Экономикалық өсу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 20:02, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-т

Содержание

Тақырып: Бухгалтерлік баланс.
1.Бухғалтерлік есептің шығу тарихы
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі
5.Қаржы есебін ұйымдастыру
6.Үзіліссіздік не?
7.Бухгалтерлік есеп әдісі қанша элементтен тұрады?
8.Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшемдер?
9.Инвентарлық шоттың негізгі мәні?
10.Шоттардың жұмыс жоспарының бір інші бөлімі қалай аталады?

Работа состоит из  1 файл

бухгалтерлік баланс курстық жұмыс.docx

— 59.38 Кб (Скачать документ)

    Толықтырушы шоттар дербес болмайды. Ол аналитикалық шот болып есептеледі. Оған тасу – тасымалдау шоты жатады. 

    3. Бөлетін шоттар кәсіпорында кейбір шығындарды тікелей өндіріс шығынына, яғни өндірістен өнімге тікелей  апаруға болмайды. Оларды әрбір өнім түріне бөліп апару қажет. Сондықтан әдейі  жинақтап бөлу шоты  қолданылады. Оған жанама шығындар шоты жатады. Бұл шот активтік шот, оның дебетінде жыл бойына болған бөлінетін шығындар есептеледі, ал кредитінде  сол шығындардың белгілі бір әдіспен бөлінгені көрсетіледі. Шығындар бөлініп болғаннан кейін бұл шотта қалдық қалмайды. Бөлінетін шығындарға өндірісті басқару және ұйымдастыру шығындары, негізгі құралдардың тозу шығыны (амортизация) және т.б жатады. 

    4.Калькуляциялық  шоттар - өндіріс шығындарын есептеуге  және өнімнің өзіндік құнын  табуға арналған. 

    Калькуляциялық  шоттарға  негізгі өндіріс, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары, көмекші өндіріс жатады. Бұл шоттар  активтік шоттар. Дебетінде жыл бойында болған тікелей шығындар есептеледі. Жылдың аяғында оған бөлінген үстеме  шығындар алынады. Сөйтіп дебетінде  нақты шығындар есептеледі. Ал кредитінде  жыл бойы алынған өнім, істеген жұмыс, көрсетілген қызмет  жоспарлы өзіндік құнымен немесе нормативті өзіндік құнымен есептеледі. Ал жылдың аяғында ол нақты өзіндік құнға дейін жеткізіледі. Қалдық калькуляциялық шоттарда болмауы мүмкін, ал болған жағдайда ол тек қана дебет жағында жазылады және аяқталмаған өндірісті көрсетеді. 

    5.Салыстырмалы  шоттар, яғни  қаржылық қорытынды шоттары  кәсіпорынның жылдың аяғында қаржылық нәтижесін табу үшін және есептеу үшін қолданылады. Кәсіпорынның  алған табыстары шоттар жоспарының алтыншы бөлімшесіндегі шоттармен есептеледі. Ал шығындары жетінші бөлімдегі  шоттармен есептеледі. Жылдың аяғында оларды салыстыру үшін және пайданы табу үшін 5410 шоты пайдаланылады. Бұл шоттың дебетінде зиян көрсетіледі, ал кредитінде алынған пайла  көрсетіледі.       

       Дәріс№ 5  

Тақырып: Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.   

  1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың  тәртібі мен сыныпталуы.

    2. Инвентаризация. 

    3. Есеп регистрлері. 

    4. Бухгалтерлік  есеп формалары. 

    5. Кәсіпорындардың  есеп саясаты. 

         Бухгалт  ерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып  отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып  отыратындығы бухгалтерлік есептің  басқа ғылымдардан ерекше болады. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша атауға болады.          

    Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себесі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғананын және оған қандай мөлшерде шағын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.           

    Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.          

    Бухгалтерлік  құжат – кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын  немесе оны орындауға заңды түрде  құқық беретін жазбаша куәлік.           

    Орындалған  шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқатүсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.          

    Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болуы есебінен бастапқы құжаттардың нысаны (фомасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды құқықпен қамтамасыз етеді.           

Информация о работе Экономикалық өсу