Аналитикалық жұмысты ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2012 в 06:28, реферат

Описание

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады. Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес. Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.

Работа состоит из  1 файл

Инфляция, қарсы саясат.doc

— 62.00 Кб (Скачать документ)

Бірінші кезекте, тиісті органдар сыртқы сауда секторы  есебінен болатын баға өсімін терең  зерттеуге кіріскен. Біздің ішкі рыногымыз  қанша дегенмен әлемдік коңюнктураға тікелей байланысты ғой. Түрлі тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы сыртқы факторларға сәйкес күрт өсіп кетуі ғажап емес. Сондықтан импорт инфляциясын үнемі назарға алып отыру керек. 

Екінші кезекте, екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы жағдайларға  тәуелділігінен туындайтын баға өсімі кешенді талдауға өзек болған. Ұлттық Банк мәліметтеріне қарағанда, жеке сектордың сыртқы қарызы 39,1 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 70 пайызы. 2001 жылдың аяғында бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 51,3 пайызын құрағанын ескерсек, айырма айтарлықтай. Бүгінде жеке сектордың сыртқы қарызының 35,5 пайызын екінші деңгейдегі банктер қарызы құрайды. Банктердің несие қаржыларын оңды-солды бере бастағанының астарында осындай гәп жатыр. Экономиканың тұтыну несиелері өскен сайын екінші деңгейдегі банктер алақандарын ысқылай түседі. Сырттан алынған қарыз ақшаның ағыны көбейген сайын қаржы құнсыздануы жылдамдайды. 

Қазірдің өзінде тұтыну несиелері елеулі түрде өсіп отыр. Ол 2006 жылдың екі айы ішінде халықтың салымдарының өсуінен 4 есе  артық болып шықты. Тұтыну несиелерінің бұлайша шарықтай түсуі инфляцияның шапшуына тікелей түрткі болатыны түсінікті. 

Мемлекеттік бюджеттің  ағымдық шығындарын қысқарту арқылы да инфляцияны ауыздықтауға болады. Есеп-қисапты  дұрыс жүргізіп, не керек, не керек  еместігін уақтылы айқындап отырса, мемлекеттік бюджет есебінен болатын негізсіз шығындарды реттеуге мүмкіндік бар. Үкімет соңғы жылдары мемлекеттік шығындарды жалпы ішкі өнімге қарай алғанда 22-23 пайыз деңгейінде ұстауға ұмтылып отыр. 2005 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 22,9 пайызды құраса, 2004 жылы 23,4 пайыз болған еді. Бұл арада Ұлттық қор трансферттерін қоспағандағы таза мемлекеттік шығындар туралы әңгіме болып отыр. 

2006 жылдың 1 шілдесінен  бастап Ұлттық қор жаңа схема  бойынша жұмыс істей бастайды. Бұдан былай Ұлттық қор макроэкономикалық реттеуші рөлін атқарады. Мемлекеттік бюджет қаражатын Үкімет ұсынақты түрде жұмсауға көшетін болады. Экономиканың “қызып кетпеуі” үшін осындай түбегейлі шаралар қолға алынған. 

Үкімет халықтың табысының, жалақысының өсуін және еңбек өнімділігін тұрақты зерттеуге тырысып отырса керек. Өйткені, инфляцияның өсу шегін дәл анықтау үшін мұндай деректерді ай ма ай нақтылап отырмаса болмайды. Үстіміздегі жылдың екі айы ішіндегі көрсеткіштерге қарағанда, нақты еңбекақының өсімі еңбек өнімділігінің нақты өсімінен 2,3 есе артық екен. Халықтың нақтылай қаражат кірістері бөлшек сауда айналымының өсу қарқынынан 1,4 есе жоғары. Ішкі тұтыну сұранысының тарапынан жүріп жатқан өсімдер инфляциялық үдерістерге еріксіз итермелеп отыр. 

Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1 шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алынбақ. “Монополистік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады. Индустрия және сауда министрлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр. 

Көптеген монополистер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні  жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі  тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен. 

Сонымен, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді.[4]

[өңдеу]

Дереккөздер

↑ Мауленова  С.С. "Экономикалық теория". Алматы 2004.

↑ Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. "Микроэкономика". Алматы 2000 ж.

↑ Райханов Н. "Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше" // Ақиқат -1996ж

↑ Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. "Қаржы", // Алматы,2005ж.

Информация о работе Аналитикалық жұмысты ұйымдастыру