Gogolge xat

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 13:03, реферат

Описание

Әдебиеттану ғылымының даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы сыншы Белинский.

Работа состоит из  1 файл

гогольге хат айзада.docx

— 87.07 Кб (Скачать документ)

 

 Әдебиеттану ғылымының  даму жолына көз салсақ, ХІХ ғасырда  бұл ғылымның барлық саласын бірдей қамтып, олардың қайсысы туралы болсын кең шолып, терең толғап, ұрпақ  үшін өлмес мұра, өшпес өнеге, «ұшқыннан  өрт» тудырарлық ой қалдырған - ұлы  сыншы Белинский.           

 Батыс Европада сын,  жалпы әдебиеттану ғылымының  ең дәуірлеген кезі - ХҮІІІ ғасыр.  Ағартушылық бағытындағы сындардың  өрістеп дамуы, ескі классицизмдегі  сан алуан шарттылықтарға (үш  бірлік, т.б.) қарсы күрес ашып, өмір  құбылысын өз тұрғысында, тіпті  болғаннан гөрі, болу мүмкіндіктерін  жырлауды, әдеби, искусстволық туындыларды  белгілі құрсау, шеңберден босатуды  ұсынды. Олардың белді өкілдері  энциклопедист Дидро, Лессинг  болды. Дидро өзіне шейінгі  әдебиеттану ғылымында трагедия  мен комедиядан жігі ашылмай  келе жатқан драманың жігін  ашып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, оның өзіне тән ерекшеліктері  бар драмалық жанрдың айрықша  бір түрі екендігін дәлелдеді.  Лессинг неміс әдебиетінде классицизмнің  ескірген торын быт-шыт қылып,  романтизмнің өрнекті үлгісі  үшін күресушілерінің бірі болды.  Олардың искусство-әдебиет саласындағы  бұл игілікті істері тек өз  елдерінің шеңберінде қалып қоймай, мәдениетке ержете бастаған елдердің  де әдеби процесінің дәуіріне  сай дамуына белгілі дәрежеде  әсер еткендігі сөзсіз. Бірақ  бұлар да өздерінің құнды әдеби  еңбектерінде әдебиеттану ғылымының  барлық саласын түгел қамти  алған жоқ, кейбір жеке мәселелерін  шешті де, сол мәселелердің дұрыс  жолмен өрістеулеріне нысаналар  белгіледі.           

 Батыс Европаның ХІХ  ғасырдағы әдебиеттану ғылымы  ХҮІІІ ғасырдағы ағартушылық  бағытын қолдаған сындардың дәрежесіне  де көтеріле алмады. Әдебиет, сын,  эстетика мәселелерінде кейбіреулері: Берне, Брандестер буржуазиялық  реализм шеңберінде ғана тұрақтап  қалса, көпшілігі психологизм,  импрессионизм, не таза эстеттікке  бой ұрып, кері кетті. Тап осындай  кезде орыс емес, дүниежүзі әдебиетінің  әлемінде Виссарион Григорьевич  Белинскийдің ұлы таланты жарқ  ете түсті.           

 В.Г.Белинский 1811 жылдың  бірінші июнінде туып, 1848 жылы  қайтыс болды. Оның «Әдебиеттік  армандар» атты бірінші сын  мақаласы 1834 жылы баспа жүзін  көрді. Демек, әдебиеттану ғылымының  үш саласын бірдей қамтитын  әлденеше томдық ұлы еңбектері  мен эстетика мәселелерін терең  толғап шешкен мәңгі өлместік  құнды мақалаларын ұлы сыншы  не барлығы 14-15 жылдың ішінде  жазған.           

 Журналистік, сыншылдықты  өзінің мамандығы санаған В.Г.Белинскийге  тек орыс фольклорын, орыс әдебиет  тарихын ғана емес, ескі грек, рим, жалпы батыс Европа әдебиетін,  олардың тарихын, философиясын, искусствосын  зерттеп білуге тура келді.  Қандай іске болсын бар ынта, бар жігер, бар күшін салып,  түгел беріле қимылдайтын Виссарион  Григорьевич, университетте оқуына  мүмкіндік берілмесе де, өз бетімен  оқып, сол кездегі мәдениетті  халықтардың гуманитарлық ғылым  табыстарымен мол қаруланып, олардың  ішіндегі құнды нәрлерін өз  бойына толық сіңірді. Мүшесі  кем, мүсіні қисық ғаріптерді  жұтып жіберіп, қайта құсқанда  айтарлықтай ақылды, сұқтанарлық  сұлу етіп шығаратын ертектердегі  Самұрық құс тәрізді, Белинский  де өзіне бұрынғы және өз  кезіндегі тарих, әдебиет, теория, философиялық ғылымдарды өз саласынан  өткізіп, басқаша мазмұн, басқаша  түрде қайта жасап шығарды.  Әрине жас Белинскийге Гегель  тәрізді идеалист-философтардың  кейбіреулері әсерін де тигізбей  қойған жоқ. Бірақ асқан ақыл, үздік талант, терең ой, сынампаз  мінез иесі ұлы адамды олар  өз ықпалына түгел көндіріп, ықтатып  кете алмады. Үздіксіз оқу, жалықпай  іздену, өмірге де, өмір тартысының  сәулесі әдебиетке, не басқа  пәндерге де сын көзімен қарап,  сырын ашуды машық еткен кемеңгер  сыншы 1840 жылдардан бастап, идеалистік  философияны біржола жоққа шығарып,  материалистік көзқарасқа келді.  Қоғам өмірінің даму жолдарының  объективтік, диалектикалық заңдарын  сұғына қолдану идеясы күні  өтіп, тозығы жеткен, қоғамның келешектегі  даму жолына бөгет боларлық  өмір құбылыстарына қарсы шығу, күрес идеясымен ұштасты. Осы  тұрғыдан ол Россияның патшалық-крепостнойлық  құрылысына қарсы шығып, бұл  құрылыстағы жан түршігерлік  сұм-сұрқиялықтарды әшкереледі. Өз  жауы да, ел жауы да патша,  оның құрылысы, дін-шіркеу деп  ұқты да, сол құрылыстың нәтижесінен  туып отырған сан алуан зымиян  іс-әрекеттердің бетін ашты. 1840ж.  Боткинге жазған хатының бір  жерінде: «... Барлық адамгершілік, ақылдылық, мейірбандық, қабілеттілік  тұншықтырылуға ұйғарылған, ой еркіндігіне  үн шығармастай тыйым салынып,  цензурасы соғыстан қашқан солдатты  жазалайтын әскери уставқа ұқсап  отырған; Пушкин қайыршылық өмір  сүріп, зұлымдық құрбаны болған, ал жасырын шағым, арыздардың  арқасында мәз-мейрам дәурен сүрушы  Гречи мен Булгарин барлық  әдебиетті басқарып отырған... Россиядағы  бұл тәрізді жексұрындық жайттармен  еш келісімге келуге болмайды... Жоқ. Осылардың бәрін ақтамақшы  болып тіл қатушылардың үні  өшсін!..» деді Белинский (ХІ  том, 576-577-б.). Өз кезіндегі Россиядағы  өмір құбылыстарын терең болжаушылықтан  туған бұл түсініктер оның  бұдан былайғы көзқарасын айқындады.  Патшаға, оның үкіметі мен қолдаушыларына  деген сөнбес өшпенділік ұлы  сыншының барлық еңбектеріне  өзек болды. Ол езілуші халықтың  бақыты, бостандығы үшін күресуді  өзінің адамдық ары, азаматтық борышы деп білді. Қоғамның даму жолындағы негізгі нысана да, негізгі мақсат та социализм идеясы, басқа идея, басқа жолдар үшін тартыс құр жел сөз деген қорытындыға келді де, «идеялардың идеясы» осы деп түйіндеді.           

 Өз отанын терең  сүйетін патриот сыншы патшалық  Россияны жаны түршіге жек  көрсе де, оның келешегі зор  екендігін, келешек Россия крепостнойлық,  жеке меншіктілікті Европадан  бұрын жойып, дүниежүзіндегі мәдениетті  мемлекеттердің алдыңғы сапында  көсемдік роль атқаратындығына  имандай сенді.           

 «Білімді әлемге бас  болып, ғылымға да, өнерге де  заң ұсынушы, күллі мәдениетті  адамзаттың емірене қадірлеген  құрмет, сыйына бөленуші 1940 жылғы  Россияны көру нәсіп болатын  немерелеріміз бен шөберелерімізге  қызығамын да күндеймін». Өзінен  жүз жыл кейін болатын жағдайды  сонша дәл, таң қалдырғандай  қырағылықпен болжау, не деген  кемеңгерлік!           

 Ленин басшылығымен  социалистік Ұлы Октябрь революциясының  жеңіп шығып, Россияда Совет  өкіметінің орнауы, кешегі фашизмге  қарсы Ұлы Отан соғысында Россия  халқының жер жүзін апаттан  сақтап қалуы, бүгін көкті билеп,  аспан әлеміне тарихта бірінші  рет адам ұшыруы ұлы адамның  айтқандары бұлжымай, дәл келгендігін  дәлелдемей ме? Не деген көрегендік!            

 Ұлы сыншының ұрпағына  қалдырып кеткен данышпандық  мұрасы әр жақты, философия,  қоғам құрылысы, т.б. сан алуан  мәселелерді қамтиды. Олардың  әрқайсысын терең толғап, кең  шешерлік өз мамандары бар.  Біздің бұл жерде негізгі сөз  етпегіміз, мақаламыздың бас жағында  айтылған тек әдебиеттану ғылымымен  байланысты еңбектерін ғана қысқаша  шолу.           

 Искусствоны, әдебиетті,  оның өзіне тән ерекшеліктері  мен эстетикалық сипаттарын, әлеуметтік, тәрбиелік мәнін терең ұғынамын  деген адам ең алдымен Белинскийді  оқиды. Өйткені ол - әрі әдебиеттің  тарихын, әрі теориясын терең  білген, мұқият зерттеген, қандай  мәселені болсын, сол кез, сол  жағдаймен байланыстыра талдап, кемеңгерлік қорытынды шығара  білген бірінші әдебиет ғалымы. Сонымен қатар, ұлы сыншы көркем  әдебиеттің өткен дәуірдегі нұсқаларын  дұрыс бағалап, өз кезіндегісіне  тура басшылық етті де, келешектегі  әдебиеттің даму жолдарына дұрыс  бағыт сілтеді. Кім болсын мейлі,  В.Г.Белинский - әдебиетшілердің  бәріне ұстаз. Шын мәніндегі  әдебиетші, не искусствовед Белинскийдің  искусство туралы оқуынан қашса  да, құтыла алмайды. Ұлы сыншы,  теоретик-ғалымның ұлы туындыларын  мұқият зерттеп, терең түсінбей  әдебиетші боламын деу - не  топастық, не жалған әдебиетшілік.            

 В.Г.Белинский өзінің  әдебиетшілік алғашқы адымын  орыс әдебиетінің тарихын жасау,  теориялық, эстетикалық проблемаларын  шешу талаптарынан бастады. 1840 жылдар  бұл идеясын орындау үшін ол  орыс әдебиетінің тарих және  теориялық курсын құрастыруды  жоспарлайды. Бұл тілегі түп-түгел  орындалмаса да, Белинский орыс  әдебиеті тарихының негізін қалап,  желісін тартты, ол жөнінде өзінің  ғылыми-теориялық пікірлерін кезіндегі  әдеби жұртшылыққа ұсынды. Орыс  әдебиетінің тарихын зерттеудегі  Белинский ұсынған ғылыми принциптер  күні бүгінге шейін мәнін жойған  жоқ.           

1834 жыл мен 1842 жылдар  арасындағы «Әдебиеттік армандар»,  «Орыс әңгімесі және Гоголь  әңгімелері туралы», «М.Лермонтов  өлеңдері», «Искусствоның идеясы»,  «Поэзияны тегі мен түріне  қарай бөлу», «Әдебиет деген  сөздің жалпы мәні», «Гоголь  поэмасы туралы біраз сөз», «Сын  туралы әңгіме», т.б., 1843 ж. мен  1848 ж. арасындағы «Державин шығармалары», «Крылов, Пушкин шығармалары туралы»  мақалалары, «1846 жылғы орыс әдебиетіне  көзқарас» (шолу), «1847 жылғы орыс  әдебиетіне көзқарас» (шолу), т.б.  сандаған мақалалар жазды. Олардың  кейбіреулері орыс әдебиеті тарихының  желісіне өзек болса, кейбіреулері  сол әдебиет тарихының жеке  тарауы тәрізді. Крылов, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, тағы басқалар туралы  оның зерттеулері орыс әдебиеті  тарихын жасаудағы ең керекті,  құнды монографиялық еңбектер  болды. Әйтсе де, Белинскийдің  айрықша бір мәні зор еңбегі  орыс әдебиетінің тарихын дәуірлегенде  ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиеті, не  Пушкинге шейінгі және Пушкин, Гоголь дәуірі деп екіге бөліп,  сол екі дәуір әдебиетінің  ара байланысының заңдылығын, соңғы  дәуір орыс әдебиетінің ең  шарықтаған, искусстволық дәрежеге  көтерілген кезі екендігін дәлелдеп  беруі.           

 Пушкинге дейінгі Ломоносов,  Крылов, Державин, Дмитриев, Карамзин, тағы басқаларын айта келіп,  олардың тарихи рольдерін аша  отырып, «... Пушкин - ең алдымен, ақын, суретші; ол орыс поэзиясының  тілін жаңаша құрып, оны көркемдіктің  ең жоғарғы сатысына жеткізді, орыс әдебиетінде бірінші рет  искусствоның искусстволық дәрежеге  жетіп, кемеліне келуі Пушкинмен  байланысты. Пушкин өзінен бұрынғы  орыстың көркем әдебиетін бойына  толық сіңірді, әдебиетте өзінің  беті бар сөз шебері, ұлы ақын  ақындық дәрежеге ие болғанға  шейін ол өзінен бұрынғы ақындардың  жолын қуушы шәкірті болды,  олардың барлық табыс, жетістіктерін  толық меңгеріп, өзіндік етті, өзінен  бұрынғылардың қолынан келмеген  көркемдіктер Пушкиннің қолынан  келе алды, олардың кемшіліктерін  Пушкин қайталамады. Сондықтан  Ломоносов пен Пушкиннің араларында үзілмей келе жатқан желі бар. Бұлардың бірі -  себебі, екіншісі соның салдары. Демек, орыс әдебиетінің дамуы жолындағы осындай үзілмей келе жатқан өзек, байланыстың болушылығы оның «Әдебиет» деп аталуына право береді...» деді (Белинский, І том, 1559ж., 562-б.).

Пушкиннің кейінгі ақын-жазушыларға еткен ықпалы жайлы Белинский: «Пушкин Гогольге үлкен әсер тигізгенде, еліктерлік үлгі ретінде емес, искусствоны мейлінше ілгерілетуші және өзі үшін ғана емес, басқа суреткерлер үшін де искусство айналасынан жаңа жолдар ашушы суретші ретінде әсер етті. Пушкиннің Гогольге тигізген негізгі әсері - (шығарманың) халықтылығында...» - деді.           

 Әдебиеттің халықтылығын  ең алғашқы мақаласы «Әдебиеттік  армандарда» көтерді. Үстем тап  әдебиетін халықпен, оның мүддесімен  байланыссыз деп қатты сынады. Әдебиеттің халыққа қарым-қатысы, байланысы, оның тарихи-әдебиеттік  концепциясын белгіледі. Әдебиетте,  сында, публицистикада өзінің  жолын қуушы Некрасов, Салтыков-Щедрин, Чернышевский, Добролюбовтерді туғызды.            

 Орыс әдебиетінің тарихы  жөніндегі В.Г.Белинскийдің ролі  мен мәні жайлы Н.Г.Чернышевскийдің  «... Белинскийге шейін бізде сын  болды, бірақ әдебиет тарихы  болған жоқ. Әдебиет тарихы  туралы дәл және дұрыс түсінікке  ие болғандығымыз үшін біз  Белинскийге міндеттіміз» деген  сөзінің өзі-ақ ұлы сыншының  орыс әдебиеті тарихын жасаудағы  еңбегінің қандай екендігін толық  дәлелдейді.           

 В.Г.Белинскийдің еңбектерінің  бір алуан саласы әдебиет теориясының  мәселелерімен байланысты. Әдебиеттің  халықтығы, әдебиеттің тегі, түрі, классицизм, романтизм, реализм,  стиль, стилистика, өлең, оның құрылысы, көркем әдебиеттің тілі, тағы  басқа теориялық күрделі мәселелер  ұлы сыншының даналық туындыларынан  өздерінің ғылымдық шешімдерін  тапты.           

 Көркем әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш текке  бөліп, олардың әрқайсысына дәл,  фактілерге негізделген нақтылы  тапсырмалар берумен қатар, олардың  әр алуан түрлерін де жіктеп, кейде бір-бірінен айыру өте  қиын эпос, лирика түрлерінің  жігін ашып, ғылыми тұрғыдан ерекшеліктерін  дәлелдеп көрсетуші алғашқы теоретик  те В.Г.Белинский болды.           

 Эпостық текке жататын  әдеби нұсқаларында объект, өмір, оқиға, адамдардың арасындағы  қарым-қатыстар бірінші орын алса, лирикалық текке жататын шығармаларда  бірінші орынды субъект - ақын, оның көзқарасы, сезім түйсіктері  алатындығын, драма осы екі  тектің (жанрдың) қосындысынан құралатын,  алдыңғы екеуінен гөрі қиынырақ, жеке бір жанр екендігін көрсеткен  теориялық анықтаулары күні бүгінге  шейін әдебиетте сол қалпында  басшылық ретінде қолданылады.  Өйткені әр пәннің тууы, дамуы  белгілі бір заңдылыққа негізделінетіндігіне  шәк келтірместей, оны ғылыми  қағида десек, әр ғалымның өз  пәні айналасында ашқан жаңалығы  басқаларға бұрын белгісіз жаңа  бір заңдылықты ашу, оның ғылым  үшін теориялық, өмір үшін практикалық  мәндерін белгілеу ғой. Әрине  ол кездейсоқ, күтпеген жерден  табыла салатын нәрсе емес, өзіне  шейінгілердің сол проблема туралы  еңбектерін білу, оларды аудара  қарап, ақтара тексеру, өз пәнін,  оның белгілі бір проблемасын  төтенше бақылап, айрықша зерттеу  нәтижесінде ғана мүмкін. Сол  тәрізді В.Г.Белинскийдің «Поэзияны  тегіне және түріне қарай бөлуі»  немесе басқа тақырыпқа жазған  теориялық мақалалары сонау ескі  грек замандарынан бергі искусство,  әдебиет, оның тектері, эстетика  туралы дүниежүзі білімпаздарының  еңбектерін терең білуге, оның  терісінен айырып, олардағы өсе  алмаған дәнді ұрықтарды өсіру,  дамытуға және өз кезіндегі  көркем әдебиетті үздіксіз бақылап,  мұқият зерттеу арқылы әдебиеттің  өзіне тән табиғи жайттарды  тапжылдырмай тани білді. Өзіне  шейінгі искусство, әдебиет тарихы, теориясы жөніндегі көзқарас, теорияларды  толық меңгеріп, оларға сын көзімен  қарап, қайта қорытты, искусство,  әдебиет туралы жаңаша принциптер  ұсынды.           

 В.Г.Белинский искусство,  әдебиет - өмір шындығының сәулесі.  Олар мазмұнды, нәрді өмірден  алады да, ақын, суретшілердің ой-сезімдерінде  қорытылып, әдеміленген түрде  қайта туады, өзінің тууына  негіз болған әлеумет өмірін  жақсарту, ілгерілетуге көмектеседі деген принципті қолдады. Ұлы сыншының бұл принципінің тарихи да, теориялық та мәні зор болды.           

 ХҮІІІ ғасырдың аяғы, ХІХ ғасырдың басында Канттың  искусствода әдемілікті күйттеуден  басқа ешбір мақсат болмайды  дейтін идеалистік көзқарасына  сүйенген «көркемөнер - көркемөнер  үшін» деп аталатын әдебиеттегі  буржуазиялық теориясымаққа бірінші  рет тойтара соққы берген - революцияшыл-демократ  В.Г.Белинский.           

 «Қоғам мүдделеріне  қызмет ету правосын өнерден  тартып алу - оны ұлықтау емес, кемсіту деген сөз, себебі осының  өзі оны нағыз шынайы, жанды  күш-қуатынан айыру деген сөз»  деді.           

 Өзінің фольклор, орыс  әдебиетіне арналған және «Әдебиет  деген сөздің жалпы мәні» атты  мақалаларында әдебиет искусствоның  ең жоғарғы түрі екендігін  дәлелдей келіп, ол халық өмірінің  сәулесі, ой, қиял, ақыл, сезімдерінің  жиынтығы, оның міндеті - жалпы  халықтың, қоғамның керегіне жарап,  соған қызмет ету деген пікірді  баса айтып, өткен дәуірден  қалған мұраларды осы тұрғыдан  алып бағаласа, өз кезіндегі искусство,  әдебиеттерге де осы тілектерді  қойды.           

 Оның кезіндегі орыстың  кертартпа әдебиетшілері, ақын-жазушылары  өткенді жырлау керек, қазіргі  өмірді жыр ету поэзияны әлсіздендіреді, жансыз, құр сүлдесін ғана қалдырады  десе, Белинский оларға керісінше,  «...қазіргі шындық болмысты керек  етіп отырған мәселелерге зор  көңіл бөлу - ақындардың негізгі  міндеті» деді.           

 Ақын-жазушылардың әлеуметтік  тарихи рольдеріне тоқтала келіп,  Белинский: «В наше время поэт  как поэт не может обещать  себе великого успеха, потому  что наше время от каждого  - следовательно и от поэта  - требует, чтоб он прежде всего  и больше всего был - человек.  Не заботьтесь же о себе  как о поэте и воспитывайте  в себе человека... Не покупайте  любви людей изменою истине...»  (т. ІХ, 432).           

 «...Ұлы кемеңгер ақындар  туралы жалпы анықтамасында... Кемеңгердің  аты - миллион, өйткені ол миллионның  азабын, қуанышын және жігер-талабын  дайым өз кеудесінде сақтайды»  деген данышпандық қорытындыға  келді.           

 Ұлы сыншының бұл  тәрізді ақын-жазушылардың әлеуметтік, халықтық ролдеріне айрықша тоқталып, өте зор көңіл бөлуі, біріншіден, «көркемөнер - көркемөнер үшін»,  ол тек әдемілікті ғана жырлауы  қажет», әлеумет жұмысына, тап тартысына  араласпауы керек деген декаденттік  буржуазияшыл кертартпалық көзқарастардың  тамырына балта ұру болса, екіншіден,  искусство, әдебиет езілуші халықтың  азаттық жолындағы күрестерінің  күшті құралы болу керек деген  өзінің революцияшыл демократтық  идеясын іс жүзіне асыру, сол  үшін күресу тілегінен туған  болатын.           

Информация о работе Gogolge xat