ҚР-ның салық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 15:54, курсовая работа

Описание

Үшінші кезең - жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлеуге байланысты қызмет өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.
Бұл курстық жұмыс жанама салықтарының сипаттамасын береді, нарықтық экономикадағы жанама салықтарының мәнін қарастырады.

Содержание

Кiрiспе
 Салықтардың экономикалық мәні мен түрлері
1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы
1.2. Салық саясаты
II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi
2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін
талдау
III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары
3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер
3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ-САЛЫК.doc

— 255.00 Кб (Скачать документ)

Салық төлеушi қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда, қайта ұйымдастырылған, таратылған  әрбiр салық төлеушiге салық  кезеңi басталғаннан қайта ұйымдастырылу және тарату аяқталған күнге дейiн тиiсiнше  бөлу, тарату  және өткiзу баланстарының  негiзiнде салық есептiлiгi бөлек-бөлек жасалады. Мұндай есептiлiк салық  органдарына қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешiм  қабылданған күннен бастап он бес күн iшiнде  табыс етiледi.

Салық төлеушiлер, салық агенттерi  салық есептiлiгiн өз қалауы бойынша:

-            өзi келу тәртiбiмен;

-            хабарланатын  етiп почта арқылы тапсырыстық хатпен;

-            уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жағдайларда  ақпаратты компьютерлiк  өңдеуге болатын электронды түрде табыс етуге құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салықтардың түсімін талдау

2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi

 

   Салық жүйесін мемлекет пен жеке және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі яғни, салық салу әдістері мен тәсілдері, жолдары, салық заңдары мен салыққа  қатысты кесімдердің, салық қызметі органдарының  жиынтығын құрайды.

   Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін  жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына  және саяси әлеуметтік шараларды толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады. Еліміздің салық жүйесінің дамуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады.

-         1 кезең (1992-1995 ж.ж) – жаңа салық жүйесі базисінің, салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;

-         2 кезең (1996-1998 ж.ж) – нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды анықтау;

-         3 кезең (1998-2000 ж.ж) – барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу, салық жүйесін одан әрі жетілдіру;

-         4 кезең (2001-2002 ж.ж) – Жаңа Салық Кодексі қабылданып, іске қосылды;

   Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25 желтоқсанында қабылданған ҚР Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін құрудың  ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі  болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген құбылыстар, атап айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізінде жүргізілуі және т.б. құбылыстар іске аса бастады.

   Осы Заң бойынша алғаш рет ҚРда 42 салықтың түрі қызмет етті және олар 3 топқа бөлінді:

- жалпы мемлекеттік салықтар - 10;

- міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар - 11;

- жергілікті салықтар мен алымдардың  түрлері – 18 түрі.

   Бұл салықтардың негізін табыс салығы, пайдаға салынатын  салық,  қосылғын құнға салынатын салық, акциз салығы, жер салығы және т.б. салықтар құрады.

   Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды. Атап айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми және практикалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі, халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы, айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдіктердің көптігі, т.б. Осыдан келіп  еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады. Қазақстан үкіметі  1992 жылдың басында салық жүйесін кезеңді түрде реформалаудың концепциясын  қабылдады.

   Аталмыш концепцияны іске асырудағы негізгі кезең болып ҚР Президентінің 24.04.95 ж. қабылдаған «Салық және бюждетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Жарлығы табылады. Ол 1995 ж. 1-шілдесінен бастап іске қосылды,  нәтижесінде бұрын қызмет еткен 42 салық түрінің орнына 11 салықтар мен алымдар қызмет ететін болды. Бұл Салық Заңдылығы бойынша  еліміздің салық жүйесі нарықтық  қатынастар талабына біршама бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейілінше жақындатылды.

   1999 жылы салық жүйесі 5 рет күрделі өзгерістерге ұшырады. Осыған орай 2000 жылы 1 қаңтарынан бастап ҚРда 17 түрлі салықтар мен алымдар қызмет етті. 4-ші кезеңде, яғни 2001 жылдың 12 маусымынан Жаңа Салық Кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске қосылды. Салық Кодексінде ҚРда қолданылатын салықтар мен бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдер, атап айтқанда, 9 салық түрі, 13 алым, 9 төлем, 1 мемлекеттік баж, 4 кедендік алым белгіленген.

Қазақстан  Республикасының               салық жүйесiн мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы   қаржы қатынастарының   жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдiстерi  мен тәсiлдерi, салық заңдары мен  салыққа қатысты  актiлер, салық салу органдары мен  салық қызметi құрайды.

Салық жүйесi  мемлекет қаржы  көздерiн  жасақтаудың ең негiзгi  құралы болуымен қатар, ел экономикасын  қайта құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына  және  саяси –әлеуметтiк  шаралардың толығымен  iске асуына мүмкiндiк туғызды.

Салық жүйесi дегенiмiз белгiленген тәртiппен жиналатын салықтар, алымдар бар төлемдерi және тағы да басқа төлемдердiң жинтығы болып табылады. Сонымен қатар кез-келген мемлекеттiң салық жүйесiн қалыптастыруға негiз болатын келесiдей мiндеттi элементтерi бар:

-            салық органдары жүйесiнiң болуы;

-            салық заңдылықтарының жүйесi және принциптерi;

-            салық саясаттың принциптерi;

-            салықтардың бюджеттер бойынша бөлiну тәртiбi;

-            салықтық бақылаудың формалары мен әдiстерi; 

-            салықтық өндiрiстiң шарттары мен тәртiптерi;

-            халықаралық екi рет салық салуды шешу проблемаларының нақты қадамдары.

Салық жүйесi келесiдей экономикалық көрсеткiштермен сипатталады:

-            салықтық ауыртпашылық (бiздiң елiмiзде 48-50, ал дамыған шет елдерде 45);

-            iшкi және сыртқы саудадан түсетiн салықтық табыстар қатынасы;

-            тiкелей және жанама  салық салу қатынасы.

Салық ауыртпашылығы дегенiмiз қоғамдағы салықтардың рөлiн сипаттайтын және салықтық алымдар сомасының  жиынтық Ұлттық өнiмге қатынасын көрсететiн көрсеткiштер болып табылады немесе басқаша айтқанда, салық ауыртпашылығы дегенiмiзм - бюджеттiк механизм есебiнен қайта бөлiнетiн  өндiрiлген қоғам өнiмiнiң бiр бөлiгi болып табылады.

Кейбiр дамыған шет мемлекеттерде бюджеттiң кiрiс көзi ел iшiндегi саудадан немесе iшкi саудадан қалыптасады. Себебi бұл мемлекеттер экспортқа тек дайын өнiмдер шығарады, оған белгiленген кедендiк баж төлемдерiнiң денгейi өте төмен болады. Сондықтан бюджет тек iшкi сауда есебiнен қалыптасады. Ал дамушы мемлекеттер  экспорттқа тек шикiзат шығара алады және оған жоғары ставкiлермен кедендiк төлемдер белгiленедi. Сондықтан бюджет тек сыртқы сауда есебiнен қалыптасады.

Көптеген  дамыған шет мемлекеттерде  тiкелей салық салу кеңiнен қолданады. Себебi ол салық заңдылықтарның, салық аппараттарының қайта жаңарып жетiлiп отыруын талап етедi. Ал дамушы мемлекеттерде жанама салық салу формасы кеңiнен қолданылады. Себебi ол салық заңдылықтарының және салық аппараттарының  өзгеруiн талап етпейдi. Салықтарды мынадай нышанды белгiлерi бойынша топтастырамыз немесе жiктеймiз:

- салық салу объектiсiне байланысты;

- қолданылуына қарай;

- экономикалық ерекшелiгiне байланысты;

- салық салу объектiсiн бағалау дәрежесiне қарай.

Салық жүйесi – нарықтық  қатынастардың құрамдас бөлiгi. Қазақстан  Республикасы егемендiгiн алғаннан бастап қоғамның қажеттiлiгiне жауап беретiн өз салық жүйесiн қабылдауы қажет болды. Осыған байланысты 1991 жылы 25 желтоқсанда ең алғашқы  Қазақстан Республикасының салық жүйесi туралы заңы  қабылданды.

Кез-келген  елдiң  салық  жүйесi  таңдалған  салық  салу     обьектiсiне  табыстарға  немесе  шығындарға  тәуелдi  болады. Нарықтық  экономикасы  тұрақты  және  өнеркәсiбi  дамыған  елдер  үшiн  салық  салу  обьектiсi  ретiнде  табысты  ерекше  қолдану  моделiн  пайдалану  тән. Ал  өтпелi  кезеңдегi,  яғни  дағдарыстық  жағдайдағы,  оның  есесiне  салық  салынатын  базасы  тар  Қазақстан  мемлекетi  салық  салу  обьектiсi  ретiнде  шығындарды  қолданады. Сонымен  бiрiншi  жағдайда  белсендiлiк  тұрде  тiкелей  салықтар,  ал  екiншi  жағдайда  жанама  салықтар  қолданылады. 

Салық салу объектiсiне қарай салықтар - тiкелей және жанама салықтар болып жiктеледi.

Тiкелей салықтар дегенiмiз - тiкелей салық төлеушiден ұсталатын салықтар. Мысалы, табыс салығы, мүлiк салығы, жер салығы және тағы басқа.

Жанама салықтар - тiкелей емес жанама түрде тауар немесе қызмет құны арқылы алынады.

Жанама салықтарға мына салықтар жатады:

-            қосылған құнға салынатын салық;

-            акциздер;

-            баж салығы.

Жанама салықтарды  сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейдi. Тауар немесе қызмет бағасына салық енгiзiлмегендiктен iс – жүзiнде оны сатушы аударады.

Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгiсiне қарай салықтар  жалпы және арнайы салықтарға бөлiнедi.

Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға  салық, акциздер тағы басқалар.

Арнайы салықтар бюджетке түскен соң алдын ала белгiленген мiндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады.

Экономикалық белгiсiне қарай салықтар табысқа салынатын салық  және тұтынуға салынатын салық болып жiктеледi.

Табысқа салынатын салық төлеушiнiң кез-келген салық салынатын объектiсiнен түсетiн табысынан  алынады.

Олардың қатарына мына салықтар кiредi: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, жер салығы, мүлiк салығы тағы басқалар.

Ал тұтынуға салынатын салықты, салық төлеушi, тұтынушы ретiнде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзiнiң шығынынан төлейдi. Тұтынуға салынатын салыққа қосылған құнға салынатын салық және акциздер жатады.

Салық салу объектiсi бағалау дәрежесiне қарай нақтылды және дербес салықтар болып жiктеледi.

              Нақтылы салықтар – салық төлеушiнiң  салық салу объектiсiнен алынатын табысының мөлшерiне байланысты емес, яғни салық төленушiнiң мүлкiнiң сыртқы белгiсiне қарай алынады.

Оларға жер салығы, мүлiк салығы жатады.

Дербес салықтар салық төлеушiнiң салық төлейтiн объектiсiнен алынатын табыстың мөлшерiне байланысты алынады.  Оларға  заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін талдау

 

Бюджеттiң  қалыптасуында салықтар үлкен маңызға ие. Сонымен ҚР салық жүйесінде төмендегі салық түрлері бар:

-            корпорациялық табыс салығы;

-            жеке табыс салығы;

-            әлеуметтiк салық;

-            жер салығы;

-            көлiк салығы;

-            акциздер;

-            қосылған құн салығы;

-            мүлiк салығы;

-            жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнаулы төлемдерi.

  Төмендегi кестеден мемлекет бюджетiндегi салықтардың түсiмiнiң көлемi мен әрбiр салықтардың алатын үлесiн  келесi  кестелерден  танысамыз.

 

Кесте-1

 

Қазақстан  Республикасы  салық жүйесiндегi салықтардың орындалуы

Мың тенге

 

Салықтар

Жылдар

2004

2005

2006

Корпорациялық табыс салығы

10107922,5

4951686,0

7276365,1

Жеке табыс салығы

1590348,4

2043308,2

2656696,5

Әлеуметтiк салық

5044295,1

5862455,4

6456900,5

Жер салығы

338337,5

338359,3

331144,0

Көлiк салығы

366554,0

376910,0

305750,0

Акциздер

3127972,2

2920483,1

6155958,4

Қосылған құн салығы

3242333,1

4435230,2

5782774,2

Мүлiк салығы

494640,4

570755,1

782773,7

Жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары мен арнаулы төлемдерi

 

24048,1

 

45891,8

 

65032,2

Барлығы:

24336451,3

21545079,1

29813394,6

Информация о работе ҚР-ның салық жүйесі