Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)

     Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджет қаражатынан 2,3 млрд теңге бөлінді.

     Мамандандырылған  медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру мақсатында ауылдық денсаулық  сақтауға телемедицинаны енгізу жалғасты. 2008 жылы Жамбыл облысының 8 ауданында, Ақтөбенің жеті ауданында және Маңғыстау облысының 4 ауданында телемедицинаны енгізу жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар кейінгі жылдары да жалғасатын болады.

     Денсаулық сақтаудың жаңа объектілерін салу мен  іске қосу жоғары және орта білікті медициналық кадрларға қажеттіліктің өсуін талап етеді. 2009 – 2011 жылдары мамандардың ауылдық елді мекендердің денсаулық сақтау мекемелерінде орнығуына бағытталған: жұмыс орнына көшу мен жүктерін тасымалдауға жұмсалатын шығындарды өтеу, тұрғын үй сатып алу, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін  бір жолғы ақшалай жәрдемақы беру іс-шараларын іске асыру жоспарлануда. Осы мақсаттарды іске асыруға 5,8 млрд теңге талап етіледі. Бұдан басқа, мамандардың жалпы санының 2007 жылғы 1,75%-ымен салыстырғанда 2011 жылы 6,9%-ға дейін аса тапшы мамандықтар бойынша басым даярлығы бар мамандарды шетелдерден тарта отырып, шетелде оқыған медициналық және фармацевтикалық  кадрлардың үлесін арттыру жоспарланып отыр.

     2008 жылы дәрігерлердің саны 2007 жылғы  10 мың адамға шаққандағы  29,9 бірлікпен салыстырғанда 30,6 бірлікке жетті, орта медициналық персоналдың саны 10 мың адамға 70-тен 72,5 бірлікке дейін ұлғайды. Аурухана ұйымдарында емделіп шыққан науқастардың саны 2008 жылғы бірінші жартыжылдықта 1 363 627 адамды құрады, сол уақытта 2007 жылы бұл көрсеткіш 1 358 191 адам деңгейінде болды.

     Кез келген ауруды емдегеннен гөрі оның алдын  алған жеңіл. Осыған байланысты әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алуға  және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ерекше назар аударылады. Осы іс-шараларды іске асыру «Салауатты өмір салты» кешендік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Оның басты мақсаттары: халықты сауықтыру, азаматтарда салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру және мінез-құлықтық қатер факторларының (темекі шегу, алкоголді шектен тыс тұтыну, есірткі тұтыну, сапасыз және ұтымды емес тамақтану, төменгі дене белсенділігі) алдын алу, орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту. Халықтың өмірінің ұзақтығына тікелей әсер ететін мінез-құлықтық қатер факторларының таралуын азайту  бағдарламаны іске асыру нәтижелері болады:

    • денесінің артық салмағы бар халықтың үлесі 2011 жылға қарай 33,7%-ға дейін төмендейді;
    • темекі шегетін халықтың үлесі 2007 жылғы 22,8%-дан 2011 жылға қарай 18,6%-ға дейін азаяды.

     2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жалпы шығындар 2,4 млрд теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 219 млн теңгені, жергілікті бюджеттерден 2,2 млрд теңгені құрайды.

     Өңірлерде кейіннен серпінді қадағалау және сауықтырумен 18 жасқа дейінгі балаларға профилактикалық медициналық қарау жүргізу жалғасуда. 2008 жылдың басынан бастап профилактикалық медициналық қараумен балалардың 52,9%-ы қамтылды. 
 
 
 
 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     17-сурет. 2002-2007 жылдардағы халықтың табиғи өсімі (1000 тұрғынға шаққандағы адам) 

     Сондай-ақ әйелдерді сүт безі рагы мен жатыр  мойыны рагын анықтауға тексеру  жүргізілді. 2008 жылдың 6 айының ішінде 3152 жүктілерге, бала туатындарға және бала туғандарға жоғары мамандандырылған көмек көрсетілді; 4710 балаға жоғары мамандандырылған педиатриялық көмек көрсетілді, оның ішінде 98 нейрохирургиялық операциялар жасалды. Көрсетілген іс-шараларды жүргізудің нәтижесінде 2011 жылы аналар өлімі деңгейін азайту 100 000 тірі туған нәрестелерге шаққанда 38-ге дейін күтілуде.  
 
