Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 16:39, реферат

Описание

Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін калаған француз ғалымы Огюст Конт (1798—1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамды бөлімі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көзкарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне Грек философтарының, Еуроазияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын. Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен қоғамның біртұтастығын, оны дамытатын козғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен шектеліп қалмайды.

Работа состоит из  1 файл

Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні.doc

— 91.00 Кб (Скачать документ)

3. Әлеуметтанудың атқаратын  қызметтері және  онын қоғамдық  ғылымдар жүйесінде  алатын орны

 

  Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану  ғылымының қоғам алдында орындайтын, атқаратын міндеттері бар. Оның танымдық қызметі — әлеуметтік кұбылыстарды зерттеу арқылы олардың мәні мен мазмұны жөніндегі тұжырымдардан, басқа кұбылыстармен байланысынан, даму заңдары мен олардың сипаты жөнінде жаңа ғылыми түсінік алуға талпыну мақсатынан тұрады. Әлеуметтану әр түрлі субъектілер арасында қалыптасатын қоғамдық қатынастарға, олардың қызметінің объективті және субъективті жақтарын талдауға, сонымен қатар әлеуметтік институттардың өмір сүруін сараптауға басқаларға қарағанда аса жоғары маңыз береді.Жоғарыда  аталған әлеуметтану білімі деңгейлеріңде  әлеуметтік про-цестер жоніндегі түсініктер мен ұғымдар жүйесі белгіленіп, қалыптасады. Олардың әрқайсысында бұл процестер  әрқилы деңгейлер дәрежесінде байқалады. Арнайы әлеуметтанулық теориялармен салыстырғанда, жалпыәлеуметтану теориялары деңгейінде ауқымы кең ғылыми қорытындылар жасалады. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер функциясына адамдардың күнделікті практикасын сипаттайтын бастапқы мәліметтерді жинау және оларға эмпириккалық талдау жасау жатады. Әлеуметтанудың  танымдық қызметі, сонымен қатар  алеуметтік процестерді талдау негізінде  қоғам өмірінің материалдық, саяси  немесе рухаии салаларында олардың  одан әрі дамуына ғылыми болжам (прогноз) жасауды қамтиды. Мұндай болжамдар  ұзақ мерзімдік немесе ағымдық сипатта болады: мұндағы мақсат — жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде таяу және алыс болашақтағы қоғам дамуының тенденцияларын терең көре білу десек те, арнайы әлеуметтанулық теориялар шеңберінде пайдалы болжамдар жасалатын болады.Қорыта  айтқанда, әлеуметтанудың танымдық функциясы  қоғамның мәні, оның кұрылымы, өмір сүруі  мен дамуының заңдылықтары, негізгі  бағыттары мен теиденциялары, жолдары, формалары мен механизмдері туралы нақтылы және кең көлемді білім  берумен анықталады.Әлеуметтік  құбылыстар мен процестерге эмпирикалық  және теориялық талдау жасау негізінде, айталық материалідық өндіріс саласында  адамдардың қызметін ынталандыру мен  тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси қатынастарды, әлеуметтік институттардың кызметтерін жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне жатады.Түптеп  келгенде, бұл ұсыныстар әлеуметтік басқару механизмін жақсартуға, оның тиімділігін ұтымды басқарудан бастап, қоғамдық істерді басқаруға дейінгі барлық деңгейде жетекшілік етудің сапасын арттыруға бағытталған. Бұны үлкенді-кішілі дәрежеде қазіргі бүкіл қоғам, әсіресе өркениетті елдер колданады. Олардың бірде-біреуі экономиканың, әлеуметтік таптардың және ұлт қатынастарының, коғамның саяси жүйесінің дамуын басқарусыз қалдырып, өз бетінше жалғасуына жол бермейді. Олардың дамуы белгілі бір басқару құрылымының ықпалымен жүзеге асады. Ол құрылымның қызметі ғылыммен тығыз байланысып, соны