қазақ тіл синтексиі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 10:00, курсовая работа

Описание

Зерттеудің өзектілігі. Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарлар мен қағидаттар, қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде де түбегейлі өзгерістер жасауға себеп болды. Өйткені жаңа уақыт талабы рухы биік, болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына өзіндік үлес қосатын, халықаралық стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды қажет етеді.

Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын, әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл орайда педагогикамен өзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың өзектілігі арта түсті. Әлемнің өркениетті елдерінің білім беру жүйесіндегі жетекші қағидаттар негізінде отандық білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттары айқындалды. Бұл білім беруді болашақ маманның өмірлік дағдыларымен өзара бірлікте қарастыруды қажет етті. Сондықтан соңғы жылдары жоғары мектептердегі оқу үдерісі кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастырыла бастады. Бұл жүйе бойынша студент білімді өздігінен меңгеруге, өз әрекетінің субъектісі ретінде дамуға мүмкіндік алады. Кредиттік оқу жүйесі дәстүрлі білім берудің мақсат-міндеттерін өзгертуді, оның мазмұндық-құрылымдық және ұйымдастырылу сипатын жаңартуды талап етті. Бұл жоғары мектепте қазақ тілі салаларын оқыту ісіндегі тың ізденістерге жол ашты.

Работа состоит из  1 файл

rahmetova.doc

— 747.00 Кб (Скачать документ)

       Соңғы жылдары білім беруді жаңа қырынан ұйымдастыру мен қазақ тілін оқытудың сапасын көтеруге бағытталған зерттеу жұмыстарындағы тұжырымдар синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін сұрыптап таңдауға мүмкіндік тудырды.  

      1.2 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі.

      Қоғам дамуындағы өзгерістер жеке ғылым саласы ретіндегі тіл біліміндегі жаңа бағыттардың туындауына әсер етсе, өз кезегінде сол өзгерістер оның  оқыту жүйесін де жаңартуды қажет етеді. Осымен байланысты тілді адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың құралы ретінде қарастыру етек алды. Адам мен оның тілін әлеуметтік аспектіде өзара байланыстырып,  адамның әлеуметтік рөлі, тілі, мамандығы және қандай әлеуметтік топқа жататындығы, идиологиялық тәуелділігі т.б. арқылы тілдік тұлғаны анықтауға басымдылық берілді. Тілді оқытуда оның тілдік қарым-қатынаста қолданылу дәрежесі мен сипатына, әлеуметтік-психологиялық мәніне көңіл бөлінді. Әдіскер-ғалымдар ана тілінің тек қатысымдық қызметін ғана айқындап қоймай, оның баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы мәніне баса назар аудара бастады. Өйткені тіл арқылы адамдар өмірден өз орнын табады, әркім өзіне қажетті игілікті іске асырады.

      Синтаксис пәні студентке сөз тіркесінің, сөйлем мен мәтіннің ерекшелігі мен өзіндік қолданысын үйретіп, сол арқылы олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруді көздейді. Бұл Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасының: «Қазiр педагогикалық қоғамдастықтың  алдында бiлiм берудiң жаңа моделiн құрудың, сынақтан өткiзу мен енгiзудiң ауқымды мiндеттерi тұр. Бiлiм берудiң қазiргi негiзгi мақсаты бiлiм алып, бiлiк пен дағды-машыққа қол жеткiзу ғана емес, солардың негiзiнде дербес, әлеуметтiк және кәсiби бiлiктiлiкке – ақпаратты өзi iздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгерiп жатқан бүгiнгi дүниеде лайықты өмiр сүру және жұмыс iстеу болып табылады», – деп көрсетiлген басты қағидатымен толық үндеседі [8, 5].

      Таным мәселесі антик заманынан бастау алады. Әр дәуірдегі  ойшылдар мен педагогтер балалардың  өзіндік ой-тұжырымын жасау, оны дамыту мәселесіне назар аударса, адам баласының танымдық қабілетінің мәні қазақ халқының даналық сөздерінде, ертегі, жыр, мақал-мәтелдерінде де көрініс тапқан.  Синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту студентті лексикалық және грамматикалық бірліктерді қарым-қатынаста ұтымды қолдануға, өз көзқарасын айта білуге және  синтаксистік категорияларды сөйлесім әрекетінде ұтымды пайдалануға үйретсе, танымдық тұрғыдан оқыту оның оқу материалдарын терең игеруіне, өзін-өзі дамытуға, танымдық қабілетін (қабылдау, меңгеру, жоспарлау, мәселені шеше білу, ойлау, тапқырлық, білімін қажетті жерде қолдана білу т.б) арттыруға мүмкіндік тудырады.

