Зейнеткер мәселелері және оларды шешу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2013 в 20:19, статья

Описание

Қазақстан Республикасы өзінің қалыптасу сатысында зейнетақы тағайындау мен төлеудің толық бірдейлігіне негізделген Кеңес Одағынан қалған зейнетақы жүйесін пайдаланып келді. Осы жүйеде
зейнетақының мөлшері жалақының 50%-ымен белгіленді жəне ол соңғы он жыл істеген жұмысқа сүйену арқылы бес жыл қатарынан есептелетін жұмыс өтілі мен жалақының көлеміне байланысты болды. Зейнетке шығатын жас өзге елдермен салыстырғанда біршама жеңілдікті еді. Мəселен, əйелдер 58 жасқа 20жыл еңбек стажы бар, ал еркектер 63 жасқа толған 25 жыл еңбек стажы бар зейнетке шығуға құқылы болса, ал бірқатар саладағылар (əскери қызметкерлер,көп балалы аналар, Семей полигоны, экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдар мен зиянды өндірістерде жəне еңбектің қауіпті жағдайларында
жұмыс істейтіндер жəне т.с.с.) одан да ерте шығатын еді.Зейнетақының сатып алу қабілетіне зейнеткерлердің əл-ауқаты, өмір сүру ұзақтығы мен тұрмыс сапасы тікелей байланысты.

Работа состоит из  1 файл

Макала.Жабайканова 03.doc

— 61.50 Кб (Скачать документ)

Зейнеткер мәселелері және оларды шешу 

Қазақстан Республикасы өзінің қалыптасу  сатысында зейнетақы тағайындау мен төлеудің толық бірдейлігіне негізделген Кеңес Одағынан қалған зейнетақы жүйесін пайдаланып келді. Осы жүйеде

зейнетақының мөлшері жалақының 50%-ымен белгіленді жəне ол соңғы он жыл істеген жұмысқа сүйену арқылы бес жыл қатарынан есептелетін жұмыс өтілі мен жалақының көлеміне байланысты болды. Зейнетке шығатын жас өзге елдермен салыстырғанда біршама жеңілдікті еді. Мəселен, əйелдер 58 жасқа 20жыл еңбек стажы бар, ал еркектер 63 жасқа толған 25 жыл еңбек стажы бар зейнетке шығуға құқылы болса, ал бірқатар саладағылар (əскери қызметкерлер,көп балалы аналар, Семей полигоны, экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдар мен зиянды өндірістерде жəне еңбектің қауіпті жағдайларында

жұмыс істейтіндер жəне т.с.с.) одан да ерте шығатын еді.Зейнетақының сатып  алу қабілетіне зейнеткерлердің  əл-ауқаты, өмір сүру ұзақтығы мен тұрмыс сапасы тікелей байланысты.

Қазақстан 1998 жылы ТМД аумағында  жеке зейнетақы төлемдерінің негізінде жинақтық зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне біртіндеп көше бастаған тұңғыш мемлекет болған еді. Зейнетақы реформасын өткізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарына персонифицирленген есеп жүргізу арқылы зейнетақы ала отырып экономикалық өсуді ескеретін қаржылық тұрғыда тұрақты және әділетті жүйені құру болды. Оған қоса жинақтаушы зейнетақы қорына бірқатар проблемаларды шешу: әлеуметтік шиеленісті реттеу, бюджетті біртіндеп зейнетақы төлемдерін төлеу ауыртпалығынан босату, азаматтардың ақшаны көптеп және заңды жолмен табуға деген қызығушылығын ояту міндеттелген. Зейнетақы реформасының нәтижесінде болашақ зейнетақылардың сақталуы және көбеюі, ал экономиканың тағы да бір институционалды инвесторды – зейнетақы қорларын алуы тиіс еді.

Зейнетке шығуына қарай Қазақстан Республикасының азаматтары өздеріне тиесілі бірдей зейнетақыны жұмыс өтілі бойынша ресімдейді жəне олар жинақталған зейнетақы жарналарын алуға құқылы.

 

Қазақстандағы зейнетақымен қамтамасыз ету қазіргі уақытта бір мезетте  ынтымақтас және жинақатушы жүйелер механизмдерін біріктіретін үш деңгейден (пиллардан) тұрады:

Бірінші деңгей — бұл Қазақстанның КСРО тарағаннан кейін мұраға алған  және “ұрпақтар ынтымақтастығына”  негізделген ынтымақтас зейнетақы  жүйесі. Бұл жүйедегі зейнетақы төлемдерінің көзі халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салықтық төлемдері және өзге де түсімдер есебінен жиналатын мемлекеттік бюджет болып табылады. Зейнетақылық төлемдерінің мөлшері еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгейдің шеңберінде зейнетке шыққан сәттегі еңбек өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарындағы ахуал бойынша алты айдан кем болмайтын тұлғалар үшін зейнетақылық төлемдері қалыптастырылады.

Ынтымақтас жүйемен қатар, жинақтаушы зейнетақылық қоры құрылған және дамып  келеді. Екінші деңгей — Бұл Қазақстан азаматтарына, Қазақстанда тұрақты түрде тұрып жатқан шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған ай сайынғы кірістен алынатын зейнетақылық алымдарының бекітілген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.

Үшінші деңгей - ерікті және кәсіби зейнетақылық жарналарына негізделген жинақтау жүйесі.

Отандық зейнетақы жүйесін қайта  құру ұзақ мерзімді сипатқа ие: жинақтаушы зейнетақылық жүйесіне толықтай көшу 2040 жылға дейін болжанып отыр.

2009 жылдың сәуір айынан бастап  зейнетақылық жинақтарын бір қордан екінші бір қорға аударудың автоматты жүйесі енгізілген, Зейнетақыларды Төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталық арқылы “автоаударма” жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2009 жылдың 1 сәуірінен  бастап) жаңа зейнеткерлік келісім-шарттарға  отырған салымшылардың зейнетақылық жинақтары ғана бір ЖЗШ-на шоғырландырылады.

Екінші кезеңде (2009 жылдың 1 шілдесінен бастап) автоаудару жүйесіне бұған  дейін әртүрлі ЖЗҚ-мен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы екі және одан да көп келісім-шарттарға отырған барлық салымшылар (алушылар) тартылатын болады. Аталған кезеңде барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (ЗТМО) жұмылдырылатын болады. Салымшының анағұрлым жайырақ келісім-шартқа отырған қордағы салымшының ЖЗШ-ының біріндегі зейнетақылық жинақтарын “шұғыл түрде жауып тастау” іске асырылатын болады.

Және үшінші кезең (2012) электронды карточкалар арқылы қызмет көрсетуге  көшу болмақ, бұл кезде карточканың  иесі, яғни салымшы өз жинақтарын сеніп  тапсырғысы келетін қорды таңдауды және жинақтарын бір мезетте электронды қызмет көрсету жүйесі арқылы аударуды жүзеге асыра алады. Соңғы кезеңде, ЖЗШ сапасы жоғары жаңа деңгейге өтеді, бұл кезде салымшы, өзінің жеке қалауы бойынша, өз инвестициялық қорын өзі таңдай алады.

Қазақстан республикасында  2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері-18325,орташа мөлшері-27481,ең жоғарғы мөлшері-40 001 теңгені құрайды.

Бүгінгі күні еліміз бойынша 1 млн 640 мың  зейнеткер бар,ал оның 500 мыңы ең төменгі  зейнетақы алса,90 мыңы ең жоғарғы,ал қалғандары орташа зейнетақы алады.

