Қазақстан қоғамындағы орта тап

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 14:50, реферат

Описание

Біз қоғамынң әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары.

Содержание

Негізгі бөлім

1. Орта тап көрсеткіші ресми есеп бойынша

2. Орта тап көрсеткіші ресми емес есеп бойынша

3. Орта тап өкілдері кімдер?

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Социология (2).docx

— 39.59 Кб (Скачать документ)

 

 
 
Айсауытовтың пікірінше, дәл осындай  есепке құралған орта тап өкілін АҚШ-қа көшіріп апаратын болсақ, ол елде бұл  кедейдің деңгейіне түсіп қалады. Өйткені аталған екі ел арасындағы сатып алу паритетінің деңгейі, сондай-ақ оны бағалау критерийлері де әртүрлі болып келеді. Сол секілді  АҚШ-тың орта тап өкілін Қазақстанға  көшіріп алып келетін болсақ, ол өзіне қажетті нәрсені бұл  елден тіпті таппай қалуы мүмкін. Осыдан келіп Қазақстанда ресми  стандартқа балама болатын ресми  емес стандарт пайда болған.  
 
Орта тап көрсеткіші ресми емес есеп бойынша 
 
Батыстың дамыған елдері қолданатын бірқатар критерийлерге негізделген ресми емес стандарттар бойынша Қазақстанның орта табының үлесі, ресми стандартқа қарағанда, бірнеше есе қысқарады. Есесіне, төменгі таптың үлесі 80 пайызға сәл жетпей тоқтайды екен (3 диаграмманы қараңыз). 
 
Социолог Тимур Айсауытовтың пікірінше, мұндай стандартты ресми билік, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарының өзі бірден қабылдай салуға дайын емес.

 

 «Қазақстан халқының санасына жаңа форматты, яғни орта тап туралы Батыстың түсінігін, чип ретінде енгізетін болсақ, онда бұл жағдай тұрғындардың төбесіне жай түскендей әсер етері анық: халықтың 90 пайызына «сендер – кедейсіңдер» дегенді есту қайдан жағымды бола қойсын. Ал ресми билік мұны ешқашан айтпайтындығы түсінікті», – дейді социолог. 
 
Халықтың басым бөлігінің өздерін кедейміз деп санамайтындығына қатысты бір социологиялық зерттеу қорытындыларын келтіре кетсек. 
 
Қазақстанның социологтар және саясаттанушылар қауымдастығының 2004 жылдың аяғында республиканың 17 ірі қаласында жүргізген социологиялық зерттеуі барысында сұралғандардың 60 пайыздан астамы өздерін «орта тап» өкілдеріміз деп таныстырған. 
 
Әсіресе Қостанай, Павлодар, Семей тұрғындарының 70-80 пайызы осылай деп атап көрсеткен екен. Сонымен қатар, тұрғындар медициналық қызмет, білім, экологиялық жағдай, адам құқығының сақталуы деген мәселелерге аса бас ауыртпайтындығын байқатқан. 
 
Социологтардың пікірінше, мұндай нәтиже халық өзін «кедеймін» деп мойындауға көп жағдайда дайын еместігін, сондай-ақ жақсы өмірдің айрылмас бөлшегі саналатын элементтерді қолдың қысқалығынан немесе мүмкіндіктің жоқтығынан көзге ілмейтіндігін көрсетеді. Оның себебін ресми емес стандартты қолдайтын мамандар орта таптың үлес салмағы Қазақстанда аз екендігімен

 

 
Социолог Айсауытовтың айтуынша, мұндай өлшемнің негізінде анықталатын  орта тап өкілінің айлық табысы кем  деген 2000 доллар болуы тиіс. Бұл көрсеткіш  тұтыну қоржынына енетін элементтердің  салыстырмалы түрде көптігі және сапасына қатысты шыққан (4 диаграмманы  қараңыз). Айта кетерлік жайт, дамыған  елдерде айлық табысы 10 мың доллардан  асатын адамдарды ғана орта тапқа  жатқызады.  
 
Орта тап өкілдері кімдер?  
 
Социолог Тимур Айсауытовтың айтуынша, ресми стандарт негізінде анықталған орта тапқа Қазақстанда орта буын мамандары, кәсіби жұмысшы тап, коммерциялық құрылымдағылар, бюджет саласындағы менеджменттің орта буыны кіреді. Бұл ретте бюджеттік саладағы топ-менеджмент жоғарғы тапқа өтіп кететіндігін айта кету керек. Бірақ оның да белгілі бір себептері бар дейді социолог.  
 
