Жастар саясаты туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 19:59, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік–экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін ашу мақсатында жүзеге асырылады.

Работа состоит из  1 файл

жастар саясаты -.doc

— 157.00 Кб (Скачать документ)
 

    1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗІ 

    
    1. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
 

    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясаты жастардың рухани, мәдени білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрбиесін дамыту үшін әлеуметтік–экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлеуметін  ашу мақсатында жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясатының міндеттері:

    1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

    2) жастарға көмек беру және әлеуметтік  қызметтер көрсету;

    3) жастардың әлеуметтік маңызды  бастамаларын іске асыру болып  табылады.

    Қазақсатн Республикасының мемлекеттік жастар саясаты:

    1) ерекше әлеуметтік – демографиялық топ ретінде жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін тану;

    2) Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығына назар аудару;

    3) тән саулығын сақтау және нығайту;

    4) адамгершілік және рухани даму;

    5) Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

    6) азаматтықты қалыптастыру;

    7) жастардың құқықтары мен бостандықтарын  іске асыру;

    8) жастар мәселелерін шешудегі жүйелілік пен кешенділік;

    9) Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыруға жастардың тікелей қатысуы принціпіне негізделеді.

    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  жастар саясатының негізгі бағыттары:

          1) жастардың құқықтары  мен бостандықтарын сақтауды  қамтамасыз ету;

          2) жастар еңбегі  мен олардың жұмыспен қамтылуы  саласындағы кепілдіктерді қамтамасыз  ету;

          3) жастардың кәсіпкерлік қызметіне жәрдемдесу;

          4) жас отбасыларын  мемлекеттік қолдау;

          5) жастардың тегін  орта білім алуына конституциялық  құқығын іске асыру үшін жағдай  жасауды қамтамасыз ету;

          6) жастарды тәрбиелеу  және оларға жан – жақты  білім беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

          7) балалар үйлерінің  мүгедек және тәрбиелеуші жастарының  құқықтары мен әлеуметтік қорғалу  кепілдіктерін қамтамасыз ету;

          8) жастардың патриоттық  және азаматтық тұрғыда қалыптасуы  үшін жағдай жасауды қамтамасыз  ету;

    9) жастардың бойында ұлттық мәдениет пен тілді дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

    10) жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру;

    11) әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;

    12) жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;

    13) дарынды жастарды мемлекеттік қолдау;

    14) жастар саясатын жүзеге асыру  жөніндегі уәкілетті мемлекеттік  органдардың коммерциялық емес жастар ұйымдарымен ынтымақтастығы;

    15) жастардың ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады. 
 

    
    1. Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жастар саясатын   қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы
 

    Жастар  Қазақстан Республикасында мемлекеттік  жастар саясатын қалыптастыруға және жүргізуге қоғамдық жағынан маңызды бастамаларды іске асыру, орталық және жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау, жастар ұйымдарының аталған органдарымен өзара іс – қимыл жасауы арқылы, сондай -ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де нысандарда қатысады.

      Мемлекеттік жастар саясатының  іске асыру жөнінде жастардың,  жастар ұйымдарының мемлекеттік   огандарда өз өкілеттіктеріне  сәйкес және Қазақстан Республикасының  заңдарында айқындалған тәртіппен  қарайды.

          Егер аталған ұсыныстарды  қарау үшін қаржы қаражатының есебі, ақпарат жинау, құжаттардың жобаларын әзірлеу қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар ақпараттық көмекті жүзеге асырады және аталған ұсыныстарды енгізген жастар мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерімен консультатциялар жүргізеді.

      Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру саласында консультациялар мен іс – қимылдарды үйлестіру үшін жастар ұйымдарын олардың келісімімен таратуға құқылы.

          Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іс – шаралар жоспарлары шеңберінде белгілі бір жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мақсатында мемлекеттік органдармен ынтымақтасуға, ал олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультатциялық – кеңесші органдардың құрамына кіруге  құқылы. Аталған мақсаттарды іске асыру үшін консультациялық – кеңесші органдар құрылуы мүмкін.

      Жастарды мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға тарту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, екі жылда кемінде бір рет жалпы республикалық Қазақстан жастары форумын – Қазақстан Республикасының жастары мен жастар ұйымдарының уәкілетті өкілдерінің форумын шақырады.

          Жалпы Республикалық Қазақстан жастар форумын өткізу тәртібі, өкілдік нормалары уәкілетті органдар мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы  мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі консультациялық кеңесші органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жалпы республикалық Қазақстан жастары форумы туралы ережемен белгіленеді.

      Жалпы республикалық Қазақстан  жастар форумы өз құзыреті шегінде жастарға үндеу қабылдай алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру және іске асыру туралы ұсынымдар әзірлей алады. 
 

    
    1. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер
 

    Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер  жұмыс атқарады.