Денсаулықтың жай-күйі мен тұрмыс сапасы егде жастағы адамдар құрамының  ең маңызды проблемаларының бірі болып саналады. Егде жастағылардың  аурушаңдығына белгілі бір ерекшеліктер тəн, солардың қатарына ең алдымен патологияның көптігі мен созылмалылығы жатады.

Ауру-сырқаудың жыл сайын өсе  түскеніне қарамастан, 60 жастан асқан  тұрғын халыққа стационарлық (тұрақты) көмек көрсетудің көлемі бұрынғы  деңгейде қалып отыр, сондықтан ол тұрғын халықтың осы құрамы үшін көрсетілетін медициналық көмекке қатысты нақты ахуалды көрсетпейді. Егде жастағы адамның белсенділігі мен икемділігі кейбір жағдайларда жетпей жатады. Осыған орай егде жастағы адамдарға моральдық қолдау көрсету үшін жағдайлар жасауға қатысты қоғам жауапкершілігі өзекті мəселеге айналады. Аға ұрпақ өкілдерінің азаматтық қоғам институттарына сенім білдіруі мен олардың қызметіне қатысуы анағұрлым төмен, əйтсе де, егде жастағы адамдардың машықтары мен білімдерін жергілікті қоғамдастықтар белсенді түрде пайдалануларына болар еді.

Халықтың осы санатына қатысты  негізгі үш проблеманы бөліп атауға болады, олар – денсаулық жағдайына  қанағаттанбау, төмен табыс пен  жалғызбастылық.

Экономикалық белсенді емес халықтың негізгі үлесін зейнеткерлер – 42,1%

Қазақстандық зейнеткердің күнкөрісі

Егде жастағы адамдардың əлеуметтік тұрмыс жағдайлары ең алдымен олардың  денсаулық жай-күйімен, қоршаған айналасымен  жəне əлеуметтік дəулетімен анықталады

Кіріске қатысты ережелер қолданылады: кіріс  неғұрлым үлкен болса, мемлекеттік зейнетақы да соғұрлым аз болады (осы кезде мемлекеттік емес зейнетақы да кіріс болып есептеледі). Жалғыз тұратын зейнеткер, егер өзінің айлық табысы 130$-дан төмен болған жағдайда ғана толық зейнетақы алатын болады, ал жанұялық жұп үшін бұл деңгей $230$-ды құрайды. Ары қарай бәрімізге белгілі қағидаты жұмыс істей бастайды: қосымша кіріс зейнетақы көлемдерінің азаюына алып келеді, және айлық кірістің белгілі бір деңгейіне қол жеткізген кезде зейнеткер тағы да мемлекеттік жәрдемақы алу құқығынан айрылады.

Кірістері шаш етектен төгіліп  жатқан қариялар, әдетте өз кірістерін шарықтау шегінен сәл төмен ұстау  үшін, және сол арқылы тым болмағанда азынаулақ мөлшерде мемлекеттік  зейнетақы алу құқығын сақтап қалу үшін, барын салып бағады. Әлбетте, бірнеше ондаған доллар қаражат зейнеткердің қаржылық жағдайын айтарлықтай өзгерте қоймайды, бірақ тіпті ең төменгі мемлекеттік зейнетақының алушысы барлық тиесілі жеңілдіктерді – арзан билеттерді, тегін медициналық қызметтерді және тағы басқаларын алу құқығына ие болады.

Егер халықтың жалпы санындағы 60 жəне одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған егде тартқан халықтың үлесті салмағы туралы айтатын болсақ, онда бұл көрсеткіш 16%-ды құрайды. Соның  ішінде, осылардың қатарындағы 60 жəне одан жоғары жастағы егде тартқан еркектердің 23,5%-ы жұмыспен қамтылса, ал осы жас категориясында 11,6% əйелдер жұмыс істейді.