Оның пікірінше, бюджеттен қаржыландырылатын ортанқол мекемелердің басшыларының ресми алатын айлығын ғана есептейтін

Ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп, орта буын мамандары мен  кәсіби жұмысшы табы кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.

болсақ, онда олар орта тапқа  іліге де алмай қалады. Сол секілді  бюджеттен қаржыландырылатын ірі  мекемелердің басшыларының айлық табысын  ресми жалақының мөлшерімен теңестіретін болсақ, мұндай жағдайда жоғары тап  санатына еніп отырған олардың қоғамдағы  мәртебесі төмендеп, орта тапқа шақталып қалады екен.  
 
Бірақ бұл жерде коррупция факторын ескермеуге болмайды дейді социолог. Оның айтуынша, сыбайласқан жемқорлық қолдағы қартаны танымастай етіп өзгертіп жібереді. Алайда ол бюджет саласындағы менеджмент өкілдерінің бәрі осы фактордың әсерінде деп айтуға болмайтындығын ескертеді, бірақ оны толықтай ешкім жоққа шығара алмайтындығын мойындайды. 
 
Сонымен ресми емес стандарт бойынша есептелген орта тапқа Қазақстандағы топ-менеджмент қана ілігіп отыр. Коррупциядан түскен «пайданы» кері шегеріп алып тастағанда оның қатарын бюджет саласының топ-менеджменті толықтыратындығын айтып өттік. 
 
Есесіне, бұл ортадан орта буын мамандары мен кәсіби жұмысшы табы қол үзіп, мүлде төменгі тапқа – кедейлер қатарына түсіп қалып отыр.

 

Қорытынды

 

ХХ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі  бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әлеуметтік саясаттың басым міндеттері қоғамдық өмірде белгілі бір деңгейде теңдікті қамтамасыз етуді көздейді.

Халықты әлеуметтік қорғау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең негізгі басым бағыты. Экономикалық нарықтық қатынастар кезеңіне өткенде  мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру  қажеттілігі туындады. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке  аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан  айрылған, мүгедек жандар, жетім  балалар әлеуметтік қорғалады.   

 Қазақстан Республикасы  Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен [10].  Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау –  бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» [11].      

 Әлеуметтік саясатты  жүргізудің негізгі мынадай принциптері  бар: баға көтерілгенде компенсацияның  түрлі формаларын енгізіп және  индексация жүргізу арқылы халықтың өмір деңгейін қорғау; ең кедей отбасыларға көмектесу; жұмыссыздық жағдайында көмек беру; әлеуметтік сақтандыру саясатын жүзеге асыру; мемлекет есебінен білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды дамыту, мамандандыру бағытында белсенді саясат жүргізу. Жалпы әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады: саясатты қалыптастыру,  оны халыққа тарату және оны әр адамның қабылдауы. Әлеуметтік саясатты қалыптастыру процесіне түрлі үкіметтің жасаған бағдарлама, жобалары және парламент, президенттің бекіткен заң, жарлықтарын тікелей жатқызуымызға болады. Ал енді әр адамның әлеуметтік саясатты қабылдауы, ол тікелей екінші кезеңнің жүзеге асуына байланысты өз нәтижесін береді.

 

Қазақстанда әлеуметтік саясат аясында көрсетіліп келе жатқан әлеуметтік көмек  көрсетудің бір түрі – әлеуметтік көмек төлемдері. Бұл салаға  бөлінетін қаржы соңғы бес жылда  жылдан жылға артып келеді, яғни, мемлекеттің әлеуметтік салаға жіті көңіл бөліп отырғаны байқалады.Жалпы соңғы жеті жыл ішінде мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары бес еседен астам ұлғайған екен. Сонымен бірге бес миллионнан аса біздің азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш – осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады [17]. 
     Бұл бүгінгі талданған жүйелер мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың негізі болған әлеуметтік қорғаудың маңызды бөліктері болып табылады. Қарқындап дамып келе жатқан Қазақстан экономикалық, саяси потенциалымен уақыт өткен сайын әлеуметтік салаға тереңінен көңіл бөлері анық

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Платон. Собр. соч. 6 4 томах. Т. 3.
  2. Аристотель. Собр. соч. в 4 томах. Т. 4.
  3. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. М 1985.
  4. Фихте О. соч. в 2-х. томах т.2-СПб/ 1993г.
  5. Хеффе О. Политика. Право. Справедливость/ Основоположения  критической философии права и государства.Москва/1994.
  6. Социальные ориентиры обновления: общество и человек / Под ред. Т.И. Заславской.  М.: Политиздат, 1990.

 

 

Информация о работе Қазақстан қоғамындағы орта тап