Ажырасу салдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 08:11, реферат

Описание

Елімізде әрбір төртінші некенің баянсыз болуына не себеп?
Қазір қазақ үшін таңсық нәрсе қалмады. «Жаһандану» деп өзгенің жақсысын да, жаманын да бірдей жұтып жатырмыз. Тіпті, ақ пен қараны ажыратуға шама жоқ. Өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, нашақорлық, тонау, бірін-бірі өлтіру, ажырасу… Иә, бұның бәрі біз өмір сүріп отырған қоғамға тән дүниелер. Әйтсе де, бүгінде мұндай келеңсіздіктерге аса мән бермей, күнделікті құбылыс ретінде қарап жүрміз. «Пәленшенің қызы қайтып келіпті» немесе «баласы ажырасыпты» дегенге елең ете қалатын апаларымыз да қазір ондай гу-гу әңгімеге уақыт тоздырғысы жоқ. Өйткені, қазір ажырасуды әңгіме ету сәннен кеткен. Себебі де түсінікті. «Көп қайнаған сорпаның дәмі кетер» демекші, ажырасудың да қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар аудармайтын болдық. Тіпті, «бұл өмір заңдылығы» деп, оған оң қабақ танытып жүргендер де бар көрінеді. Масқара! Қазақ сияқты діні Ислам халық үшін бұл заңдылық емес, жат қылық болу керек еді. Бірақ амал нешік?

Работа состоит из  1 файл

Ажырасу салдары.docx

— 35.25 Кб (Скачать документ)

Елімізде әрбір төртінші некенің баянсыз болуына не себеп?

Қазір қазақ үшін таңсық нәрсе қалмады. «Жаһандану» деп өзгенің жақсысын да, жаманын да бірдей жұтып жатырмыз. Тіпті, ақ пен қараны ажыратуға шама жоқ. Өз-өзіне қол жұмсау, маскүнемдік, нашақорлық, тонау, бірін-бірі өлтіру, ажырасу… Иә, бұның бәрі біз өмір сүріп отырған қоғамға тән дүниелер. Әйтсе де, бүгінде мұндай келеңсіздіктерге аса мән бермей, күнделікті құбылыс ретінде қарап жүрміз. «Пәленшенің қызы қайтып келіпті» немесе «баласы ажырасыпты» дегенге елең ете қалатын апаларымыз да қазір ондай гу-гу әңгімеге уақыт тоздырғысы жоқ. Өйткені, қазір ажырасуды әңгіме ету сәннен кеткен. Себебі де түсінікті. «Көп қайнаған сорпаның дәмі кетер» демекші, ажырасудың да қоғамда жиілеп кетуіне байланысты оған назар аудармайтын болдық. Тіпті, «бұл өмір заңдылығы» деп, оған оң қабақ танытып жүргендер де бар көрінеді. Масқара! Қазақ сияқты діні Ислам халық үшін бұл заңдылық емес, жат қылық болу керек еді. Бірақ амал нешік?

Жалпы, ажырасу  туралы айтпастан бұрын ұлт тарихына көз жүгіртіп алсақ. Біз ешқашан жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған халықпыз. Өйткені, дін Исламға берік едік. Ал, Ислам ешқашан адам тағдырымен ой-науды құптамайтыны белгілі. Содан болар, қазақ келіндерінің санасында көрпе-төсегін жинап төркініне кету дейтін ой мүлдем болмайтын. Босаға аттаған күннен бастап өмірінің соңына дейін сол шаңырақтың түтінін түтетіп, отын өшірмейтін. Кеңес үкіметі орнағанға дейін «өз ағамыз» өзбектерден әлдеқайда көп болуымыздың да басты себебі осы еді. Десек те, бүгінде «дін мен діл жағынан озықпыз» деп мақтана алмаймыз. Өйткені, сол бір қызыл үкіметтен кейін белең алған рухани жұтаңдықтан әлі толық ес жия алмай жатырмыз. Әйтпесе, ұлт тамырына балта шабатын, қоғамды іштен ірітетін ажырасуға дәл қазіргідей бейқам қарамайтын едік.

