Менеджмент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 09:15, реферат

Описание

. Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әркилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынның қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)
 

  1. Қазақстанның басқару  ойлары тарихының  тамырлары ғасырлар  қойнауынан бастау  алады. Жүздеген  жылдар бойы басқару  ойы біртіндеп  жетілдірілді. Менеджментке  деген қажеттілік  адамның және оның  біріккен қызметінің  пайда болуына  байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әркилы кезеңіндегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойынның қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

  Х-XII ғасырларда басқару  саласындағы алғашқы  ойшылдардың бірі Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әміршілердің жалған көріпкелдігін ғылыми негізде дәлелдеді. Оның адамзат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшығы талап қою туралы идеялары ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан ғалымдары Әл-Фарабидың ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласын орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

  Тәуеке  хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. «Жеті жарғы» деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін мазмұндады, мұнда орта ғасырлық қазақ қоғамындағы негізгі принциптер мен құқық нормалары бекітілген. «Жеті жарғы» - бұл әкімшілік, азаматтық және қылмыстық құқықтардың нормаларын мазмұндаған құжат яғни қазақтардың заңдар мен қарапайым құқық нормаларының алғашқы жазба жинағы болып табылады. «Жеті жарғыға» сәйкес мемлекеттегі жоғарғы билік ханның қолында шоғырланды. Басқару халвықтық жиналыс – құрылтай арқылы сұлтандардың және ру басшыларының қатысуымен жүзеге асырылды.

  Мемлекеттік басқару саласындағы  кезекті идеолог және қайта құрушы Әбілхайыр хан (1693-1748) болды. Ол жеке хандық құрып, Қазақстанның далалық аудандарының ауықымды территориясында қырық жыл бойы мемлекеттік билікті ұстап тұрды. Алайда, Әбілхайыр хандығы орталықтанған мемлекет болған жоқ, ол бірнеше этнотерриториялық және этносаяси топтарға, ұлыстараға бөлінді.

  XVIII ғасырдың ортасында  экономикалық саясат  пен мемлекеттік  басқару жүйесінің  дамуында Қазақстанның  территориялық иеліктерін  қалпына келтірген  көрнекті мемлекеттік  қайраткер Абылай  хан (1711 – 1781) маңызды роль атқарды. Өзінің онжылдық басқару кезеңінде ол мемлекетте біраз өзгерістерді жүзеге асырды.

  ХIX ғасырда Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерлерінің арасында ғалым-ағартышу Ш. Уәлиханов (1883-1865) маңызды орын алды. Ол орыс ағартышылары мен революцияшыл-демократтарының алдыңғы қатарлы идеяларын қабылдады. Сонымен бірге патшаның отаршылдық саясатын айыптап, олардың қоғамдық-мәдени артта қалуын орыс мәдениетінен сусындау жолында жеңу үшін күресті, қазақтардың отырықшылық пен егін шаруашылығына көшуін насихаттарды. Ш. Уәлиханов ағарту ісі мен жеке реформалардың ролін асыра бағалай отырып, басқару облысындағы үкімет шаралары көшпенді ауылдар өмірінің қайта құрылуына ықпал етуі мүмкін деп жорамалдады. Ш. Уәлихановтың мемлекетті басқару жөнінде ұсынған демократиялық идеяларын қазақтың басқа ағартушы-демократтары Ы. Алтынсарин (1841-1889) мен А. Құнанбаев (1845-1905) әрі қарай дамытты.

  ХХ  ғасыр мемлекеттік  басқару саласындағы  қазақ зиялылары  өкілдерінің шоғырымен  ерекшеленеді. Олар: Ә. Жангелдин, Ә. Бөкейханов, М. Тынышпаев, М. Шоқаев, Л. Мирзоян, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов, С. Меңдешев, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов, Т. Жүргенов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров және т.б. Торғай облысында - Ә. Бөкейханов, Жетісуда – М. Тынышпаев, Түркістанда – М. Шоқаев қазақ халқының өкілдері уақытша үкіметтің комиссарлары болып тағайындалды. Бірақ олар отарлаушы басқару жүйесінің шенеуніктері болып табылғандықтан жергілікті қазақ тұрғындарының мәселелерін толық шеше алмады.

  Қазіргі замаңғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуын ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарауға болады. Алғашқы қазақ инженер-менеджері, өндірісті ұйымдастырушысы Қ.И. Сәтпаев (1889-1964) болды. Ол бірінші болып кеншілердің еңбек өнімділігі мен адамдардың еңбекке деген мотивация мәселелерін, жұмысшылардың, кәсіподақтардың кәсіпорындармен және Балқаш пен Жезказғанның тау-кең байыту комбинаттарындағы еңбек процестерімен байланысты сұрақтарын шешті. Оның басқару стиліне тән ең маңызды ерекшелік, ол зерттелінетін нақтылы материалдарды терең ғылыми жүйелеу мен жалпылау болатын. Бұл жерде нағыз білгірдің әдеттен тыс басқару ойы көрінеді.

  Қазақстан экономикасын мемлекеттік  басқарудың дамуына  көрнекті ғалым, қоғамдық және мемлекеттік  қайраткер Д.А. Қонаев (1912-1993) ерен үлесін қосты. Ол қырық жылдан астам уақыт бойы республиканы басқарды, оның ішінде ширек ғасырдан астам елдің бірінші басшысы болды. Д. А. Қонаев Қазақстан экономикасын басқарған кезеңде республика бұрынғы КСРО-ның ірі агро-өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Мұнда елдегі түсті металлургияның негізгі базасы орналасты, ауқымды жылу-энергетикалық кешен әрекет етті, мұнай өндірудің үлкен потенциалы болды.

  ХХ  ғасырдың 90-is жылдары  Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгереді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды. Қазақстанда мемлекеттік кадр саясатын жетілдіру курсы қолға алынды. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы 19 наурызда Қазақстан халқына Жолдауында былайша айтылған: «Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашады, адамның өз қабілет мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды, халықтың табысының өсуіне қамқорлық көрсетеді».

  Қазақстанның  Бүкілдүниежүзілік  Сауда Ұйымына ену қарсаңында біз басқару шешімдері салаларындағы да ғаламшарлық бәсеке алдында тұрмыз. Президент мемлекеттік қызметкерлерге мына принциптерді басшылыққа алу қажет деп есептейді:

  а) халық берген биліктің қызығына түспей, оған иелік ете білу керек;

  ә) өзін үшін пайданы  көздемей, өзің қызмет ететін қоғамның игілігі  туралы ойлау қажет;

  б) «мемлекеттік қызметкер  қалай тұрып жатырсың?»  деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек;

  в) адамдардың сенімнің жоғалтпайтындай  етіп басқару керек;

  г) лауазымға істі кәсібі түрде жүргізе алатындарды ұсыну керек.

  Қазіргі жағдайда біздің еліміздің  тұрақты дамуының басымды бағыты Қазақстан  экономикасында қазіргі  менеджметті қолдану  жөнінде теориялық  тұжырымдама жасақтау болып табылады. Менеджменттің  қоғамдық мәнділігі  біздің ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сезілді. Қазақстанның жоғары оқу орындарында менеджмент 1992 жылдан яғни нарықтық экономикаға көшу сәтінен бастап оқытылады. Мемлекетте дүние жүзілік білім стандарттарына жауап беретін менеджмент саласы бойынша мамандар дайындау жөнінде жұмыс басталды. Қазіргі кезде білім беру мен кадрларды кәсібі дайындау мемлекеттің экономикалық стратегиясының құрамды элементтері болып табылады.

  Қазақстанда менеджмент пәні бойынша  алғашқы қазақша  оқулық профессор  К.Ғ. Ахметовтың «Менеджмент  негіздері» (1993 ж.) кітабы болып есептелінеді. Біздің пікірімізше, ол қазақстандық менеджмент мектебінің негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Біздің отандастарымыздың арасынан «Менеджмент негіздері» (1994 ж.), «Қазақстан экономикасын басқару негіздері» (2001 ж.) жұмыстарының авторы К.Б. Бердалиевті де атауға болады. Осы еңбектерінде ол қазақстандық кәсіпорындарды басқару ерекшеліктерін мазмұндады.

  Қазақстанда кадр менеджментінің мәселелерін алғаш  рет қарағандылық ғалым Каренов  Р.С. зерттеді. Одан басқа «Өндірістік менеджмент» (1996 ж.), «Инновациялық менеджмент» (1997 ж.) деген еңбектері бар. Ол «Кадрлық менеджмент (2001 ж.) атты еңбектерінде нарықтық экономика жағдайындағы кадрлармен жұмыс жүргізудің отандық тәжірибесін қорытты және біздің еліміздің кәсіпорындарында позитивті шетел тәжірибесін пайдалану жөнінде кейбір пікірлерін ұсынды. Қазақстандық кәсіпорындар тұрғысынан өндірістік менеджменттің теориялық аспектілері Ә.Ә. Әбдрешевтің «Кәсіпорынның өндірістік менеджменті (2001 ж.) кітабында келтірілген. Оның еңбегінде стратегияны, жоспарлауды, еңбекті басқаруды дамытудың әдістемелік ұсыныстары көрсетілген. Нарықтық конъюнктура жағдайында қаржы менеджерінің ролі айтарлықтай өсті. Қаржы менеджментінің мәселелері де Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен де көрініс табуда.

  Осылайша  қазақстандық менеджменттің  теориялық сонымен  қатар қолданбалы аспектілері зерттелініп  жатыр және әрі  қарай зерттеуді  талап етеді. Менеджмент тарихын білу менеджердің  кәсібі білімі мен  басқару ойынның  дағдыларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.

  Менеджменттің біртұтас қағидасы жоқ. Бизнес пен менеджмент бойынша білім  жүйесінің үш негізгі  орталығы бар:

  1. АҚШ. Дүние жүзіндегі  басқару инфрақұрылымы  ең ірі ел. Тіркелген  бизнес мектебінің  американдық орта (тарихи  дамуға байланысты  ерекшеліктер күші);

  2.  Халық менталитеті (көзқарастар, әдеттер, психология, адамгершілік деңгейі).

  Осыдан  барып төтендегі  айырмашылықтар болады:

  •  Басқаруға тән әдісі. АҚШ-та және Батыс Еуропада экономикалық, өміршілдік және әлеуметті-психологиялың әдіс тән болса, Қазақстанда демократиялық, эконо-микалық және аздаған әлеуметті-психологиялық әдіске негізделген.

  •  Жетекшілікке тән  стил. АҚШ-та және Батыс Еуропада кеңестік-демократиялық немесе игілікті-авторитарлық, Қазақстанда демократиялық немесе игілікті-авторитарлық стиль тән. Жапония қатысуға немесе кеңесік-демократиялыққа негізделген.

  •   Менеджерлердің басқару шешімінің түрін игеру. АҚШ-та және Батыс Еуропада істе немесе адамдарда (немесе екеуінде де), Жапонияда адамдарда және істе қаралады.

  •   Басқару шешімдеріне тән әдіс. АҚШ-та және Батыс Еуропада біртұтас кеңестік немесе ымыра, Қазақстанда біртұтас кеңестік немесе ымыра. Жапонияда кеңестік немесе ымыра басқару шешіміне тән әдіс болып табылады.

  •  Басқару шешімдерінің құрылымы. АҚШ-та және Батыс Еуропада - дайындық және орындаудың ұзақ фазасы, Қазақстанда өте қысқа, өте ұзақ орындау фазасы саналады. Ойдағыдай болмай қалған сәттегі пікір: "жақсы шьқсын дедік, алайда әдеттегідей болды". Жапония-да дайындыңтың ұзаң, орындаудың ңысңа фазасы не-гізге алынады.

  •  Еңбекке ыңғайлау процесі ретінде  мотивацияға тән  әдіс. АҚШ-та және Батыс  Еуропада жұмысшыларды экономикалық жөне материалдық емес ынталандырулар арқылы мотивациялау. Қазақстанда жұмысшыларды экономикалық, материалдық емес ынталандырулармен мотивациялау және мотивацияның болмауы, Жапонияда фирмаға жұмысты мотивациялау. Корпоративті сананы құру әдістері қолданылады.

  •Жоспарлау. АҚШ-та және Батыс Еуропада ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауға ынта қою, Қазақстанда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы жұмыс жасау, Жапонияда тиянақты стратегияльқ және тактикалық жоспарлау.

  •  Өндірістің демократизациясы. АҚШ-та және Батыс Еуропада жұмысшыларды басқаруға шамалап тарту, Қазақстанда басқаруға шамалап тарту, Жапонияда жұмысшыларды басқаруға активті тарту.

  •  Басқару шешімдерінің автоматизациясы. АҚШ-та және Батыс Еуропада - жоғары және өте жоғары, Қазақстанда төмен, Жапонияда өте жоғары және жоғары.

  •  Ұйым мәдениеті. АҚШ-та және Батыс Еуропада -жоғары. Қазақстанда — орташа. Жапонияда — жоғары.

  • Жоғары басқарушылық міндетке тағайындау. АҚШ-та және Батыс Еуропада жоғары маманды квалификация және табысты жұмыстың тәжірибесі талап етіледі. Қазақстанда кез-келген басқарушылық міндетке жоғары маманды квалификация және табысты жұмыстың тәжірибесі талап етіледі. Жапонияда - міндетті түрде негізді жоғарғы білім болу керек, сонымен қатар жаңа ғылыми-тәжірибелік жұмысты қорғау нәтижесі ретіндегі дәреженің болуы қажет.

  2. Нарықтық қатынас кәсіпкерлік міндетті істі орындайтын, нарықтық шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қызметін ұйғарады. Дәстүрлі кәсіпкерлік қызмет тек пайда алу үшін ғана өндіріс факторларын жүйелі пайдаланып келді. Өтпелі кезеңді бастан кешіріп отырған қоғамның нақты жағдайына сәйкес нарықтық экономиканың тиімді құрылымын қалыптастырудың қажеттілігі мен осы өтпелі нақты жағдайға сәйкес келетін стандарттарды, әдет-дағдыны қалыптастыру қажеттілігін ұштастыруы тиіс күрделі де ұзақ уақытты керек ететін міндетті шешім алу қажет.

Информация о работе Менеджмент