қазақ тіл синтексиі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 10:00, курсовая работа

Описание

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді.

Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етті. Сондықтан соңғы жылдары жоғары мектептердегі оқу үдерісі кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастырыла бастады. Бұл жүйе бойынша студент білімді өздігінен меңгеруге, өз әрекетінің субъектісі ретінде дамуға мүмкіндік алады. Кредиттік оқу жүйесі дәстүрлі білім берудің мақсат-міндеттерін өзгертуді, оның мазмұндық-құрылымдық және ұйымдастырылу сипатын жаңартуды талап етті. Бұл жоғары мектепте қазақ тілі салаларын оқыту ісіндегі тың ізденістерге жол ашты.

Работа состоит из  1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать документ)

      Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі – теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жылы туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан нәр татып, бір қыстың ызғарынан алған қар басыпты. ...

      Танымдық қызметі. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, І.Жансүгіров туралы танымдық білімдерін кеңейту.

      Әлеуметтік қызметі. Қазақ халқының өмірінде болған тарихи жағдайларға тарих таразысынан талдау жасай отырып, өзіндік пікірін қалыптастыру.  

       Қатысымдық қызметі. Пән бойынша игерген білімі мен дағдысын  қажет кезде қолдана білу.

       Дамытушылық қызметі. Мамандықтарына сай білімді игертіп, қызығушылықтарын оята отырып, өз халқының тарихын бағалауға тәрбиелеу.

      Шығармашылық қабілетті жетілдіру жаттығулары студенттің   ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге, алған білімін өмірмен байланыстыруға және сөздер мен сөйлемдерді қисынды жұмсай алу шеберлігін дамытуға бағытталды. Шығармашылық жаттығуда мақсат жалпылама түрде беріледі. Студент оны өзі анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі. Жаттығудың бұл түрі студентті ізденімпаздыққа, жағдаятты өз беттерімен шешуге, мақсаттан шыға білуге дағдыландырады. Дүниетанымын кеңейтіп, жеке тұлғалық қасиетін дамытады. Мысалы: Бірыңғай мүшелерді теріп жазып, сөйлем құрастырыңыз. Қарамен жазылған сөйлемдерді сөз тіркесіне талдап, олардың байланысын сызба арқылы көрсетеңіз (ананың тілі Зат.2 + зат. тәу.жал.ІІІ жағы). Сызбаны пайдаланып, сөз тіркесін құрап, талдаңыз. Жаттығудың мазмұны бойынша әңгіме жазыңыз. «Ол – ана»  сөйлемін  автор не үшін бірнеше рет қолданған?

Ана 

       ... Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес жатқан бір теңіз емес пе? Па, шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!

      Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып жабысатының, шырылдап, уанбай жылап сенің іздейтінің – ана. Сен жан болып дүниеге келдің.Сенің іздейтінің бір-ақ жан. Ол – ана. Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. Сондықтан да сен бірақ жанды білесің. Ол – ана (Ғ.Мүсірепов).

        Шығармашылық қабілетті жетілдіру жаттығулары студенттің логикалық қабілетін дамытып, тілдік бірліктердің прагматикалық қызметін айқындауға жетелейді.

      Синтаксисті мәтін арқылы қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту өзара логикалық байланысқа түскен тілдік бірліктердің мәні мен маңызын, қызметін  айқындай отырып, синтаксистік ұғымдарды меңгертуге бағытталды. Зерттеу жұмысында студенттерге кәсіби-танымдық, академиялық  және әлеуметтік мәтіндермен істелетін жұмыс түрлері ұсынылды. Кәсіби-танымдық мәтіндер педагогика, әдістеме ғылымымен байланыста ұсынылып, студенттерді педагогикалық біліммен қаруландыруды көздеді. Академиялық мәтіндер арқылы синтаксис саласы бойынша нақты, басты ақпаратты сұрыптап алу, оқығанын, түсінгенін ғылыми тілде баяндау, ғылыми пікірлерді салыстыру, талдау, ғалымдардың пікірлерін тұжырымдау т.б. жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік мәтін бойынша істелінген жұмыстар бірнеше тапсырманың аясында орындалды. Онда тақырып бойынша өтілген материалдармен жұмыс істеу көзделді. Нәтижесінде студенттер мәтінді талдау арқылы дәлелді сөйлеуге дағдыланды.  Мәтінмен жұмыс істеу арқылы  керекті дәйектемелерді ала білуге,  бейнелі  оралымдарды анықтауға төселді.    

