Жүк айналымы – жүк тасымалдайтын көлік жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіші

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:22, реферат

Описание

Жылжымалы жүк құрамы әр түрлі жүктерді тасымалдаға арналған. Оған жүк тасымалдайтын автомобильдер, сүйретпе-автомобильдер, автопоездар, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады.Жүк тасымалдайтын автомобильдер жалпы мақсаттағы, арнайыландырылған және арнайы болып бөлінеді.Жалпы мақсаттағы жүк автомобильдері сұйық жүктен өзге (ыдыссыз) жүктің барлық түрін тасымалдауға арналған

Работа состоит из  1 файл

электровоз.docx

— 143.37 Кб (Скачать документ)

 

Электровоздар теміржол тасымалының  қуатты және сонымен қоса экологиялық  таза локомотив қызметі қажеттілігін қанағаттандырады. Жоғары өнімділігімен  қатар, жаңа машина пайдалану кезінде  ең аз экологиялық жүктеме бере отырып, "жасыл" экономика талаптарын толығымен қанағаттандырады. Бүгінгі  күні бұл 9 мың тоннаға дейін жүк  тартуға қабілетті әлемдегі ең қуатты локомотив, бұл ҚР-да тасымалданатын көмір, мұнай өнімдері және т.б. сияқты ауыр салмақты жүктердің сипаттамасы  есебімен өте маңызды болып табылады. Электровоз -50-ден +50-ге дейінгі температурадағы  төтенше ауа райы жағдайында жұмыс  жасай алады. Локомотив машинистке қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, жылы еден, аяққа арналған тіреуіш жәнежылытылатын  ыңғайлы орындықпен жабдықталған үлкен  кабина есебінен ұзақ жолға қолайлы  жағдайды қамтамасыз етеді.  
Локомотив қазіргі уақытта Ресейде сертификатталуда, 2013 жылдың қаңтарында Қазақстанда динамикалық сынақ басталады. 
"Электровоз құрастыру зауыты" жылына 50 екі секциялы электровоз әзірлей алады. Локомотивтердің жаңа үлгісі Қазақстан, ТМД және Балтық елдерінің нарығы үшін "Альстом Көлік" (Франция) компаниясымен арнайы жобаланған. Зауыт 3 компанияның 11,2 млрд. теңге көлеміндегі инвестицияларының арқасында салынды және біріккен кәсіпорын басқарады, онда ҚТЖ, ТМХ және Альстом тиісінше 50%, 25% және 25% акцияларға ие.  
Өндірістік ғимараттардың жалпы ауданы 27 522 шаршы метрді құрайды. Жоспарға сәйкес өндіріс 2013 жылғы қарашада басталады және 2016 жылға қарай локомотивтер шығару көлемі шегіне жетеді.  
Бірінші кезеңде зауыт жалпы құны 1,3 млрд еуроны құрайтын 200 жүк және 95 жолаушылар электровозына ҚТЖ тапсырысын орындайтын болады. Әріптестердің соңғы мақсаты пайдаланылу шеңберін кеңейту және көршілес елдердің локомотив нарығына шығу болып табылады.


 

 

 

 

 

 

 Автобустар ұзындығына  қарай бес класқа бөлінеді:

 

Класс                                             Ұзындығы, м          Индекс

Аса шағын........................................5,0 дейін                  22

Шағын...............................................6,0...7,5 дейін         32

Орташа..............................................8,0...9,5 дейін         42

Үлкен.................................................10,5..12,0 дейін      52

Аса үлкен (біріккен)........................16,5 жоғары            62

Атобустар келесідей түрде белгіленеді. Мысалы, ЛиАЗ-5256 белгісі мынаны білдіреді - Ликин автобус заводы, үлкен класты автобус, елу алтыншы базалық үлгі.

Автобустар жолаушыларды бұқаралық тасымалдау үшін қажет. Жалпы мақсаттағы автобустар қалалык, калааралық, қаламаңындық  болып бөлінеді. Арнайыландьірылған автобустарға санитарлық, туристік және мектеп автобустары жатады.

Автобустардың вагон және капот типтес қорабы болып, жүк автомобильдері агрегаттары базасында орындалады. Жеңіл автомобильдер негізінде шығарылатын шағын автобустар кең таралған.

Арнайы автобустар жалпы  мақсаттағы автобустар шассиі негізінде орындалып, арнайы қорабы болуы мүмкін және арнайы құралдармен, аспаптармен, аппараттармен жабдықталады.

 

 

 

 

 

 

Жүк автомобилінің техникалық сипаттамасы

Жылжымалы жүк құрамы әр түрлі жүктерді тасымалдаға арналған. Оған жүк тасымалдайтын автомобильдер, сүйретпе-автомобильдер, автопоездар, тіркемелер және жартылай тіркемелер жатады.Жүк тасымалдайтын автомобильдер жалпы мақсаттағы, арнайыландырылған және арнайы болып бөлінеді.Жалпы мақсаттағы жүк автомобильдері сұйық жүктен өзге (ыдыссыз) жүктің барлық түрін тасымалдауға арналған. Олардьң жиекті платформа тәрізді жүк қоятын қорабы болады.Арнайыландырылған жүк автомобильдері нақты бір түрдегі жүктерді тасымалдау үшін арналған. Олардың осындай тасымал үшін арнайы қорабы болып, арнайы қондырғылармен және тиеп-түсіруге арналған            құралдармен   жабдықталады.Арнайыландырылған автомобильдерге самосвал-автомобильдер, цистерналар, фургондар, рефрижераторлар, өздігінен тиегіш көліктер жатады.Арнайы жүк автомобильдері әр түрлі көліктік емес жұмыстар мен операциялар жасауға арналған. Олар арнайы құралдармен, механизмдермен, құрылғылармен жабдықталып, жүк автомобильдері шассиі негізінде жасалып, арнайы қорабы болмайды. Арнайы автомобильдерге коммуналдық көліктер жатады (қоқыс жинайтын, қар жинайтын, суаратын және т.б.), өрт сөндіретін, жөндеу шеберханалары, автокрандар, автобағаналар, автокомпрессорлар, автобетонилегіштер.Автопоездар жылжымалы құрамының өнімділігін артгырып, тасымалдың өзіндік құнын төмендетуте мүмкіндік береді. Сонымен, біркелкі жағдайда жұмыс атқарғанда автопоезбен тасымалдау құны бір автомобильге қарағанда 25...30% төмен болады, ал жұмыс өнімділігі 1,5% артық болады.Автопоездар сүйретпе-автомобильдерден, тіркемелерден, жартылай тіркемелерден тұрады. Автопоездар тіркемелі, ершікті және тарамды болып бөлінеді.Тіркемелі автопоезд жүк автомобилінен және бірнеше тіркемеден тұрады. Ершікті автопоездың алдыңғы жағы сүйремеге жапсырылған сүйремелі автомобильден тұрады.Олардың дөңгелек формуласы - егер автомобильде екі мост болып, екеуі де жетекші болса 4x4, егер автомобильдің үш мосты болса, олардың ортаңғысы мен артқысы жетекші болса - 6x4 болады.Өтімділігі жоғары автомобильдер ой-шұңқырлардан еркін өте алады. Бұл автомобильдердің жетекші мостары бар, олар үшеу болады немесе одан көбірек болады. Өтімділігі жоғары автомобильдердің дөңгелек формуласы 6x6 және 8x8.


Информация о работе Жүк айналымы – жүк тасымалдайтын көлік жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіші