Қазақтың сыршыл Сәкені

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 19:21, биография

Описание

Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын, айбынды күрескер, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен өнерпаздығына көз салғанда қазақ тарихының ұлы өзгерістерінің көп қырларын аңғарамыз.
Сәкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған азаматтың өр тұлғасынан талай өнер үлгілері тарамданады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақтың сыршыл Сәкені.doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

     Мұхтар  Әуезов ол туралы былай деген: «Сәкеннің  ақындық асуларында әр жотадан атой бергендей тәкәппар сөз үндері «жабы емеспіз, тұлпармыз», «құладын емес, сұңқармыз», - деп, бұрынғы өткен тарихқа бүінгі оянған табына дабыл ұрады. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын ашық. Тұтас бітімді жоталы тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша нық сезім. Шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз Ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса,осындай қайнар көзден шығуға лайық», - деген кемеңгер ой Сәкеннің ұлы ақындығын қалтқысыз түсініп әдебиеттегі орнын айна-қатесіз белгілейді.

     Демек, өмір шындығына негізделген шығарманың қайсы болса да, қандай деңгейде жазылса да елеусіз қалмайтындығын көреміз. Бұл енді табиғатынан туатын құбылыс.

     Сонымен, шын ақындық қуатпен жазылған шығармалар, әсіресе поэма-дастандар  қазақ поэзиясына Сәкеннің қосқан інжу-маржандары еді. Сол туындылардың қадір-қасиеті уақыт озған сайын құрметтеле береді, жаңа ұрпақпен табыса береді.  

     Пайдаланылған әдебиеттер:

     1.Қазақ  әдебиеті энциклопедия «Білік»  баспа үйі, Алматы,1999;

     2.Қазақ  әдебиетінің тарихы   Кеңес дәуірі /1917-1940/ 7-том            

     «Қазақпарат»,2004;

     3.Қазақ  ССР   4 томдық қысқаша энциклопедиясы, 4-том, Алматы,1989;

     4. Сәкен Сейфуллин, көп томдық  шығармалар жинағы,1-том, «Қазықұрт»,                                 

       Алматы,2004;

     5. Сәкен Сейфуллин, көп томдық  шығармалар жинағы,2-том, «Қазықұрт»,                                 

       Алматы,2004;

     6.Сәкен  Сейфуллин, көп томдық шығармалар  жинағы,3-том, «Қазықұрт»,                                 

       Алматы,2004. 

Информация о работе Қазақтың сыршыл Сәкені