 
 

     

 

     18-сурет. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің негізгі көрсеткіштері 

     

     19-сурет. 2002-2007 жылдарда туберкулезбен науқастану деңгейі, 100 000 адамға  

     Бүгінгі күні туберкулезбен науқастанудың жоғары деңгейі де маңызды проблема болып қалып отыр: 2007 жылы бұл көрсеткіш 100 000 адамға шаққанда 126,4-ті құрады. 2008 жылғы сәуірде Ведомствоаралық деңгейде туберкулезге қарсы күрес жөніндегі 2008 – 2012 жылдарға арналған жаңа іс-шаралар жоспары бекітілді, оның шеңберінде хоспистер құра отырып. Туберкулезге қарсы мекемелердің төсек қорын кезең-кезеңімен қайта ұйымдастыру басталды. Симптоматикалық емдеуді қажет ететін созылмалы туберкулез нысандарымен  ауыратындар үшін 5 мамандандырылған бөлімшелер ашылды. Нысаналы трансферттермен туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға республикалық бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінді. 2011 жылға қарай туберкулезден қайтыс болушылық деңгейін 100 000 тұрғынға шаққанда 15,6 оқиғаға дейін төмендету жоспарлануда.

     Нашақорлық  пен АҚТҚ-инфекциялану толық шешілмеген проблема болып қалып отыр. Қазақстан  Республикасында 2008 жылғы 1 шілдеге  өспелі қорытындымен 10 601 АҚТҚ-инфекциялану тіркелді, олардың ішінде 14 жасқа дейінгі 256 бала бар. ДДҰ-ның деректері бойынша Қазақстан халқының 0,2%-ының АҚТҚ/ЖҚТҚ диагнозы бар (1,1% әлемдік орташа көрсеткіш кезінде).

     2007 жылғы мамырда Есірткіге қарсы  насихат жүргізу, алдын алу  жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін  арттыру, есірткіге тәуелді адамдарды  емдеу мен оңалту жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бірлескен жоспар бекітілді. Жоспарға сәйкес Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарын құру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

     2008 жылы диабетке қарсы препараттарды орталықтандырылған сатып алуға арналған шығыстарды ұлғайту жоспарланды, бұл инсулинге тәуелді науқастар санының өсуімен (2007 жылы диабетпен науқастанушылық деңгейі 100 мың адамға 129,2-ні құрады, сол уақытта 2011 жылы бұл мәнді 162,1-ге дейін арттыру күтілуде), инсулин препараттарының неғұрлым сапалы нысандарын және жеткізу құралдарын таңдаумен түсіндіріледі. 2008 жылы диабетке қарсы препараттарды сатып алуға 2 764,5 млн теңге бөлінді.

     2009-2011 жылдары денсаулық сақтау саласын  тұрақты қаржыландыру  сапалы медициналық қызметтер көрсетуге, аурулардың алдын алуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және кадр әлеуетін дамытуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Зейнетақымен  қамтамасыз ету

     Зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оған Президент пен Үкіметтің тарапынан ерекше назар аударылады. Барлық әлеуметтік-экономикалық, ең алдымен бюджет саласындағы реформаларды аяқтау және соның нәтижесінде зейнетақыларды, жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды толық көлемде уақтылы төлеу – «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бағыттарының бірі.

     Қазақстан ТМД аумағында 1998 жылы дербес зейнетақы  аударымдары қағидаттарында жинақтаулық зейнетақымен қамтамасыз ету  жүйесіне жоспарлы түрде көшуді бастаған бірінші елге айналды. Экономикалық өсімді, зейнетақы жарналарын дербестендірілген есепке алу арқылы зейнетақымен мөлшерлес еңбек үлесін ескеретін  тұрақты және әділ жүйені құру  зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мынадай бір қатар проблемаларды шешуге арналды: әлеуметтік шиеленісті жұмсарту, бюджетті зейнетақы төлемдері ауыртпалығынан босату, азаматтарда еңбек белсенділігі мен өз болашағы үшін жауапкершіліктің пайда болуына ықпал ету. Зейнетақы реформасын жүргізудің нәтижесінде экономиканың тағы бір институционалдық инвесторды – зейнетақы қорларын алуға тиістілігінің де маңыздылығы аз емес.

     1998 жылғы 1 қаңтардан бастап республикада мемлекеттік зейнет демалысына шығудың тәртібі мен шарттарын және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақымен қамтамасыз етуді реттейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң әрекет етеді. Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі қазіргі кезде бір мезгілде ынтымақтық және жинақтаушы жүйелер тетіктерін үйлестіретін үш деңгейлі жүйені білдіреді:

     Бірінші деңгей – бұл Қазақстан КСРО тарағаннан кейін одан мұраға алған және онда зейнетақы төлемдерінің көзі халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары мен басқа да түсімдері есебінен мемлекеттік бюджет болатын ұрпақтардың ынтымағына негізделген ынтымақтық зейнетақы жүйесі.