жүзеге асырады. Қоғамның күрделенуі және олардың экономикалық, экологиялық, саяси және тағы басқа да дамуы, қазіргі таңдағы жағдайлары әлеуметтік процестерге мақсатты, бағытты түрде ықпал жасау қажеттілігін талап етеді. Дәл осы тұста әлеуметтану өзінің алдындағы міндеттерін ғылыми негізге сүйене отырып орыңдауы тиіс. Әлеуметтану коғамның өмір сүруін жан-жақты саралап өлшейді және бастапкы әлеуметтанулық ақпарат алғаннан бастап, ғылыми дәлелденген қорытындылар мен ұсыныстар жасауға дейінгі ауқымда сан қилы жұмыстар атқарады. Қоғамның  таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметганулық болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала көре білудің мейлінше практикалық маңызы зор. Әлеуметтанудың  келесі бір атқаратын қызметі - идеологиялық міндеттер болып табылады. Өйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын, белгілі бір алеуметтік топтардың, таптардың, саиси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін білдіреді. Бұдан айналып өту тіптен де мүмкін емес. Нақты әлеуметтанулық зерттеулер мен арнайы әлеуметтанулық және жалпыәлеуметтанулық теориялардан туындаған ережелерді идеологиялық тұрғыдан талдауға ұшыраспай алып қалу өте қиын. Себебі әлеуметтанушының өзі белгілі бір өлеуметтік-таптықтың құрамында, яғни көбінесе қайсыбір саяси партияға мүше де болады. Ол өзі зерттейтін әлеуметтік процестерді, қоғамдық кдтынастарды және әр түрлі субъектілердің қызметін белгілі бір дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүниетанымының қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты. Қоғамдық өмірдің қайсыбір жақтарына қатысты әлеуметтанушы жа-сайтын қорытындылар тек өзі жататын әлеуметтік топтың мүддесіне тиесілі болып қана қоймай, басқа да әлеуметгік топтардың, соның ішінде таптардың мүдделерін де қамтитыны рас. Сойтіп, осы корытындылар калыптаса келе идеологиялық мазмұнға, өзіндік реңге ие болады.Сөз болып  отырған мәселелерге ғылыми тұрғыдан қараудың идеологиямен алмастырылуы, әрине, дұрыс емес. Оған ешбір күмән  жоқ. Қоғамдық кұбылыстарға объективтік  талдау жасау зерттеуші үшін қашан да маңызды. Алайда, оның әлеуметтік статусы — сол талдаудың көрінісі, бұл жағдай зерттелетін қоғамдық процестер мен құбылыстарға орай жасайтын оның қорытындыларына сөзсіз әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану кез-келген кезеңде де идеологиялық бағыт ұстайды. Ал, идеологиялық бұрмалаушылыққа жол бермеу үшін әлеуметтанулық зерттеудің барысын, сондай-ақ одан туындайтын қорытындыларды шектен тыс идеологиялаидыру мен саясаттандыруға болмайды. Керісінше оларды жалпыадамзаттық құндылықтармен сәйкестендірген пайдалы.К. Маркс "Фейербах туралы тезистерінде" "философтар дүниені әр түрлі деңгейде түсіндіріп қана қойды, ал істің мәні оны өзгертуде  жатыр" , — деген еді. Ақиқатында дүниені өзгерту оны түсіндіру  негізінде ғана жүзеге асуы тиіс. Алайда, мұмдай өзгеріулер қара бастың қамы үшін жасалмауы керек. Адамдардың өмір жағдайын жақсарту, мұқтаждықтар мсн құндылықтарға орай калынтасу көрініс тапса, міне, сонда ғана ол қажеттілікті өтейді. Сөйтіп, мұндай әлеуметтанудан маңызды алеуметтік қызмет — сыншылдық пайда болады. Бұл жерде әңгіме дүниеге жеке түлғаның козқарасымен баға берудің озара байланыстылығыңда болып отыр. Осы қызметті жүзеге асыруда әлеуметтану ақиқатқа дифференциалдық түрғыдан қарайды. Бір жағынан ол сақтаудың, нығайтудың, дамытудың қажетгігін немесе бәрін өзгертудің, қайта құрудың, т.б. керек еместігін көрсетеді. Ал екінші жағынан қиыдығына көшсек, түбегейлі өзгертулерді керек ететіндерін анықтайды.Әлеуметтану ғылымының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар ара-сында алатын өзіндік орны бар. Ол осы ғылымның қоғамда атқаратын қызметімен және әлеуметтану білімінің құрылымымен айқындалады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын, оның даму заидылықтарын ашатын, тарихи процесте объективтік және субъективтік факторлардың өзара әрекетін көрсететін жалпыалеуметтанулық теориялар, мысалы, тарих, саясаттану, құқықтану, әлеуметтік психология, этика және басқа да ғылымдардың проблемаларын түсіндіруде маңызды дүниетанымдық жөне методологиялық рөл атқарады. Жалпытеориялық алеуметтану аталмыш ғылымдардың проблемаларын кең көлемдегі әлеуметтік контексте карастыруға, олардың зерттейтін құбылыстарының қоғамдағы және тарихи процестегі орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, сол құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау мен түсіндірудің жалпытеориялық бағытта қарастырылуы мен методологиясын жасайды.Бірқатар  ғылымдар үшін арнайы әлеуметтану теориялары деңгейінде қалыптасқан ережелер мен  қорытындылар да маңызды болып саналады. Олар енбек, тұрмыс, адамдардың қызмет түрлерінің проблемаларына қатысты  болуы мүмкін. Бүл мәселелерді  басқа да гылымдар, соның ішінде экономика, экология, педагогика және тағы басқалар қарастырады. Бірақ, арнайы әлеуметтанулық теориялардың бұл мәселелерді қарастыруда өзіндік ракурсы бар. Осы тұрғыдан алып карағанда олар басқа ғылымдардың мәліметтерін толықтырады, ез қорытындыларымен қаруландырады және кұбылыстарды жанжақты зерттеуге мүмкіндік жасайды. Арнайы  әлеуметтанулық теориялар адамдардың еңбек, саяси және өзге де қызметінің әлеуметтік аспектілерін ашады, олардың  әлеуметтік жағдайларын (айталык, қалалық  немесе селолық), отбасылық және жеке басының тұрмыстық жағдайларын ашып көрсетеді. Олар экономикалық, саяси, құкықтык. Және басқа да қоғамдық қатынастар жүйесінде жеке тұлғаның және әр түрлі әлеуметтік топтардың озін-өзі әлеуметтік жағынан көрсету мүмкіндіктерін бейнелейді. Бұл жердегі әңгіме - осы қатынастардың ерекше аспектілері туралы, әсіресе ондағы адамдардың өмірі мен қызметінің мүмкіндіктері, олардың бөлсу қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру дәрежесі жөнінде болып отыр. Арнайы әлеуметтану теориялары денгейіңде жасалған дәлелді қорытындылардың әр түрлі қоғамдық және гумапитарлық ғылымдар үшін маңыздылығы да әрқилы.Нақты әлеуметтанулық зерттеулер көптеген қоғамдық және гума-нитарлық ғылымдар шеңберінде қоғамдық өмірдің кайсыбір процестері туралы жедел мәліметтер алу немесе адамдардың бұл процестерге қаты-насын анықтау мақсаттарында жүргізіледі. Соның арқасында бұл зерттеулер, қай ғылымның саласына сәйкестендіріле жүргізілсе де, зерттелген қүбылыстар мен процестер жөнінде мейлінше дәл мәліметтер алуға мүмкіндік тудырады. Осы жедел ақпараттарды пайдалана отырып, қоғамдық өмірдің жекелеген құбылыстарын жан-жақты қарастырумен қатар, құбылыстардың қайсыбір әлеуметтік жүйедегі және жалпы қоғамдағы орны мен ролін нақты ашуға мүмкіндік жасайды, қоғам өміріндегі макро жөне микро процестердің өзара әрекеттерін анықтайды.Сайып келгенде, әлеуметтану — қоғамның өмір сүруінің және да-муының зандылықтарының қалыптасуы жөніндегі ғылым. Ол әлеуметтік фактілерді, үрдістерді, қатынастарды, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметін, олардың рөлін, статусын және әлеуметтік мінез-құлқын, бұлардың институттық формада ұйымдастырылуын зерттеумен айналысады. Әлеуметганудың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына О. Коит,  Г. Спенсер, т.б. корнекті әлеуметтанушылардың тұжырымдамалары мен ілімдері зор ықпал етті.  
Пайдаланылған әдебиеттер  

 
 Рахметов, Болатова, Исмағанбетова  «Социология» Алматы 2003 

Ибрахим Шамшатұлы, «Әлеуметтану» Алматы 2004 

Абдсаттаров «Әлеуметтану» Алматы 2004


Информация о работе Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні