ҚР-ның салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 15:54, курсовая работа

Описание

Үшінші кезең - жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлеуге байланысты қызмет өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.
Бұл курстық жұмыс жанама салықтарының сипаттамасын береді, нарықтық экономикадағы жанама салықтарының мәнін қарастырады.

Содержание

Кiрiспе
 Салықтардың экономикалық мәні мен түрлері
1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы
1.2. Салық саясаты
II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін
талдау
III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары
3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер
3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ-САЛЫК.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

Жоғарыдағы кестедегi мәлiметтер  бойынша салықтардың жалпы көлемi  2004 жылы  29813394,6 мың тенгенi құраған. Салықтардың көлемiне жеке –жеке тоқаталатын болсақ:

 

- корпорациялық табыс салығы

- 7276365,1 мың тенгенi

- жеке табыс салығы

- 2656696,5 мың тенгенi

- әлеуметтiк салық

- 6456900,5 мың тенгенi

- жер салығы

- 331144,0 мың тенгенi

- көлiк салығы

- 305750,0 мың тенгенi

- акциздер

- 6155958,4 мың тенгенi

- қосылған құн салығы

- 5782774,2 мың тенгенi

- мүлiк салығы

- 782773,7 мың тенгенi

- жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнаулы төлемдерi

- 65032,2 мың  тенгенi құраған


 

Кейбiр дамыған шет мемлекеттерде бюджеттiң кiрiс көзi ел iшiндегi саудадан немесе iшкi саудадан қалыптасады. Себебi бұл мемлекеттер экспортқа тек дайын өнiмдер шығарады, оған белгiленген кедендiк баж төлемдерiнiң денгейi өте төмен болады. Сондықтан бюджет тек iшкi сауда есебiнен қалыптасады. Ал дамушы мемлекеттер  экспорттқа тек шикiзат шығара алады және оған жоғары ставкiлермен кедендiк төлемдер белгiленедi. Сондықтан бюджет тек сыртқы сауда есебiнен қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары

3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер

 

Мемлекет белгiлi бiр таптардың мүдделерiн қорғай отырып, бiр жағынан, қоғамдық қажеттiлiктi қамтамасыз ету мүмкiндiгiн анықтайды, ал екiншi жағынан, осы қажеттiлiктi  қамтамасыз ету жолдарын  iздестiрiп, жүзеге асырады.

   Мемлекеттiң нарықтық экономикада   атқаратын  қызметтерiн  мына топтарға бөлуге болады:

        -  тиiмдiлiктi қамтамасыз ете отырып,  монополияға  жол бермеу;

-           нарықтық жүйе еңбекке жарамсыз топтар мен  балалар, қарттарға мемлекет әлеуметтiк  әдiлеттiлiктi қамтамасыз етуге тырысады;

-           бағаның өзгеруi мен  бағалық мехзанизмдi ретке келтiредi:

      прогрессивтi салық салу;

      зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз, көп балалы, жұмыссыздар, әлеуметтiк  мұқтаж азаматтардың табыстарын  қорғау шараларын қарастыру.

-           экономикалық   тұрақтылықты  сақтау;

-           шаруашылық жүргiзу туралы бекiтiлген  шешiмдердi заңдылық- құқықтық жағынан  қамтамасыз ету;

-           несие саясатын жүргiзу, ақша айналымын тұрақтандыру.

    Жалпы мемлекеттiң саладағы саясаты екi бағытта жүргiзiледi:

-           бiлiм беру, денсаулық сақтау, экология сферасында күрделi мемлекеттiк әлеуметтiк бағдарлама бекiтiлiп жүзеге асырылуда;

-           нарыққа көшуге байланысты  халықты әлеуметтiк жағынан қорғау.

    Экономиканы реттеуде  мемлекет әртүрлi тәсiлдер қолданады: әкiмшiлiк - құқықтық, ақпарат хабарлармен, қаржы бөлу, экономикалық тетiктер (салық, несие, баға тағы басқалар) мемлекеттiк тапсырыс, лимиттер мен квоталар тағы басқалар.

    Нарықтық  қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде  пайдаланады.

    Салықтар өте күштi әлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтұ құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.

    Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натуралдық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында  салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк сұранымды  және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге ұшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады.

    Тауар – ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.

    Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

    Жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк салығын,  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру. ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең тәртiбi қолданылатын болады.

    Салық салу механизiмi кез - келген  экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып,  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.

     Кез - келген  елде, мемлекет шығындары мен салық салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi.

    Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарда басты рол атқарады да, экономиканы басқарудың күштi ынталандырушы құралы болып келедi. Әсiресе, олар ғылыми –техникалық прогрестi жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

    Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушiлер үшiн онша қызық  iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады. 

    Дүние жүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие - қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп,  мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын тұрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi.

    Қазiргi  кездегi  жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен  қаматамсыз ету  шекарасынан  шығып отыр.

