Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:02, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-т

Содержание

Тақырып: Бухгалтерлік баланс.
1.Бухғалтерлік есептің шығу тарихы
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі
5.Қаржы есебін ұйымдастыру
6.Үзіліссіздік не?
7.Бухгалтерлік есеп әдісі қанша элементтен тұрады?
8.Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер?
9.Инвентарлық шоттың негізгі мәні?
10.Шоттардың жұмыс жоспарының бір інші бөлімі қалай аталады?

Работа состоит из  1 файл

бухгалтерлік баланс курстық жұмыс.docx

— 59.38 Кб (Скачать документ)

    Міндетті  деректемеге  жататындар: 

    -         құжаттың аты, нысанының қоды; 

    -         құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы); 

    -         құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты – жөні; 

    -         шаруашылық операциясының мазмұны; 

    -         шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай); 

    -         шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты – жөні; 

    -         жауапты атқарушының қолы. 

         Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктермен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік номері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары. 

         Құжаттардың нысандары келесі бөлімдері топтасады: 

    1)     ауылшаруашылық өнім мен шикізат; 

    2)     еңбек және еңбекақы; 

    3)     негізгі құралдар мен материалдық емес активтер; 

    4)     материалдар; 

    5)     кем  бағалы және тез тозғыш заттар; 

    6)     капиталдық құрылыстағы жұмыс; 

    7)     құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы; 

    8)     автокөліктегі жұмысы ; 

    9)     түгендеу нәтижелері; 

    10)кассалық  операциялар; 

    11)сауда  операциялары.   

    Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды тотыруға мүмкінлік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады.   

    Есептік регистрлер.    

    Қажетті ақпараттарды алу үшін кәсіпорынның қызметін баяндайтын барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік құжаттарға жазылады, ол мәліметтерді тексергеннен кейін, олар экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып өңделеді, содан кейін оларды белгілі бір жүйелігі бойынша тіркейді. Бұндай тіркеу есептік регистрлері арқылы жүзеге асады.          

    Есептік регистрлер – есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары бар қағаз парақтары, демек құжаттардан  алынған есептік ақпараттардың  регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.           

    Бухгалтерлік  есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі.           

    Есептік регистрлер өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді: 

    -         хронологиялық – шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі (бухгалтерияға келіп түскен құжаттардың кезектілігі бойынша). Мұндай регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы жә не т.б; 

    -         жүйелі регистрлерінде – шаруашылық операциялары экономикалық мазмұны бойынша топтпстырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлерді алуға болады; 

    -         құрастырмалы – бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бірмезгілді өзара үйлесім табатын регистрлер. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде бағалы, сол себепті де кеңінен қолданылады. Құрастырылмалы регистрлерге журнал-ордерлер және ведомостер жатады. Құрастырылмаған регистрлер – септік регистрлердің неғұрлым қолайлы экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және аналитекалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп бөлігі жатады. 

    Регистрлер  мазмұндылық көлемі бойынша аналитикалық, синтетикалық болып бөлінеді. 

    -         аналитикалық регистрлер жекелеген талдау есептері (карточка,  кітаптар, тізімдеулер) бойынша есеп жүргізуге арналған. 

    -         Синтетикалық регистрлер – бұл шаруашылық қаражаттарын және олрдың көздерін жалпылама түрде анықтауға арналған регистрлер. Синтетикалық регистрлерге Бас кітап және синтетикалық есептері бойынша жазбалары жазылатын айналым ведомосы жатады. 

    Есеп  регистрлері  сыртқы түрі бойынша  мына топтарға бөлінеді: 

    -         карточкалар – бұл аналитикалық есептің бірдей форматтағы регистрі. Ол әртүрлі объектінің есебін ұйымдастыруға арналған; 

    -         кітаптар – бұл да аналитикалық есептің нөмірленген арнайы сызба жолдары бар регистр. Олар касса кітабы мен Бас кітап ретінде көп таралған ; 

Информация о работе Экономикалық өсу