Әлеуметтанудың пәні мен обьектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 05:37, реферат

Описание

Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді.

Содержание

Кіріспе
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Қоғамның әлеуметтік құрылымының әлеуметтануы және әлеуметтік стратификациясы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтану ғылымы.docx

— 47.68 Кб (Скачать документ)

2) әдістемелік, әлеуметтанудың  концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;

4) тәжірибелік функция,  тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды  құрастыруға мүмкіндік береді;

5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.

Әлеуметтанудың қоғамтану  және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде  алатын орны, ең алдымен, әлеуметтанудың қоғам жөніндегі ғылым ретінде айқындалуы, яғни барлық басқа қоғамтану және гуманитарлық ғылымдардың әдістемесі мен қағидасы негізін атқарады. Адам және оның әрекетін зерттеу техникасы мен әдістемесі, әлеуметтанумен құрастырылған, әлеуметтік өлшем әдістері барлық басқа гуманитарлық ғылымдармен қолданылады. Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді.

Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.

Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа ғылым саласын – саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану – әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын зерттейді.

Барлық құбылыстар мен  үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық ғылымдардан гөрі экономикалық, саяси, қоғам өмір әрекетінің рухани жақтарын да қарастырады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының әлеуметтануы және әлеуметтік стратификациясы

               Әлеуметтік стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кү-рылымды біз мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқьшы, және т.б. арқылы қүрылатынын көрсетуге талпындык, Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер кептеп саналады және еңбек бөлінісін үйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары. 
                  Әлеуметтік кұрам әлеуметтік стратификацияға айналады - вертикаль-ды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айт-канда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы. 
              Адамдар әрдайым қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін өзгертіп отырады. Қаржы буржуазиясы жер аристократиясының орнына келіп, оны алмастырды, кззіргі ендірісте біліктілігі шамалы мамандықтарды «ак. жағалылар» деп аталатындардың өкілдері -- инженерлер, програм-мистер, роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарды. Соғыстар мен революциялар қоғамнын әлеуметтік қүрылымын кайта жасап, пирамиданың шынына кейбіреулерді кетерсе, баскдларын тө-мендетті. Олар казір де жүріп жатыр, партиялық элитаны бизнес-элита келіп алмастырды. 
Өрлеу мен кұлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің де көтерілгісі келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді. 
              Әлеуметтік құрылым және стратификация үғымдары, олардың негізгі элементтері мен формалары 
                 Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және үлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байла-ныстар мен кдтынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы бай-ланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бүл болса когамның тұтастығына, оның біртүтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді.Қоғамның әлеуметтік қүрылымы — адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының ара-сындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайла-рының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы. 
           Қоғамның әлеуметтік қүрылымынын даму негізіне: 1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның ©німіне меншік қа-тынастары жатады. Қоғамдықеңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың, тап-тардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды. Қоғамдык. еңбек бөлінісі де, меншік катынастары да қоғамның әлеуметтік қүрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалык алғышарттары болып табылады. 
          Қоғам емірінде әр түрлі кызмет түрлерінің пайда болуына, материал- 
дык өндірістің және рухани мәдениеттің дамуларына еңбек бөлінісінің бёэтгілі дәрежеде елеулі ыкпал ететінін кезінде Огюст Конт, Эмиль Дюркгейм, Питрим Сорокин және т.б. дәлелдеген болатын. Тарихи процестегі қоғамдық еңбек бөлінісінін рөлі жөніндегі кең аукымды ілім, сонымен бірге қоғамныц әлеуметгік қүрылымының дамуы женіндегі түжырымдама ретінде марксизмнің әлеуметтік-экономикалык теорияларында да орын алған еді. Марксизм теориясы жеке меншіктің осы процестегі релін де ашып берді. 
            Коғамның өлеуметтік күрылымының негізгі элементтеріне: 
- коғамдықеңбек белінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік кдтынастар және қоғамдық өнімді белуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады. Оларды осылайша түсіндірудің қажеттілігін әр түрлі ба-ғыттың әлеуметтанушылары мойындап отыр: 
- кала мен ауыл адамдары; 
- ой және дене еңбегінің өкілдері; 
- сословие; 
- әлеуметтік-демографиялык топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);

 

Америка және ағылшын  оқулықтарындағы әлеуметтану пәні

Әр елдің әлеуметтанушыларымен сирек бір жерден шығатын пікір  айтылады. Соңғы жылдары АҚШ пен  Англияда басылып шығарылған әлеуметтану  оқулықтарындағы өзгешеліктерді мысалға  келтірейік.

С.Курт, С.Хастингс, Д.Харрис : «Әлеуметтану – бұл адамзаттың өзара әрекет үлгісінің ғылыми зерттеуі”. Кр. Дуб. «Әлеуметтану – бұл адам тәртібі және осы тәртіпке әсер ететін, адамның әлеуметтік ортасын ғылыми зерттеуі”.

Ст. Мур, Б. Хендри: «Әлеуметтану – бұл адам тәртібін зерттейтін әдістер жөніндегі ғылым ”.

Дж. Херд : «Әлеуметтану –  бұл адам қауымын зерттейтін ең нақты, негізгі жол ”.

М. Тейлор, Л. Рин, С. Розенталь, К. Догби: «Әлеуметтану-бұл әлеуметтік топты және олардың адам тәртібіне  әсері жөнінде оқыту”.

Н.Смелсер: «Әлеуметтану бұл  қоғам мен әлеуметтік қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген фактілерге немесе әлем шындығына сүйене отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана отырып, игеруге тырысады”. Анықтамалардың елеулі бөлігі бұл пәннің «тәртіптік»  түсініктемесімен байланысты. Сонымен  қатар, кейінгі жылдары бірқатар авторлар әлеуметтану пәніне қоғам, әлеуметтік құрылым мен жүйе жөнінде, ғылым ретінде қыр-сырын кеңінен  ашуға тырысады. Әр анықтама ғылым  негізін түсінуге өз айрықша үлесін қосады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

       Қорыта  келе, әлеуметтану қоғамдық жүйелерді, олардың дамуын мен қалыптасуын зерттейтін теоретикалық және эмпирикалық пән. Әлеуметтану қоғамдық өмірді қатынастар жүйесі ретінде зерттейді. Өйткені адам бір уақытта бірнеше салаларда – еңбектік, құқықтық, нормативтік, эстетикалық және т.б. әрекет етеді. Берілген жағдайда әлеуметтану нақты қызмет ететін барлық салаларда әлеуметтік өзара әрекеттерді қарастырады.

           Жоғарыда айтып кеткендей, оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылғанын да білеміз. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асғанын да айтып кетттік. Жалпы бұл теориялар өзінің теоретикалық-әдістемелік мағынасы бойынша бір-біріне қайшы келді, бірақ әлеуметтанудың ғылым ретінде тарихи қалыптасуына әр теориялардың ролі айрықша келеді екен. Әлеуметтануды қоғамдағы әлеуметтік қауымдар, қатынас, құрылым, жүйе мен ұйымдардың дамуы жөнінде зерттейтін ғылымы деп белгілейді екен.

           Жоғарыда айтылып кеткендей, Н.Смелсер: «Әлеуметтану бұл қоғам мен әлеуметтік қатынастың ғылыми зерттеуі. Ол берілген фактілерге немесе әлем шындығына сүйене отырып, ғылыми түсініктемелерді қолдана отырып, игеруге тырысады” деген екен.

        Расында да, әлеуметтанудың зерттейтін обьектісі болып, қоғам мен әлеуметтік қатынастар болып табылады екен.

          Менің ойымша, біз қоғамда өмір  сүріп жатқандықтан, қоғамның құрылысын,  ондағы таптар мен әр түрлі  әлеуметтік топтардың өмір сүруін, қоғамдағы атқаратын қызметтерін,  олардың маңызын зерттейтін ғылым  ретінде әлеуметтануды ғылым  ретінде қабылдауымыз керек. 

           Мектеп ішінде 9-10 сыныптардан бастап, әлеуметтану пәні жүргізілетініне  өзімнің көңілім толады. Себебі, әр Қазақстан Республикасының  азаматы ес кіре бастаған сәттен-ақ, өзін қоғамның мүшесі ретінде  қабылдауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы-2001-160 б.
  2. Булатова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Курс лекций по социологии. Алматы – 2000.-284б.
  3. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқулық – Алматы: Қарасай,2009ж
  4. Рахметов Т. Социология. Алматы-2004ж.

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтанудың пәні мен обьектісі