Сот мәжілісінің хаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:50, реферат

Описание

Сот отырысының хаттамасы сот отырысындағы барлық жүзеге асырылған процессуалдық әрекеттер көрсетілген іс жүргізу құжаты. Сот хаттамасын жүргізу соттардың қарастыратын азаматтық істерінде міндетті түрде болуы керек.
Хаттамада жазылған мәліметтер негізінде сот шешімінің сот талқысында анықталған деректерге сәйкестігін тексеруге болады; шешімді істі қараған сот құрамы қабылдаған ба, іске кім қатысты және олардың процессуалдық құқықтарын қолдануға мүмкіндік берді ме, қандай өтініштер болғанын анықтауға болады.

Работа состоит из  1 файл

Сот мажилиси хаттамалары.docx

— 15.65 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ҚҰҚЫҚ  ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР                         

                                            КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

  Реферат

Тақырыбы: Сот мәжілісінің  хаттамасы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   

 

                                                    Орындаған:Қошқар Нұржан

                                                    Қабылдаған:Бакирова Гүлнар

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Шымкент 2012

СОТ МӘЖІЛІСІНІҢ ХАТТАМАСЫ

 

Сот отырысының хаттамасы  сот отырысындағы барлық жүзеге асырылған  процессуалдық әрекеттер көрсетілген  іс жүргізу құжаты. Сот хаттамасын жүргізу соттардың қарастыратын азаматтық істерінде міндетті түрде  болуы керек.

 

Хаттамада жазылған мәліметтер негізінде сот шешімінің сот  талқысында анықталған деректерге сәйкестігін  тексеруге болады; шешімді істі қараған  сот құрамы қабылдаған ба, іске кім  қатысты және олардың процессуалдық  құқықтарын қолдануға мүмкіндік  берді ме, қандай өтініштер болғанын анықтауға болады.

 

Сот мәжілісінің хаттамасы  бойынша тараптардың түсініктемесінің мазмұнын, куәлардың түсініктемесін, сараптама қорытындысының мазмұнын анықтауға болады.

 

Хаттама сот талқысының жүрісін  және іс бойынша анықталған мән-жайлардың  сипаттамасын куәландыратын процессуалдық  құжат.

 

 Хаттама сот мәжілісінің  өзінде немесе сот мәжілісінен  тыс жеке процессуалдық әрекет  негізінде хатшымен дайындалады.  Іске қатысушы тұлғалар және  олардың өкілдері іске қатысты  негіз болған әрекеттерді хаттамаға  енгізуге құқылы. Хаттамаға ескертуді  төрағалық етуші қарастырады  және ескертумен келіскен жағдайда  оның дұрыстылығын куәландырады. Сот мәжілісінің хаттамасына ескерту бес күн ішінде қарастырады.

 

 Ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың  атқару-реттеу ісіне қатысты қызметінің бір түрі - басқарудың маңызды мәселелерін шешуге қажетті реттеу құжаттарын шығару. Қазіргі заңдармен байланысты басқару органдары мынандай құжаттар шығарады: ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың әкімшіліктері - бұйрықтар, нұсқаулар және нұсқаулықтар, жеке кәсіпорындар – шешімдер, қоғамдық ұйымдар – қаулы, өкім және осы аталған барлық ұйымдарда хаттама жазылады. Бұл құжаттардың тілдік құрылымы бір-біріне ұқсас келеді.

 

Хаттама – алқалық органдардың  мәжілістерінде, отырыстарында, жиналыстарында, конференцияларында қаралатын мәселелердің талқылану және шешім қабылдау барысын  тіркейтін құжат. Хаттама мәжілістің үстінде жазылады, А4 форматты қағазға  рәсімделеді. Хаттаманың реквизиттері: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  гербі, министрліктің, ұйымның, құрамдас бөлімнің атаулары, мәтіннің тақырыбы, құжаттың нөмірі, құжат түрінің атауы, мәжілістің датасы, мәжілістің өткізілген орны, мәтін, қол.

