Аймактык даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 20:23, реферат

Описание

Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі. р

Работа состоит из  1 файл

Қабылдау.doc

— 57.00 Кб (Скачать документ)

     Қабылдау  дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім  мүшелерімізге тікелей әсер ету  нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың  кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.

       Физиологиялық негізі.

       Қабылдаудың физиологиялық негізіне  мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек.

       Қабылдау процессінде бірнеше  анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады.

       Қабылдағанда адам миындағы болып  жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды.

       Қабылдаудың түрлері түйсіктің  түрлеріне ұқсас болып келеді.

       Ерекшеліктері.

      1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау  объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден  тұрғанымен біз оларды бүтіндей  тұтас қабылдаймыз.

      2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

      3. Қабылдаудың таңдамалылығы . Бізге  қабылдау кезінде бірнеше заттар  немесе құбылыстар әсер етуі  мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге  байланысты біреуін ғана қабылдаймыз.  Қабылданған зат қабылданғанның  объектісі деп аталады. Ал объектіден  тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады

      4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің  нәтижесіне және мамандыққа тәуелді  болуын аперцепция деп атаймыз.  Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты  және уақытша. Тұрақты түрі - адамның  дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.

       Уақытша түрі – адамның қабылдау  кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық  қалпына тәуелді болады.

       Аперцепция жеке адамның қабылдауына  белсенділік сипат береді.

       Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.

       Кеңістікті және уақытты қабылдау.

       Біз дүниедегі заттар мен құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.

       Уақытша қабылдау.

       Уақыт дегеніміз – дүниедегі  заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі  заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.

       Адамдардың адамды қабылдауы  адам өмірінде үлкен роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады.

       Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері жеке  адамның кейбір қасиеттерін көрсетеді.  Сөйлеу ерекшел іктері де адам  туралы көп мәлімет береді.

     Адамға  тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың адам анализаторларында  тітастай бейнелену процесін қабылдау дейді.

     Егер  түйсік сыртқы дүние заттары мен  құбылыстарының жеке қасиеттері мен  сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады. 

     Қабылдауда  заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл  түсі, хош иісі, тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады. 

     Қабылдау  процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан  дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау  дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді. 

     Қабылдау  — ми қабығының күрделі анализдік  және синтездік қызметінің нөтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында  пайда болатын уақытша жүйке  байланыстары жатады. Мұны И. П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен,  анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердін бір-бірімен байланысы) заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

Қабылдау

Заттар  мен ққбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі

(түсі,дыбысы,иісі,дәмі,формасы)

 
Тұтастылығы:объекті жеке бөліктен тұрғанмен тұтас
Мағыналылығы:ана тіліндегі сөздерді толық
Таңдамалылығы:объектілер ішінен біреуін

Н.Е 

Апперцепсия: адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы
 
    Тұтастылығы: сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарамастан кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылданбауы
Иллюзия: шындықтағы объектілерді қате қабылдау
Байқағыштық:жіті көру мен қалтқысыз естуді,аңғара білушілікті қажет етеді
Байқау: белгілі мақсатпен объектіні әдейлен қабылдау

  
 

 

     Мысалы: Ертемен тоғайғы барып серуендеп  жүрсең, тамылжыған табиғаттың ортасынан  есіңде қалатын ләззат аласың. Осыдан алған әсерлер (түрлі түстер, жапырақтың сыбдыры, қыстың сайрауы, гүлдің иісі, самалдың соғуы сияқты тамашы көріністер)-қабылдаудың нәтижесі.

     Бұл процеске көру, есту, иіскеу, темпуратуралық анализатор түгел қатысады.

     Адам  дүние бейнесін қабылдағанда заттардың  сипаттамары мен қасиеттерін жекелей бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмді, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды. Осыдан шығатын қорытынды-қабылдау түйсіктердің жиынтығы. Бірақ мұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік қасиет, айырмашылығын жоя алмайды.

     Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық  жағында да болады. Мысалы: алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті сипаттарын санау  арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мысалы: А әрпін 9 түрлі жазуға болады. А әрпінің танылатын ерекшелігі ортасынан көлденең сызықпен қосылатын бір-бірінен басы түйісіп тұрған екі сызық. Қабылдаудың физиологиялық негіздері - үлкен ми сыңарлары қыртысындағы күрделі шарттары рефлекторлық байналыстар, мұнда сыртқы тітір-кенгіштерден келетін қозулардың жинақтауы(бірігуі) жүзеге асады. 

Қабылдаудың кейбір ерекшеліктері

     Қабылдау-адамның  іс-әрекетімен тығыз байланысты активті  процесс. Әдетте біздің саналы қабылдауымыз пассивті сырттай қабылдау емес, нақты  танымдық сипаты бар міндетті шешу болып табылады. Кез-келген объектіні қабылдау оны қоршаған ортада жүзеге асады. Мысалы: Мұхтар Әуезовтың  “Абай жолы” романын алып жатып, сөреде жиюлы тұрған басқа да көп кітаптарды қабылдаймыз. Бірақ осы тұста объекті болады-М.Әуезовтың кітабы, басқалары фон ретінде ғана қабылданады. Кейде объектін мен фон орын алмастырады. Бұл 11 (а,б,в,г) суретінің ортасына салынған болса, біз қара фон-дағы ақ құмыраны көрінеді. 11 б суретінен қоянды, не үйрек балапанын, 11 в cуретінен кемпірді немесе жас әйелді көруге болады. 11 г суретінен жоғарғы жағы көрерменге қаратылған екі жарылып алынған пирамиданы көруге бола-ды. Мұндай суреттерді кейде екі жақты сурет деп те атайды. 

     Қабылдауды  қай жағынан алсақ та, ол-адамның тәжірибесімен және қабылдайтын  объектісімен бұрын таныс еместігіне байланысты болатынын аңғарамыз. Ол-адамның білім дәрежесімен, көзқарасымен, психикалық қалпымен тығыз байланысты. Қабылдауды адамның өткен тәжірибесіне жалпы психикалық өмір мазмұнына байланысты болуын апперцепция деп атайды. “Апперцепция”- латын сөзі қазақша “қосымша” , “қабылдау” деген мағынаны білдіреді. Әр түрлі мамандықтағы адамдар бір заттың өзін әр түрлі қабылдайды. Мәселен, даладан жұлынып алынған гүлге қарап суретші ондаға бояулардың түріне көңіл аударды; ботаник гүлді өсімдіктердің класының өкілі ретінде қарайды.

     Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерен, жеке бөліктерден тұрғанымен, біз  оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

     Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде  ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділер  ғана қабылданса да біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз. Мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті сипаттарын санау арқылы емес оның белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мәселен, алманы қабылданғанда дөңгелек, қызыл, тәтті сипттарын санау арқылы емес оның белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз.

     Иллюзия жайлы 13 (а,б,в,г,д) суретке қараңыз. Тік бұрышты жоғарыдан төмен қарай және көлбеу сызылған ұзын сызықтар параллель (13 а суретті қарасаңыз) емес сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде олардың арасы барлығында да бірдей.

     13 б суретте екінші бағана біріншіден, биік, ал үшінші бағана екіншіден биік сияқты. Шын мәнінде олардың биіктігі бірдей.

     13 в суретте үлкен шеңберлердің ортасындағы шеңбер кішкене шеңберлердің ортасындағы шеңберден кішкене сияқты, бірақ ортадағы шеңберлердің екеуі мөлшері жағынан бірдей. Бұлардың бәрі-теріс қабылданудың мысалдары. Теріс, қате қабылдаулар иллюзия деп аталады. Бұл сияқты суреттерді қарағанда адамдар да сөз жоқ қателеседі, өйткені, бұл иллюзиялар біздің түйсіктерімізбен қабылдауларымыздың ерекшеліктеріне байланысты. Олардың кейбіреулерін атап шығайық.

     А) Жарык пен бояудың иллюзиясы. Жарық ашық түсті заттарға қарағанда  бізге көп сияқты болып көрінеді. Сондықтан арық адам ақ киім кисе толығырақ  сияқты болып көрінеді, ал толығырақ адам қара костюм кисе, сындырлы болып көрінеді. Көк тұсқағазбен қапталған бөлме, көлемі сондай қызыл тұсқағазбен қапталған бөлмеден кеңірек сияқты болып көрінеді,

     Б) Контраст иллюзиясы (13 г суретті қараңыз ).

     В) Біртұтас нәрсенің қасиеттерін бөлшектеуге көшіру (13 д суретіндегі параллелограмдарды қараңыз, мұнда диагоналы үлкен сияқты болып көрінеді).

     Г) Заттың жоғарғы бөлігінің мөлшерінң үлкеюі, 3 және 8 цифрларында жоғарғы жартысы төменгі жартысымен бірдей сияқты, ал шындығында ол кішкене.

     Д) Сызық бағытының өзгеру иллюзиясы (13 а суретті қараңыз).  
 
 
 

Информация о работе Аймактык даму