Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Содержание

КІРІСПЕ.
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ.
1.Жаза ұғымы және оның белгілері
2.Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
3.Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
4.Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау.
5.Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
6.Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.
7.Қылмыстық жазаның мәні мен мақсаты хақында.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Жаза тағайындау.doc

— 337.50 Кб (Скачать документ)

Л. Белогриц-Котляревский жазаны оның мәнін көрсететін және өзінше маңызы бар басты және негізгі топтарға, сонымен қатар олардың қатандығын арттыруға бағытталған қосымша топтарға белген.

Біздің пікірімізше, сазай тартқызу — жазаның мақсаты емес, оның мәні ажырамайтын қасиеті.Сотталғандарды түзеу, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу (арнайы алдын алу), басқа адамдардың қылмыс жасауының алдын алу (жалпы алдын алу) жазаның мақсаты болып табылады.

Жалпы, алдын алу әрекеті негізгі үш параметр бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден — ол қорқыныш тудырады, қылмысқа бейім адамдар жазадан қорыққандықтан ондай әрекетке барудан бас тартады. Екіншіден — жаза тыйым салынған әрекеттерді болдырмайды, адам заңмен қорғалатын нормаларды, қоғамдық тәртіпті бұзбауға дағдыланады. Үшіншіден — қылмыстық жауапқа тартылу мүмкіндігі «қалыпты заңға бағыну әдетін сақтауға» итермелейді.

Алдын   алу   —   тәрбиелеу  процестері арқылы азаматтарға ықпал жасау осы заңнан басталады.  Қылмыстың алдын алу жайында Н. Дурманов былай деп жазады: «Кеңестік қылмыстық-құқықтық нормалар қылмыс жасалынған кезден бастап немесе санкция қолданылған   кезден бастап емес, ол нормалар  көрсетілген заң күшіне енген кезден бастап нақты әсер етеді».

Құқық зерттеушілер, тарихшылар, философтар, теологтар жазалаудағы    мақсатқа    ой жібергенде жалпы және арнайы превенциядан басқа мақсаттарды қалыптастыра алмады. Жалпы превенция, мысалы, Көне өсиеттің (Ветхий   Зоветтің) екінші    заңында    көзделген: «Көбірек естиді де, өз арасында мұндай  қылмыс жасауға қорқады».

ІХ-ХVІІ ғасырлардағы орыс заңдарында «басқаларға да жайсыз болу үшін» деген сөз тіркесі ұдайы пайдаданылған.

Заң әдебиеттерінде сотталғандарды қайта тәрбиелеу мақсатын жаза  мақ-саттарынан алып тастау женінде пікір айтылған   болатын,   себебі,   қайта тәрбиелеу мақсатын қылмыстық құқық қолданатын тәсілдермен үйлестіруге   болмайды,   бұл тәсілдер құқықтық шектейтін мәжбүрлеу шараларынан тұра-ды. Қазақстанның  заң шығарушылары да осы позицияны ұстанды. Ал, түзетуді алатын болсақ, ол қылмыстың алдын алу құралы болып табылады, сондықтан да оны жазалаудың мақсаты деп қарастыруға болады, яғни бұл жағдайда сотталған адамның қылмыстық әрекетті жалғастыруына, сондай-ақ оның және басқа адамдардың басқа қылмыс жасауына тосқауыл қойылады.Реті келгенде    айтып өтсек, қазіргі АҚШ заңы жаза алдына төрт мақсат қояды:өш алу, үр-ейлендіру,   қылмыс   жасау мүмкіндігінен айыру және түзеу.

Жалпы тілмен айтқанда «түзету» деген сөз зақымданған, бұзылған жерлерді қалпына келтіру, пайдалану үшін жарамды жасау, қателіктер мен ауытқуларды жою, қандайда бір кемшіліктерден арылу, жақсарту деген мағына береді.

Адамның іс-әрекетін түзету идеясын Конфуций де терең және жан-жақты зерттеген, бұл мәселе    жайындағы    кейінгі кездердегі барлық  зерттеулер-
де оның пікірі  қалайда ескеріледі. Ол түзеудің үш жолы бар деп санайды.
Біріншісі, ең қастерлісі — ой арқылы, яғни адам өз әрекетін ой елегінен өткізіп, өзінің түзелу жолын белгілейді. Екіншіжол —басқа адамдарға еліктеу  арқылы.
Үшінші жол, ең қиын да ауыр жол —   жаза арқылы, біреудің араласуымен және мәжбүрлеуімен түзелу.

Рим императоры Марк Авреллий Антонийдің түзеу жөнінде қызғылықты ойлары бар,онда қазіргі «қайта құру» термині пайдаланылған. Онда екі түрлі жағдай көзделген. Біреуі: билік жасаушының және заң шығарушының   көрсеткен  жолымен жүру.Екіншісі:   басқадай пікір   айтатын   адам      жолықса   соның көрсеткен бағдарына бейімделу, қайта қалыптасу. Бұл жол атаққа, тәтті емірге апаратын жол емес, әділдікке, қоғам игілігіне апаратын жол болуға тиіс. Сол кездердің өзінде де кейін түзеуді, қайта тәрбиелеуді қажет етпейтін ти-янақты тәрбие беру жағына баса- назар аударылған. «Адам түзел-ген емес, түзу болуға тиіс» деген ежелгі гректер сөзін Авреллий тілге тиек етеді.

Түзеуді және қайта тәрбиелеуді жазаның мақсаты-нан алып тастау әрекетімен біз келісе алмаймыз.Жалпы, превенцияның жаза жүйелері және санкция жүйелері үшін маңызы жоқ екенін ескерсек, адамның жеке басының типологиясы арнайы алдыналу және түзеу шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.

Жазада үш мақсат бар: әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, қылмыстың жалпы алдын алу, қылмыстың арнайы алдын алу және құқық бұзушыны түзеу. Түзеу ұғымының барлық қырын қарастыра келіп, оның ең шеткі екі дәрежесін бө-ліп алуға болады: түзеуді қажет етпейтіндей дәреже және ешқандай түзеуге келмейтін, жазаның ең жоғарғы шарасын қолдануды қажет ететін деңгейі. Осы екі деңгей аралығында өзінше бөліп алуды керек ететін, қылмыскердің жеке бас-ына толық типология жасауға болатын көптеген деңгейлер бар. Қайта тәрбиелеу жазаның осы аралықтағы мақсатына жатады.

Сонымен, жазаның жоғарғы, түлкілікті мақсаты — қылмыстың алдын алу. Түпкіпікті мақсатқа қол жеткізу арқылы қамтамасыз етілетін жазаның орта аралықтағы мақсаттарына сотталғанды «түзеу» және «қайта тәрбиелеу», арнайы және жалпы алдын алу шаралары жатады. Сазай тартқызу жазалаудың мақсаты емес, ол оның мазмұны мен мәнін құрайды және мақсатқа жетудегі құрал болып табылады.

Түзеу және қайта тәрбиелеу түсініктерінің мәнін алатын болсақ, онда біз түзеуді адамды өзгертудің бастапқы кезеңі ғана деп түсінетін ғалымдардың пікіріне қосыламыз, себебі жүргізілген жұмыс нәтижесінде айыпты өзінің қоғамға жат ең елеулі қылықтарынан арылады, ол бұдан былай қылмысқа бар-майды деп күтуге болады, ал қайта тәрбиелеу дегеніміз-адамның жеке басының тіптен өзгеруі, оның қоғамға жат іс-әрекет жасаудан бас тартқаны былай тұрсын, қоғамға пайдалы азаматтар қатарына кіруі.

