Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 18:54, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтама мен тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iстер жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне есеп беретiн мемлекеттiк орган.

Содержание

Кіріспе
1 Прокуратураның тарихы
2 Прокуратураның рәміздері
3 Прокуратура органдарының жүйесi және оларды ұйымдастыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 109.50 Кб (Скачать документ)

4-1) өз құзыретi  шегiнде: 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-iс жүргiзу кодексi мен  жедел-iздестiру қызметi туралы заңдарының анықтау мен тергеу органдарының, сондай-ақ жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдардың орындауы үшiн мiндеттi нормаларын қолдану мәселелерi бойынша; құқықтық статистиканың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика мен арнаулы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер;

осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiне сәйкес басқа да нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

4-2) жедел-iздестiру  қызметiн, анықтау мен тергеудi  жүзеге асыратын органдар шығаратын  нормативтiк құқықтық актiлер  бойынша келiсу туралы шешiм  қабылдайды;

5) прокуратураларды, прокуратура органдарының мекемелерiн  құрады, қайта құрады және таратады, олардың құрылымын, құрылымдық  бөлiмшелердiң құқықтары мен мiндеттерiн,  Қазақстан Республикасының Президентi  бекiткен штат санының лимитi  шегiнде прокуратура органдарындағы штат санын және еңбекақы төлеу қорын белгiлейдi;

6) Республика  Президентiне жоғары сыныпты шендер  мен әскери атақтар беру үшiн  кандидатуралар ұсынады; 

7) облыстардың  прокурорларын және оларға теңестiрiлген  прокурорларды, әскери прокурорларды, олардың орынбасарларын, аудандардың, қалалардың прокурорларын және оларға теңестiрiлген прокурорларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

8) прокуратура  органдарының қызметi туралы Республика  Президентi алдында есеп бередi;

9) белгiленген тәртiппен прокуратура органдарының қызметкерлерiне сыныптық шендер мен әскери атақтар бередi;

10) прокуратура  органдарының қызметкерлерiн Қазақстан  Республикасының мемлекеттiк наградаларымен  наградтауға және құрметтi атақтар  беруге ұсынады; 

10-1) "Прокуратураның құрметтi қызметкерi" атағын бередi, осы атақты беру тәртiбi туралы Ереженi бекiтедi;

11) прокуратура  органдары қызметкерлерiнiң қару  мен оқ-дәрi алу, сақтау, алып  жүру және тасымалдау тәртiбiн  айқындайды;

11-1) Жоғарғы  Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер беру туралы ұсыныстар енгiзедi;

12) өзiне Қазақстан  Республикасының заңдарында берiлген  өзге де өкiлеттiктердi жүзеге  асырады. 

Қазақстан Республикасының  Бас прокуратурасына Республиканың  Бас Прокуроры басшылық етедi.

Республиканың Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары болады.

Бас прокуратураның құрылымын және оның қызметкерлерiнiң  өкiлеттiктерiн Бас Прокурор белгілейдi.

Бас прокуратура:

1) Республика  прокуратура органдарының iс-қимылдарын олардың қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша үйлестiрiлуi мен орайластырылуын қамтамасыз етедi;

2) Республикада  заңдардың орындалуын, заңдылықтың  жай-күйiн қадағалау практикасына  талдау жасайды; 

3) прокурорлық  қадағалауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

4) Республика  прокуратура органдарының заңдардың  орындалуын қадағалау жөнiндегi жұмысын  бақылайды; 

5) заңдылық пен  құқық тәртiбiн қамтамасыз етуде  жедел-iздестiру қызметiн, анықтауды  және тергеудi жүзеге асыратын  басқа да республикалық құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимыл жасайды және олардың қызметiн үйлестiрiп отырады;

6) кадрлардың  бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады  және жүргiзедi;

7) норма шығарушылық  қызметiне қатысады;

8) халықаралық  ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкiлдiк етедi.

Облыстардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар:

1) облыстық, қалалық,  аудандық және оларға теңестiрiлген  прокуратуралардың прокурорлық  қадағалауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылық жасайды;

2) бағынысындағы  барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi  бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулар шығарады.

Облыстардың прокуратураларына  және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республика Президентiнiң келiсiмiмен  Республиканың Бас Прокуроры  бес жыл мерзiмге тағайындайтын тиiстi прокурорлар басшылық етедi.

Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестiрiлген прокурорлардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен көмекшiлерi болады. Облыстардың прокурорларының орынбасарлары  облыстық прокуратуралардың тиiстi басқармаларының бастықтары болып тағайындалуы мүмкiн.

Облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда басқармалар мен бөлiмдер болады. Басқармалар мен бөлiмдердiң бастықтары тиiсiнше облыстар прокурорларының  аға көмекшiлерi және көмекшiлерi болып табылады. Басқармалар мен бөлiмдерде аға прокурорлар мен прокурорлардың лауазымдары белгiленедi.

Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларға Республиканың Бас Прокуроры  бес жыл мерзiмге тағайындайтын  тиiстi прокурорлар басшылық етедi.

Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарлары, аға көмекшiлерi мен  көмекшiлерi болады.

Қалалық, аудандық және оларға теңестiрiлген прокуратураларда бөлiмдер құрылуы мүмкiн.

Прокурорлардың  бағыныстылығы:

1) жоғары тұрған  прокурорлардың ұйымдастыру және  қызмет мәселелерi жөнiндегi нұсқауларының  төменгi прокуратуралар үшiн мiндеттiлiгiн; 

2) төменгi прокурорлардың  жоғары тұрған прокурорлар алдында  қызмет мiндеттерiн орындауы үшiн  жауапкершiлiгiн; 

3) жоғары тұрған прокурорлардың қажет болған жағдайларда төменгi прокурорлардың өкiлеттiгiн жүзеге асыруын;

4) жоғары тұрған  прокурорлардың төменгi прокурорлар  актiлерiнiң күшiн жоюын, қайтарып  алуын, өзгертуiн; 

5) жоғары тұрған  прокурорлардың төменгi прокурорлардың iс-әрекеттерi мен актiлерiне жасалған шағымдарды шешуiн қамтиды.

2. Республиканың  Бас Прокуроры төменгi прокурорлардың  бағыныстылығының өзге де нысандарын  белгiлеуi мүмкiн.

Бас прокуратурада, облыстардың прокуратураларында және оларға теңестiрiлген прокуратураларда алқалар құрылады.

Алқа отырыстарында  прокуратура органдары қызметiнiң  мәселелерi, сондай-ақ заңдардың бұзылуының анықталуына байланысты Бас Прокурордың, облыс прокурорының немесе оған теңестiрiлген прокурордың ұйғарымы бойынша заңды  бұзған лауазымды адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды қажет ететiн өзге де мәселелер қаралады.

Алқа шешiмдерi оның мүшелерiнiң жалпы санының  көпшiлiк даусымен қабылданады.

Алқаның шешiмдерi тиiстi прокурорлардың бұйрықтарымен iске  асырылады және прокуратура органдарының қызметкерлерi үшiн мiндеттi. Заңның бұзылуының анықталуына қарай прокурорлық қадағалау актiлерi қабылданады.

Алқа жұмысының  регламентiн және алқа мүшелерiнiң  мәртебесiн Республиканың Бас Прокуроры айқындайды.

 

Прокурордың өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруына кедергi келтiру немесе оған заңсыз шешiм қабылдату мақсатында қандай да болсын нысанда ықпал жасау, сондай-ақ прокурорлардың қаулыларын, ұйғарымдарын, нұсқауларын, талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкелiп соғады.

Прокуратураның талап етуi бойынша тиiстi органдар мен өкiлеттi адамдар:

1) қажеттi материалдар  мен мәлiметтердi өтеусiз және  Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын  өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып беруге;

2) тексерiске  қатысу және қорытынды беру  үшiн мамандар бөлуге.

3) прокурорлардың  қадағалау қызметiн қамтамасыз  ету және олардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшiн өзге де  қажеттi шаралар қолдануға мiндетті.

Прокурордың өз құзыретi шегiнде берген тапсырмасы анықтама мен тергеу органдары үшiн  мiндеттi.

Талап етiлген ақпарат  прокуратура органдарына заңдарда белгiленген нысандарда, сондай-ақ прокурор белгiлеген тәртiп пен мерзiмде  берiледi.

Прокурорлардың өз құзыретi шегiнде тексеру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың үй-жайларына кiдiрiссiз кiруге, олардың басшыларында және басқа да лауазымды адамдарында кiдiрiссiз қабылдануға, iс материалдары тiкелей сот iсiн жүргiзуде жатқан кездегi жағдайларды қоспағанда, құжаттар мен материалдарға сот iстерiмен танысуда қол жеткiзуге және оларды соттан талап етiп алдыруға құқығы бap.

Лауазымды адамдар  мен азаматтар прокурордың талап  етуi бойынша айғақтар беру үшiн оларға белгiленген уақытта келуге мiндеттi. Шақыру жазбаша хабарлама-шақырумен  ресiмделедi және қолхат алынып тапсырылады. Хабарлама телефонограммамен, жеделхатпен  немесе оның тиiсiнше берiлуiн қамтамасыз ететiн басқа байланыс құралдары пайдаланыла отырып та жiберiлуi мүмкiн.

Прокурордың заңды  талаптарын орындамау не прокурордың  талабы бойынша дәлелсiз себептермен  келмей қалу Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Прокурор ұйғарымдары мен қаулылары орындалмаған жағдайда өз құзыретi шегiнде оларды мәжбүрлеп орындатуға құқылы.

Прокурор, заңда  көзделген басқа жағдайлар мен  тәртiптi қоспағанда, өзi жүргiзiп жатқан iстер мен материалдардың мәнi бойынша қандай да бiр түсiнiктемелер беруге, сондай-ақ оларды кiмге де болсын танысу үшiн беруге мiндеттi емес. Өзi жүргiзiп жатқан тексерулер мен iстердiң материалдарын олар аяқталғанға дейiн прокурордың рұқсатынсыз жария етуге ешкiмнiң құқығы жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1 "Қазақстан  Республикасының прокуратурасы  туралы" 1992 жылғы 17 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Заңының  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 5, 104-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат, 158-құжат; 1995 ж., N 3-4, 34-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

  1. ҚР Конституциясы. Алматы, 2003.
  2. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті жарғы. 2001.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістері