Балалар бақшаларын ашу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 15:35, практическая работа

Описание

Қазіргі уақытта балалар бақшасын ашудың болашағы бар, оның себептері мынадай:
біріншіден, жалпы оң үрдіс адамдардың мемлекеттік балалар бақшасы мекемелерінің тәрбиешілері бір топтағы балалар санының көптігі және бюджеттің шектеулі болуы сияқты объективті себептерге байланысты көрсете алмайтын тиісті назарды балаларына көрсетсе болды өз балаларының тәрбиесі мен бос уақыты үшін ата-аналардың мүмкіндіктерінің бар екенін және ақы төлей алатынын болжайды;
екіншіден, сапалы және стандарты емес (массаж кабинеті, тіс емдеу кабинеті, бассейн, хореография студиясы және т.б.) қызметтерді ұсынатын жеке меншік балалар бақшасының қазірдің өзінде барынша кең тараған құбылыс екенінің растығы;

Содержание

Кестелер тізімі 3
Суреттер тізімі 4
Резюме 5
Кіріспе 7
1. Жобаның тұжырымдамасы 8
2. Өнімнің (тауардың) сипаттамасы 9
3. Өндірістер бағдарламалары 10
4. Маркетингтік жоспар 11
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы 11
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер 13
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер 15
4.4 Маркетинг стратегиясы 16
5. Техникалық жоспарлау 17
5.1 Технологиялық процесс 17
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар 17
5.3 Жабдық және инвентарь 18
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым 19
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам 20
7. Жобаны іске асыру 21
7.1 Іске асыру жоспары 21
7.2 Жобаны іске асыру шығындары 21
8. Пайдалану шығыстары 22
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар 23
10. Қаржыландыру қажеттілігі 25
11. Жобаның тиімділігі 26
11.1 Cash-flow проекциясы 26
11.2 Пайда мен залалдар есебі 26
11.3 Баланс проекциясы 26
11.4 Қаржы индикаторлары 26
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер 28
12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 28
12.2 Қоршаған ортаға әсер 28

Работа состоит из  1 файл

BiznesZhosparBalalarBakshalarynAshu (1).docx

— 480.91 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорын қызметтер сапасын  жақсарту және клиенттер ынтасын  тудыру үшін бірқатар шараларды жүргізді. Клиенттермен сыпайы қарым-қатынас  жасау, көрсетілетін қызметтердің әр түрлілігі, қызметтер сапасының жоғарылығы – осының бәрі, сөзсіз, клиенттердің ілтипатына  ие болады.

Қызметтерді нарыққа жылжыту  ұсынылатын қызметтердің қадыр-қасиеті  туралы  ақпаратты әлеуетті клиенттерге  жеткізу және  оларды ынталандыру  қызметтерінің  әр  түрлі жиынтығын  болжайды.

Кәсіпорын қызметтерін  нарыққа жылжыту әдістері мыналарды  қамтиды: жарнама қызметі, өткізуге ынталандыру, жұртшылықпен байланыс,  персоналды қызметтер.

Жарнама балалар бақшасының имиджін көрсетумен тығыз байланысты екенін атап өткен жөн. Жарнама жасаудың мақсаттары әлеуетті клиенттерді жаңа тәрбиелеу мекемесінің ашылғаны, олардың бақша туралы оң пікірінің  қалыптасуы, сондай-ақ көптеген клиенттер  санын тарту туралы хабардар ету  болып табылады. Жұмыстың бастапқы кезеңінде  жарнама бюджеті  шамамен 15 мың теңгені құрайды. Бұл қаражатты  ата-аналардың балаларымен көп  жиналатын жерлерінде жарнама буклеттерін  орналаструға, газеттер мен БАҚ-та хабарландырулар  жариялауға,  маңдайшалар дайындауға  жұмсау жоспарлануда.

 

5. Техникалық жоспарлау

5.1 Технологиялық процесс

Жобаны іске асыру процесінде:

  • ой-сананы дамыту сабақтары мен еркін ойындар (ойыншықтар, кеңсе, әдістеме құралдары, балалар жиһазы мен жабдықтар); сондай-ақ  музыка аспабы бар жұмыс орындары, дене шынықтыру сабақтары мен  қозғалыс ойындары үшін;
  • ұйықтау үшін (кереуеттер, бір балаға кемінде 2 төсек-орын жиынтығы ),
  • сыртқы және ауыстыру киімдері  үшін (жеке шкафтар,  балалар  дивандары),
  • тамақ ішу үшін  (ыдыс-аяқ,  құралдар, жиһаз);
  • санитарлық-гигиеналық рәсімдер үшін (горшоктар мен унитаздар, орамалдар, шаруашылық  жабдықтары).

Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы жас топтары бойынша жасалған. Ол балалардың дене және  психикалық дамуының  төрт түрлі өсу кезеңін  қамтиды:

  • бөбектік жас – туғанынан 2 жасқа дейін  (бірінші және екінші бөбектік жас тобы);
  • мектепке дейінгі сәбилер жасы – 2-ден 4 жасқа дейін (бірінші және екінші сәбилер тобы);
  • орта жас – 4-тен 5 жасқа дейін (орта топ);
  • ересек мектепке дейінгі жас – 5-тен 7 жасқа дейін (ересектер және мектепке дайындық топтары).

Бағдарламаның әрбір бөлімінде  балалардың дене және психикалық жас  ерекшеліктеріне сипаттама беріледі, тәрбиелеу мен оқытудың жалпы  және арнайы міндеттері, балалардың өмір жолын ұйымдастыру ерекшеліктері  айқындалды, қажетті ұсынымдарды,  оқыту процесінде өмірлік маңызды  білім мен дағдыны қалыптастыру және оны күнделікті өмірде дамыту  қарастырылды.

Бағдарламада  балалар  мерекелерін, ойын-сауықтары мен  бос-уақыттарын ұйымдастыру жолдары  жасалды. Дамудың үлгі деңгейлері  айқындалды,  онда сәбидің мектепке дейінгі мекемеде болған әрбір жылының  соңына қол жеткен жетістігі  көрсетіледі.

Бағдарлама педагогикалық  процесте пайдалану ұсынылған әдеби  және музыкалық шығармалар, дидактикалық және еркін ойындар тізбелерімен сүйемелденіп отырады.

 

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар

Жоспарланған кәсіпорынды  аумағы 240 м2. астам жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Жанынан балалар алаңы орналасатын болады, онда қажетті ойын жабдықтарын орналастыру жоспарлануда.

Барлық орынды бірдей балалар  бақшасына айналдыру мүмкін емес екенін атап өткен жөн. Жалға қолайлы  орын табу қиын, ол бірқатар талаптарға сәйкес келуі қажет. Төмендегі  нормативтік құжат «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ұстауға және пайдалануға қойылатын  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға»  сәйкес (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 13 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген)  балалар бақшасының орын-жайына қойылатын талаптар берілген.

Жалпы үлгідегі БОО ойын алаңының мөлшері:  ясли жасындағы  балалар үшін  бір орынға 7,5 м2 , мектепке дейінгі жастағы балалар  үшін - 7,2 м2 қабылдау қажет.

Топтық ұяшықтар  орын-жайларының  алаңы:

- шешінетін орын (қабылдау) – алаңы 18 м2 кем емес;

-  топтық (ойнау) -  алаңы  50 м2 кем емес (ясли топтары  үшін 1 балаға 2,5 м2 кем емес, мектепке  дейінгі топтарда  2,0 м2 кем  емес есебімен);

- буфет -  алаңы  3,8 м2 кем емес;

- ұйықтайтын бөлме –  алаңы  50 м2  кем емес (ясли топтары  үшін 1 балаға 1,8 м2 кем емес, мектепке  дейінгі топтарда  2,0 м2 кем  емес есебімен);

- әжетхана - алаңы 16 м2  кем емес  (ясли топтары үшін 1 балаға 0,8 м2 кем емес).

Жалдау шартын ұзақ мерзімді негізде бір жылдан астамға (кем  дегенде) жасасу қажет,  бұл жалдау шартын Жылжымайтын мүлік орталығында  міндетті тіркеуді талап етеді. Бұлайша  болмаған жағдайда өз шарттарын талап  ететін жалға берушіге тәуелді болу  қаупі туындайды, бұл 1 айлық бағаның  құнына әсер ететін болады.

 Жалдау ақысына жер  салығы мен мүлік салығын төлеу  қосылуы мүмкін.

5.3 Жабдық және инвентарь

 Балалар бақшасын жабдықтау үшін, қажетті негізгі жабдықтардың арасында бөліп көрсетуге болады.

 

 

 

 

 

6-кесте – Жабдық және инвентарь

Атауы

Саны

Екі деңгейлі кереует

40,0

Қарапайм кереует

20

Ойындықтарға арналған қабырға шкафы

10

Орын-жай үшін  ойын ойнау кешені

4

Балалар алаңы  (көше кешені)

4

Спорт кешені

2

Шешіну үшін 4-секциялы шкаф

30

Үстел, орындықтарымен бірге

30

Ойын ойнау жиһазы жиынтығы

10

Орын-жайға арналған орындықтар

7

Шағын орындық

120

Сатылы ойындар

3

Құм алаң

4

Тербелу-балансирі

5

Әткеншек

1

Ойын жиһазы

5

Ас үй  жиһазы

1

Кір жуатын  машиналар

2

Ыдыс-аяқ, құрал

1


 

Жабдықтар мен инвентарьдың жалпы құны 12 711 мың теңгені құрайды. Жабдықтарды сатушы  «Папа Карло» ЖШҚ, РФ.

5.4 Коммуникациялық  инфрақұрылым

Жобада  қажетті коммуникациялық  құрылымы бар (электр-, жылу- және сумен  жабдықтау, телефон байланысы) орын-жайды  жалдау көзделген.

 

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам

Кәсіпорынға директор жалпы  басшылық жасайды. Директордың орынбасары өндірістік (тәрбиеші, әдістемеші, педиатр, күтуші) және қызмет көрсетуші құрамға  басшылық жасайды..

Кәсіпорынның ұйымдастыру  құрылымы төменде ке,лтірілген түрлерден  тұрады.

 

2-сурет – Ұйымдастыру құрылымы

 

Ұйымдастыру басшылығы  білікті педиатордың болуын қарастырады. Қарым-қатынас тілінде кемшілігі  бар балалармен логопед  жұмыс  жасайтын болады (сағат бойынша жұмыс  күні). Музыкадан жетекшілік жасаушы  балалардың музыкалық білімімен  айналысатын болады.

Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға  жатқызуға болады. Ол директордың  балалар бақшасының жұмысын жедел  басқаруына және оқиғалардан үнемі  хабардар болуына мүмкіндік береді. 

7. Жобаны іске асыру

7.1 Іске асыру жоспары

Осы жобаның іске асуы 2011 жылдың соңынан бастап 2012 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңді алатын болады деп  болжануда.

 

7-кесте – Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

Іс-шаралар\Ай

2 011

2 012

11

12

1

2

3

4

Маркетингтік зерттеу жүргізу және ТЭН әзірлеу

           

Қаржыландыру  мәселесін шешу

           

Кредит алу

           

Орын-жайды жалдау

           

Жабдықтар мен инвентарьды жеткізу

           

Жұмыстың басталуы

           

7.2 Жобаны іске асыру шығындары

Инвестициялық шығындар бағасы төмендегі кестеде келтірілген.

 

8-кесте –2012  жылға арналған  инвестициялық шығындар

Атауы

Сомасы, мың теңге

2 012

1 ай

2 ай

3 ай

Екі деңгейлі кереует

1 463

732

732

 

Қарапайым кереует

373

187

187

 

Ойындықтарға арналған қабырға шкаф

435

218

218

 

Орын-жай үшін  ойын ойнау кешені

454

227

227

 

Балалар алаңы  (көше кешені)

1 788

894

894

 

Спорт кешені

375

188

188

 

Шешіну үшін 4-секциялы шкаф

1 286

643

643

 

Үстел, орындықтарымен бірге

2 432

1 216

1 216

 

Ойын ойнау жиһазы жиынтығы

413

206

206

 

Орын-жайға арналған орындықтар

190

95

95

 

Шағын орындық

381

191

191

 

Сатылы ойындар

287

143

143

 

Құм алаң

313

157

157

 

Тербелу-балансирі

331

166

166

 

Әткеншек

170

85

85

 

Ойын жиһазы

193

97

97

 

Ас үй жиһазы

1 500

 

750

750

Кір жуатын машиналар

100

 

50

50

Ыдыс-аяқ, құрал

700

 

350

350

Барлығы

12 711

5 256

6 356

1 100


 

Жабдықтарды жеткізу құны  сол жабдықтың  бағасына енгізілген.

 

8. Пайдалану шығыстары

Пайдалану шығыстары балаларды тамақтандыруға, сондай-ақ жеке гигиеналық заттарға, төмек-орын мен орамалға арналған шығыстардан тұрады. Норма бір айға 1 балаға  6 мың теңге  сомасында белгіленген (ҚҚС-пен бірге).

 

9-кесте – Бір айға ауыспалы шығыстар, мың теңге, ҚҚС-сыз

Шығыстар бабы

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

Қызметтер көрсетуге арналған шығыстар

643

643

643

643

643

643

643

Бір айға  арналған тамақтану

643

643

643

643

643

643

643

Толықтырылуы ескеріле отырып

450

629

643

643

643

643

643


 

Тұрақты шығыстарды ескере отырып 1 баланы ұстауға арналған жалпы  шығыстар келесі кестеде келтірілген.

 

10-кесте – 1 баланы ұстауға арналған шығыстар

Ауыспалы

 

ҚҚС-сыз

ҚҚС-пен

Тамақтану (бір айға)

мың теңге

5,4

6,0

Тұрақты

     

Жалақы

мың теңге

24

24

Тұрақты шығыстар

мың теңге

5,3

5,9

Барлығы 1 балаға арналған шығыстар

34,8

36,0


 

Осылайша,  1 баланы ұстауға  арналған шығыстар  36 мың теңгені  құрайды. Кәсіпорын қызметтерінің  45 мың теңге мөлшеріндегі бағасы бойынша 1 балаға есептелген кіріс 9 мың  теңгені  құрайды.

Информация о работе Балалар бақшаларын ашу