Жастармен жумыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 21:33, реферат

Описание

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының жеке ел болып, төл шаңырағының астына көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, өркениетті даму жолына түскеніне де он бес жылдай уақыт болды. Әрине, қазіргі жағдайына ғасырлап жеткен өзге өркениетті елдерге қарағанда бұл тым аз уақыт. Бірақ, осыған қарамастан бәйге жолына бірге шыққан көршілерінен оқ бойы озық келе жатқан Қазақстан Республикасының бүгінгі экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда жеткен жетістіктері аз емес.

Содержание

КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6
І ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 6
1.1. Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ ретінде 6
1.2.Жастардың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері……………...11
ІІ ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ 15
2.1. ҚР-дағы жастардың әлеуметтік проблемалары 15
2.2. Жастарды жұмыспен қамту проблемаларын шешу жолдары мен механизмдері 26
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33

Работа состоит из  1 файл

абданов бакытжан.docx

— 81.15 Кб (Скачать документ)

18 жастан 23-25 жас аралығы шартты түрде кеш бозбалалық немесе ерте ересек шақ деп атайтын жас кезеңімен ерекшеленеді.Осы жастағы жас адамнан қоғам әлеуметтену объектісін ғана емес,қоғамдық өндірістік әрекеттің жауапты субъектісін де көреді.Әрекеттің басты саласына енді мамандықтарға байланысты жіктелген еңбек жатады. Жастардың көп бөлігі жалғастырып жатқан білім енді арнаулы,кәсіптік болып табылады,және жоғарғы оқу орындарында оқудың өзі еңбек әрекеті ретінде қаралады.Осы топтың әлеуметтік психологиялық қасиеті жасына ғана емес әлеуметтік кәсіби жағдайларына байланысты да болады.Сонымен қатар,сенімдердің тұрақсыздығы,қарама қайшы ақпараттарды қолдану,өмірлік тәжірибесінің аздығы негативизмнің пайда болуының негізіне,белсенділікке немқұрай қарауға,басқалардың ойларына төзімсіздікке және жоғарылап қоюшылыққа әкеп соғады.   Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.

13 пен  18 жыл аралығындағы жас «жасөспірім  шақ» ұғымымен біріктіріледі  және біршама дәрежеде жаңа  белгілерге және әлеуметтік тәртіптің  нысандарына әкелетін биопсихологиялық  дамумен сипатталады. Бірақ адамды  балалық шақтан бөлетін демаркациялық  сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас  көптеген елдерде құқықтық дербестіктің  басталуымен сипатталады, яғни  ересектермен қалыпты теңестірумен  және занды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу,  армияда қызмет ету, некеге  отыру, сайлауға қатысу.

Жастық  шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың  саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.

Социолог  В.Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ  деп түсінуге болатын жас ерекшелік  кезеңдерінің шеңберіне жатады деп  есептейді. Ал одан әрі -әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын  айқындауға арналған аса кең шекараларды  ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кигізеді.

Көптеген  социологгар адам жасы тек «есептегіш», өмір сүрген жылдың көрсеткіші ретінде  ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның  даму процесінің динамикасын зерттеуде  елеулі «мәні бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен мүдде, мақсаттар  мен өмір сүру жоспарлары, іс-әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы тұтастықта зерттеуді үсынады.

Адам  жасының қоғамдық функциялармен  байланыс идеясы ғылымда бірнеше  рет атап көрсетілді. Ол адамның  өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты. Адамның барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А. Шопенгауэрдің «Адамның жастары туралы» еңбегінде нақты  көрсетілген, онда ғалым өмір жолын  екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері  және белгілері бар.

Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделеріне, құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен ұрпақ  жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес.

Экономикалық  белсенді тұрғындардың халықтың жалпы  құрамындағы үлесінің төмендеуі  неғұрлым қарқынды бөлігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту  қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір  екіншісі жастардың өкілі. Олардың  жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардьщ саны 1993 жылдың басында  жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін  құрадыі.

Проблеманы  зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмыскерлер қатарының жасарғанын атап көрсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің  жартысы – 14 пен 30 жас арасьшдағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден  бір бөлігін 14-18 жастағы кәмелетке  толмағандар ққрайды, Қазақстанда  тиісінше – 50,9 және 6,9 процент. 1999 жылы ҚР полиция қызметкерлері 148 мыңға  жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға  көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған студенттері 40 процентке  жуық, ал мектеп, лицей және гимназиялардың оқушылары – 23 процентке көбейді.

Жасөспірімдер және жастар жасаған қылмыстың айрықша  ерекшелігі соңғы жылдары жеке бас  мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті  айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылық  – бұлар кәмелетке толмағандар  жасаған қылмыстың өзіндік «жиынтығы». Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады. Мүндағы барынша «еңбек»  электрондық бүқаралық ақпарат  құралдарына тиесілі, олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі. «Ең басты  батырдың» жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен ғана қол жеткізетін жастардың сенімін  қалыптастырады.