    Ендi, салықтар ұлттық табысты  мемлекеттендiрудiң маңызды құрамы бола бастады.  Олар макроэкономикалық  реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық  төлемдердiң салыстырмасы  мөлшерiнiң  өсуiн қамтамасыз етiп отырады.

    Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет ете отырып, мемлекет капиталының қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi  салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi.

    Үкiметiмiздiң алдында түрған мiндет ол  тұрақты қабылданған заңдардың негiзiнде қаржы жүйесiн тез арада қалпына келтiрiп, ондағы салық арқылы  түсетiн түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс бөлiнуiн қамтамасыз ету болып табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы қажет деп тұжырымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке  деген ынтаны тежеу механизiмi болып келемей,  керiсiнше оның тиiмдi әрекет етудiң  қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.

    Салық төлеушi және жинаушы  салық төлеу процесiнде  белгiлi бiр қарым-қатынасқа түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым  салықтық  жиналу денгейi де  жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi  және субъективтi жағдайлар бар. Олар: өндiрiс қаржысының төмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң жалақысының аздығы тағы басқалар.

   Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң  кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырысады.  Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн  беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң  өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әр түрлi болып келедi.

    Экономикалық iс – шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

    Кiрiс пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бүтiн   өндiрiс  түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. Іскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы,  мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан экономикасының өтпелi кезеңiнде салық жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс көлемiнiң ұлғаюына қатысты салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар туып, салықтық әмiр жүргiзуiне кесiрiн тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

    Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн пәрмендi  қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық төлеуден қашу үшiн арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түрiнде жататын салық каникулының ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2  Салық жүйесін жетiлдiру жолдары

 

Өркениеттi iрi мемлекеттердiң  экономикалық даму деңгейлерi олардың жан-жақты жетiлдiрiлген, тиянақты да, қолданбалы салық  заңдары жүйесiне - “күштi салық заңы- күштi мемлекет” қағидасына байланысты екенi белгiлi.

Демек, елiмiздiң экономикасын дамытудың  басты тетiктерiнiң бiрi –салық саясаты. 

Елiмiз экономикалық  дамудың нарықтық бағытына  бет алған кезеңнен бастап-ақ Республика Президентi салық мәселесiне  үлкен маңыз берген едi.  Өйткенi, бұрынғы Кеңестiк жоспарлы экономиканың  салық жүйесi нарықтық қатынастар  заңдылықтары талабынан шыға алмады.  Бұл заңды да құбылыс.  Қайта құру кезiнде салық жыл сайын, кейде халық шаруашылығындағы  күрделi дағдарыстар мен әр түрлi әлеуметтiк орталардың қысымына байланысты, жылына бiрнеше реттен де өзгерiске ұшырап отырады. Түрлерi көбейiп, мөлшерi, мерзiмi сан түрлi құбылып, қайшылықтарға түскен салық ережелерi салық төлеушiлердiң де мүддесiн қорғаудан қалды.

1991 жылы елiмiз  тәуелсiздiк алып, өз алдына  егемендi  мемлекет болған жерде  шұғыл  мерзiм iшiнде  дербес экономикалық реформалар жасау мiндетi алда тұрды.  Сондай iрi өзгерiстер енгiзетiн  экономиканың басты тармағының бiрi - салық жүйесi болып саналды. Осы мақсатта  Салық кодексi дайындалып, қабылданды. Мұндай  саяси – экономикалық  мәнi зор заңды  құжатты жасап шығуға  Мемлекеттiң салық комитетiнiң   мамандары, заң қызметкерлерi мен  шетелдiк сарапшылар зор күш салды. Демек, бұл заң қабылдаудан бұрын үлкен сарапқа түстi деген сөз.  Республикамызда Салық  кодексi тұңғыш рет  қабылданып отыр.  Ең бастысы, алдымызда үлкен бағыт бар. Екiншiден, салық түрлерi бұрынғыдан да  азайды.         

Салық кодексiн  қабылдаудағы басты мақсат – салық төлеушiлерге түсiп отырған қысымды төмендету,  салық қатынастарын реттеу, бюджеттiң табысты бөлiмiн қамтамасыз ету. Әрине, заңды қолдану барысында  алғашында кемшiлiктер болды. Дегенмен, бұл заң республикамыздың салық қызметiнiң халықаралық  қағидаларға көшуiне негiзгi  себеп болады деген сенiм бар. Халықаралық нәтижелерге сүйенсек, нарықтық  қатынастарға көшкен әрбiр елде  де осындай заң қабылданған. Бұл - салық жүйесiн  жетiлдiрудiң  бiрден-бiр жолы.

Барлық денгейдегi  бюджеттерге  салықтар мен  басқа да мiндеттi  төлемдердiң түсiмiн  арттыру, мемлекет пен  шаруашылық  жүргiзушi субъектiлердiң  қаржылық  өзара қатынастардағы  мүдделерiнiң  тепе-теңдiгiне  қол жеткiзуге  жақындай түсу, салық салу жүйесiнде  әдiлеттiкке  қол  жеткiзу мақсатында  мынадай iс-шаралар:

Информация о работе ҚР-ның салық жүйесі