблицада кененің бірдемені күткендей қалшиған кейпін көресің. Кене тұрған жерге адам немесе жануар қалай жақындаса болды, солай кене оның денесіне жорғалап барып мойнына, көкірегіне, қолтығына жабысып алып, ауыртпай қанын сорады. Өйткені оның сілекейінде жараға түскенде ауыртпайтын зат болады.

Осы қан сору кезінде  энцефалиттің қоздырғышы адам организіміне өтеді.

Мұғалім энцефалиттен сақтандыру үшін алдын ала егу шараларын қолданудың жөн еекнін, одан кейін адам организмі энцефалит ауруына қарсы тұра алатынын баяндап береді.

Кенеден сақтану үшін мыналарды орындау ұсынылады. Көктемде, жазда энцефалит таратушы кенесі бар орманға бармау. Лажсыз орманда болу керек болса, кенелерден қорғану шараларын қолдану керек.

А\ кененің адам денесіне жорғалап кіріп кетуінен қорғайтын арнайы киім кию; көйлекті шалбарланып; белді белдікпен белдіктеу, жеңдердің аузына резенке салу, жағаны қымтап жауып қою, шалбардың балағын етіктің немесе шұлықтың ішіне салып қою.

Информация о работе Кемірушілер отряды