“Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 14:22, реферат

Описание

“Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім

Работа состоит из  1 файл

Ежелгі Греция.doc

— 26.50 Кб (Скачать документ)

Ежелгі Греция 

Элладада практика ғылымға қарағанда маңыздырақ болған. Бірақ Ежелгі Грецияда қазіргі саясаткерлерді ораторлар басқан болатын.Сол кезеңнің ораторы, тілі бай ұсталарының бірі Демосфен болатын. Ол алғаш рет бұқараға, әсіресе олардың ақыл-ойы мен эмоцияларына саяси әсер ету механизімдерін зерттеген болатын.Ол бұқараның екі типін бөліп көрсетеді:

1. «Эмоцияға  көнгіш» бұқара.Бұндай адамдарға  алдарында сөйлеп тұрған саясаткерге  еліктеу эффектісін шақыру үшін, психологиялық жұғу механизмін  қолдану керек, өйткені бұл топтағы бұқара ораторлардың сөзін сыншыл қабылдамайды дейді. Қазіргі уақытта бұндай топқа «Тоталитарлы» халықты жатқызамыз.

2. «Ақыл –  ойға көнгіш» бұқара.Бұндай топ  бұқарасымен қарым-қатынас жасағанда  саясаткер логикалық аргументация  механизімдерін қолдануы керек дейді.Ал қазіргі уақытта бұл топ «Демократиялық халық» деп аталады.

Ежелгі Грецияның  саяси практикасында екі дәстүр бар:

1. «Демократиялық  дәстүр» - саясатқа қатысушылардың  теңдігін қарастырады;

2. «Аристократиялық  дәстүр» - саяси процестегі белгілі бір саясаткерлердің типін, олардың ролін қарастырады;

Ежелгі Грек ойшылдарының бірі Аристотель «билу  және бағыну» мәселесін анализдеуге  тырысқан.Ол сол кезеңдегі көтерілісшілердің  көңіл-күйінің түрін саяси бүлікпен байланыстырған болатын.Ол билікке қарсы шыққан бұқараны анализдей келе: біріншіден, көтерілісшілердің көңіл-күйінің түрін, екіншіден, олардың қандай мақсатқа ұмтылатындығын, үшіншіден, саяси бүліктің себебін білу керек дейді.Осылайша Аристотель саяси психологияның дамуына үлкен үлес қосқан.Бұл көзқарастардың барлығы сонау антика заманының өзінде – ақ адамдарды саяси – психологиялық мәселелер мазалағандығын көрсетеді. 

Ежелгі Рим 

Егер ежелгі грек ойшылдары саяси – психологияның  тек эпизодтық феномендерін тіркесе , Ежелгі Римде саяси – психологияның лидерлері саяси зрттеулерді енгізген .Яғни бұнда Плутарха мен Светония зерттеулері пайда болған.Бұл саяси – психологиялық бастаулар ХХ ғасырдың психобиографиялық әдісі деп аталады.Плутарх ұлы саясаткерлердің өмрін сипаттай келе, саяси – психологиялық жүріс – тұрыстың моделін көрсетіп, «Дос пен дұшпанның психологиясын ескеріп , биле »деген принцип бойынша әрекет ет деген түсінікті қалыптастырған.

Осы грек ойшылдарының бірі Цицерон өзінің ораторлық өнер трактатында «саяси ораторларға» психологиялық моменттерді ерекше ескеру керек деп кеңес берді. Ол көбінесе соттық істі жеңіп шығуға тырысатын ораторларға өсиет жазған. Цицерон бойынша: оратордың сөзі тыңдаушылардың көңіл – күйін өзгертуге және барлық тәсілдермен оларды өзіне қаратуға бағытталуы керек дейді.

Жалпы Ежелгі Римнің саясаткерлері қолданбалы саяси  – психологияда ораторлық өнер сферасын көп қарастырып , саяси – психологияның  теориялық және әдіснамалық негізін  жасаған.

Информация о работе “Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері. Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтык ілім