Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 10:53, доклад

Описание

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік–экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т.б.

Работа состоит из  1 файл

Талдаудың әдістерімен тәсілдерін топтастыру.doc

— 438.50 Кб (Скачать документ)
 

      Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық. 

Қорытынды

      Шаруашылық  қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі. Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктеледі: салалық, уақытты, кеңістік, жүйедегі басқару функцияларына байланысты, қызмет аймағына байланысты, статистикалық мәліметтерді іріктеуге байланысты. Экономикалық талдау келесі түрлергі бөлінеді: қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-статистикалық, экономикалық-экологиялық, маркетингтік, салыстырмаплы факторлық, диагностикалық және маржиналдық. 

    Тақырып бойынша әдістемелік  нұсқаулар

      Лекция  материалдарын игеру үшін  барлық көңілді  негізгі ұғымдарды игеруге  аудару қажет: талдау объектілері, талдау мазмұны мен міндеттері, функциялары, негізгі принциптерін ұғыну қажет. Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуын қарастыру және экономикалық талдау түрлерін жетік білу қажет. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие – Москва: ИНФРА, 2005
  2. Басовский Л.Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности): УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
  3. Шеремет А.Д. Теория экон. анализа: учебник – Москва: ИНФРА-М, 2003
  4. Савицкая Г.В. Анализ хоз. деятельн.: УП – Москва: ИНФРА-М, 2005
  5. Управленческий анализ. С.А. Бороненкова УП – Москва: ФиС, 2004
  6. Чернов Т.П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М.И. Баканова – Москва, 2003
 

Өзіні өзі тексеру сұрақтары:

  1. Экономикалық талдаудың зерттеу пәні мен объектілері қандай?
  2. Экономикалық талдаудың мазмұны мен мақсаты?
  3. Шаруашылық қызметті талдаудың түрлері  
  4. Экономикалық басқарудың негізгі  функциялары
  5. Экономикалық талдау әртүрлі бағыттар мен белгілерге байланысты жіктелуі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Дәріс 3 - Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсідері

Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдістері мен тәсідерін:  салыстыру, қатысты және орта шамалар тәсілін, топтастыру тәсілін  қарастыру. 

       Мазмұны

  1. Экономикалық талдау  әдістері
  2. Экономикалық талдау әдістемесі
  3. Экономикалық ақпаратты өңдеу тәсілдері (салыстыру тәсілі, көрсеткіштерді  салыстырмалы түрде келтіру әдістері, қатысты және орташа шамалар, топтастыру тәсілі.)
 

      Тақырып бойынша негізгі  ұғымдар: жоспарлы тапсырыс, жоспарды орындау, динамика, құрылымдар, үйлесімділік , қарқындылық, тиімділік, жалпы әдістеме, жеке әдістеме, детерминацияланған  факторлық талдау, стохастикалық факторлық талдау, салыстырмалы талдау, көлденең, тігінен, трендтік, бір шамалы және көп шамалы талдау әдістері және т.б. 

      Ғылым әдісі кең мағынада өз затын зерттеу  тәсілі ретінде түсіндіріледі. Ғылымның әр түрлері үшін өз затын зерттеуге (оның ішінде, шаруашылық қызметті талдау) ерекше қарау әдістері танудың жалпыға бірдей диалектикалық әдісіне негізделеді.

      Талдаудың маңызды методологиялық белгісі  болып себепті-тергеулі байланыстарды  орнатуға ғана емес, сонымен қатар  оларға сандық сипаттама беруге қабілеттілігі  табылады, яғни, қызмет нәтижелеріне факторлар ықпалын өлшеуді қамтамасыз етуге қабілеттілігі. Бұл талдауды нақты етіп, ал оның қорытындыларын негізделген етеді.

      Талдауда  себепті байланыстарды зерттеу  мен өлшеуді индукция және дедукция әдістерімен жүзеге асыруға болады. Логикалық индукция көмегімен себепті байланыстарды зерттеу тәсілі бойынша зерттеу жекеден жалпыға, жеке фактілерді зерттеуден жалпыламаға, себептен нәтижеге жүзеге асырылады. Дедукция – бұл зерттеу жалпы фактілерден жекеге, нәтижелерден себептерге жүзеге асырылатын тәсіл болып табылады. Индукция әдісі талдауда дедукция әдісімен бірге және үйлесімді қолданылады.

      Шаруашылық  қызметті талдауда диалектикалық әдісті қолдану әрбір процесті, әрбір экономикалық құбылысты бір-бірімен өзара байланысты көптеген элементтердің жиынтығы түрінде, жүйе түрінде қарастыру керек. Осыдан келіп шығатыны талдаудың тағы бір сипаттамалық белгісі болып табылатын талдау объектісін зерттеуге жүйелі көзқарастың қажеттілігі.

      Жүйелі  көзқарас зерттелетін құбылыстар мен  процестердің элементтерге максималды бөлшектеу, олардың жүйелілігі мен синтезін қарастырады. Сол не басқа құбылыстарды бөлшектеу (құрама бөліктерін ашып көрсету) зерттеліп отырған объектіде анағұрлым маңызды және негізгіні анықтау үшін тәжірибелік қажетті дәрежеде жүргізіледі. Ол талдаудың объектісі мен мақсатына байланысты болып келеді. Бұл экономикалық көрсеткіштердің маңызын, ондай-ақ олардың дамуын анықтайтын факторлар мен себептерді нақты білуді аналитиктерден талап ететін  ШҚТ-дағы күрделі мәселе болып табылады.

      Элементтерді  жүйелендіру олардың өзара байланысын, қарым-қатынастарын, өзара тәуелділіктерін және өзара бағыныштылықтарын зерттеу негізінде жүзеге асырылады. Бұл зерттеліп отырған объектінің (жүйенің) мүмкін моделін құруға, зерттеліп отырған көрсеткіштердің ішкі байланыстарына сәйкес келетін талдаудың логикалық-әдіснамалық жүйесін ашып көруге, жүйе элементтерінің бағыныштылығын, қызметтерін оның негізгі компоненттерін анықтауға жағдай жасайды.

      Кәсіпорын экономикасының жеке жақтарын, олардың  өзара байланысын, бағыныштылығы  мен тәуелділігін зерттеп болған соң, барлық зерттеу материалдарын жалпыландыру қажет. Жалпыландыру (синтез) талдауда өте жауапты мезет болып табылады. Талдау нәтижелерін жалпыландыру кезінде қызмет нәтижелері негізінен тәуелді болатын барлық зерттеліп отырған факторлардың ішінен типтіктерді кездейсоқтардан бөлу,  негізгі және шешуші факторларды ашып көрсету қажет.

      Алдынғылардан тікелей шығатын шаруашылық қызметті талдау маңызды әдіснамалық белгісі болып кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процесстердің себепті-тергеулі байланыстарын жүйелі және кешенді зерттеу үшін қажетті болып саналатын көрсеткіштер жүйесін өңдеу мен қолдану табылады.

      Осылайша, шаруашылық қызметті талдау әдісі өндіріс  тиімділігін арттыру мақсатымен жоспар, есеп, есептілік және басқа да ақпарат көздерінен көрсеткіштер жүйесінің арнайы қабылдауларын өңдеу жолымен кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне факторларды әсерін өлшеу және жалпыландыру, жүйелі, кешенді зерттеуді  көрсетеді.

      Шаруашылық  қызметті талдау әдісін қолдану аналитикалық зерттеудің нақты әдістемелерінің қатарыларынан кейін көрінеді. Ол шаруашылық қызметтің бөлек жақтарының зерттеу әдістемелері немесе кешенді талдау әдістемелері болуы мүмкін. Айта кететін, әрбір талдау түріне өзінің әдістемесі сәйкес келеді. Жалпы әдістеме қандай да бір жұмыстың неғұрлым мақсатқа сай орындалу ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы дегенді білдіреді. Экономикалық талдауда әдістеме айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге бағытталған, кәіспорын экономикасын зерттеу ережелері мен аналитикалық тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жалпы әдістеме – ұлттық экономиканың түрлі салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке әдістеме жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.

      Талдаудың кез келген әдістемесі аналитикалық зерттеуді орындау бойынша әдіснамалық  нұсқаулар немесе талаптар көрсететін болады. Ол мысалы келесідей жағдайларды  қамтиды:

а) талдау мақсатының мәселелері мен құрылымы;

б) талдау объектілері;

в) әрбір  талдау объектісі зерттее үшін көмектесетін көрсеткіштер жүйесі;

г) аналитикалық зерттеуді жүргізудің кезеңділігі  мен үздіксіздігі бойынша кеңестер;

д) оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдерінің сипаты;

е) талдау жүргізу үшін негіз болатын алу  көздері;

ж) талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар (қандай тұлғалар, қызметтер зерттеудің бөлек  бөліктерін жүзеге асырады);

з) ақпаратты  аналитикалық өңдеу үшін мақсатқа сай  пайдаланылатын техникалық құралдар;

к) талдау нәтижелерін рәсімдеуге қажет құжаттардың  сипаты;

л) талдау нәтижелерін тұтынушылар.

      Шаруашылық  қызметті талдау әдістемесінің екі элементіне тоқталып кетейік:

    • аналитикалық жұмысты орындаудың кезеңділігі;
    • оқытылатын объектілерді зерттеу тәсілдері.

      Кешенді шаруашылық қызметті талдауды орындау барысында келесі кезеңдер анықталады:

      Бірінші кезеңде талдау объектілері, мақсаты  мен мәселесі нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары құралады.

      Екінші  кезеңде талдау объектісі сипаттауға көмектесетін синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.

      Үшінші  кезеңде талдауға қажетті ақпарат  жиналып дайындалады (онық нақтылығы  тексеріледі, салыстырмалы түрге келтіріледі  және т.с.с.).

      Төртінші  кезеңде шаруашылықтың нақты  нәтижелерін есепті жылдың жоспарындағы көрсеткіштермен, өткен жылдардың нақты берілгендерімен, басқарушы ұйымдардың жетістіктерімен, саланы түгелдей салыстырады және т.с.с.

      Бесінші кезеңде факторлық талдау жүргізіледі: факторлар алынады және олардың  нәтижеге әсері анықталады.

      Алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін  арттырудың пайдаланылмаған және перспективалы  резевтері анықталады.

      Жетінші кезеңде анықталған қолданылмаған  резервтердің және түрлі факторлар  әрекеттерінің есебімен шаруашылық нәтижелерін бағалау жүзеге асырылады, оларды қолдану бойынша шаралар жасалады.

      Аналитикалық  зерттеуді орындаудың мұндай кезеңділігі  шаруашылық қызметті талдау теориясы мен тәжірибесі жағынан анағұрлым мақсатқа сай болып табылады.

      Шаруашылық  қызметті талдау әдістемесінің маңызды элементі ретінде талдаудың техникалық қабылдаулары мен тәсілдері шығады. Бұл тәсілдерді қысқаша талдау құралдары деуге болады. Олар зерттеудің түрлі кезеңдерінде мыналар үшін қолданылады:

  • жинақталған ақпараттарды алғашқы өңдеу үшін (тексеру, топтастыру, жүйелендіру);
  • зерттелетін объектілердің жағдайы мен заңдылығын оқып білу;
  • факторлардың кәсіпорын қызметінің нәтижелеріне әсерін анықтау;
  • өндріс тиімділігін арттырудың перспективті және пайдаланылмаған резервтерін  есептеу;
  • Кәсіпорынның қызметін кешенді бағалау және талдау нәтижелерін жалпылау;
  • Басқарушылық шешімдердің, әртүрлі шаралардың, экономикалық және әлеуметтік дамудың жоспарларын негіздеу.

Шаруашылық  қызметті талдаудың көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінен дәстүрлі әдістерді анықтауға болады, олар басқа да салаларда ақпаратты зерттеу және баптау (салыстыру, графикалық, баланстық, орташа және қатысты сандар, талдамалық топтар) үшінкеңінен қолданылады.

 
 

 

 

Сурет 2 - Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау әдістері

      Шаруашылық  нәтижелерге және резервтерді есептеуге  әсер ететін факторларды  зерттеу  үшін талдауда келесідей әдістер  пайдаланылады: цептік, абсолютті және қатысты айырмашылық, интегралдық  әдіс, корреляциялық, компоненттік, сызықты  әдісі, бағдарламалау, массалық қызмет көрсету теориясы, ойын теориясы, операцияларды зерттеу сияқты әдістері, интуиция негізінде,  өткен тәжірибесіне, мамандардың эксперттік бағалауы арқылы экономикалық мәселелерді эвристикалық шешімдер әдісін қолданады (сурет 2).  Әдістерді таңдау - талдаудың мақсаты мен тиімділігіне, зерттеу объектісіне, есептеудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Информация о работе Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау