Антика мәдениеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2012 в 13:50, контрольная работа

Описание

Әрбір қоғамдық – экономикалық формацияның тарихы тұтастық ретінде берілетін өзіндік мәдениет түрі бар. Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуына байланысты мәдениет түрі бар.
Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................4
1.1 Антикалық мәдениет.................................................................4
1.2 Ежелгі грек мәдениетінің ерекшеліктері.................................4
1.3 Көне Рим мәдениеті..................................................................10
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................15

Работа состоит из  1 файл

Антика мәдениеті.doc

— 140.50 Кб (Скачать документ)

Б.з.д. V ғасырда сәулет өнері ез дамуының шарықтау шегіне шықты. Зевстің — Олимпиада, Жеңімпаз Афинаның — Афинада храмдары салынды. Бірталай ескерткіштер - Сицилия мен Оңтүстік Италияда, Зевс ғибадатханасы — Аргентинада, Посейдонның храмы - Пестада, Луканияда тұрғызылды, Афина сәулеткерлерінің ең тамаша туындылары Акропольде орнатылған.

Жеке адамға деген  қызығушылық оның дара мінез-құлқын көрсететін портреттік мүсіндер пайда бола бастады. Енді өмірде тірілер ғана емес, бұрынырақ бақилыққа кеткен қайраткер тұлғалардың да бейнелерін сомдауға бет алды. Оларда мінсіз, асқақ образдар емес, көбінесе философтарды мүсіндегенде, қалың ой үстінде отырған бейнелерді беруге ұмтылыстар байқалады. Аталмыш дәуірде мәңгілік әдеміліктің үлгісі есебінде атақты милостық Венера дүниеге келді.

Қорытындылай айтқанда, грек мүсіншілерінің творчествосы сан салалы да алуан түрлі еді. Оларды жалғыз бір сипаттама ауқымына енгізу мүмкін емес.

Байырғы гректердің медициналық білімдері хақында, Гиппократ мектебіне жататын емшілердің шығармалар жинағы — "Гиппократ корпусы" арқасында баға бере алар едік. Бұл тұста абыздар медицинасының орнын нақты да дәл байқауларға негізделген дәрігерлердің медицинасы басты. Тәжірибе, бақылау және тез де дәл диагноз қоюға, диета мен гигиеналық профилактика шараларын қолдануға негізделген олардың әдістері, Демокриттің философиясын да, Функдидтің «тарихын» да дүниеге әкелген интеллектілі мәдени ағымның жемісі еді. "Медицина әкесі" деп саналған Гиппократ аты күллі грек әлеміне, тіпті Шығысқа әйгіленді.

Басқалармен қатар Аполлониядан шыққан натурфилософ және дәрігер Диоген де - атын айтуға тұрарлық тұлға болды. Ол қызыл қан тамырындағы "рахымды қан" мен көк қан тамырындағы "зұлым қанды" ажырата білген және қан айналысы жүйесінің құпияларын айқындай алған.

Б.з.д. VIII-VII ғасырларда Грекияның нағыз озық өлкесі - Ионияда табиғаттану ғылымдары мен математикалық білімдер тез өрістеген-ді. Шығыс мәдениеті ықпалымен дамыған математика теңізшілер үшін үлкен маңызы бар үшбұрыш тәріздес дене жөніндегі ілімді қолданды. Астрономдар ай календарына түзету енгізетін кестелер жасады, Күн мен Ай тұтылуларын алдын ала білуге тырысты. Айнала қоршаған әлем турасындағы мәліметтерді жинақтау мәселелеріне философтар ұмтылды. Табиғатты бақылау нәтижесінде олар (Фалес, Гераклит), барлық құбылыстардың материалдылығымен ортақ байланыста деген қорытындыға келді.

Иония ғалымдарының материализмі мен диалектикасына "Ұлы Грекияда" дүниеге келген имфаторліктер мен элеялық философия мектептері қарсы тұрды. Оңтүстік Италияда Пифагор аристократтық көзқарастағы ойшылдардың діни-мистикалық қауымдастығы - пифагоршілдер одағын құрды. Пифагорлықтар басқа ғылымдарға қарағанда, материалдық әлемнің тұрпайы да, тұрақсыз кұбылыстарды емес, сызықты материалдық, рухани негіздер — сандармен шұғылданатын математиканы дәріптеді, сандар мистикасына үлкен мән берілді: "бір" саны бар нәрсенің бастауы деп есептелді, "екі" қарама-қарсылық принципін енгізуші, оған қарағанда, "үш" ұнамды жағымды нәрселердің көшбасшысы деп мойындалған.

Б.з.д. VI ғасырда Элеяда Парменид, Зенон т.б. өкілді құрған элеялықтар философиясының мектебі пайда болып олар иониялықтардың диалектикасын бекерге шығарды. Білім бұлағы саналған тәжірибеден бас тартып, Элея философтары логикалық парадокстер жолымен әлемнің бұлжымайтын тұрақты дене екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Б.З.Д. V ғасырдағы ғалымдарды материяны біртұтас та бөлінбейтін нәрсе дегендей ұғым қанағаттандырмаған-ды. Философтар бұрыңғыдан да терең талдау жасап, материяның тұңғыш ең ұсақ бөлшектерін айқыңдау жолдарын қарастырды. Бұл бағытты алғаш қалаған -Анаксагор, сосын — Демокрит. Этика тұрғысынан дәстүрлі көзқарасты афиналық ойшыл Сократ сынады.

Көне көз философтардың  ең ұлылары Платон мен Аристотель еді. Ғылыми білімдердің даму шарты, осыған дейін жиналған мәліметтерді жүйелеп, сақтауды талап етілген-ді. Сондықтан бір қатар қалаларда кітапханалар салынды. Олардың ең әйгілісі Александрия мен Пергамада болатын. Александрия кітапханасы — эллин әлеміндегі ең бай кітап қоймасы болды. Александрияға келген әр бір кемеге, егер оларда қандай да әдеби шығармалар болса, олар не кітапханаға сатылуға, не көшірмесін түсіртіп алу міндеті жүктелген. Осындай ұтырлы да, қатал талап арқасында б.з.д. I ғасырда аталмыш кітапхана қорындағы папирус орауының саны 700 мыңға жеткен.

"Патша кітапханасы"  аталған одан да басқа да  Александрияда Сарапис шіркеуі  жанынан тағы бір кітапхана  салынған. Б.з.д. II ғасырда Пергам патшасы Евамен II өз астанасында кітапхана шаңырағын көтерген. Тап осында бұзау терісі (пергамен немесе пергамент) жазу материалы есебінде пайдаланылған. Египеттен Пергамға папирус алып шығуға тыйым салынғандықтан, жергілікті мамандар бұзау терісіне жазуға мәжбүр болған.

Птолемейлер сарайы жанынан ғалымдардың басын жұмылдыратын "Музейон" (музалар храмы) деп аталған арнайы мекеме ұйымдастырылған. Мұнда оқымыстылар мәжіліс құратын кең зал, кітапхана, ботаника бағы, хайуанаттар паркі, хирургия лабораториялары мен астрономиялық расытхана-обсерваториялар болған. Жұмыс істеуге тамаша жағдайлар жасалған. Оның үстіне ғалымдарға берілетін зейнетақылар   б.э.д.   III   ғасырда  қыруар   сауатты гректерді - математика,   физика,   астрономия,   жағрапия, филология мамандарын өзіне еріксіз тартқан.

Әйгілі математик Евклидтің зерттеушілік еңбегі Александрияда мол жемісін берді. Оның "Геометрия негіздері" аталатын трактат-рисалаты   күні   бүгінге  дейін   2000-ға  жуық қайта басылып шығып, көптеген  ғасырлар      бойы геометрияның басты оқулығына айналды.

Әлемге әйгілі  математик жөне   физик  Архимед  өзінің жаңалықтары   мен   өнер   табыстарын   б.э.д.   III   ғасырдың 2-жартысында  жасады.   Көне   әлемде   оның   "Параболаның квадратурасы туралы", "Метод    туралы"    т.б.    еңбектері жұртшылық назарын аударды. Әсіресе, гидростатика ғылымының негізін қалаған әйгілі "Жүзіп жүретін денелер туралы" деген трактаты өзінің   тамаша   заңын   дәйектеді.    Геометриямен шұғылдану   үстінде   Архимед   беттің   ауданы   мен   әртүрлі геометриялық  фигуралар мен денелердің   көлемдерін анықтауда бұған дейін беймәлім әдістерді қолданды. "Пи" санын   енгізе отырып, шеңбердің   ұзындығын есептеп шығарудың формуласын ұсынды. Осыларға қоса Архимед дифференциалдық  есептеу принциптерін білген, өзінің "Механика негіздері" атты еңбегінің арқасында теориялық механиканың негізін қалады, тағы да ол астрономиямен айналысып, планетарий құрастырған. Су айдайтын машина, көптеген атқыш соғыс қарулары мен машиналар жасағанына карағанда, кереметтей творчествалық     ой адамының қаншалықты  сан салалы  дарын  иесі екені  жұртшылықты тандандырса керек.

Сонымен, египеттіктер мен  вавилондықтардың жинақтаған білімдеріне сүйене отырып, гректер өзіндік математиканың, астрономияның, медицинаның негіздерін қалады; натурфилософия, лирика, поэзия мен театр, алғашқы тарихи еңбектер дүниеге келді.

Храм құбылыстарына байланысты монументалдық сәулет өнері өрістеді. Олардың арасындағы ең көрнектісі – Коринодтегі Аполлон храмы. Сәулет өнерімен қатар монументалдық пластика дами бастады.

Үздіксіз қақтығыстар жағдайында полисті қорғаушы - азамат бейнесі қалыптасты. Ол өнердің барлық түріндегі басты тақырыпқа айналды.

Б.з.б. VII ғасырда монументалдық грек бояұлы кескіндеме өнері қалыптаса бастады. Архайкалық мәдениет кезеңінде гректің классикалық мәдениетінде ары  қарай өркендеген көркемөнер мәдениеті мен эллиндердің   гуманистік мұраттарының негізі қаланды.

Грекияның. классикалық  өнерінде, архитектура мен әдебиетте адам құдіреттілігі насихатталады. Эллинист кезеңде антикалық және шығыстың мәдениеттердің тоғысуы деп қарастыруға болады.

 

1.3 Көне Рим  мәдениеті

 

Мәдени күштер б.з.д. II ғасырда Римге шоғырлана бастады. Өзінің алдындағы дәуірлердің жетістіктерін бойына сіңіре алған Рим өнері жаңа жоғары сатыға өрледі. Бұл ежелгі мәдениет дамуының соңғы дәуірі болатын. Ежелгі Грекия тәріздес көне Рим де Еуропа тарихында да, әлемдік мәдениетте де шешуші рөл атқарды. Римнен Еуропаға өткен көптеген түбегейлі рухани ұғымдар мен қоғамдық тұрмыс нормалары, дәстүрлі құндылықтар, әлеуметтік-психологиялық стереотиптер мың жарым жылдан аса уақыт бойы, XIX ғасырға дейін еуропалық мәдениеттің негізі мен арсеналы, тілі мен формасын құрады.

Рим мәдениетінің гүлденуі Рим полисінің дағдарысқа ұшырауы мен монархияның туу уақытына сай келді, сондықтан да типологиялық тұрғыдан қарағанда, грек мәдениетінің өркендеуіне қарағанда, оның қоғамдық даму сатысы кейінірек басталды. Б.э.д. II ғасыр қарсаңында Италия, Грекия, Египет, Сирия, Британия, Испания т.б. ежелгі әлемді түгел дерлік өз қол астына жұмылдырған Рим, әр алуан мәдениеттердің жиынтығына айналды. Рим мәдениеті бірімен-бірі тығыз байланыста дами отырып, оларды игеріп, қайта өңдеу арқасында туып қалыптасты.

Грек мәдениеті тәріздес, Рим мәдениеті де қүл иеленуші қоғамның мәдениеті болған. Эллин  әлемінің түкпір-түкпірінен осында суреттер мен мүсіндер әкелініп, сауатты, көзі ашық грек құлдарға көптеген ақша төленіп отырды. Олардың пьесаларындағы грек философиясының қысқа афоризмдерін сүзіп алған театрға, римдіктер баруды жиілете берді. Грек философтары қонақтықты жиілетіп, кейбіреулері Рим тұрғынына айналып, мұндағы ақсүйек жастарға ұстаздық қыла бастады. Әдетте, грек трагедиялары мен комедияларын негізге алып, бірнеше пьесаның басын қосып, Рим драматургтері өз жерлестерінің талғамына сәйкес, бір пьеса жасап, көрсетуді әдетке айналдырды.

Гректердің құдайлар хақындағы білімдері мен аңыздарын пайдаланған римдіктер, кез келген мифтерге ұқсас, өткендерін баяндайтын, бүгінгісін түсіндіретін, жұртшылыққа жүріп-тұруға   нұсқау   беретін   мифтерін   өздері   де бұрынырақ жасаған-ды. Бір ерекшелігі: ол мифтердің басты нысанасы құдай да, космос та, адамзат та емес. Ол негізінен оның халқы, тәңірілік және адами сарындар астасып араласып  кеткен, қолда бар және болуға тиісті   нәрсенің мөлшер-норматив қызметін атқаратын оның тарихы болды. Тарихты аңызға айналдырған халықтардан, римдіктердің ерекшеліктері,  мифологияны кескінге айналдыруы болды.

Құдайлардың алдын ала белгілеуімен, тәңірлердің заңдарын нүсқауымен жасалған қала – Римнің тарихы –римдік мифтің кіндік идеясы - осы. Бұл миф Римге қызмет көрсететін қажетті рахымшылдардың негізгі    моралдық құндылықтарын  қорғайтын, Рим халқы, халық еркіндігі, кез келген жерде, кез келген жағдайда бойындағы бар күш-жігерімен қызмет   қылу   парызы   —   олардың   қала-мемлекетінің гүлдену дәуіріндегі құндылық жүйесінің негізі.

Баяғыдан бергі белгілі өзіндік ерекшелігі бар құдайлардың арасында қыраттар мен күн күркірету, жауын жаудыру құдайы Юпитер ерекше бағаланған. Патшалық дәуірдің соңына таман салынған Капитолиядағы храм соған арнлған. Сонымен бірге Юпитер Римнің даңқ және қуат құдайы саналды. Юпитермен қоса аналар қамқоршысы Юнона мен қолөнер жебеушісі Минерва дәріптелді. Енді олар аспан құдайларының капитолиялық «үштігін» құрады.

Жер Орта теңізіндегі басымдық үшін Рим күресі дәуірі, Рим әдебиеті мен өнерінде әр алуан жанрлардың туып, даму уақыты болды. Рим көркем әдебиетінің алғашқы қадамдары да Римде гректің оқу-білімінің таралуымен байланысты еді. Осыған дейін аты белгілі Рим жазушылары, өз сюжеттерін майдаланғандарымен, грек әдебиетінің классикалық үнгілеріне еліктеді.

Римде     ауызекі     поэзия     ерте     дәуірде     (патшалар замандарында) дүниеге келген-ді.  Ақындық творчествоның өте  ертедегі  түрлері дінге  табынумен  байланысты  шықты. Діни әнұран, қасиетті  өлеңде   солай  туған.   Римнің  саяси дәстүрі,   мысалы,   өмірге   салтанатты  жыр  түрлерін әкелді. Ауыз   өдебиетінің   басқа   түрлерінің   ішінен   арнайы   дауыс шығаруға белгіленген адамдар үшін жоқтаулар айтылатын болған.

Рим прозасы да бастауын ескі уақыттардан алады. Оның алғашқы ескерткіштері - жазылған заңдар, келісім-шарттар, діни кітаптар. Б.э.д. 304 жылы Рим күнтізбесі жарық көрді. Енді кез келген азамат қашан, қалайша сот ісімен айналысуға болатынын, яғни қай күндері арыздану, қашан сот процесін жүргізу т.с.с. осы күнтізбеден анықтай алатын болды.