60-тағы жəне 60-тан асқан халықтың тең жартысынан  астамы (54,7%) – экономикалық белсенді  адамдар. 60-64 жастағы əйелдердің  экономикалық белсенділігі 23,4%-ды  құрайды, ол 65-69 жаста 13,5%-ға дейін кемиді де, 70 жəне одан жоғары жаста 3,4%-ға дейін азаяды. Барлық сəйкес жастарда əйелдермен салыстырғанда еркектерде осы көрсеткіш жоғары, мəселен, 60-64 жастағы еркектердің 50,7%-ы, 65-69 жастағылардың 19,5%-ы 70 жəне одан жоғары жастағылардың 6%-ы экономикалық белсенді адамдар. Егде жастағы əйелдер еркектермен салыстырғанда қоғамдық өндірістегі жұмыспен азырақ қамтылған, сонымен қатар еркектердің де жəне əйелдердің де жастары ұлғайған сайын жұмыспен қамтылу дəрежесі азая береді.

Экономикада жұмыс  істейтін егде жастағы əйелдердің үлесті салмағы еркектермен салыстырғанда  төмен болғанына қарамастан, абсолютті  көрсеткіште осы жас категориясындағы жұмыспен қамтылған еркектер мен  əйелдер санындағы айырмашылық  шамалы ғана. Ол халықтың жоғары жас топтарына жататын əйелдердің саны еркектерден 1,5 еседен артық болуына байланысты.

65 жəне одан  жоғары жастағы экономикада жұмыспен  қамтылған ауыл халқының үлесті  салмағы 2002 жылғы 2,8%-дан 2004 жылы 2,0%-ға дейін кеміді.

Ал қалаларда  тұратын осы жастағы халықтың экономикалық белсенділігі төмендеу, 2002 жылы 2,2% болған ол 2004 жылы 1,1%-ға дейін азайды.

Зейнеткерлік жаста жұмыспен қамтылу.Зейнеткерлік жаста жұмыс істеуді одан əрі  жалғастыруға қатысты себепті зерттеу  егде жастағылардың қажеттіліктеріне көбірек бағдарланған əлеуметтік қызмет көрсетулердің нысандарын анықтау үшін əлемнің түрлі елдерінде жүргізіледі.Егде  жастағыларға əлеуметтік қызмет көрсетуге кəсіптік бағдар, кəсіптік қайта даярлау мен зейнет қарсаңындағы жастағы жəне зейнетке шыққаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы егде жастағы адамдар үшін жұмыс іздестіру енгізілуі тиіс. Мұндай шара қартаю қарқындарын баяулату мен еңбек əлеуетін сақтауға жəне егде жастағылардың еңбекке жарамдылық деңгейін алпына келтіруге септігін тигізеді.

Ауылдық үй шаруашылықтарына қосымша  табыс əкелетін жəне егде жастағы  ауыл халқын қосымша жұмыспен қамтамасыз ететін ауылшаруашылық жұмыстардың  маусымдық сипатына қарай ауылдық  жерлердегі жұмыспен қамтылған халық  саны қаладағылармен салыстырғанда  анағұрлым жоғары.Қала жəне ауыл зейнеткерлерінің зейнетақы мөлшерлеріндегі кейбір айырмашылық мына себепке байланысты, зейнетақы соның негізінде есептелетін еңбекке қабілетті кезеңдегі ауыл халқының еңбекақысы қалалардағы жалақыдан орта есеппен төмен.Қазақстанда жасы келген зейнеткерлер санының еңбекке қабілетті жастағы халыққа арақатынасы 2009 жылы 17,6% болды жəне ол экономикада жұмыспен қамтылған халық санының 24%-ын құрады, бұл көрсеткіш Ресей, Украина, Белоруссия сияқты елдерден анағұрлым төмен.тең жартысына жуығын егде жастағы адамдар құраған халықтың елеулі бөлігі үй шаруашылығында жəне заңсыз өнімді қоса есептегенде, ұйымдаспаған бизнес қызметі саласында өндірілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндірумен жəне сатумен

шұғылданады.

 Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырудың нашарлауына байланысты егде жастағы еңбекке қабілетті азаматтар үй іргесіндегі жəне саяжай учаскелерінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндіруді дамытумен, тұрғын үй-жайларды жалға берумен, сондай-ақ өздерінің дербес өндірген,жəне экономиканың бақыланбайтын секторындағы кəсіпорындар өндірген тауарларды көшеде сатумен айналысады.

Ауылдағы көптеген зейнеткерлер ақы  төленетін жұмыс табуға мүмкіндіктері  жоқ еңбекке қабілетті жастағы  үй шаруашылықтарының отбасы мүшелерін  өздерінің зейнетақысымен асырауға мəжбүр.

Қазақстандағы зейнеткер адамдардың денсаулығына, оларға медициналық көмек  ұйымдастыруға, əлеуметтік қорғалуларына  байланысты бірқатар факторлар қызығушылық  туындатады.Мəселен, 2004 жылдың нəтижелері бойынша тексерілгендердің ішіндегі аурулардың 48%-ын 60 жəне одан жоғары жастағы адамдар құраған. Барлық тексерілген егде жастағы адамдардың 91,6%-ы ауру болып шыққан. 10 000 тексерілген адамда (0/000)анықталған патологияның деңгейі осы жас тобында республикалық орташа белгіден 1,7 есе асып түскен. Анықталған аурулардың құрылымында қан айналу жүйесінің,сүйек-бұлшық ет жүйесінің аурулары алғашқы орындарда. Көрсетілетін медициналық жəне əлеуметтік көмектің деңгейіне қатысты ахуал сақталған жағдайдағы анықталған үрдістерді ескере отырып, кейінгі жылдарда егде жастағы адамдардың денсаулықтарының одан əрі нашарлайтыны туралы ұйғарым жасауға болады.Салауатты қартаюда медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды қоса есептегенде, егде жастағы адамдардың тұрмыс деңгейлерін сипаттайтын экономикалық детерминанталардың (нақты факторлардың) атқаратын ролі аз емес. Қазақстанда  60 жас- тан асқан адамдардың 64%-ға жуығы бір жылдың ішінде медициналық ұйымдарға екінші қайтара қаралады екен. Екінші қайтара қаралудың негізгі себебі дəрі-дəрмектерді сатып алуға қаражаттардың болмауынан емдеудің тиімсіздігі болып табылады. егде жастағы тұрғын халыққа медициналық көмек көрсетудің жеткіліксіз деңгейі, осы топтағы адамдардың білікті ем алуға деген мүмкіндіктерінің төмен деңгейі туралы айғақтайды.

Егде жастағылар үшін білімнің маңыздылығы  халықтың экономикалық белсенділігі туралы деректермен расталады. егде жастағы  адамдардың өмірдің жаңа болмыстарына бейімделуі жəне олардың экономикалық белсенділігі мен қоғамға пайдалы  қызметін ұзарту тұрғысында оларға қолдау

көрсетуге бағытталуы тиіс. Егде жастағы  адамдардың өмірлік маңызды практикалық  машықтарға үйренуде ақпараттың информалды ағынының жасырын қызметтерінің  есебін алу оны білім нысанының  бірі ретінде қарауға мүмкіндік  береді. Зейнеткер жаста білім  қажеттілігі жөніндегі проблема, тұлғаның кез келген жаста қалыптасу сатысындағы сияқты оқуға деген уəждемеге байланысты.Зейнеткер жастағы адамдарға қатысты стратегияның болмауы көбіне қоғамның əркелкі тараптары мүдделерінің алшақтығымен, сондай-ақ осы мəселенің Қазақстанда өзекті еместігімен түсіндіріледі. Жалпы, Қазақстандағы егде жастағы тұрғын халықтың салыстырмалы түрдегі саяси жəне əлеуметтік белсенділігі іс жүзінде қажет болмай

Информация о работе Зейнеткер мәселелері және оларды шешу