    Әлеуметтік  қызметтер жұмысының бағыттары:

    1) психологиялық – педагогикалық, медициналық - әлеуметтік заңды көмекті жүзеге асыру және кәмелетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;

    2) өздерінің тәни кемістіктеріне  байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда  қалған адамдарға әлеуметтік  көмек;

    3) еңбек және оқу ұжымдарында  жастарды құқықтық қорғау;

    4) мінез – құлқы девиантты кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;

    5) жастар арасындағы бас бостандығынан  айыру орындарынан басталған,  сондай – ақ арнаулы тәрбиелеу  мекемелерінен оралған адамдарды, нашақорлықтан, маскүнемдіктен емдеуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ – мен ауыратын адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру;

    7) құқықтық насихат, жастардың жұмысқа  орналасу, білім беру және кәсіптік  даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;

    8) жастардың тұрғылықты жері бойынша  бос уақытын мазмұнды өткізуін  ұйымдастыру, соның  ішінде  жасөспірімдер мен жастардың  аула клубтарын ашу мен қолдау және жастарға көмек көрсету жөніндегі басқа да қызметтер;

    9) жастардың жұмысқа орналасуына  және жұмыспен қамтылуына жәрдем  -десу болып табылады.

    Жастарға  арналған әлеуметтік қызметтер жұмыстарын қаржыландыру мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін көзделген мемлекеттік бюджет қаражатының, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.

    Әлеуметтік  қызметтердің жастарға арнап мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын қызметі шеңберінде көрсететін әлеуметтік қызмет көрсетулері тегін ұсынылады.

    Жастарға  арналған инфрақұрылым.

    Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттік органдардың жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің арнаулы  мақсатын өзгерту туралы, тарату туралы шешімдерді қабылдау тәртібі жастардың тіршілігін, білім алуы мен тәрбиесін, дене тәрбиесін, рухани және имандылық жағынан дамуын қамтамасыз ету үшін мұндай шешімдерді қабылдаудың салдарын тиісті мемлекеттік органның немес органдардың арнайы құрылған сараптама комиссиясының бағалауы жөніндегі іс – шараларды көздейді.

      Мемлекеттік меншік мүлкі болып табылатын, құрылуы, сатып алынуы немесе оқшауландырылуы жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты болатын мүлік аталған мақсаттарына ғана сәйкес пайдалануы мүмкін.

          Егер туындаған  мән – жайларға байланысты аталған  мүлікті жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында пайдалану мүмкін болмаса, оны өзге мақсаттарда пайдалану туралы шешімді тиісті уәкілетті мемлекеттік орган жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрлым объектісінің шығынын өтеуге бағытталған шараларды алдын ала қолдану шартымен қабылдайды.

      Мемлекеттік органдар Қазақстан  Республикасының заң актілерінде  белгіленген тәртіппен жастар ұйымдарына үйлерді, ғимараттарды және олардың жарғылық мақсаттарын беруге құқылы.

      Жастарға арналған мемлекеттің  меншігіндегі әлеуметтік инфрақұрлым  объектілерінің жұмыс істеу тәртібі,  оны материалдық және қаржылай  қолдау аралары Қазақстан Республикасының  заңдарымен айқындалады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    
  1.   ЖАСТАР- ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ОБЪЕКТІСІ
 
    
    1. Жастар  – қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы
 

    Жастар  – бұл ересектер әлеміне ену жєне оған бейімделу әлеуметтік пісіп жетілу сияқты арнайы белгілері бар қоғамның демографиялық – әлеуметтік тобы.

    Бұл анықтама кейінгі уақытта қалыптасқан. Себебі, бұрынғы уақытта қоғам жастарды әлеуметтік топ деп қарастырмаған.

    Кейбір  кезде жастар деп 14 – 30 жас аралығындағы адамдарды айтады. Ал, ЮНЕСКО жастар деп 14 – 25 жас аралығындағы азаматтарды айтады.

    Жастық шақты жеке тұлғаның дамуының белгілі бір стадиясы ретінде қарастырып, осы жастағы адамға тән әлеуметтік – психололгиялық, физиологиялық ерекшеліктерге негізделген жеке бастық процестарге назар аударған жөн. Ал жастарды зерттеу барысында, оларды әлеуметтік – демографиялық топ ретінде қарастырып, оның санасы мен іс – әрекетіне мән беріледі.

    Қазір қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер бүгінгі жастардың тұрмысына, жағдайына, дамуына қарама – қайшылық әсерін тигізіп отыр.

    Еліміздегі  әлеуметтік өзгерістерге байланысты жастар ортасында дифференциялану процесі белсенді түрде жүруде. Соның нәтижесінен әлеуметтік құрылымда жеке кәсіпкерлердің, банкирлердің, сондай – ақ қайыршы, қаңғыбас кезбелердің жаңа топтары пайда бола бастады. Ғылыми техникалық революцияның дамуы көптеген мамандықтарды ескіртіп, жаңа дағдыларға, жаңа мамандықтарға үйрену қажеттілігін туғызды.

Информация о работе Жастар саясаты туралы