     Екінші  деңгей - Қазақстанның азаматтары. Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ай сайынғы кірісінен зейнетақы аударымдарының тіркелген 10-пайыздық мөлшерімен міндетті жинақтаушы зейнетақы  жүйесін білдіреді.

       Үшінші деңгей – ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.  Республика зейнетақы жүйесінің өзгеруі ұзақ мерзімді сипатқа ие: жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толық көшу 2040 жылға дейін болжанып отыр.

     Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі азаматтарда зейнет демалысына шыққаннан кейін өз кірісінің  деңгейі үшін жоғары жауапкершіліктің болууын болжайды, өйткені жеке зейнетақы шоттарында өздері қалыптастырған жиналымдар зейнетақы төлемдерінің көзіне айналады. Бұдан басқа әрбір азаматқа ерікті зейнетақы жарналары есебінен өзінің жиналымын ұлғайту және сол арқылы еңбек қызметі аяқталғаннан кейін өзіне неғұрлым жоғары кірісті қамтамасыз ету ұсынылады.

     Елдің мемлекеттік жинақтаушы қоры 1997 жылғы  қыркүйекте құрылған Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) болып табылады. Өзінің құрылған күнінен бастап және 2002 жылға дейін МЖЗҚ үндемеу жөніндегі қор болып табылды, яғни оның салымшыларының қатарына қандай да бір жағдаяттарға байланысты қандай да бір зейнетақы қорын таңдау жөнінде өз бетімен шешім қабылдай алмаған азаматтар кірді. Алайда 2005 жылы қор өзінің ресми атауын «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ деп өзгертті, бұл оған зейнетақы салымдары нарығының толыққанды қатысушысына айналуға мүмкіндік берді.

     2008 жылғы маусымда Қазақстанда жасы бойынша 1,6 млн-нан астам зейнеткерлер болды, бұл республика халқының 10%-нан астамын құрайды. 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің деректеріне сәйкес 2008 жылы зейнетақы төлеуге қаржылық қамтамасыз етудің көлемі 363,6 млрд теңгені құрады, бұл 2007 жылғы зейнетақымен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстардан 22%-дан астамға артық. 

Ресейдегі, Қазақстандағы, Белоруссиядағы және Украинадағы зейнетақыларды салыстыру

    Қазақстан (теңге)  Украина (гривна)  Белоруссия

 (бел.  рубль)

 Ресей (рубль)
 Орташа  зейнетақы, ұлттық валютамен 17870,0 750,0 345300,0 3650,0
 Орташа  зейнетақы, доллармен  148,5  148,5  160,7  149,0
 Орташа  жалақы, ұлттық валютамен  54000,0  1271,0  752150,0  13518,0
 Орташа  зейнетақының орташа жалақыға қатынасы  0,33  0,59  0,46  0,27
 Зейнеткерлердің саны, млн адам  1,64  13,80  2,50  38,40

     2008 жылы Қазақстанда зейнетақының  ең аз мөлшері негізгі зейнетақылық төлем есебімен 12110 теңгені, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері негізгі зейнетақылық төлем есебімен – 17870 теңгені, зейнетақы төлемдерінің ең көп мөлшері – 26710 теңгені құрады.

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     20-сурет. 2002-2007 жылдардағы Қазақстанда тағайындалған зейнетақының орташа айлық мөлшері, теңге

     2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  республикада 14 жинақтаушы зейнетақы  қорлары (ЖЗҚ) жұмыс істеді, зейнетақы  жинақталымдарының сомасы жиынтығында  бір триллион теңгеден асты. Мемлекеттік  емес зейнетақы қорларымен шарт  жасасқан адамдардың саны шамамен 7,5 млн. адамды құрайды.

     Соған қарамастан, барабар зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты бірқатар проблемалар  шешілмей қалып отыр. Атап айтқанда, 2007 жылы зейнетақы төлемінің кірісін  ауыстыру коэффициентінің 29%-ға дейін  төмендеуі байқалды. Ауыстыру коэффициенті – зейнетақының орташа жалақыға пайыздық қатынасын көрсететін көрсеткіш. Дамыған елдерде ауыстыру коэффициенті орташа жалақының 50%-на жуығын құрайды.

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана