Ақша
Курсовая работа, 21 Ноября 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
“Ақшанын пайда болуы және мәні” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде ақшаның пайда болуына көңіл аудардым. Тауар айналысының таралуының дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдар және тағы басқалар. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Мұнда ақшаның 5 түрі қызметі көрсетіледі, сонымен ақша түрлері де берілді.
Ал екінші бөлімде қарастырылып отыған ақшаның айналысына бет бұрдық. Сонымен қатар металл ақша айналысымен қағаз ақша айналысына үлкен мән берілген. Ақша көрсеткішінің негізгі сандық көрсеткіштерінің бірі ақша массасы мен ақша базасы туралы жазылған.
Ал ақырғы бөлім Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесіне жалпы тоқтай кеттім. Ал келесі кезекте ақша жүйесі жұмыс істейтін, іске асатын орны «Ұлттық Банк» туралы, яғни қызметтері мен міндеттері жазылды. Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде ақша жүйесі қоғамның ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез-келген сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақтылығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеліп тірейді. Келесі қадам осы инфляция туралы айтылса, ақырғы нүкте Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы мен ақшаның дамуы туралы тақырыпта қойылады. Ең бастысы 1993 жылғы 15 қарашада Ұлттық валюта – теңге енгізілгені туралы айтылған.
1 Ақшаның пайда болуы және мәні
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы
Содержание
Кіріспе 3
1 Ақшаның пайда болуы және мәні 4
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы 4
1.2 Ақша теориялары 7
1.3 Ақшаның түрлері 11
2 Ақша айналысы және қызметтері 16
2.1 Ақша айналысы мен заңы 16
2.2 Ақшаның базасы мен ақша массасы 19
2.3 Ақшаның қызметтері 22
3 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі 26
Қорытынды 39
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi 30
Работа состоит из 1 файл
курсовая.docx
— 73.37 Кб (Скачать документ)Оның пікірінше, ақша айналысының заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын таурлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті бейнелейді.
Ақша айналысы заңы – тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын анықтайды.
Тауарлардың бағаларының сомасы
Ата = (1),
Ақша айналымының саны
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай бейнелеуге болады:
СТБ – НТБ + МТС - ӨТС
АҚ = (2),
АОС
мұндағы А – айналысқа қажетті ақша саны;
Стб – сатылатын тауарлар бағасының сомасы;
Нтб – несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;
Мтс – міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;
Өтс - өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос – айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.
Осындай жағдайларда айналысқа
қажетті ақша санына өндірістің
дамуының шарттарына тәуелді
болып келетін әр алуан факторлар
ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы
тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ
шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік
тауарлар және көрсетілген қызметтер
бағаларының деңгейіне байланысты да
анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар кері ықпал етеді: несиенің даму дәрежесіне, себебі қаншалықты тауарлардың басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет етіледі; қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы; ақша айналысының жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын монета) айналыста қазынаға кетіп, ал егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса, онда айналысқа қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын
банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық
билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда
қолма-қол ақшалар айналысы қағаз
ақшалар айналысының заңына сәйкес
жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру
шарттары мен заңдары мынадай
екі фактордың өзара әрекет етуімен
анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген
қажеттілік және айналымға ақшалардың
нақты түсуімен. Егер де айналымдағы
ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті
ақшадан артық болса, онда ақшаның
құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып
алу қабілетінің төмендеуіне, яғни
инфляцияға жол береді.
2.2 Ақша базасы мен ақша массасы
Ақша айналысының негізі сандық көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агреттары деп атайды.
Өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында мынадай ақша агрегаттарын қолданылады:
М1 агрегеты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (бакноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;
М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан тұрады;
М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын құрайды;
М4 агрегаты, М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
Қазақстан Респуликасында ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамының айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері жатады.
Ақша базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Ол мынадай формуламен есептеледі:
МВ = СIC + RR + DCB
(3),
мұндағы CIC – айналыстағы нақты ақшалар;
RR – міндетті резервтер;
DCB – екінші деңгейдегі банктердің
Ұлттық банктегі қор, шоттағы
қаражаттары.
CIC = L ( H + C )
(4),
мұндағы Н – айналысқа шығарылған банктік билеттер;
С – айналысқа шығарылған монеталар.
Қазақстандағы ақша агрегаттарының жағдайы туралы соңғы жылдардағы көрсеткіш.
1-кесте – Ақша агрегаттары
млн.Теңге кезеңнің соңына
Ақша агрегаттары |
12.00 |
12.01 |
12.02 | |
1
2
3
4
5 |
Ақша базасы (резервтік ақша) оның ішінде:Ұлттық банктен тыс қолма-қол ақшаЕДБ-дің және басқа ұйымдардың Ұлттық банктегі депозиттеріМ0 (айналыстағы қолма-қол ақша)М1оның ішінде:3.1. халықтың теңгедегі аудармалы дипозиттері3.2. бакнтік емес заңды
|
134416
116335
18081
106428195442
15245
73769290643
21662
73539397015
51573
54999 |
174959
145477
29482
131175224234
1912
91148337980
48876
64870576023
134077
103967
|
208171
177899
30272
161701287293
17799
107792498071
61442
149336764954
171439
95443 |
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына,
қазіргі кезде ақша-несие статистикасын
жасау және талдауда қолданылып жүрген,
ақша базасы мен белгіленуі М3 –
ақша массасы жатады. Ақша массасы
құрылымына мынадай ақша агрегаттары
жатады:
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);
М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы дипозиттері;
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютиасындағы аудармалы дипозиттері;
М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
Аудармалы дипозиттер –
1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз
атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;
2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің
көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер
жүргізуде кеңінен қолданылады.
Аудармалы дипозиттер қысқа ақша
массасының бір бөлігін құрайды.
Басқа дипозиттер – негізінен, ол белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді дипозиттер. Басқа дипозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқы салымдар мен дипозиттерді қамтиды.
Ақша базасының ақша массасына
ықпал етуі ақша мультипликаторы (Ам)
көмегімен мынадай формула арқылы
есептеледі:
М3 (ақша массасы)
Ам =
(5),
МВ (ақша базасы)
мұндағы М3 - ақша массасы;
МВ - ақша базасы.
Егер мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының әрбір 2 теңге жасауға қабілеттілігін көрсетеді. 2002 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен жол мен салыстырғанда 3,29-дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр
2.3 Ақшаның қызметтері
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің формасы ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
Құн өлшемі және баға масштабы;
Айналыс (айырбас) құралы;
Төлем құралы;
Қорлану және қор жинау құралы;
Дүниежүзілік ақша.