Қазақ тілі – мемлекеттік тіл

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 20:00, курс лекций

Описание

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Работа состоит из  1 файл

Iс кагаздары (лекции).doc

— 389.00 Кб (Скачать документ)

* Факс нөмірінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады. Мысалы, 8-3292-43-50-66

* Оң жаққа, қүжат көлемі жөніндегі моліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.

* Сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады, Мысалы, 1 жарты жылдық есеп,

* Он жаққа, қажет болған жагдайда датадан төмен қүжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, Көшірмесі: Аяпова Назира Жакенқызына. 

ХІІІ.  Хабарландыру, жарнама.

      Хабарландыру – мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжат түрі.

    Мұнда хабарланып отырған мәселенің (жиналыс, мәжіліс, кездесу т.б. жайлар) айы, күні, болатын уақыты мен орны көрсетіледі. Соңынан хабарландырушы мекеменің, ұйымның аты қойылады. Хабарланатын мәселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді.

    Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар жарияланады. Хабарландыруларда қызметке алынатын кандидатураға қойылатын талаптар мейлінше тұжырымды, нақты жазылады.  

        Хабарландыру  түрлері мен ерекшеліктері:

1.Мәжіліс,  жиналыстарға хабарландыруда - Күн  тәртібі толық.

2.Мәдени  шараларға хабарландыруда - Бағдарламасы  ұсынылады.

3.Тендерге  хабарландыруда – Шарттары ұсынылады.

4.Вакансияға  хабарландыруда – жұмыс орнына  тиісті талаптар. 
 
 
 

Хабарландыру!

    14 сәуір күні, сағат 15.00-де Жаратылыстану-гуманитарлық институтының ұйымдастыруымен "ҚБТУ көктемі шақырады" атты фестиваль өткізіледі. Келемін деушілерге есік ашық. Бағдарламада:

1.  Қаржы-экономика   факультеті деканының құттықтау сөзі.

2.  Көркемөнерпаздар  өнер көрсетеді. 

Деканат 

Хабарландыру!

    "Томирис"  мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер  конкурс негізінде жүмысқа қабылданады.  Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сай құжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы, 15а-үй, Абай даңғылының қиылысы. Телефон: 56-48-31, ұялы телефон: 8-333-768-65-34. 

    Мейрамхана  әкімшілігі 

Хабарландыру!

    Ертең, 15 мамыр күні, сағат 19.00-де, Республика сарайында Қазақстан халық әртісі Р.Рымбаеваның " Көктем шақырады " атты концерті болады. Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Келіңіздер!

    Мәдениет  министрлігі  

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

    2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің мәжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу өткізіледі.

    Бағдарламада: 1. ҚазҰТУ ректорының кұттықтау сөзі.

                                      2. ¥лы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-әңгімелері.

                                      3. Көркемөнерпаздардың концерті.

                                                                                                                     Ректорат 
 
 

    Жарнама

    Ең  алғаш жарнама жұмысын 1841 жылы ағылшын  азаматы Волни Пальмер ашты. Ең үлкен жарнамалық агенттіктің бірін XIX ғасырда Джордж Роуел басқарды. Әлемнің әр түкпірінде жарнама жасаумен айналысатын арнайы компаниялар құрыла бастады. Бұл жарнама бизнесінің дамуына үлкен әсер етті. Мысалы: «Хайнс», «Американ тобакко», «Проктер энд Гэмбл» т.б.осының үлкен дәлелі. Қашан да тұтынушылар жарнамасы  сәтті сауда маркаларын қолдайды.

    Жарнамалардың жылдам дамуына байланысты ХІХ ғасырда тек қана жарнамалық сипаттағы   көлемді журналдар шыға бастады. 1885 жылы жарнамалық журналдардың таралымы 100000 данаға дейін жетті, ал  20 жылдан кейін жарнамалық журналдың бұл көрсеткіші бес миллионға жетті.

    Джон  Ласкер - жарнамамен қамтамасыз ету агенттігінің атасы деп аталады. Д. Ласкер басқаратын «ЛОРД ЭНД ТОИАС» ең үлкен жарнамалық агенттік болып саналады.

    ХХ  ғасырдан бастап жарнама жаңа  бағытта  дами бастады. 1986 жылы газет бетіндегі  жарнамаға 27миллиард доллар жұмсалса, қазіргі таңда ол  бес есеге ұлғайды.   

        Жарнама тарату тәсілдері  мен түрлері:

  • қала көшелерінде ілінетін суретті жарнамалар;
  • қала көшелеріндегі ауыспалы-аудармалы көп нұсқалы жарнамалар;
  • қала көшелеріндегі арнайы экран арқылы ұлғайтылған ролик жарнамалар;
  • бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ролик жарнамалар;
  • мерзімді басылым беттерінде жарияланатын фото жарнамалар;
  • киімге салынатын сурет жарнамалар;
  • шаруашылық тұтыну заттарына (сіріңке қорабы, сумка-пакеттер) салынатын  сурет жарнамалар;
  • кітап, дәптер, альбомдардың сыртқы мұқабасына салынатын  сурет жарнамалар;
  • күнтізбеде салынатын  сурет жарнамалар;
  • плакаттарға салынатын  сурет жарнамалар;
  • визит карточкаларына салынатын   жарнамалар;
 

    Жарнаманың  қызметі:

    - тауардың өтімділігін арттыру;

  • коммерциялық мақсатта;
  • жұртшылықты белгілі бір өніммен  таныстыру, құлағдар ету;
  • тілдің қолданыс аясын кеңейту;
 

    Жарнаманың  ерекшелігі:

  • насихаттылығы;
  • тартымдылығы;
  • дәлдігі;
  • түсініктілігі;
  • тосындылығы;
  • көркемділігі;
  • мазмұндылығы;
 

ХІV.    Кесім (Акт)

    Анықтама-ақпарттық қүжаттардың бірі – кесім Ол мекеме жетекшісінің тағайындалуымен қүрылған тексерушілер тобы және жауапты адамдардың қатысуымен жазылады. Кесімдердің бірнеше түрлері жазылады. Олар: материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдап алу, өткізу, материалдық қүндылықтарды қабылдау, өткізу т.б.

    Құжатта кесім жазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады. Олардың ұсыныстары мен көзқарастары кесімде белгіленбейді. Тексеруші топ мүшелері тегіс қол қояды. Кейбір актілерге мекеме жетекшісі қол қояды және мекеме мөрі басылады. 

          АНЫҚТАМА

    Анықтама - мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын акпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.

    Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты бізге  әр кезеңде, түрлі мекемелерге барып әр мазмұнда анықтамалар алуға тура келеді.Біздің жеке басымызды куәландыратын қүжаттарды жоғалтып алғанда да анықтама оның орнын уақытша ауыстыра алады.

    Мекеме  жетекшісі өз билігі мен өкілеттігінің  шеңберіне анықтама беруге нұсқау береді және оны растап қол қояды.

    І.Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, фамилиясы, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мөләмет, мамандығы т.б.

    Анықтамада  берілген мәлімет әркез мұқият тексерілуі кажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері я ұйым жетекшісі, өкілдік берген секретариат қызметкері айналысады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы, "422/2",Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатан болса, ол жеке іс папкасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі. Анықтама А5 форматты параққа дайындалады. Кейбір көлемі үлкен анықтамалар үшін А4 форматты қағаз парағы пайдаланылады.

Анықтаманың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:.

*құжат аты;

*негізгі мәтін;

*анықтаманың  қай үйымға берілгені туралы  мәлімет;

*анықтаманың  жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;

*анықтаманы  беріп отырған үйымның мөрі  мен анъгқ-

тама беруші адамның қолы.

Құжат аты. Қүжат аты үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады.

  Негізгі мәтін. Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы, "Осы анықтама Бердібаева Айгул Оралбекқызына, оның Абай атындагы Алматы Мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы факультеті кундізгі бөлімінің III курсында оқитынын растау үшін берілді. "

Аныктаманың қай үйымға арналып  берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы,

    "Анықтама  Алматы қаласы  Алмалы аудандық паспорт бөліміне көрсету ушін берілді. " Немесе "Анықтама теміржол жәпе аэрофлот касаларына көрсету ушін берілді. "

Анықтаманың жарамдылық мерзімі  туралы мәлімет.

Бұл мәлімет  те жаңа жолдан жазылады және берілген  анықтаманың қай мерзімге дейін  күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы,

    "Анықтама 2000 жылдың 31 желтоқсаныпа  дейін жарамды  " немесе ''Анықтама  берілген куннен  бастап 3 аыга дейін  жарамды ".

Анықтама беруші адамның қолы. Бұл молімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей қалдырылып барып жазылады. Аяықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және фамилиясы аты-жөні беріледі. Мысалы,

Қазақ филологыясы

факультетініц деканы                  Сагымбеков Т.С.                            (қолы) 

Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Егер мөр қойылатын арнайы орын көрсетілмесе, мөр жауапты адам туралы мәліметтің сол жағына 1-2 см-дей жерге басылады. Мысалы, 

№ 301 балалар бақшасының меңгерушісі ^__^^_ Сейітқазиева Қ. С.           (қолы) 

   мөр орны  

                                                           

    Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.

    Кез-келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның колы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар. 
 
 
 

Үлгі

                                                                  Анықтама

    Жумагулова  Өміргул Ақанқызы Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің гылыми диссертаия залына "Қазақ тіліндегі көсемшенің магынасы мен қызметінің дамуы" атты тақырыпта жазылган кандидаттық диссертацияның 1 (бір) данасын авторефераттың 2 (екі) данасын 1999 жылдың 2ақпанында тапсырды.

    Анықтама  диссертациялық кеңеске  тапсыру үші н берілді.

                                                                                                      Кітапханашы: 

    ІІ. Анықтама белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау мақсатында да жазылады. Ондай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы тексерілген істер бойьшша (мысалы оқу орнының оқу-тәрбие жұмысьш тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі іс-шараларын текесеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы ұйымға, басшыларға жеткізеді.

    Анықтамада  тексерудің мақсатына қарай барлық фактілер мен оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.

СӨЗДІК

анықтама қағаз 

жұмыс орнынан  анықтама алу

анықтама беру

анықтама бюросы

растау

қорытындылау

бағалау

жеткізу

- справка, справочный

- справка

-  принести  справку с места работы

- дать справку

-  справочное  бюро

-  удостоверять, подверждать

-  сделать  вывод 

       Бұйрық. Қаулы.

    Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-әрекеттеріне және қызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады. Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік жетекшісі қол қояды. Бұйрықтарда ұйымның, өндірістік-шаруашылық және маңызды бағыттағы моселелері жазылады. Сондықтан оларды безендіруде, сақтауда нактылы талаптар қойылады.

Информация о работе Қазақ тілі – мемлекеттік тіл