 

    Сот отырысының хаттамасы сот отырысындағы барлық жүзеге асырылған процессуалдық әрекеттер көрсетілген іс жүргізу құжаты. Сот хаттамасын жүргізу соттардың қарастыратын азаматтық істерінде міндетті түрде болуы керек.

 

  Хаттамада жазылған мәліметтер негізінде сот шешімінің сот талқысында анықталған деректерге сәйкестігін тексеруге болады; шешімді істі қараған сот құрамы қабылдаған ба, іске кім қатысты және олардың процессуалдық құқықтарын қолдануға мүмкіндік берді ме, қандай өтініштер болғанын анықтауға болады.

  Сот мәжілісінің хаттамасы бойынша тараптардың түсініктемесінің мазмұнын, куәлардың түсініктемесін, сараптама қорытындысының мазмұнын анықтауға болады.

Хаттама сот мәжілісінің  өзінде немесе сот мәжілісінен тыс  жеке процессуалдық әрекет негізінде  хатшымен дайындалады. Іске қатысушы тұлғалар және олардың өкілдері іске қатысты  негіз болған әрекеттерді хаттамаға  енгізуге құқылы. Хаттамаға ескертуді  төрағалық етуші қарастырады  және ескертумен келіскен жағдайда оның дұрыстылығын куәландырады. Сот мәжілісінің  хаттамасына ескерту бес күн  ішінде келтіріліп, сотпен қарастыралады.

 

Хаттаманың мәтінінің  тақырыбында алқалық органның түрі /жиналыс, мәжіліс, конфереция, алқалық  органның ілік септігіндегі атауы көрсетіледі. Мысалы, комиссия жиналысының, ғылыми кеңес мәжілісінің т.б.

 

Хаттамаға мәжілістің өткен күні қойылып, орны көрсетіледі. Егер мәжіліс бірнеше күнге созылса, мәжілістің болған күндері сызықша арқылы жазылады. Мысалы, 12 - 15.12.2012 

 

Хаттаманың нөмірі ретінде сот мәжілісінің жыл басынан бергі рет саны қойылады. Хаттаманың мәтінінде мәжілістің өткізілген орны ретінде қаланың атауы жазылады.

 

Хаттаманың мәтіні екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде жиналыстың төрағасы мен хатшысының аты-жөндері, қатысқандардың тізімі және күн тәртібіндегі мәселелер жазылады. Екінші бөлімінде жиналыстың өту барысы тіркеледі.

 

Жиналысқа қатысқандардың тізімі әліпби тәртібімен жазылады.

 

Қатысқандар саны оннан көп болса немесе үлкен жиындарда қатысқан адамдардың тізімі хаттамаға жазылмай, оған қоса тіркеледі, ал мәтінде қатысқандардың саны ғана көрсетіледі. Жиынға арнайы шақырылғандар болса олардың лауазымдары мен атақ-дәрежелері хаттамаға жазылады.

 

Хаттаманың негізгі мәтінінің әрбір пунктінде: «тыңдалды», «сөйледі», «қабылданған қаулы» деген бөлімдер болуы мүмкін. Бұл сөздер хаттаманың мәтіні компьютермен басылса бас әріптермен, ал қолмен жазылса бас әріптерден басталып жазылады. Хаттаманың әр пункті «тыңдалды» деген сөзден басталады. Осы сөздің алдына пунктінің күн тәртібіндегі нөмірі жазылады. Тыңдалған адамның аты-жөні келесі жолға азат жолдан бастап жазылады. Баяндаманың дайын мәтіні болса, хаттамаға баяндаманың тіркелгенін ғана жазуға болады.

 

    Сонымен, хаттама сот талқысының жүрісін және іс бойынша анықталған мән-жайлардың сипаттамасын куәландыратын процессуалдық құжат болып табылады.


Информация о работе Сот мәжілісінің хаттамасы