Абай Құнанбаев Жастарға үлгі - жас Ибраһим

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 20:27, курсовая работа

Описание

Абай 10 тамыз 1845 жылы қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірінен туған. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен.

Содержание

І. Кіріспе бөлім.
А) Жастарға үлгі - жас Ибраһим.
Б) Ақылы-кең-дария, ізденімпаз Абайдың ақындық жолға түсуі.
ІІ.Негізгі бөлім.
А) Абай шығармаларының оқудан тыс жұмыстарда қолданылуының тәрбиелік маңызы.
Б) Пайда ойлама, ар ойла...
В) Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін...
ІІІ.Қорытынды бөлім.
А) Ақылға тұнған әлем бұл.

Работа состоит из  1 файл

Абай.doc

— 124.00 Кб (Скачать документ)

Бәрі де шаруаға  келеді олақ.

Сырын түзер  біреу жоқ, сыртын түзеп,

Бар өнері –  қу борбай – сымпыс шолақ-деп, күйзеле жазады ұлы ақын. 
Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.

Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіктірер міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали да ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:

Мамсапқорлардың қасынан

Шықпайтындарға ашынам !

Жалданып өскен жасынан

Жағымпаздарға ашынам !

Өзіңе ғана бас ұрам,

Сенесің бе, Отан осыған !?

Алаяқтарға ашынам !

Ашынам-дағы тасынам

Құнымды несін жасырам, - деп адам бойындағы жағымсыз мінез  құлықты ашына сынға алды. Осы жағымсыз қылықтар да бүгін де арамызда бой көрсетіп қалады. Осыдан барып Абайдың көтерген мәселелері бүгін де маңызды, өзекті екендігін анық байқаймыз. 

Абай тарихқа ең алдымен  кемеңгер ойшыл ақын, ағартушы ретінде  енді. Абай өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік-тәлімдік мәні зор, идеялық  деңгейі жоғары болып келеді.

Өзінің өлеңді жай  ермек үшін жазбағанын, жастарға, кейінгі  ұрпаққа сабақ болсын, керегін ішінен алсын деген ізгі ойлы ақынның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.

Бұған Абайдың өз жұртына арнаған өлеңіндегі:

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бет бергенде шырайың сондай жақсы,

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,

Аузымен орақ орған өңкей қыртың.

Өзімдікі дей алмай өз малыңды,

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың.

Көрсе қызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?

Өздеріңді түзелер дей алмаймын,

Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың,

Оның да алған жоқ па құдай құлқын?

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ,

Сапырылды байлығың, баққан жылқың.

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың.

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың.

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың,

Ұғындырар кісіге кез келгенде,

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын? –

деген сөздері дәлел  бола алады. Бұл өлеңде Абай ашынып, халықтың жанына тие айтады.

Абай өнер-білім алуға  шақырды, өмірде өз орныңды тап, пайдалы әрекет жаса, дейді. «Сен де – бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар қалан!» деген сөздер соның айғағы. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп, қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті.

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын», - деп жағымсыз қасиеттерден жастарды жирендіреді.

Өз халқының тағдыры  тебірентіп, қолына қалам алған Абай заманының бет пердесін ашып, заман  адамының бейнесін жасап, әне заманың, міне адамың, заманың тозып, адамың азып барады. «Сәуле болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл» деп, адам болар жұртым» деп тебіреніп, халқына деген бар күйініш, сүйінішін сыйғыза отырып, ел иесінің сөзін айтқан ақын шығармашылық кемелдену барысында бүкіл адамзатқа ақыл-ой, білім, парасат, адамгершілік қасиеттерді саралап, аты бас әріппен жазылар нағыз адамға жылы жүректен тұрар мейірім, шапағат нұрын егуді мақсат етті. Баршаға ортақ гуманистік ой-қазынасын ұсынып, адамзаттың Абайы бола білді.

Ұлы гуманист-ақынның  педагогикалық, тағылымдық мұраларының  мәні мен маңызы бүгінгі таңда  да өміршең, өзекті екендігін дәлелдейді.

ХХ ғасырдың басында  бір кезде Шоқан, Ыбырай, Абай көтерген ағартушылық қозғалыстың туын Ахмет  Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтар жалғастырды. 

Бірақ... Абайдың орны бір төбе екені даусыз. Себебі, Абай – қайталанбас тұлға. Ол жайлы қазақтың біртуар асыл азаматтары ерекше оң пікірлер айтқан. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетсек.

«Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».

Ахмет Байтұрсынов.

«Біз бүгін ардақты ақынымыз марқұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан балаға, немереден шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндері Абай құрметі күннен күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қадірін халқы жиі-жиі зиарат етер, халық пенен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар».

Міржақып Дулатов.

«Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан әні  кетпес!

...Ай, жыл өтер, дүние  көшін тартар,

Өлтіріп талай жанды, жүгін артар.

Көз ашып, жұртын ояу болған сайын,

Хакім ата, тыныш бол, қадірің артар».

Мағжан  Жұмабаев.

«Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеуші біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының ғасырлар бойғы мәдениетінің таңдаулы нәрін алды және бұл қазынаны орыстың және Батыс Европа мәдениетінің игі әсерімен молықтырды.  
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.

Мұхтар  Әуезов.

Туған халқын сүйіп, оны  қасіреттен құтқаруды, бодандыққа қарсы Абай халқын оятып, береке-бірлікке шақырды. Туған халқы да Абайын сүйіп, қатты құрметтеді. Өмірлік мағынасы зор өлеңдерін жатқа айтып, тұмардай сақтады. Шынында әр сөзі теңіздің тереңіне тартқандай мың батпан ойдан туған, кісіге берер шабыты мен шапағаты мол Абай әр қазақтың бағдаршамы іспетті. 
  Абай өлеңдері бай философиялық, курескерлік қасиетке ие. Ол ең алдымен қазақтың телегей – теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларының үрдісіне мұрагерлік етті. 
  «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» - Абайдың шығармашылық мұрасындағы поэмалары да зерттеушілердің назарында. 
  Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деуге болады. 
  Абайдың ақындық дәстүрін ақынның көзі тірісінде тікелей дамытып, жалғастырған ақын шәкірттері болған. Солардың ішінде ерекше орын алатыны Абайдың өз балалары.

 Абай тек қана ақын емес, сонымен бірге сазгер. Халық арасынан шыққан таланттарды танып, олардың еңбегін таратушы болды. 
  Абайдың ән шығармашылығы қазақтың халық музыкасында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай» тағы басқа да әндері әлі күнге халық жүрегінен жылы орын алған.

Қорыта айтқанда, Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.

  Абайды Абай еткен, асыл сөзімен өлең етіп ұйытып, жүрегіне жыр болып байланған қасиеті - өмірден әділет, мейірім, сенім, адалдық іздеу барысында тапқан танымдық олжалары, санасын сарғайтып барып көзін ашқан тұжырым тоғыстары өлең арқылы өріліп жатыр.

 Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады. 
  Ақын 1904 жылы туған жерінде қайтыс болды. Сүйегі Жидебай деген жерге қойылды. Қазір сол Жидебайда ақынның өзі тұрған үйде әдеби-мемориалдық мұражайы бар. Жер бетіндегі күллі қазақ қауымы өздерінің ұлы Абайымен мақтанады. Олар күн өткен сайын Абайды жаңа қырынан тануда. Өйткені Абай мұралары бүгін де, болашақта да өзінің өміршеңдігімен мәңгі жасайтын ғажап туындылар.

 Абай шығармалары қазірдің өзінде көптеген тілдерге аударылып, әлем халықтарының жақсы бағасын алуда. Соның бір дәлелі, Қытай Халық Республикасында Абай шығармаларының қазақша нұсқаларынан сырт оның үш бірдей дастаны және өлеңдері мен қара сөздері қытай тілінде жарық көрді. 
  Ақынның өз кіндігінен он бала тарады. Бәйбішесі Ділдәдән: Ақылбай, Әкімбай, Әбдірахман, Райхан, Күлбадан, кенже баласы Мағауия. Екінші әйелі Әйгерімнен (Шүкіман) – Тұрағұл, Мекайыл, Ізкәйіл, Кенже. Абайдың үміт күткен талантты балалары: Әбдірахман, Мағауия, Тұрағұл, Мекайыл. Әкелерінің өлеңдерін жатқа айтып, халық арасына таратқан, әнші, домбырашы болған.

 Абай есімін еске қалдыру мақсатында көптеген шаралар жүзеге асты. Ең алдымен, Жидебайдағы Абай қыстауы қалпына келтіріліп, ол Семейдегі Абай қорық мұражайының филиалына айналдырылды. Ақын жерленген зиратқа гранит пен мрамордан құлпытас орнатылды. Семейде және Қарауылда ескерткіш орнатылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың баяндамасы  

2.Абай Құнанбаев: Библиографиялық көрсеткіш (екі тілде). - Алматы: ҚР-ның Ұлттық кітапханасы, 1995. - 302 б.

 
3.Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992. - №3. - 23 - 28 б.

 
4.Әуезов М. Абайдың лирикасы // Сөзстан. 7-кітап - Алматы, 1996.-39-58 б.

 
5.Әуезов М. О. Абайдың туысы мен өмірі // Абай. - 2003. - №3. – 28 - 34 б.

 
6.Бэйхай Су Қазақтың ұлы ақыны – Абай // Абай. - 2003. - №1. - 1 - 4 б.

 
7.Борбасов С., Ізтілеуова С. Ұлы ақын тәлімі және ұлттық рухани келбеті // Семей таңы. - 1994. - 4 қазан.

 
8.Құнантаева К., Халитова И. Абайдың қара сөздеріндегі педагогикалық ой-пікірлер // Ақиқат. - 1994. - №4. - 70 - 73 б.

Құнанбайұлы, Абай Шығармалар. – Алматы: «Мөр» МШК, 1994.- 415 б.

 
9.Құнанбайұлы, Абай Қара сөз. Поэмалар=Книга слов. Поэмы / пер. с каз. К.Серикбаевой Р. Сейсенбаева.– Алматы: Ел, 1993. – 272 б. Абай туралы сөз.

 


Информация о работе Абай Құнанбаев Жастарға үлгі - жас Ибраһим