Технопарктер жайлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:46, лекция

Описание

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Қазақстан Республикасының технопарктерінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша комитет отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Технопарктер құрылтайшыларының, ғалымдардың сұранысы бойынша технопарктер қызметін жетілдіру туралы мәселені палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы көтерді. Ал комитет отырысында негізгі баяндаманы Мәжіліс депутаты Уәлихан Бишімбаев жасады.

Работа состоит из  1 файл

Технопарктер жайы қаралды.docx

— 17.47 Кб (Скачать документ)

Технопарктер жайы қаралды

Технопарктер жайы қаралды

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Қазақстан  Республикасының  технопарктерінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша комитет отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Технопарктер құрылтайшыларының, ғалымдардың сұранысы бойынша технопарктер қызметін жетілдіру туралы мәселені палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы көтерді. Ал комитет отырысында негізгі баяндаманы Мәжіліс депутаты Уәлихан Бишімбаев жасады. 
…2004 жылдан бастап технологияларды дамыту саласындағы ұлттық институттың қатысуымен елде 9 аймақтық технопарк құрылды, оның 1-еуі қызмет атқармайды. Аймақтық технопарктердің мақсаты – индустриялық-инновациялық қызметті жүзеге асыру және инновациялық әлеуетті, аймақты дамытуға қолайлы жағдайлар жасау. 
2004-2009 жылдардағы технопарктердің қызметін талдау олардың жұмысын ұйымдастыруда жүйелік кемшіліктердің бар екендігін көрсетті. Негізінен, проблемалар жарғылық капиталды, инфрақұрылымдар мен өндірістік орындарды құру мәселелерімен байланысты. Аймақтық технопарктер жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдармен, бизнес-ортамен тығыз байланысты  қамтамасыз ете алмады. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қатысуымен технопарктерді құруда жарғылық капиталдағы зияткерлік меншіктің үлесін қолдану тәжірибесінің болмауынан және жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың мүдделерін қорғауда кепілдіктің жоқтығынан қайшылықтар туындайды. 
Қазіргі таңда, әсіресе, технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттіктің технологиялық бизнес-инкубаторлау бағдарламасын жүзеге асыру аясында аймақтық технопарктердің жұмысында бірқатар оң үдерістер пайда болды. 2012 жылы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданды, соның негізінде мемлекеттік қолдаудың кешенді жүйесі жасалды. 
Елбасымыздың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында көрсетілген міндеттер инновациялық қызмет саласына  ғылымның белсенді қатысуын талап етеді. Мұндай ұстаным технопарктерді елдің инновациялық алаңында басты ойыншы ретінде танып, бір жағынан, инновациялардың генераторы мен негізі болып табылатын ғылыми саламен, екінші жағынан өндірістік кәсіпорындармен, бизнеспен тығыз байланысты анықтайды. 
Д.Назарбаеваның бастамасымен отандық технопарктердің қызметін талдауға қатысты өткен отырыста олардың қызметін одан әрі қарай жетілдіру үшін шаралар қолданудың қажеттілігі байқалды. Осыған орай бірқатар ұсыныстар жасалды: 
Сонымен, ел Президентінің тапсырмаларын орындауда «үштік спираль» – бизнес, университет, мемлекет» құру бойынша технопарктердің инновациялық үрдіске барлық қатысушыларымен, соның ішінде  жоғары оқу орындарымен, ғылыми ұйымдармен, кәсіпорындармен және инвесторлармен тығыз байланыс орнатуды қамтамасыз ету талап етілетіні атап көрсетілді. 
Комитет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов мәселеге қатысты түсініктемелер жасап, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттіктің, жоғары оқу орындарының жетекшілері сөз алды.


Информация о работе Технопарктер жайлы