Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 21:46, курсовая работа

Описание

Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Оның қандай түрінен болмасын жалтаруға жол бермеу – бүгінгі күннің басты назарында. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2001 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық органдарына үлкен міндеттер жүктейді. Салықтан жалтарғаның, халықтан жалтарғаның болып шығатынын да түсіну қиын емес.Салық салынатын база жасау жөніндегі қорытынды жұмыстарға әзірлік проблемасы жетіп артылады.

Содержание

Кiрiспе……………………………………………………………………………. 3


I Салықтардың экономикалық мәні мен түрлері

1.1. Салық жүйесі және оның даму тарихы..……………………………………4

1.2. Салық саясаты ..........................................................…………………………6


II. Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау

2.1. Қазақстан Республикасының салық жүйесi………………………………20

2.2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюдеттегі салық түсімдерін

талдау ..............................................................................................................24


III Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары

3.1 ҚР салық жүйесін дамытуда кездесетін мәселелер ....................................26

3.2 Салық жүйесін жетiлдiру жолдары ..............................................................30



Қорытынды …………. …………………………………………………….….33


Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………….

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ-САЛЫК.doc

— 276.00 Кб (Скачать документ)

    Құрылыс, құрылыс – монтаж, жөндеу - құрылыс жұмыстарын  жүзеге  асыру кезiндегi салық салынатын айналымды анықтайды. Үй тұрғызу және  жөндеу  жөнiндегi құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын  жүзеге асыру кезiндегi  салық салынатын айналым орындалған және тапсырысшы  осы төлеуге қабылдаған жұмыстардың құны болып табылады. Меншiктi  өндiрiстiк мұқтаждары үшiн  шаруашылық әдiспен орындалған құрылыс, құрылыс - монтаж және жөндеу құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру  кезiнде  пайдаланылған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша  бұрын есепке алуға жатқызылған  қосылған құнға салынатын  салық сомасы есептен  шығарылуға және құрылыстың немесе  объектiнiң құнын өсiруге жатқызылады. Аталған салық сомаларын есептен шығару  құрылыс, құрылыс-монтаж  және  жөндеу - құрылыс жұмыстарын  жүзеге асыруға арналған тауарлардың, жұмыстары мен қызметтердiң бiрiгуi шамасында  жүргiзiледi.  Шаруашылық  әдiспен салынған объектi iске асырылған жағдайда, бұрын объектiнiң  құнын өсiруге жатқызылған  қосылған құнға салынатын  салық сомасы, растайтын құжаттар бар  болған жағдайда, оның құнынан шығарылып  тастауға  және есепке алуға жатқызылады.

    Тасымалдауды  жүзеге асырушы  салық төлеушiлерде  жол жүру билеттерiн сату  кезiнде  салық салынатын айналымға осындай  салық төлеушiлердiң өз күшiмен  көрсететiн  тасымалдау  бойынша  қызметтер  бөлiгiндегi   билеттер құны енгiзiледi. Жасалған шарттар бойынша  басқа тасымалдаушылардың  жол жүру билеттерiн  сату кезiнде салық салынатын  айналым билеттердi  сату жөнiндегi қызметтердiң  құны негiзiнде анықталады. Тасымалдаудың өз құны осы тасымалдаудың тiкелей жүзеге асыратын  салық төлеушiнiң салық салынатын айналымына енгiзiледi. Тасымалдауды тiкелей жүзеге асырмайтын көлiктiк экспедиторлық қызметтер көрсететiн салық төлеушiлерде тасымалдау  құны салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.

    Акциздер - Қазақстан Республикасы  аумағында импортталатын тауарларға салынады.

    Салық салу объектiсi болып:

    • акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және өндiрген және ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлар мен жүзеге асырылатын операциялар;
    • бензиндi және дизель отынын бөлшек, көтерме (авиациялық бензиндi қоспағанда) саудада өткiзуi;
    • мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзу;
    • ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы;
    • лотереяларды ұйымдастыру және өткiзуi;
    • акцизделетiн   тауарлардың, акциз алымы маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акциз  алынатын объект болып табылады.

    Акциз салығы салынбайтын айналымға:

    • акцизделетiн тауарлар экспорты;
    • уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi этил спиртi; 
    • этил спиртi емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек әзiрлеу үшiн мемлекеттiк медицна мекемелерiне аударылса;
    • 0,1 литрден аспайтын тұтынушылардың ыдысындағы құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм жатпайды.

      Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары  мен арнаулы төлемдерiн - техногендiк минералды құрылымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасы  жер қойнауын пайдалану жөнiндегi  операцияларды жүзеге асыру және заңды тұлғалар  жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдердi төлеушiлер болып табылады.

      Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi:

    • бонустарды;
    • қол қойылатынын;
    • коммерциялық табуды;
    • роялтидi;
    • өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан  Республикасының үлесiн есептеу мен төлеу тәртiбiн белгiлейдi.

      Әлеуметтiк  салық - Қазақстан Республикасының резидент  заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан  Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi, қызметтiң жекелеген  түрлерi үшiн  арнаулы салық режимiнiң басқа, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.  Салық  салу объектiсi болып:

    • мемлекеттер, мемлекеттердiң, үкiметтер және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
    • Қазақстан  Республикасы Президентi Қазақстан  Республикасы  үкiметi белгiлейтiн мемлекеттiк сыйақылар, степендиялар;
    • спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн белгiленетiн ақшалай наградалар;
    • ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда жеке еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан  Республикасы  заңдарымен  белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;
    • пайдаланылмаған еңбек демалыс үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерге төлейтiн  өтемдерi;
    • Қазақстан  Республикасы  заңдарына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына  қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары болып табылады.

Жер салығы. Жер  салығын   төлеушiлер:

    • жеке меншiк құқығындағы;
    • тұрақты және пайдалану құқығындағы;
    • бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар  жер салығын төлеушiлер болып табылады.

Шаруа (фермер)  қожалықтарына арналған арнайы салық режимi  қолданылатын қызметте пайдалынатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай  жер салығын төлеушiлер  мыналар  болып  табылады:

    • мемлекеттiк бюджет есебiнен ғана қамтылатын ұйымдар;
    • жер қойнауын пайдаланушылар:
    • уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;
    • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектiң ата—анасының бiреуi:
    • тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
    • жеке үй шаруашылығын жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жердердi қоса алғанда, саяжай құрылысына   арналған жер   учаскелерi;
    • гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;
    • тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша
    • ''ардақты ана''  атағына ие болған алтын алқа наградасы мен марапатталған көп балалы аналар.

     Дiни бiрлестiктер жер салығын төлемейдi. Салық кодексi бойынша мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылатын ұйымдар, уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары, дiни бiрлестiктер жалға берген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды.  Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеп отырады.

   Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.

        Салық салу объектiсi: жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлестiк меншiк кезiнде—жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады.

        Мыналар салық салу обектiсi  болып табылмайды:

    • елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар. Парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттармен халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзгеде объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқада ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер).
    • ортақ  пайдаланудағы мемлекеттiк  автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер  учаскелерi.

    Көлiк  құралдары салығы. Көлiк құралдары салығын төлеушiлер меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар мен меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар,  олардың құрылымдық бөлiмшелерi  көлiк құралдары салығын төлейдi.

    Қазақстан Републикасының үкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттi нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда,  ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiлер көлiк құралдары салығын төлейдi және мемлекеттiк бюджет есебiнен  ғана қамтылатын ұйымдарда төлейдi.

    Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар  көлiк құралын салығын төлейдi. Салық салу объектiсi болып табылатын бiр авто көлiк құралы бойынша — меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектерде төлейдi.

    Салық салу объектiсi болып табылатын бiр  автокөлiк құралы бойынша—Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Халық қаһарманы атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және Отан орденi мен наградталған адамдар, Ардақты ана атағын алған, Алтын алқа, Күмiс алқа, алқаларымен наградталған көп балалы аналар да төлейдi.

    Ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланылған мерзiмi 7 жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлемейдi.

    Салық салу объектiлерi, уәкiлеттi органда  мемлекеттiк тiркеуге жататын және есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады, ол мыналар;

    —жүк  көтергiштiгi 40-тонна  және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;

    —мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.   

    Салық салу обьектiсi болып  мыналар табылады: заңды тұлғалар  мен жеке кәсiпкерлер үшiн негiзгi құралдар мен материалдық емес  активтер, бухгалтерлiк есепте белгiленген материалдық емес обьектiлер, материалдық емес активтер.

    Концервацияда тұрған негiзгi құралдар, жалпыға ортақ пайдаланылатын  мемлекеттiк автомобиль жолдары  мен оларға салынған жол құрылыстары  (бұрылу белдеулерi, тоннель, көпiр, жол торалдары) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлген негiзгi құралдар салық салу обьектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.

      Мүлiк  салығы нақты тiкелей салық қатарына жатады. Мүлiк салығы сомасы салық  төлеушiнiң  табыс көлемiне қарай емес, мүлкiнiң құнына қарай анықталады.

      Салық төлеушiлер: меншiк иесi, меншiктi сенiм  бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу құқығындағы салық салу объектiлерi бар заңды және жеке тұлғалар мүлiк  салығын төлеушiлер болып табылады.

      Салық салу объектiлерi:

- кәсiпкерлiк  қызметпен айналысатын заңды  және жеке тұлғалардың негiзгi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорлары көлiк құралдарына, салық салынатын көлiк құралдарынан басқасы;

- жеке  тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте  пайдаланылмайтын, азаматтардың  жеке пайдалануындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай құрылыстары, гараждар, өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй жайлар болып табылады.

      Салық  салу объектiлерi мен  салық салуға байланысты  объектiлердi айқындау үшiн, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн негiз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлiк есептiң  тiркелiмдерi және  өзге де құжаттар  есеп құжаттамасы болып табылады. Құжаттама қағазда және электрондық көздерде жасалады және талап мерзiмi өткенге дейін сақталады. Олар:

    • қызметiн жер қойнауын пайдалануға  арналған келiсiм-шарттарға  сәйкес жүзеге асыратын  салық төлеушiлердiң  есеп құжаттамасы;
    • тiркелген активтердiң, соның iшiнде қаржы лизингi бойынша  белгiленген активтiң құнын растайтын  есеп құжаттамасы осындай актив  бойынша амортизациялық аударымдар  есептелетiн  құжаттамасы;
    • амортизациялауға жатпайтын тiркелген активтердiң құнын  растайтын есеп  құжаттамасы талап қою мерзiмi өткенге дейiн сақталады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамыту жолдары