Әлқисса. Енді осы проблеманың себептерін айқындап көрейік. Сөз жоқ, ең басты себеп – имансыздықта. Дін мен ділдің тұрмыстан тыс қалуында. «Отан – отбасынан басталады» дейді қазақ. Ал сол отбасының діңгегі – дін мен діл, ұлттық өре мен рух. Алайда, қазіргі қазақ отбасыларында ондай қасиеттер азайып барады. Тіпті, кейбіреуінде жоқтың қасы. Соның салдарынан бүгінде кей ата-ана қыздарын адал жар, аяулы ана, ибалы келін болуға емес, кәсіпкер, шенеунік болуға тәрбиелеп, бай-лыққа жетудің жолдарын үйрет-кенді оң көреді. Кейін әлгіндей тәлім алған қыз бала билікке ұмтылып, дүниеге құмартары айдан анық. Ондай нәзікжандылар үшін ана атану, сүйікті болу екінші кезектегі шаруа. Күйеуге тиген күннің өзінде жарына сөзін өткізіп, отбасын өзі билеуге ұмтылады. Ал ері айтқанына көнбесе, олар үшін ажыраса салу түк емес. Осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген бір кәсіпкер апамыз қыз баланың дербес болуын ақтамақ болып: «Егер күйеулері тастап кеткен жағдайда өмір көшіне ілесіп, өз күнін көре алатындай болу керек. Сол үшін әйел адамдардың дүние жиып, билікке құмартуында еш сөгеттік жоқ», – депті. Бұл не сонда? «Ынтымақ-бірліктің ұйытқысы бол» деудің орнына, «Ертең жарың тастап кетеді. Соған дайын бол! Есеңді жіберме» дегені қалай? «Қосағыңмен қоса ағар» дейтін қазақтың бұлайша сұйықталғанына жол болсын. Әрине, мұндайлардың қолтығына су бүркіп отырған батыстың батпаққа батырар саясаты екені айтпаса да түсінікті.

Жоғарыдағыдай таяз ойлайтын апаларымыз ерлердің не үшін әйелдерін тастап кететінін ойлап  көрді ме екен? Бұл еркек кіндіктілер сүттен ақ, судан таза деген сөз емес. Бірақ, «айтпаса, сөздің атасы өледі» демекші, мәселенің басын ашып алған дұрыс. Өйткені, бұл жерде ағаттық көбіне нәзікжандылардан кетеді екен. Осыған байланысты көрші Ресей елінде ажырасқан еркектер арасында сауалнама жүргізіліпті. Нәтижесінде, қаты-сушылардың жартысынан көбі әйелдері көздеріне шөп салғанын айтыпты. Сондай-ақ, кейбірі жары-ның ең болмағанда, жұмыртқа қуыруды білмейтінін айтып, өкпе-назын білдірген. Әрине, біздің орыстармен қалыбымыз бөлек болса да, мұндай мәселелерде көп айырмашылық жоқ. Себебі, біз 70 жыл бір астаудан ас ішіп, бір тудың астында құдайсыздықты ұрандап келдік. Оның үстіне қазір де екі елдің ақпарат кеңістігі мен бағыт-бағдары өзара қабысып, астасып жатыр. Демек, біздегі жағдай да көрші елден көп алысқа ұзай қоймасы анық.

Алла тағала әр нәрсені үшеуден немесе төртеуден емес, жұп қылып екі-екіден жаратқан. Өзара үндескен екеудің арасына үшінші біреу киліксе, Алла заңдылығына қайшы тиіп, әсемдікке нұқсан келері сөзсіз. Ажырасудың көбі ерлі-зайыптының бір-бірінің көзіне шөп салудан болып жататыны да сондықтан. Тіпті, мұндай өресіз әрекетке ешқандай тосқауыл табылмай тұр. Қайта иман мен ибадан алшақтап кеткен бай-манап үшін жасырын тоқал ұстау сәнге айналған. Соны мақтаныш тұтатындарын қайтерсің? Еліміз-дегі телеарналардың бірінен осы тақырыпта өткен сөзсайыста белгілі жас әншіміз: «Егер әйелің әдемі болмаса, қонақтыққа немесе басқа жерлерге нақсүйеріңмен баруға тура келеді», – деп ойына келген ойланбай айтып салды. Ұят-ай! Бір қызығы мәдениет саласында жүрген сол бауырымыз әлгі сөзімен өзінің мәдениетсіздігін байқатып алды. Бірақ, оның артық қылам деп тыртық қылғанында шаруасы жоқ. Тіпті, сөзінің еш ақылға сыйымсыз екенін де білетін емес. Әйтпесе, «әйелің әдемі болмаса» дегенді айтпас еді. Сондықтан, жасырын тоқал ұстау, бәйбішесі мен бала-шағасын үйде қалдырып қыз-қырқынмен қыдыру сәндік емес, әпенділік. Құдай қосқан қосағыңның көзіне шөп салып, теріс айналу ақымақтық.

Негізі ажырасқандар әртүрлі себептерді алға тартып жатады. Солардың ішінде көп кездесетіні мінездерінің жараспауы, көзге шөп салу және ішімдіктің салдары екен. Бейресми деректерге сенсек, соңғы уақытта қыз-келіншектердің жеке бастарының мақсаты үшін ауқатты, бай еркектерге күйеуге шығып, көп ұзамай қайта ажырасып кету оқиғасы да жиілеп кеткен. Сондағы арам пиғылды әйелдердің көздегендері – еркектің жиған-терген дүниесіне ортақтасып, заң шеңберінде оның мүлкіне қол салу. Сондай-ақ, перзенттің болмауы, діни көзқарастың сәйкеспеуі, тұрмыс тауқыметі, еріксіз үйлену және ене мен келіннің тіл табыс-пауы да жұбайлар арасына өз салқынын тигізіп отыр.

Жалпы, ене мен  келіннің жараспауы ұлтымыз үшін ұят саналатын, дініміз үшін құптал-майтын қылық. Өйткені, бұрынғы апаларымыз келіндерін қызда-рындай көріп, білмегені болса, үйретіп, сол әулеттің болашақ отанасы қылып тәрбиелейтін еді. Соған сай келін де енесіне ілтипат көрсетіп, алдын орамайтын. Сондай-ақ, ене мен келіннің анасы мен қызындай екенін ескерсек, екеуара салқындық ислами көзқарасқа қайшы. Бұл жөнінде қазақ енелерге қаратып: «Келінді ұлың тапса, ұлыңды өзің таптың. Енді кімге ренжисің?», – дейді. Демек, ене тырнақ астынан кір іздемей, келіннің еркелігін кешіріп, бір сәт өзінің келін болып келген кезін есіне түсіріп, баласы және әулет абыройы үшін жас шаңыраққа мейлінше қолдау білдірсе, саналы ұлт, салиқалы ұрпақ қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан болар еді. Сол кезде келін де бар жасауын жинап, «төркінге кетем» деуін доғарары хақ.

Соңғы кездері ерлі-зайыптының арасына түсіп, ажырасуға апаратын тағы бір тың себеп пайда болды. Ол – интернет. Өйткені, қазір ғаламторда жедел хабарлама ар-қылы сөйлесетін бірнеше қызмет түрлері бар. Соның ішінде біздің елде ең көп тарағаны – орыстың мэйл.ру.агент қызметі. Бүгінде агент дейтін әлекті пайдаланбай-тын қазақ жоқ десек, артық айтқандық емес. Қызмет бабымен немесе шұғыл жағдайда пайдалан-са, қанеки. Алтын уақытын өлтіріп, түн ортасында да компьютер мен ұялы телефонға шұқшиып отыратындар бар. Агенттің зияны сол, ол жерде біреумен танысу, достасу оп-оңай. Суретің мен өзің туралы деректі енгізуде де еш қиындық жоқ. Агентке еш себепсіз қосылып, өзіне дос іздейтіндердің ішінде бала-шағалы жандар да бар. Бірақ, «күйеуім немесе әйелім бар-ау» деп қысылып жатқан ешкімді көрмейсің.  Бір қызығы, интернеттен өздеріне  нақсүйер тауып алатындар да бар. Ондайлар виртуалды сүйіктісімен еш кездеспесе де, өзінің жарын ұмытып, оған назар аудармай қоятын көрінеді. АҚШ-тағы ажырасулардың 68 пайызы дәл осындай себептен болады екен.

Енді еліміздегі ажырасқандар-дың статистикасына назар ау-дарайық. Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қою басқар-масының мәліметтеріне сүйенсек, республикамызда отбасын құру мен ажырасудың прапорциялық қатынасы 1:4-ке сәйкес екен. Бұл әр төрт некенің біреуі ажырасып тынады деген сөз. Яғни, қиылған некенің 25 пайызы. Ал Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұл көрсеткіш 1:3-ке тең. Ең өкініштісі, елімізде бұндай цифрлардың жыл санап артуы болып отыр. Мәселен, 2009 жылы 38 871 неке бұзылса, 2010 жылы 40 982 отаудың шаңырағы шайқалған. Яғни өткен жылы сексен мыңнан астам адам-ның тағдыры тоқырауға ұшыраған. Ал оған бейкүнә балаларды қосыңыз. Өйткені, жоғарыда аталған басқарма бастығы Жанар Хамзинаның айтуынша, бізде ажырасқандардың 80 пайызы балалы отбасы екен.

Егер ұрпақ қамын  ойласақ, қазірден бастап ажырасудың алдын  алғанымыз дұрыс. Себебі ел іргесіне сызат түсіретін бұл әрекеттің зияны шаш-етектен. Ең бірінші баланы әкесіз яки анасыз қалдырады. Ал әке-шешесіз өскен жас ұрпақ кейін ұлттың, қоғамның алға жылжуына қас болып, қарсы әрекетке бармасына ешкім кепіл болмайды. Сонымен қатар ажырасқан көп әйелдер жүйкелері сыр беріп, жеңіл жүріске салынып кетуі де ғажап емес.

Тағы бір түйткілді мәселе – демография. Бір қазақты екеу ете алмай жатқан қазіргі кезде ажырасу халық санының көбеюін тежейді. Оның үстіне ажырасу бүгінгі қарқынмен өсе берсе, алдағы 10-15 жылдың ішінде 50 пайызға жету қаупі бар. Ең сорақысы, бұзылған некенің салдарынан ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас үзіліп, тіпті бір-бірін танымайтындай деңгейге жетуі мүмкін. Бұл көп жағдайда әйелі балаларымен араласуына қарсы болуына бай-ланысты әке тарапынан орын алады. Дәл осы жағдай өте қауіпті. Өйткені, елімізде осындай жағдайды пайдаланған ажырасқан әйел күйеуінен кек алу мақсатымен қызын жезөкше қылып, әкесінің астына салып бермек болған. Алла ондайдан сақтасын!

Міне, бұл ажырасудан келетін апат! Бұл апат жойқын зілзаладан да қауіпті. Өйткені, таразының бір жағында тұтас ұлт тұрғанын естен шығармау керек. Демек, етек-жеңді жинайтын кез келді. Ажырасуға бүкіл халық болып қарсы тұру керек. Қажет болса, билік ажырасқандарға салық немесе айыппұл салғанның да еш артықтығы жоқ. Онсыз да шайлықтан аспайтын айлықтан салық жиналып, шалыс басып, тайып құлағанға айыппұл са-лынып жатыр. Ресейдегі сияқты ерлі-зайыптылар арасындағы ынтымақты арттыру мақсатында «Отбасы бірлігі» күнін енгізудің де пайдасы болары сөзсіз.

Ажырасуды болдырмайтын себептердің ең бастысы – әйелдің  үйде отыруы. Егер осы жағдай орын алса, қоғам үшін пайдалы, ел ертеңі үшін жасалған стратегия болар еді. Десек  те, біздегі нәзікжандылардың белсенділігіне және олардың қолдаушыларына қарап, жуық арада елімізде мұндай стратегия жүзеге асады дегенге сену қиын. Себебі, жуырда халық қалаулысы атанып, ел сенім артқан белгілі ағамыз бұл мәселеге қатысты: «Мемлекеттік басқару аппаратында әйел адамдардың санын арттырғанымыз жөн», – деп өз пікірін білдірді. Қызық! Еріксіз езу тартасың. Билік тұтқасын ұстағандарды бейне бір, аққу, шортан һәм шаян ба дерсің. Өйткені, бізде біреулер әйелдердің үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысуын, соның себебінен болашақ ұрпақтың рухани өсуін қаласа, біреулер нәзікжандылардың билікке тала-сып, кейбір ерлерге ғана тән істерге араласуын, солайша, ұлт шамшырағының мұқалып өшуін қалайды. Онсыз да еліміздің бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызын әйел адамдар құрайды және бұл көрсеткіш жыл санап өсуде. Олардың басым көпшілігі білім беру мен медицина саласы екендігі белгілі. Бұл жердегі көрсеткіш сәйкесінше 73 және 87 пайызға тең. Тәуелсіздік алғалы оннан астам әйелдің министр және өзге де мемлекеттік органдардың басшылығына тағайындалғаны тағы бар. Бұл мақтаныш емес. Керек десеңіз, бұндай әрекеттің соңы орны толмас өкінішке ұрындыруы да ғажап емес. Өйткені көп жағдайда қызмет қуған мұндай әйелдер отбасын құруға  асықпайды. Қырықтың қырқасынан асқан кезде барып, жалғыз жүріп шаң шығара алмасын түсініп, күйеу іздеуі мүмкін. Бірақ, солған гүлдің ешкімге сыйлық болмайтыны белгілі.

Жалпы, әйел адамның  қызмет қууы жөнінде «заманақыр бол-ғанда әйел базаршыл, еркек қазаншыл келер» деген сөз бар. Ойланатындай-ақ жағдай. Қабырғамыздан жаратылған жан-дардың билікқұмарлығы дүниенің шегі тақалғанын білдірмей ме? Оның үстіне, түзде жүрген әйелден үйде отырған әйелдің қоғамға келтірер пайдасы орасан. Осы мәселеге байланысты АҚШ экономисі, Нобель сыйлығының иегері Г.Беккер «Отбасы туралы трактатында»: «Үйде отырып отбасына ғана көңіл бөлген әйел қоғамдық жұмыстармен айналысқан күйеуінен мемлекетке көп пайда әкеледі», – деген. Тағы бір американдық саясаткер, Р.Никсон, Дж. Форд және Р.Рейган сынды үш бірдей президенттің кеңесшісі болған Патрик Джозеф Бьюкенен «Батыстың ажалы» атты кітабында: «Ірі және шағын бизнес әйелдерді ана мәртебесінен айыруда, оларды отбасынан бөліп әкету үшін оңтайлы шарттар ұсынып жатыр, – дей келе, отбасына қысым күшейді. Еркектер кәсіп десе, ішкен асын жерге қоятын әйелдердің талабына көнуге мәжбүр болып қалды. Отағалық және әкелік міндетінен ажыраған олар тайғақ жолға тап болып, кейбірі түрмелерге түсті», – деп сөзін түйіндейді. Бұл не? Бұл, әрине, өздерінен бастау алған саясаттың салдарынан өзек күйгенін мойындау және өзгелерге ескерту. Иә, гендерлік саясат тек батыстың ғана емес, барлық әлемнің ажалы болуы мүмкін. Өйткені сөз атасы Майқы би: «Ақырет жақындағанда әйел би болар, еркек жасып, и болар», – деп әйелдің төрелік айтқаны ақыреттің белгісі екендігін айтып кеткен.

Сөз жоқ, әйел, ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі. Бірақ  «жаман әйел жақсы еркектің басын  көрге сүйрейді» деген қазақ  ешқашан әйелдерін еркінсітіп қоймаған. Барлығын шариғат өлшемімен бағамдап, соған амал еткен. Сондықтан қазақ әйелдері ажырасу тұрмақ, күйеуіне қарсы келмеген.

Егер ажырасуға  дін тұрғысынан қарасақ, шариғатта ол – талақ деп аталады. Әйтсе де, талақ Алла тағаланың ең жек көретін халал істерінің бірі. Сол себепті Құран Кәрімде Жаратушы Иеміз мейлінше әйеліңмен тату болуға шақырып: «Әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды жек көретін болсаңдар, (ұмытпаңдар), Алла сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін», – дейді («Ниса» сүресі, 19-аят). Сонымен қатар: «Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Алла Жоғары мәртебелі әрі Ұлы», – деп («Ниса» сүресі, 34-аят) құлдарына асығыс шешімге бармай, ажырасудың алдын алу керектігін ескертеді. Егер Алла сөзі мен пайғамбар (с.ғ.с.) хадистеріне мойынсұнсақ, әр қазақ отбасының іргесі берік, шаңырағы биік болары хақ. Ата Заңы шариғатқа негізделген Сауд Арабиясында соңғы отыз жылда небәрі үш-ақ жұптың ажырасуы соның нәтижесі.

Ендеше, ұлт болашағына төн-ген қауіпке қазіргідей салғырт  қарамай, ел ертеңін ойлап, еңсені түзейтін кез келді. Мүмкін тәуел-сіз 20 жылда  экономикамыздың қарыштап дамығаны рас шығар, бірақ ұлттық, рухани құнды-лығымыздың әлі де болса ақсап жатқаны  жасырын емес. Сондықтан ендігі кезекте басым бағыт пен басты назарды осыған аударған жөн.

Информация о работе Ажырасу салдары