Әлеуметтік институттар түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:28, реферат

Описание

Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады. Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдастық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын – біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді. Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде құрылады.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтік институттар қызтетті.doc

— 123.50 Кб (Скачать документ)

Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық инстиуттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.    

Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық  құндылықтарды қолдауға ықпал етеді.

4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасцында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де беркі болуына тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл сызбанұсқада келтірілген әлеуметтік институттар арасында тығыз байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек саяси билікті ғана жүзеге асырып қоймайды, сонымен қатар экономикалық, рухани және отбасы салаларының қызметтеріне де елеулі ықпал етіп отырады.

     Институттардың мойындалған мақсаттары ретінде оңай танылатын айқын функциялары және әдейі емес немесе жасырын жүзеге асырылатын латентті функциялары болады.Өзінің базалық қоғамдық функциясын жүзеге асыру үшін әрбір әлеуметтік институт қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатымен адамдардың бірлескен қызметін қамтамасыз ететін функцияларды атқарады. Ең алдымен, институт қоғамдық қатынастарды бекітеді және ұдайы өндіреді. Бұл институттың әрбір мүшесінің қызмет ететін шеңберлерді белгілейтін мінез-құлықтың ережелері мен стандарттық нормалары жүйесінің арқасында мүмкін болады. Әлеуметтік институттардың қызмет атқаруы қоғам мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты рөлдік талап-күтулер арқылы реттеуді қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылау қоғамда белгіленген және қалыптасқан мінез-құлық үлгісін сақтауды қамтамасыз етеді.Институттардың интегративтік қызметі де маңызды болып табылады. Институттандырылған нормалардың әсерімен әлеуметтік топтар мүшелері бірігуінің, өзара тәуелділік пен жауапкершіліктерінің, өздерінің мақсаттарын салыстыруының әлеуметтік процестері табысты жүреді.Әлеуметтік институттың трансляциялаушы қызметі қоғамда жинақталған әлеуметтік тәжірибе беруді қамтамасыз етеді. Жеке адамды әлеуметтендіру, тәрбилеу және дамыту процестері арқылы алдыңғы ұрпақтың нормативтік-құндылық элементтері, тыныс-тіршілігінің тәжірибесі игеріледі.Институттардың коммуникативтік мүмкіндіктері арқылы олардың ішінде туған ақпарат оның құрамына енген жеке адамдар мен топтар арасында да, институттар арасында да таралады.Әлеуметтік институттардың айқын  функциялары күтілетін және қажетті болып табылады. Егер де институт оларды игере алмаса, онда ол сөзсіз таратылады және өзгерістерге ұшырайды. Алайда әлеуметтік институттардың іс-әрекеттерінің жоспарланған нәтижелерімен қатар жасырын, түсініксіз не болмаса алдын ала жоспарланған нәтижелер де болады.

     “Дисфункция” ұғымын алғаш енгізген американдық социолог Р.Мертон болатын, ол жүйенің бір бөлігінің екінші бөлігіне ықпалының теріс салдарларын бейнелеуге және қандай да бір жүйенің біртұтастыққа тұтасуы дәрежесін көрсетуге тиіс. Ол іс-әрекет пен мінез-құлықтың барлық институцияландырылған үлгілері қоғамның бірлігі мен тұтасуына қызмет ететіндігіне күмән туғызған және де дисфункцияларды зерделеуді маңызды деп ұйғарған. Мысалы, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның әлемдегі оқиғалар туралы неғұрлым жылдам және толық хабардар болуын қамтамасыз етуге және тиісінше коммуникация дәрежесін көтеруге тырысуы сенсация қууға және ақпараттарды бұрмалауға әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл басқаның қайғысына, күш қолдануды қабылдауға, мораль талаптарына қоғамның сезімталдық қасиетін төмендетеді.Сырт көзге әлеуметтік институттардың дисфункция құбылысы даярланған кадрлардың, материалдық қаражаттың жетіспеушілігінен, ұйымдастырудағы кемшіліктерден және т.б. болатын сияқты мүмкін. Мазмұндық көзқарас тұрғысынан дисфункциялар қызмет мақсатының айқын еместігінен, функцияларының анық еместігінен, сол институттың әлеуметтік мерейі мен беделінің түсуінен, жекелеген функциялардың бастапқы оңтайлы мақсаттарды орындауға емес, өзінің болмысын сақтауға арналған қызметіне ауысуынан көрініс табады.Әлеуметтік институттардың өзгеруі  едәуір ұзақ та күрделі процесс. Олардың даму тарихы дәстүрлі нысандарының біртіндеп қазіргі заманғы түрге айналатындығын көрсетеді. Мысалы, отбасы, құқық, дін, билік институттарын алайық. Олардың жаңа ерекше түрлерінің пайда болуы жаңа әлеуметтік байланыстар мен қажеттіліктердің пайда болуымен байланысты. Мысалы, индустриалдық қоғамда жаңа - нарық, еңбек келісім-шарты, жарнама, бұқаралық мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, қоғамдық қозғалыс, жалғыз басты ата-ана, ерлі-зайыптылардың бөлек тұруы және басқа институттар пайда болды.

 


Информация о работе Әлеуметтік институттар түсінігі