Өзінің  міяез-құлқына осылайша қарау біршама  дәрежеде зандық практиканың және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктерімен негізделеді, бұл жасөспірім қылмыскерлерде өзіне  жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті  қалыптастыруға жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың «жасару» себептерінің бірі болып табылады. Рецидивтер ықтималдығы өсуде. «Жазаңызды өтеп келгеннен кейін қылмыс жасайсыз ба?» деген сүрақтың жауабы да қарапайым: «Жоқ» - деп сұралғандардың тек 45% ғана жауап берді, «Қалай боларын білмеймін» - деп кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 32% жауап берді.

Нашақорлықпен күресті күшейту мақсатында 2000 жылғы 17 ақпанда ҚР Президенті нашақорлықпен  және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі  агенттік құру туралы жарлыққа қол  қойды.

Сонымен қатар мектепке бармайтын балалар  саны өсіп келеді. 1998 жылғы қаңтарда ҚР Білім, денсаулық сақтау және мәдениет министрлігі мектеп жасындағы 17 мың  баланың сабаққа қатыспайтынын, сонымен қатар Қызыл Крест  және Қызыл Жарты ай Қоғамы халықаралық  ұйымы 400 мың баланың мектептен  қол үзгені жөнінде айтады.

Қазақстанның  қазіргі жастарының үлкен бөлігінде  қандай құндылықтар бар, олар неменеге ұмтылады? Алматы жастарының арасында сұрау жүргізген зерттеушілер мынадай  жауап береді: сұралғандардың үштен  екісі банктік ірі шот, сәтті  тұрмысқа шығу, дискотекалар, казино және жағажай, сондай-ақ білім алу, инфляцияға да, деноминацияға да илікпейтін тұрақты  капитал туралы армандайды. Олардың  өз елінде осы капиталға ие болуы  көрнекті. Зертгеушілер тұтас алғанда  жастардың субмәдениетінщ өзінің дүниетанымын, аға ұрпақтың оппозициялық дүниетанымын міндетті қалыптастыру әрекетімен сипатталатын атап көрсетеді. Жастар субмәдениеті мінез-құлықтьщ өзіндік үлгісін, демалысты өткізу нысандарын, киімнің, шаш қою үлгісін  ұсынады. 

ІІ  ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ

2.1. ҚР-дағы жастардың әлеуметтік проблемалары

 

     Тарихтың  «тар жол, тайғақ кешу» жолдарында ұлттың өзін-өзі сақтауының бірден-бір жолы - осы ұлттың рухани потенциалы мен  жалпы тұтастық идеясының сақталуы екендігінде дау жоқ. Біздің жас  егеменді мемлекетіміздің стратегиялық дамуының негізгі факторы халықтың рухани байлығы, оның әскери күші, адамгершілік құндылықтары, білімі, патриотизмі, елдің  тұтастығы болып табылады. Ал енді бұл құндылықтарды жастардың санасына орнықтыру мәселесін қарастырмастан бұрын, алдымызда тұрған бірқатар сұрақтарға жауап табуымыз қажет сияқты. Атап айтқанда, қазіргі Қазақстан жастарының дәл бүгінгі саяси, құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, экономикалық және рухани жай-күйі қандай? Себебі, бұл сұрақтардың шешімін таппай, жастардың патриоттық тәрбиесі туралы айту ерте. Әрине, бұл сұрақтарға нақты, әрі толық жауап табу үшін еліміздің мамандары жүргізген зерттеулер нәтижелеріне жүгінуіміз заңды.

     Саяси тұрғыдан алғанда, Қазақстан жастарының бүгінгі демографиялық жағдайы  олардың саяси аренада ықпалды  субъект болу мүмкіндігін арттырады. Мәселен, сайлау науқаны сияқты саяси  процестерде жастар категориясы  жалпы халық арасындағы көпшілікті құрағандықтан тұрақты электорат  болып табылады. Бұл өз кезегінде  оларға деген  билік өкілдерінің  ерекше назарын тудыруы орынды.

     Жалпы, әлеуметтік-саяси ахуалды талдау көбінесе билік субъектілерінің  бағалы пайымдаулар детерминантымен  анықталады. Реформалар бағамын қолдау немесе оған қарсыласу деңгейінің басым  бөлігі саяси билік элитасының қолдау дәрежесімен немесе бағасымен түйіндес.

     Мұндай  жағдайда жастар мен билік арасындағы қарым-қатынастың дұрыс немесе бұрыс  арнада дамуы жастардың билікке  жақындау, яки олардың биліктен алшақтау тенденциясына алғышарт болады. Демек, жастардың ресми мемлекеттік  идеологияны қолдауы да, қолдамауы  да биліктің қолында екені анық. Ал бұл болса жас түлектер арасындағы патриоттық сезімнің қалыптасуына тікелей  әсері бар “сенім” феноменін  туғызуда терең мәнге ие құбылыс  болса керек.

     Мәселен, зерттеулер көрсеткендей қазіргі кезде  Қазақстан жастары үшін Президенттен басқа, жас ұрпақ өкілдерінің  толық сенімін туғызатын ешқандай мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық немесе саяси институт жоқ. Ал сенім болмаған жерде қандай патриотизм туралы айтуға болады.

     Жастар  мен билік арасындағы қарым-қатынас  деңгейін анықтайтын факторлардың келесі бір түрі - жастардың саяси шешімдерді қабылдау процесіне қатысуы екендігін атап өткен жөн.

     Жастардың саяси мәртебесі олардың саяси  күш ретінде қалыптасу, өзара  әрекет немесе келісімпаздық шараларын  құра білу, саяси билікке қол жеткізу  мәселесі бойынша өзінің алдына мақсат қою және оның іске асыру мүмкіндіктерімен анықталады. Демек, демократиялық қоғам  дамуының көрсеткіші ретінде тек қоғамдағы жастар санасының сол қоғамда орын алған саяси шындыққа әсері ғана емес, сонымен қатар, оның саяси өміріне тікелей қатысуы мен белсенділігін де жатқызамыз.

     Қазіргі еліміздегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, бүгінгі  таңда жастар қауымының  еліміздің ішкі саясатындағы алатын мардымсыз үлесі олардың   мемлекетті басқару процесінен алшақ екендігін  көрсетіп отыр. Олай дейтініміз, білімді, әрі белсенді жастардың жоғарғы  мемлекеттік   билік орындарындағы  басқарушы лауазымдарға тартылмауда, тіпті жастар ісімен айналысатын  мемлекеттік органдарды басқарып отырған  көптеген лауазым иелерінің жасы аталмыш категория қатарынан  әлдеқашан шығып кеткенін байқаймыз.

     Бұған қарамастан еліміздегі жастар демократиялық  қоғам принциптерін қолдана отырып, осы қоғамды басқаруға қатысу үшін өз құқықтарын іске асыруға тырысуда. Мәселен еліміздің азаматы ретінде  жастар сайлау процесіне қатысып  өз кандидатураларын ұсына алады. Сол  арқылы жастар проблемаларын жоғарғы  мемлекеттік органдарда көтеріп  өз құқықтары мен міндеттерін  қорғауға жол ашады.

     Айталық, 1999 жылы Қазақстан Республикасының  Президентін сайлау кезіндегі жастардың  электоральді белсенділігі олардың  айбынды күш екендігін байқатты. Кең көлемде өткен “Біз кімді  сайлау керектігін білеміз” акциясы  жастардың электоральді белсенділігін  айтарлықтай дәрежеде жұмылдыра  түсті. Мұндай іс-шаралар жастардың  электоральдық мінез-құлықын тәрбиелеуде  маңызды құрал болып табылады. Мұнда азаматтық позицияны және саяси мінез-құлық желісін қалыптастыруды сипаттайтын басқа үрдіс қарастырылады.

     Алайда, осы 2004 жылғы күзде өткен парламенттік сайлауда жастар едәуір төмен электоральдық  белсенділік көрсетті. Осы сайлаудан  кейінгі социологиялық зерттеу  нәтижелері көрсеткендей, жастардың 26,1% ғана өз азаматтық борышын орындап, сайлауға қатысқан.

     Өкілеттік билік органдарының сайлауына деген  қызығушылықтың жоғалуы көбінесе өкілеттік  билік органдарының саяси өмірдегі кейбір рөлінің төмендеуімен, яғни, жастар тарапынан оларға деген сенімнің азаюымен байланысты. Демек, Қазақстанның саяси өміріндегі  Парламент өкілдігінің  төмендеуі, жастардың осы өкімет органына қатынасын біршама салқындатқандай.

     Оның  үстіне депутаттықа үміткер кандидаттардың бағдарламалары да айтарлықтай жастардың  көңілін тарта алған жоқ. Шын  мәнінде, олардың жастарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдау туралы жалпы дәйектері, әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралары, концептуалдық тұрғыдан негізсіз тұғырнамалары  жас ұрпақты қызықтыра алмады. Демек, саяси процестерге қатысу тәжірибесіне қарамастан, жастардың  басым көпшілігі өкілеттік өкімет органдарын сайлау үрдісін елемеуді қалаған сияқты.

     Жалпы, саяси жүйені трансформациялау, азаматтық, демократиялық қоғам белгілерінің бірі болып табылатын көп партиялықты  қалыптастыру, өз позициясын орнықтыру, өзін қандайда болмасын саяси күшке  қатыстыру, онымен сәйкестендіру желісі бойынша қарастырылады. Айталық, кейбір зерттеушілердің жүргізген социологиялық сауалнамасының нәтижесіне қарасақ Қазақстан жастарының 56% саяси партия мен ұйымдардың жұмысына араласуға оншалықты асықпайтындығын көрсеткен.

     Осындай жағдайда жас ұрпақтың негізгі бөлігі еліміздегі саясатқа қатысу мүмкіндігінен, нақтырақ айтқанда, саяси ұйымдарға  мүше болып, олардың жұмысына белсенді түрде қатысудан гөрі, уақыт өткізудің  басқа түрлерін артық санайтын сияқты. Мұндай тенденция, біздің көзқарасымыз бойынша, саяси мәдениеттің тек  жастар арасында ғана емес, жалпы мемлекеттік  деңгейде жеткілікті дәрежеде қолға  алынбай отыруымен байланысты.

Информация о работе Жастармен жумыс