      Сонымен бірге кредиттік оқу жүйесінде айрықша рөлге ие СӨЖ пен СОӨЖ жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды. СӨЖ (реферат, тезис жазу, конспектілеу, анықтама жазу, картотека жинау, сызбалар дайындау, кластер құру т.б.)  және СОӨЖ (баяндама, жоба жұмысы, курстық және диплом  жұмысы) жұмыстарының әр түрлі формада берілуі тақырыпты терең және сапалы меңгеруге ықпал етіп, жоғары нәтижеге жеткізді.

      Қорыта келгенде,  кешенді жұмыстар жүйесі  студенттің синтаксис бойынша алған білімдерін нақты жағдаятта қолдана білуге мүмкіндік тудырып, олардың практикалық дағдыларын дамытуға көмектесті.

       4.5 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың эксперимент нәтижелері. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту эксперименті үш кезеңге бөлініп жүргізілді. Әр кезеңдегі істелетін жұмыстардың мақсатына мен іске асырылуына қарай диагностикалық, қалыптастырушы және қорытынды эксперимент болып жіктелді.     

      Диагностикалық эксперименттің бірінші кезеңінде  ғылыми еңбектерді талдау негізінде зерттеудің басты бағыттары айқындалды. Студенттердің синтаксис жөніндегі білім, білік, дағдыларын анықтау мақсатында тапсырмалар іріктелді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту бағдарламасының жобасы дайындалды. Екінші кезеңде студенттердің  синтаксис пәні бойынша алған білімдері тексерілді. Филология факультетінің 050117 – қазақ тілі мен әдебиеті, 050205 – Филология мамандықтарында оқитын студенттерден сауалнама және  студент білімінің экспериментке дейінгі жайын анықтау мақсатында тапсырмалар алынып, тест арқылы білімдері анықталды. Диагностикалық эксперимент ағымдағы педагогикалық бақылауды қамтамасыз етіп, оқыту нәтижесін бақылауға септігін тигізді. Экспериментке барлығы Абай атындағы ҚазҰПУ мен Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің 250 студенті  қатысты. Диагностикалық кезең студенттердің қазіргі қазақ тілі синтаксисі бойынша осы кезге дейін алған білім деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Сараптау қорытындылары студенттердің кейбір тақырыптарды жетік меңгермегендерін байқатты.  Теориялық білімдерін таразылау олардың сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата білмеу, күрделенген жай сөйлемдерді құрмалас сөйлеммен шатастыру, құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырата алмау, күрделі синтаксисті тұтастықты түсінбеу, мәтінге тілдік талдауды жүргізе алмау, тыныс белгілерінің қойылу критерийлерін  жеткілікті меңгермеу т.б. мәселелерді толық игермегендерін байқатты. Практикалық тапсырмалар сөз тіркесін сөйлемнің ішінен мағыналық байланыс негізінде бөліп ала алмайтынын, байланысу тәсілдері мен формаларын шатастыратындарын, сөйлемді талдаудың жүйесін көпшілігінің дұрыс сақтамайтынын (өзі білетін сөйлем мүшесінен бастап, үзіп-үзіп талдау) көрсетті. Салалас пен сабақтасты ажырата алмау, салалас пен сабақтастың түрлерін шатастыру тәрізді қателер байқалды. Ауызша тапсырмаларда студенттердің өз ойын жүйелі жеткізе алмайтындары, қыстырма сөздерді көп қолданатыны анықталды. Анықтау экспериментінің көрсеткіші төмендегідей болды: ( 1- сурет).

1-Сурет  – Анықтау эксперимент көрсеткіші

    

       Қалыптастыру экспериментінің бастапқы кезеңінде синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуға мүмкіндік беретін бағыттар айқындалды. Әдістемелік еңбектер мен білім беру технологиялары  талданды. Типтік оқу бағдарламалары мен жұмыс бағдарламалары, негізгі оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік еңбектер сараланды. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда жоғары нәтижеге жетуге көмектесетін ұстанымдар мен әдістер іріктеліп алынды, тақырыпты меңгертудің ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалды. Қалыптастыру эксперименті синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытуда олардың  білімі мен білік, дағдыларын, құзыреттіліктерін  жетілдірудің тиімді жолдарын сынақтан өткізіп, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыда дәйектеуді мақсат етті. Алдымен эксперимент топтары таңдалды, эксперименттің басталу және аяқталу мерзімдері белгіленді. Бұл кезеңде  зерттеу жұмысының негізіне алынатын тұжырымдар, жетекші идеялар, бағыттар мен заңдылықтар  дәйектелді. Студенттерге синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың әдістемелік жүйесінің жобасы жасалып, ол қалыптастырушы эксперимент материалдары түрінде дайындалды. Оқу-әдістемелік кешендер даярланып, тәжірибелік сынақтан өткізілді. Білім беру технологиялары мен кешенді жұмыс түрлері экспериментке қойылды. Эксперимент барысында  студенттердің лингвистикалық, қатысымдық, танымдық, лингвомәдени және кәсіби қабілеттері мен құзыреттіліктерін дамыту  бағытындағы жұмыстар жасалып, сынақтан өткізілді.

      Қорытынды экспериментте  нәтижелер бір жүйеге түсіріліп, жинақталды, қорытындыланды. Бақылау және эксперимент топ студенттерінің қазіргі қазақ тілі синтаксисі бойынша алған білімдері мен білігіне сандық және сапалық талдау жасалды. Білім алушылардың лингвистикалық, қатысымдық және танымдық білімдері мен біліктіліктерін  таразылау  эксперимент нәтижесінің тиімділігін тексеретін тапсырмалар, ойбөліс, ойталқы және білім жетістіктерін тексеру тестері арқылы жүзеге асырылды.

      Студент білімінің деңгейін қорытындылау эксперимент нәтижесінің тиімділігін тексеретін тапсырмалар арқылы іске асырылды. Сараптаудың  нәтижесі бақылау тобындағы студенттердің кейбір теориялық материалдарды толық меңгермегендігін байқатты. Синтаксистің жалпы сұрақтары бойынша түсініктері болғанмен, оның ғылыми жағын көпшілігінің терең игермегені аңғарылды. Синтаксис терминдерін  шатастыру кездесті.  

      Эксперимент тобының білім алушылары теориялық білімдерінің тереңдігін тапсырмаларды сапалы орындауымен байқатты. Тіл білімінің басқа салаларын қамтып берілген тапсырмаларды ойдағыдай орындап шықты. Сөйлемді талдаудың жүйесін еркін меңгергендерін танытты.

      Ойталқы, ойбөліс арқылы нәтижені айқындау студенттердің қатысымдық дағдысы мен қабілетін, біліктілігін  мен құзыреттілігін  анықтау мақсатында қолданылды. Мысалы: Анықтамаларда ғалымдар баяндауыштың қандай белгісін негізге алған, дәлелдеңіздер. Сіз қандай анықтама берер едіңіз?

       Бастауыштың жайын, ісін білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз (Маулен Балақаев); Бастауыштың іс-әрекетін қимылын, қасиетін көрсететін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз (Мырзатай Серғалиев); Предикативтілікті, іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесін айтамыз (Рақыш Әміров).

       Білім беру технологияларын қолданудың ұтымдылығы эксперимент топ студенттерінің өздерін еркін ұстауы, пікір алмасуы,  пікір айтуы, тұжырым жасауынан көрінді.  Ойталқы, ойбөліс тапсырмалары олардың теориялық білімді практикада қолдана білу дағдылары мен сөйлеу мәдениетін игеріп, ойларын  дәлелді, жүйелі жеткізуге төселгенін, қатысымдық құзыреттіліктерінің қалыптасқанын көрсетті.

     Білім жетістіктерін тест тапсырмалары арқылы  тексеруде  таңдамалы, толықтыру, ашық, анықтау, балама, жабық тест түрлері пайдаланылды. Тест тапсырмаларының түрлендіріп берілуі студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын тудырды. Тест білім алушының білімі мен дағдысын тез, дәл шешуге мүмкіндік беретін әдіс  болғандықтан, олардың білімін нақты бағалауға мүмкіндік берді. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан игертудің білім алушылардың білімі мен дағдысын, қабілеті мен іскерлігін, біліктілігі мен құзыреттілігін жетілдірудегі рөлін айқындап берді.  Болашақ тіл мамандарының психолингвистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, тілді меңгертудің ұтымдылығын танытты.

       Қазақ тілінің синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту бойынша

ұсынылған әдістемелік жүйе арқылы жүргізілген  қорытынды эксперимент төмендегідей нәтижені көрсетті (2-Сурет):

 
 
 
 

       
 

2-Сурет  – Қорытынды эксперимент нәтижесі 

      Сонымен эксперимент нәтижелері синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ұтымдылығын, ұсынылған әдістемелік жүйенің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік беретінін дәлелдеді. Болашақ маманның кәсіби-педагогикалық ойлауын, сөйлеу қабілетін  т.б. дамытты. Оқыту ұстанымдары мен әдістер, білім беру технологиялары мен кешенді жұмыстардың сабақтастықта іске асырылуы синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың тиімділігін дәйектеп берді.

 

Қорытынды 

      Зерттеу нәтижелерін қорытындылай келе мынадай тұжырымдар жасалды:

       1. Әлемдік білім кеңістігіндегі егемен елдің болашағы   кәсiби    даярлығы

жоғары, еңбек нарығының қатаң талаптары  жағдайында еңбек етуге қабiлеттi мамандарды даярлауды талап ететіндіктен, жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту студенттердің тұлғалық қасиеттерін шыңдаумен байланысты. Сондықтан болашақ филолог мамандарды дайындауда қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі бағыттың тұстастықта іске асырылуын қажет етеді. Бұл орайда синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста игеруге, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауға, оның синтаксисті  оқытуда алатын орнын зерделеуге, алған білімдерін сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруға мүмкіндік береді. Синтаксисті танымдық тұрғыдан оқыту студенттің  танымдық әрекетін жетілдіреді және танымдық іскерлігін қалыптастыруға көмектеседі.

       2. Тіл білімінің синтаксис саласын оқытудың маңызы    біріншіден,     тілдік

бірліктердің  қолданылу дәрежесін айқындайды; екіншіден, студенттердің сөйлеу қабілеті мен дағдысын жетілдіреді; үшіншіден, синтаксистік бірліктерді қарым-қатынас құралы ретінде танытады. Осыған сәйкес кредиттік оқу жүйесіне негізделген «Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту» бағдарламасының жобасы ұсынылды. Жоба білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың талаптарына сай дайындалды. Жобаның мақсаты мен міндеті синтаксистік бірліктердің зерттелу тарихын, мағынасы мен айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін, атқаратын қызметін және синтаксис саласына қатысты даулы мәселелерді талдауды көздейді.

       3. Синтаксистегі өзекті мәселелерді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту барысында кәсіби-қатысымдық, антропоөзектілік, креативтілік, нәтижеге бағдарлай оқыту ұстанымдарын басшылыққа алу білім мазмұнын анықтауға мен студенттердің тұлғалық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді.  

Информация о работе қазақ тіл синтексиі