Бірінші Рим ақыны, тегі — грек, б.з.д. 272 жылы осында тұтқындалған, кейінірек босатылған Ливий Алдроник болды. Ол "Одиссеяны" латын тілінен өлеңмен аударған. Рим мектебіндегілер оның аудармасынан ұзақ жылдар бойы дәрісі алған. Ливий Андроник грек шығармаларын аудара және өңдей отырып, бірнеше комедиялар мен трагедиялар жазған.

Цицеронның шығармашылығы рим мен грек мәдениеттерінің синтезіне, римдік және грекиялық азаматтықтың бірлігіне негізделген. Марк Тулий Цицерон мемлекет қайраткері, Рим республикасын басқарушылардың бірі болған. Заңгер, шешен сөз теоретигі. Сонымен қатар алдына жан салмас шешені адам. Онымен қоса философия білгірі, ақын, аудармашы. Шешен сөз өнерінің ежелгі білгірлері, Цицерон сөздерінің үйлесімділігі мен мүлтіксіздігін аса жоғары бағалаған.

 Римде ең кеңінен тараған    Платон    мен    Аристотель ілімдерінің, едөуір дәрежеде заманына сәйкес өңделгендерімен, басын біріктіретін эпикуршілердің, социализмді жақтаушылардың, академиктердің    философиялық мектептері еді. Рим топырағындағы   экпикрушілер   жөнінде   б.э.д. I ғасырда өмір сүрген атақты эпикурші-философ Лукреций Тит Кардың "Заттар табиғаты туралы" деген поэмасы тереңірек мәлімет береді.

 Осы дәуірдің көрңекті ақындары - Вергилий мен Гораций. Вергилийдің "Георгиктер" поэмасы ежелгі Италияның тұрмысы мен ауыл шаруашылығы, шаруа еңбектерін жырлады. Дастанның жартысына жуығы тамаша көркем-филофиялық шегіністер — табиғаттағы гармония - жарасымдылық, әлем құрылысы, дүниедегі тәртіппен ауызбіршілік дихандардың шын бақыты туралы, ақынның ойлар – көңілге қонымды да әділетті. "Георгиктер" – ауыл шаруашылығы иесіне ақыл қосатын дидактикалық шығарма болды.

Гораций нәзік талғам мен рахымгершілікгі тәрбиелеудің құралы болған ақын және поэзияның міндет-мақсатын жоғары бағалаған. Заттардың мәтінін, Отан, шаңырақ, достар алдындағы өз парызын түсіне білу, консул, сенаттар, патрон, әкенің құқықтары мен міндеттерін түсіну үшін ақын философияны меңгеруі тиіс. Ең батысы: ол бейнелеген кейіпкерлер жанды, өзінің жасына, мінез-құлқына, лауазымына лайықты қимыл жасап, сөз сөйлейтін адам табиғатын зерттеуге міндетті. Горацийдің өзі портрет жасаудың хас шебері еді: ол өз замандастарының үлкен галереясын бейнелеген. Ол дарынсыз өлең ұйқастырушыларды, байлық қуушыларды сатирасымен түйреп, жұртты өз-өздеріне қатаң қарап, күнәдан бойларын аулақ салуға үндеді.

Біздің заманымызға дейін философ Сенеканың трагедиясы   —    "Ессіз   Геркулес", "Троялық әйелдер", "Мсдея", "Федра",  "Эдип",   "Агамемнон",      "Фиест", "Геркулес Эгада", "Финикиялық әйелдер" — түгелдей жеткен. Сенека трагедиялары  сахнаға қоюға емес,  оқуға арналған. Олардың тақырыптары мен сюжеттерін Сенека классикалық дәуірдегі афиналық ұлы трагедияшылардан, әсіресе, Еврипид пен Софоклдан   алғанымен,   оның   шығармаларында жаңа сарындар да жетіп жатыр. Сенека трагедияларындағы негізгі мақсат - кейіпкерлердің қимылында емес, қаһармандардың зұлымдықтары мен қарсыластарын қол жұмсап, азаптауларының  шығарма      мәтінінің тындаушыларды үрейледіретіні болды.

Информация о работе Антика мәдениеті