      «Сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан та артық»,  «сөйлегенде сөздің жүйесін келтіріп сөйлеу» қажет. «Сөздің жүйесін қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын дағдысын білу» керек. «Сөйлеудің асыл мағынасы – біреуге білдірейін деген ойын айту. Айтушының мақсаты – тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін алса, екінші сөзді ойын толықтыру үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін алады» деген А.Байтұрсыновтың пікірі синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың өзегін анықтауда маңызды рөл атқарады [1, 142, 274].

      1.2.1 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың қайнар көзі. ХХ ғасыр  басында қазақ топырағында ұлтты тану мен сапалы білім берудің тың  үлгісін жасаған отандық  ғалымдардың әдістемеге қатысты  ой-пікірлері, еңбектері зерделеніп, олардың оқыту үдерісіне қатысты білім беру жолдары технология түрінде дәйектелді. Себебі оқыту технологияларының нышандары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, Қ.Жұбанов, .Балақаев т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады. Зерттеуде олардың әдістемелік тұжырымдары қазіргі таңда қолданылып жүрген оқыту технологияларымен салыстырылды. Нәтижесінде әлемдік  тәжірибеде  кеңінен  қолданылып жүрген   технологиялардың   қазақ  әдістеме   ғылымында да өз іргетасы болғаны анықталды. Олардың қай-қайсысының да құрылымдық жүйесі технологияға қойылатын талаптарға толық жауап береді. Бұл технологияларда мәдениет пен тілге, ғылым мен білімге  ерекше назар аударылған.

      Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлының танымдық-тағылымдық технологиясында білім алушының тілін дамыту, танымын кеңейту мәселелері басты назарда ұсталынған.  Оқытудың түпкі нәтижесі  оның танымдық, проблемалардың шешімін табу, ақпараттық  құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталғандықтан, синтаксисті оқытуда маңызды рөл атқарады.

      М.Жұмабаевтың дара тұлғаны қалыптастыру технологиясында адам  бойындағы мінез-құлық, қасиеттерін тәрбиелей отырып, білім алушының бойына тұлғалық дарындылықты қазақтың ұлттық тәрбиесі арқылы қалыптастыру өзек етіп алғандықтан, ол оқыту үдерісінде студенттің  бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.     

      Ж.Аймауытовтың пәнаралық байланыс арқылы ынталандыра оқыту технологиясы қазіргі таңдағы білім берудің ұлттық моделін жасау идеясымен сабақтасады. Ғалымның пайымдаулары жеке тұлғаға бағдарлап оқыту, интеграциялық байланысты қолдану, білім алушының ынтасын тудыра оқытып білім беру т.б. мәселелермен тығыз байланысты. Бұл синтаксисті оқытуда білім сапасын арттырудың алғы шарты болып табылады.

      Ы.Алтынсариннің тілдік дағдыны жетілдіру технологиясында қазақ тілі сабақтарында білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру мен шығармашылыққа баулу әдістері кеңінен орын алатыны байқалады. Ол  баланың өміріне, табиғатына жақын келетін мәтіндерді пайдаланудың тиімділігін көрсеткен. Студенттің тілдік қабілетін жетілдіру – білім беру үдерісіндегі басты міндет. Олай болса аталған технология осы міндетті шешуге мүмкіндік береді.

       Қ.Жұбановтың дамыта оқыту технологиясы  студентті тұлғалық жағынан

қалыптастыру  мен дамыту және білімді деңгейіне қарай меңгертуді көздейді.  Ғалымның түйінді мәселеге көңіл аудару, сөзбен суреттеу, көрнекілік, өмірге үңілдіру, еңбек үдерісімен, жүйелі ойға төселдіру, білім алушының  алдына проблема қоя оқыту, бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал ету т.б. әдістері бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен ұштасып жатыр. Ғалымның дамыта оқыту технологиясы синтаксистік бірліктердің қалыптасу, өзгеру, даму заңдылықтарын танып білуге көмектеседі.

      М.Балақаевтың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру технологиясы тілдік білімнің нәтижесін құзыреттіліктер деңгейіне көтеруді мақсат ететін қазіргі уақыт талабымен толық үндеседі. Сондықтан сөз мәдениеті  студенттің интеллектуалдық және мәдени сапасын арттыратындай тілдік қатынасқа төселдірудің негізі ретінде қарастырылады.

      Қорыта келгенде, ғалымдардың еңбектерінде қазіргі білім беру технологияларының барлығы да көрініс тапқан. Сондықтан сол ой-тұжырымдарды басшылыққа алу болашақ мамандардың санасына ұлттық рух пен елжандылық қасиетті қалыптастыруға, ұлттық сананы оятуға, сабақ сапасын арттыруға, оқытушы шеберлігі мен студент білімін жетілдіруге  ықпал етеді.

      1.2.2 Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан сапалы оқытудың  негізі – білім беру технологияларын бірлестікте қолдану. Қазақ тілін саналы және сапалы меңгертудің бір шарты – білім беру технологияларын ұтымды қолдану. Бұл орайда қазіргі білім жүйесінде қолданылып жүрген Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі, В.К.Дъяченконың ұжымдық оқыту технологиясы,  Ш.А.Амонашвилидің тұлғалық-ізгілендіру технологиясы және т.б. білім беру технологияларының басым бағыттары жұмыста кең талданды.

      Ф.Ш.Оразбаеваның қатысымдық тұрғыдан оқыту технологиясы – қазіргі білім беру үдерісінде ең жиі қолданыста жүрген технология. Әдіскер тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім әрекетінің бес түрін ғылыми айналымға енгізді. Аталған технология тіке байланыс, адамның жеке қабілетін ескеру, сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыс түрлерін айқындау, сатылап даму, динамикалық өзгеру, өзектілік  ұстанымдарын басшылыққа алып, қатысымдық әдіс арқылы тілді меңгертуді мақсат етеді. Синтаксисті қатысымдық тұрғыдан сөйлесім әрекетінің түрлері арқылы меңгерту студентті ойын, пікірін, көзқарасын еркін, нақты жеткізуге жетеледі.

      Н.А.Оразахынованың сатылай кешенді талдау технологиясы – қазіргі заман дамуының заңдылықтарын ескере отырып жасалған талдау жүйесі. Сатылай кешенді талдау технологиясы  синтаксистік бірліктерді студенттерге ғылыми негізде сатылай, жүйелі меңгертуге негізделді.

      Білім беру жүйесінде технологиялардың әрқайсысы тілді меңгеруде өзіндік орын ала келіп, бір-бірімен тығыз бірлікте, тұтас қолдану арқылы тиімді рөл атқарады. Студентке жүйелі білім беретін материалды тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оның жеке қабілетіне сай дұрыс меңгерте білу оқыту технологиясын жақсарта түседі. Технологияға қатып қалған, өзгертуге болмайтын нәрсе деп қараудан арылып, әрбір технология тілді меңгертудің түпкі нәтижесіне қызмет ететін, соған қолайлы жағдай туғызатын оқытудың өзара сабақтас жүйесі деп қараған жөн [9, 102]. Білім беру технологияларын студенттің қабілеті мен уақыт сұранысына орай қолдану білім сапасын арттырып,  оны  өз ойын жинақтап айтуға, білімін тілдік қатынаста дұрыс қолдануға үйретеді.

      1.3 Синтаксисті оқытуда тілдік қатынас пен танымдық лингвистика теорияларының алатын орны. Танымдық лингвистика адам санасында сақталған білімнің коммуникацияда тілдік таңбалар арқылы  бейнеленуін қарастырады. Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болғанымен, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта әр түрлі деңгейде, сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, дүниені тұтас таныған жан әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады [10, 15].  Студент санасында, ойында сақталған ақпаратты танып қана қоймайды, оны тілдік қатынаста қолданады. Тілдік қатынас екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, ол баяншы мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асырады. Бұл оның қатысымдық қызметін танытады. Екіншіден, ғаламның тілдік бейнесін таныту үшін адам мен өмірдің байланысын білдіруге бағытталады. Тіл қатысымда тек белгілі бір ойды, пікірді, хабарды жеткізудің құралы ғана болып табылмайды, ол адам санасында қалыптасқан, жинақталған, бейнеленген ұғымдар мен түсініктерді жеткізеді. Ол адамның жылдар бойы жинаған білімін сақтаушы, жеткізушінің қызметін атқарады. Бұдан  оның танымдық қызметі көрінеді.

      В.А.Маслованың тұжырымы бойынша, «всю познавательную деятельность человека (когницию)  можно рассматривать как развивающую умение ориентироваться в мире, а эта деятельность сопряжена с необходимостью отождествлять и различать объекты: концепты возникают для обеспечение операций этого рода» [11, 30]. Яғни тіл – адамның дүниетанымын танытатын ақпараттық-танымдық күрделі құрылым. Ол студенттің ойлауы, санасы, пайымдауымен  тығыз байланысты. Ақпарат, алдымен, студенттің миында сақталады, жинақталады, өңделеді. Санада бейнелеген ақпарат студент жадында сақталады да, оны ол қажет кезінде алып қолданады. Адамзат санасының қызметі қоршаған әлемнің жалпы заңдылықтары, өзара байланыстары туралы мәліметтерді, білім негіздерін жүйелеуге мүмкіндік беретіндіктен, кез келген адам оның көмегімен алдына мақсат қоя білуге, жоспарлы әрекет етуге, табиғи және әлеуметтік орталарда өзін-өзі ұстауға дағдыланады [12, 264]. Студент қатысымға түскен кезде ақпаратты өз қалауынша пайдалана алады.

      Психологтар сөйлесім кезінде баяншының қабылдаушының әр түрлі ерекшеліктерін ескере отырып  тілді қолданатынын айтады. Баяншы кімге қалай және қайтіп сөйлеу керектігін өзі шешеді. Студенттің   тілдік жағдаятта қолданатын  ақпараттары санасында сызба, модель,  яғни фрейм  түрінде сақталады. Мәселен, сөйлем сөзі арқылы студент санасында сөйлемге қатысты жай, құрмалас, аралас құрмалас, салалас, сабақтас т.б. фреймдар пайда болады. Сондықтан қазір оқытуды фреймдік тұрғыдан ұйымдастыру керек деген пікірлер кездеседі. Фреймдік тұрғыдан оқыту студент санасында алынған ақпаратты терең сақтауға ықпал етеді. Мысалы, сөз тіркесі   синтаксисі бойынша оның фреймдерін құру кезінде сөз тіркесінің ережесін білмейтін студенттер оның қатарына күрделі сөзді, атаулық тіркесті, шектеулі тіркесті т.б. жатқызуы ықтимал. Яғни  студент өзі таныған, білген, меңгерген дүниесін ғана қолданады, пайдаланады. Студенттің ойында көп уақытқа дейін тілдік кодтар сөз, сөйлеу немесе әр түрлі концептілер түрінде сақталады. Баяншы өзіне қажет кезінде, белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешуде ойда сақталған тілдік кодтарды таным елегінен өткізіп тілдік қатынасқа түседі. Студент «миында қандай ой пайда болмасын, ол тілдік материалдың негізінде ғана туындап, іске асады» [13, 201].

       1.4 Қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тұжырымдамасы. Әрбір елдің болашағы білім беру жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуына және пәнді меңгертудің ұтымды әдістемесін  ұсынуға байланысты. Қазіргі таңда жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары мамандарға сұраныс күшейді. Сондықтан қазақ тілі синтаксисін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту екі мақсатты көздей отырып жүйеленді: синтаксисті қатысымдық тұрғыдан оқыту оны басқа ғылым салаларымен байланыста меңгертуді, қатысымдық бірліктердің мәнін айқындауды, оның синтаксисті оқытуда алатын орнын зерделеуді, оны сөйлесім әрекеті арқылы іске асыруды мақсат етсе,   танымдық тұрғыдан оқыту синтаксисті танымдық әрекет пен танымдық іскерлік арқылы меңгертуді көздеді.

      Э.Оразалиеваның жіктеуі бойынша, танымдық әрекетке қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну, зейін қою, есте сақтау, сөйлеу т.б. тәрізді құрамды бөліктер жатқызылған. Ғалым қазіргі кезде танымдық әрекетті  «функционалды-прагматикалық, аккумулятивті және қатысымдық қызметтері ерекше, адамзат тіршілігіне аса қажет фактор» деп бағалайды [12, 148-149].

      Танымдық іскерлік педагогика ғылымында білім алушының танымдық белсенділігімен сабақтастықта қарастырылады. Студенттің метатанымдық іскерлігі алға қойған мақсатын анықтауы, іс-әрекетін жүйелі түрде жоспарлауы, нәтижені бағалай білуінен т.б. байқалса, ақпараттық іскерлігі қажетті ақпаратты табуы, оны талдап, екшеп, сұрыптап ала білуі, ақпаратпен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыруынан көрінеді. Әлеуметтік-аффективтік іскерлігі ұжыммен жұмыс істей алу қабілеті, ұжымдық, топтық, жұптық тапсырмаларды орындай білуі мен  проблемалық жағдаяттарды шеше алуы арқылы танылады. Бұл екі мақсаттың бірлігі синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың  білім мазмұнын анықтап, жүйелеуге бағыт береді. Білім мазмұнын меңгерту ұстанымдар мен әдістер және оқыту формалары арқылы іске асырылды. Түпкі мақсат студенттің құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды. Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың моделі 1-кестеде көрсетілді (1-кесте).

Информация о работе қазақ тіл синтексиі