Түзелгенде адам қатты өзгермейді, оның мінез-құлқы біршама жақсарады. Жаза өтеудің бастапқы кезінде әр адамның санасы әр түрлі деңгей-де болады, оларға тереңдігі мен көлемі бірдей емес ықпал жасау арқылы бір нәтижеге— олардың келешекте қылмыс жасамауына қол жеткізіледі

Енді бір тоқтала кететін жәйт, жаза мақсаттарының ішінде калам тартылмай келе жатқан қыры — ол жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсаты. Бұл мақсат ҚК-те алғаш рет аталып отыр. «Алайда, қылмыстық құқық тарихына үңілсек, -деп сабақтайды сөзін Е. Қайыржанов пен Д.Бұғыбайқызы, - осы ғасырдың 60-жылдарыңдағы совет криминалистерінің ішінде Н. Беляев жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсатын атап
көрсеткенін байқаймыз. Қылмыстық жазаны қолдану арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге болады деген пікір Б. Никифоровтың еңбегінен де өз дамуын алған. Ол: «Жазаны қолданудың арқасында жасалған қылмыс қоғамдық санада не әлеуметтік шындықта жойылады, яғни жазаны қолдану дегеніміз бұзылған әлеуметтік психологиялық тәртіптің реттелген жағдайын қайта қалыптастырудың тәсілі»деп жазды» (Қайыржанулы Е.,Бүғыбайқызы Д. Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза

тағайындаудың ерекшеліктері. Алматы. 2000.).Әлбетте, жаза қолдану арқылы мемлекет бұзылғанды салыстырмалы түрде қалпына келтіруге тырысады. Салыстырмалы деп отырғанымыз дуниеде еш нәрсе де қайталанбайды.Бұл жерде қылмыс объектісі мен затының проблемаларына арналған диссертациясында А.Жумағали жазаның түсінігіне
берілген анықтамаларды талдай келіп, олардың ешқайсысының да              «әлеуметтік  мүм-

кіндіктерден» алшақ кетпейтінін айтады. Сол сияқты ол А. Пионтковскийдің    «Қыл-мыс қашан да бір құқықтарға (автор қуқықтың езі де «заң арқылы тулғаға берілген мумкіндік»дегенге суйенеді қол сұғады» дегенін тілге тиек ете келе, «Демек,жаза де-геніміз қылмыскердің біреуден алған,бузған мүмкіндіктерінің қарымтасына одан алынатын,шектелетін қылмыскердің өзінің мумкіндіктері болып шығады.Осы орайда қарымта дегенде жазаның              әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру сияқты жаңа ҚК-пен келген жаңа мақсаты ойға оралады. Себебі, осы «мүмкіндікке — мүмкіндік» қайырудан аталған мақсаттың элеметтері көрініс табады деп қорытындылайды да жаза мен қыл-мысқа ортақ эквивалент — осы мүмкіндік деп түйеді. Автордың бұл ойымен толықтай қосыламыз, бірақ теоретиктер тарапынан балама ретінде дәл сол «мумкіндіктің» алынуы пікірталас туғызу мумкін, дегенмен де, біздің ойымызша, бұл жерде қалай болған күнде де бір нәрсе ақиқат — ол жаза мен қылмыстарды теңгере алатын баламаның болуы. Әйтпесе, жазаның қарастырылып отырған соңғы мақсаты жүзеге аспай қалады.

Сонымен, Қазақстан Респуб-ликасының Қылмыстық заңы бойынша жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру мақсаты ең жақын мақсатқа жатып, құқықтар мен мүдделерінің салыстырмалы қалпына келуін көздесе, түзеу мақсаты қылмыскер бойындағы жағымсыз қасиеттерді жойып, түпкі мақсатқа қызмет етудің бір жолына айналады. Ал, түпкі мақ-сат — ол қоғамдағы болашақ жасалуы мүмкін қылмыстардың алдын алу болып қала береді.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар дегеніміз -  айыпкердің жеке басына және ол жасаған қылмысқа қатысты әртүрлі факторлар, олар жасалған қылмыс пен оны жасаған қылмыскердің қоғамға қауіптілігін тиісінше азайтады немесе арттырады, нәтижесінде жауаптылық деңгейі де өзгереді, ол факторлар жаза белгілеуге де ықпалын тигізеді.
Жеңілдететін мән-жайларды есепке алу сотқа мынадай құқық береді:
а) балама санкция болса жазаның жеңілірек түрін қолдануға;
б)  ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең аз немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в)  ҚК-тің 55-бабын пайдаланып, сол қылмыс үшін көзделгеннен жеңілдеу жаза қолдануға;
г)  шартты түрде соттауды немесе жаза өтеуді кейінге қалдыруды қолдануға.
Ал,   ауырлататын   мән-жайлардың   болуы, керісінше, сотқа мынадай мүмкіндік береді:
а) балама санкцияда көрсетілген жазалардың ауырын тағайындауға;
б)  ҚК-тің сол қылмыс сараланатын бабындағы санкция белгілеген ең көп немесе соған жақын мерзім тағайындауға;
в)   ҚК-тің   55-бабын  қолдану  мүмкіндігін болдырмауға;
г)  шартты түрде соттау немесе жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін болдырмауға. ҚК-тің 54-бабы 1 бөлігінің «а» тармағында көзделген ауырлататын мән-жайлар болса, сот тағайындайтын жазаның ең аз шегі ҚК-тің 59-бабының 2 бөлігіне сәйкес анықталады.
Жеңілдедетін және ауырлататын мән-жайлардың болуы тек жаза тағайындау процесінде ғана емес, айыпкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту-тартпау немесе жауапкершіліктен мүлде босату жөніндегі мәселені қарастырғанда да ескерілуі тиіс. Мысалы, қылмыстық жауаптылықтан босатудың ҚК-тің 375-379 және 381-баптарында көзделген түрлерін қолдану жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болуына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Беляев Н.А.  Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях/ Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б.
2. Карпец И.И. Наказани:Социальные, правовые   и криминологические проблемы/ И.И. Карпец.- М.: Юрид. Лит, 1973.- 141 б.
3. Тарбагаев А.Н. Понятие   и   цели  уголовной ответственности/ А.Н. Тарбагаев.- Красноярск, 1986.- 102 б.
4. Марцев А.И. Теоретические вопросы общего и специалъного предупреждения преступления: Заң ғылымдарының докторы диссерт. Автореф/ А.И. Марцев.- Свердловск, 1975.- 24-25 б.
5. Карпец И.И. Көрсетиген жүмыстың 156-157 беттері, жазадан босату. — М., 1973.- 6 б.
6. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский.- М., 1958.- 198 б.
7. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-486 б.
8. Карпец И.И. Индивидуализация наказания/ И.И. Карпец.— М., 1962.-  27 б.
9.  Ефимов Е.А. Условное осуждение и условно-досрочное освобождение от наказания/ Е.А. Ефимов. - М., 1963. — Б. 6.
10. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский. — М., 1958. — Б. 156-157
11.   Ломако В.А. Применение угловного осуждения/ В.А. Ломако. -Харьков,   1976. – 27 б.
12. Ткачевский Ю. М. Освобождение от отбывания наказания/ Ю. М. Ткачевский. — М., 1970.- 20 б.
13.   Анашкин Г.З. Условное осуждение и практика его примененш/ Г.З.     Анашкин, З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. — М., 1981, 116.
14.   Г.З. Анашкин, З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. Көрсетиген жұмыс.-Б.6 .
15.   Кейбір мәліметтерге қарағанда шартты түрде соттаудың 1972 жылғы өзіндік үлесі 23—25% болған. Караңыз:  Наказания, не связанные с лишением свободы. -М., 1972. - 21 б.
16.  Эффективность применения уеоловного закона.  - - М., 1973. -124 б.
17.   Г.З. Анашкин, З.А.  Вышинская.  В.С.  Минская. Көрсетілген жұмыс.-Б.  24.
18.  Хламов П.И. О некоторых особенностях применения наказания  военнослужащим/ П.И. Хламов. — Правоведение. 1964.- N4. –Б. 74-88.
19.     Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская,  В.С.  Минская. Көрсетііеен шығарма. —Б. 16.
20.  В.А.  Ломако. Көрсетшен жүмыс.  –Б. 73.

21.Бұғыбай Д. Жаза тағайындау негіздері[мәтін] /Бұғыбай Д.|| «Заң» журналы  2004жыл  №1

22.Ғылыми құқықтық журнал «Тура би» 5,07

23.Республикалық құқықтық ғылыми-практикалық «Заң» журналы 2001жыл №2



Информация о работе Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау