Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.

Содержание

КІРІСПЕ.
І ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ.
1.Жаза ұғымы және оның белгілері
2.Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
3.Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау.
4.Бірнеше қылмыс бойынша жаза тағайындау.
5.Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау.
6.Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып жасалған қылмыс үшін және қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау.
7.Қылмыстық жазаның мәні мен мақсаты хақында.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

Жаза тағайындау.doc

— 337.50 Кб (Скачать документ)

ҚР ҚК-нің 53-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстықжауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға мыналар жатқызыла-ды:

1). Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет ауырлығы онша емес қылмыс жасау. Бүл жеңілдететін жағдайдың түрі бір-бірімен байланысты үш элемент жиынтықтарының бар болуын қарастырады:

а). Қылмысты бірінші рет жасау, яғни, егер кінәлі бұрын мүлдем қылмыс жасамаған болса немесе ол бұрын қылмыс жаса-ғанымен жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі (ҚК-нің 69-бабы), айыптау үкімін орында-удың ескіру мерзімі (ҚК-нің 75-бабы) өтіп кетсе, бұрын жаса-ған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіппен соттылығы алынған не өтелген болса (ҚК-нің 77-бабы) ғана танылады.

ә). Онша ауыр емес қылмыс жасау, яғни, қылмыс жасағаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 2 жыл-ға бас бостандығынан айыру-дан аспайтын қасақана жасалған әрекет, ең ауыр жаза 5 жыл-ға бас бостандығынан аспай-тын абайсызда жасалған әрекеттерді жасау.

б). Мән-жайлардын кездейсоқ тоғысуы салдарынан жасау, бұл бағалаушы категория болғандықтан, істің нақты бар-лық жағдайларын зерттеу кезінде анықталады. Сонымен қатар, мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы ретінде кінәліні қылмыс жасауға итермелейтін объективтік және субъективтік факторларды да түсіну қажет. Мысалы, кінәлі үшін кенеттен пайда болған, алдын ала дайындықсыз, жеке бастың қайғы-қасіреті әсерінен, қылмыс жа-сап жатқан адамдар тобына кездейсоқ тап болуы және осы іс-әрекеттерді жасауға еріксіз қатысуы, қолайсыз дау-жанжал жағдайында пайда болған қызбалық әсерімен қылмыс жасау.

2). Айыпкердің кәмелет жасқа толмауы — қылмыс жа-сау сәтінде он төртке толған бірақ он сегіз жасқа толмаған тұлғаның қылмыс жасауы. Заң-шығарушы аталған жағдайды жеңілдетуші мән-жайлардың қатарына   жатқызу   себебін адамның санасы   мұндай жас-та қалыптасу сатысында бола-тындығымен және кәмелетке толмағанның көзқарасы толық бекімегендіктен өз әрекетіне дұрыс баға бере алмайтындығымен түсіндіреді.

3). Жүктілік жағдайында қылмыс жасау – жүктілік мерзіміне қарамастан кез келген ауырлықтағы қылмысты жасау жеңілдетуші мән-жай болып табылады. Бұл жағдай әйелдің жүктілік жағдайындағы ерекше психофизикалық, жоғары сезімталдық, тез ашуланшақ, ұстамсыздық және жүйке қозуы жағдайларында жиі болатындығын ескеріп жеңілдетуші жағдайлар қата-рына енгізілген.

4). Айыпкердің жас бала-лары болуы - сотталған адамның (ер адамдарға да қатысты) 14 жасқа толмаған балалары-ның болуы. Аталған жағдай егер кінәлі ата-аналық құқығынан айырылған немесе отбасы-мен ұзақ уақыт бірге тұрмайтын болса, балаларды тәрбие-леумен, оларға материалдық қолдау берумен айналыспаса, оларға қатал қарайтын болса немесе балаларға қатысты қылмыс жасаса ескерілмейді.

5). Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер — қылмыстан келтірілген зиянның орнын тол-тырумен байланысты жағдайлар.

6). Жеке бастық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының
салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау - сыртқы факторлардың
әсер етуінен (жеке, отбасылық, қызметтік қатынастардан туындайтын қиышылықтар)кінә-лінің қарсы тұру мүмкіндігінің болмауынан қыл-мыс жасауы. Ауыр мәнжайлар-дыңтоғысуы ретінде жүмы-сынан айырылуынан материал-дық жағдайының қиындауын, кінәлінің мүгедектігіне немесе ауруға шалдығуына байланыс-ты отбасын асырай алмауы және т.б. жағдайлар. Жаны ашығандық себебімен қылмыс жасаса, мысалы, ауыр хәлде жатқан туысына қымбат баға-лы дәрі-дәрмекті алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ұрлап алу әрекеті немесе үмітсіз ауыр өлім, хәліндегі адамды оның сұрауы бойынша өлтіруі (эвтаназия) және т.б. жағдай-лар. Мүндай аталған жағдай-ларда жаны ашу себебін тудыр-ған фактор мен жасалған қыл-мыс арасындағы себепті бай-ланысты анықтау міндетті бо-лып табылады.

7). Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан немесе материалдық қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті қылмыс жасау - бұл қылмыс жасайтын адамның өз іс-қимылын таңдауға оған зорлық-зомбылық көрсету нәтижесінен еркінің болмауы және оның қылмыс жасау туралы шешім қабылдауы-на материалдық, қызметтік және өзге де тәуелділігін (туыстық, жеке, мұғалім мен оқушы арасындағы және т.б.) пайда-ланыптікелей қысым жасау арқылы жасалатын жағдайлар. Аталған жағдайлар аса қажеттілік ретінде бағаланбаған жағдайда жауаптылықты жеңілдетеді.

8). Қажетті қорғану, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәу-екел, бұйрықты немесе өкімді орындаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу жағдайларында қылмыс жасау - яғни, ҚК- нің 32-37-баптарында қарас-тырылған әрекеттің қылмысты-лығын жоятын мән-жайлардың заңға сәйкестік шарттарын сақтамау нәтижесінде қылмыс жасауды түсіну қажет. Бұл мы-салы, ҚК-нің 98,99,100-бапта-рындағы адам өлтіру қылмысының жеңілдететін турлері.

9). Қылмыс жасау үшін түрткі   болып   табылатын жәбірленушінің заңға қаишы немесе  адамгершілікке жатпайтын   қылығы кінәлінің қылмысты жәбірленуші тарапынан орын алған ұрып-соғу, азаптау, жала жабу, қор-лау және т.б. құқықбұзушылық сипатындағы әрекеттер   немесе моральға, адамгершілікке жат әрекеттер себебімен қыл-мыс жасау. Аталған әрекеттер бір мәрте немесе жүйелі түрде де жасалуы мұмкін. Алайда, заңға      қайшылық     немесе адамгершілікке    жатпайтын қылықтарды сот істің мән-жай-ларына сәйкес барлық уақытта анықтап отыруы қажет.

10). Шын жүректен өкіну,айыбын мойындап келу,қылмысты ашуға, қылмысқа
басқа қатысушыларды әшкерөлеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған
мүлікті іздеуге белсенді  жәрдемдесу аталған әрекеттердің әрбірі не олардың жиынтығы қылмыс жасаған адамның қауіптілігін төмен-детеді, оның ез кінәсін түсінгендігін және өкінетіндігін дәлелдейді. Бұл жағдайлар мазмұны мен мағынасы жағы-нан бір-біріне жақын болып табылады және қылмыскердің тез түзелу мүмкіндігін куәландырады.

Жоғарыда қарастырылған жауаптылық     пен     жазаны жеңілдететін жағдайлардың
тізімі соттар үшін міндетті, бірақ түпкілікті болып табылмайды, сот бұл бапта қарасты-
рылмаған басқа да жағдайларды   үкімде  көрсете  отырып жеңілдетуші мән-жай ретінде
тануға құқылы.  Тәжірибеде мұндай жеңілдететін жағдайлардың қатарына кінәлінің ден-
саулық жағдайы, қоғамға пайдалы қызметі, асырауында қарт және науқас ата-анасының бо-
луы, Отан алдындағы қызметі, жетістіктері үшін алған наградаларының болуы, тұрғылықты
немесе жұмыс орнынан жағымды мінездемесінің болуы және т.б. жағдайлар жатқызылады.
ҚК-нің 53-бабы 1-бөлігінде көрсетілген жағдайлар жазаны  жеңілдетуші  жағдайлар ре-тінде сотқа ҚК-нің Жалпы бөлімінің барлық ережелерін ескере отырып нақты қылмыс үшін қарастырылған баптың санкциясы шегінде өз қарауы бойынша жаза тағайындау құ-қығын береді.ҚК-нің 53-бабы 3-бөлігіне сәйкес, егер жеңілдететін жағ-дай ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі , ретінде көзделген болса, жаза тағайындау кезінде ол қайта-лап ескеріле алмайды.

Жауаптылық пен жазаны  ауырлататын жағдайлар.  ҚР ҚК-нің 54-бабында О көрсетілген жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлар жасалған қылмыстың және кінәлінің жеке басының жоғары қауіпті екендігін дәлелдей-тіндіктен, соттарға тағайында-латын жазаларды күшейтуге негіз береді. Жазаның мөлшерін көтеруге әсер ететін ауырлататын жағдайлар бол-ған кезде соттар нақты қылмыс сараланып отырған бап санкци-ясы шегіндегі ең қатал жазаны немесе жазаның жоғары мерзімін тағайындайды. Заңда көрсетілген бұл ауырлататын жағдайлар сотқа кінәлінің жеке басы мен ол жасаған қылмысты ескере отырып жазаны жеке да-ралауға мүмкіндік туғызады.

Сонымен, ҚК-нің 54-бабы 1-бөлігінде жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдайлардың мынадай тізімі көрсетілген:

1). Қылмысты бірнеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы - бұл екі бір-біріне ұқсас ауырлататын жағдайлар бір топқа біріктірілген, олардың екеуі де кінәлінің аса қауіпті екендігін, оның оған қол-данылған қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу сипатындағы шара-лардан кейін де заңтыңдаушы-лық өмір кейпіне оралғысы келмейтіндігін куәландырады. Солай бола тұра, заң сотқа оның алғашқы жасаған қылмы-сының сипатына байланысты бұл жағдайды ауырлататын жағдай ретінде ескермеу құқығынбереді. Көбінебұлжағдай, егер кінәлінің алғашқы және одан кейінгі қылмыстары абайсыздықпен жасалса, не қа-сақана жасалғанымен ауырлығы онша емес қылмыс қатарына жатқызылған болса ауыр-лататын жағдай ретінде қолда-нылмауы мүмкін.

Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы жөніндегі түсініктер ҚК-нің 11-бабында, ал қылмыс-тардың кайталануы 13-бабын-да берілген. Егер бұрынғы жасалған қылмысы үшін кінәлінің соттылығы етелген нежойылған болса, жаңа жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау кезінде бірнеше реттік немесе қайтала-ну жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде танылмайды.

2). Қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру — қылмыстан келтірілген зардаптың ауыр не жеңіл екенін сот нақты істі қарау кезінде келтірілген зардаптың сипатын бағалай отырып анықтайды. Мұндай шешімге қол сұғушылық объектісінің маңыздылығы, келтірілген зиянның мөлшері сияқты жағдайлар әсер етеді. Ауыр зардаптар келтіру тек қасақана қылмыстарда ғана емес абайсыздықпен жасалған қылмыстарда да жазаны ауыр-латады, сондықтан кінәнің ны-санына қарамастан бұл жағдай ауырлататын жағдай ретінде танылуы мүмкін. Бұл үшін сот жасалған әрекет пен келтірілген зардап арасындағы себепті байланысты анықтауы міндетті. Сонымен қатар, ҚК-нің Ерекше бөлімінің бірқатар баптарында ауыр зардап келтіру қылмыстың белгісі ретінде танылғандықтан, жауаптылықты ауырлата-тын жағдай ретінде қарасты-рылмайды. Ал ҚК-нің кейбір баптарында ауыр зардаптар келтіру қылмыс белгілері болып табылмайды, алайда бул к,ылмыстарды жасау нәтижесінде ауыр зардаптар туындайды.Мұндай жағдайларда сот осы қылмысты жасау нәтижесін де ауыр зардап келтіргені үшін ауырлататын жағдай ретінде тануға құқылы.

3).  Адамдар   тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, үйымда-сқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың қылмыс жасауы — бұл жағдайлар-дың ауырлататын жағдайлар қатарына жатқызылуы заңды болып табылады, өйткені кез келген топтық қылмыстың қоғамға қауіптілігі барлық уакытта жоғары сипатты иемденеді. Жоғарыда аталған қылмысқа қатысу нысандарының ұғымы мен белгілері ҚК-нің 31-бабын-да баяндалған. Бұл ұғымдар ең алдымен бір-бірінен өздерінің мазмұнымен, қауіптілік дәре-жесімен ерекшеленеді. Қылмысты осы көрсетілген қатысу ны-санының кез келгенімен жасау осы қылмысқа қатысушылардың барлығы үшін, олардың қылмыстағы нақты рөліне қара-мастан ауырлататын жағдай ретінде танылады.

4). Қылмыс жасағанда айрықша белсенді рөл атқару - қатысушылықпен немесе қаты-сып орындаушылықпен жасалған қылмыстарда қылмысқа әрбір қатысушы тұлғаның рөлдері ашылып, анықталуы тиіс. Қылмыс жасағанда аса белсенділік танытқан тұлға қыл- мыстың басқа қатысушылары-на қарағанда қауіптілігімен ерекшеленеді. Мұнда оның аса белсенді ролі ретінде оның уйымдастырушылық, басқару-шылық және басқа қатысушыларды жұмылдыру әрекеттерін тануға болады. Кінәлінің аса белсенді рөлі ауырлататын жағдай ретінде оның белсенділігін сипаттайтын нақты әрекеттерді көрсете      отырып  соттың укімінде негізделуі тиіс.

5).  Кінәліге психикасы бүзылуының ауыр түрінен зардап    шегетіні    белгілі адамды немесе қылмыстык жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жа-сауға  тарту -  кінәлі адам өзінің қылмыстық мақсаттары-на қол жеткізу үшін басқа адам-дарды, психикасы бұзылуының ауыр түрінен зардап шегетін немесе мас куйдегі, қылмыстық жауаптылық жасына жетпеген жасөспірімді тарта отырып қылмыс жасайды. Қылмыстық құқық теориясында  мұндай әрекеттер «тікелей орындаушылық» деп аталады. Аталған категориядағы    адамдарды қылмысқа тартқан адам қылмыстың тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады. «Қылмыс жасауға тарту» термині жасөспірімді немесе психикасы бузылған адамды қылмысқа  айдап салу әрекеттерін де қамтиды.

6). Ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша, басқа адамдардың заңды іс-әрекеті үшін кектену- шіліктен, басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында қылмыс жасау - аталған жағдайда ұлттық, нәсілдік және діни өшпенділік немесе араздық себебі жасалған қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылмайтын жағдайлар жөнінде сөз болып отыр. Сонымен бірге,басқа адам-дардың заңға сәйкес әрекеттері үшін кек алу мақсатында жасалған, мысалы бір азамат бұзақылық жасаған адамға ескерту жасаған жағдайда осы кінәлі адамның оған кектенуінен қылмыс жасады. Басқа қылмысты жасыру не жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасады деген кінәлі бір қылмысты жасырамын не жасаймын деп екінші қылмысты жасайды. Мысалы, П. деген азамат А. деген азаматты өлтірген соң, қылмысты жасыру мақсатында оның уйін өртеп жібереді.
7). Жүктілік жағдайы кінәліге алдын ала белгілі әйелге қатысты, жас балаға, қорғансыз немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамғақатысты қылмыс жасау —кінәлінің өзінің қылмыстық мақсатына әйел адамның үктілік  жағдайын,жәбірленушінің қорғансыздығы мен дәрменсіздігін пайда-
лануы оның қоғамға қауіптілігін және қатыгездігін, онда жағымсыз моральдық қасиеттердің бар екендігін куәландырады. Жүкті әйелге қатысты қылмыс жасау тек ғана қасақаналықпен сипатталады. Мұнда қылмыстық жауаптылықтуындау үшін кінәлінің әйелдің жүктілік жағдайын ал-дын ала білгендігін анықтау қажет.Жасөспірімдер деп заң он төрт жасқа жетпеген адамдарды таниды. ҚК-нің Ерекшебөлімінің бірқатар баптарында жас-өспірімдік жас ауырлататын жағдай ретінде қарастырылған, бұл қылмыстарда аталған
ауырлататын жағдайды жаза тағайындау кезінде қайтадан ескеруге болмайтындығын
айта кету қажет. Қорғансыз немесе дәрменсіз адамдарға ауыр халде болуына, қарттығы-
на, психикалық не физикалық жағынан кемтар болуына, ұйқыда жатқандығына, есінен тану-
ына байланысты қылмыскерге қарсы тұруға қабілетсіз адамдарды жатқызуға болады.
Кінәліге тәуелді адамдар дегеніміз  материалдық,қызметтік, жұмысы жағынан немесе отбасылық және т.б. жа-ғынан кез келген тәуелділіктегі адамдар. Бұл тәуелділіктердің жәбірленуші үшін өмірлік маңыздылығын анықтау маңызды болып табылады.

Информация о работе Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау