Экономикалык жуйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 17:13, реферат

Описание

Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады.
"Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі.

Содержание

КІРІСПЕ
І. КӘСІПОРЫН ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
1.1.Кәсіпорын бизнесін бағалау құнына қатысты түсініктемелер
1.2. Бағалау мақсаты мен құн түрлері
1.3. Бағалау құнының қағидалары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

_userdata_uploads_u21_19_2 (1).doc

— 70.50 Кб (Скачать документ)
  • иесінің мүлік туралы көзқарасымен;
  • нарықтық ортамен;
  • мүлікті эксплуатациялаумен.

Иесінің мүлкі  туралы көзқарасымен байланысты қағидалар. Бұл топ мынандай қағидаларға ие: пайдалылық, орын басу, күту.

Пайдалылық  қағидасы. Меншік объектілерінің иемденуге қабілеті жоқ болса, онда олардың құны болмауы мүмкін. Сондықтан потенциалды меншіктенушіге пайдалы болған кезде ғана мүліктің кешеннің құны болады. Қағиданың анықталуы: пайдалылық – берілген уақыт периодтарында және берілген жерде меншік объектісі иесінің қателіктерін қанағаттандыру қабілеті.

Орын басу қағидасы. Иесінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және табыс әкеле алатын барлық меншік объектілері, өзінің әр түрлілігіне қарамастан, бір- бірімен байланысты. Меншік объектісі үшін оны қалпына келтіруге кететін шығындардың сомасынан көп ешкім төлемейді. Егер екі меншік объектілерінің қабілеті бірдей болса, онда біз баға төменін аламыз. Қағидалардың анықталуы: меншіктің максималды құны ең төмен бағамен немесе құнмен анықталады. Сөйтіп орнын басу құны бағаланатын мүлік құнының жоғарғы шегін анықтауға мүмкіндік береді.

Күту қағидасы. Инвестор объектіге қаражатты салып, ол меншік объектілерінен болашақта табыс күтеді. Бағаланатын құн – болашақтағы барлық табыстардың ағымдағы құны. Қағиданың анықталуы: күту – болашақта меншікті иелік етуден түсетін табыстардың ағымдағы құнының орнатылуы.

Нарықтық  ортамен байланысты қағидалар – бұл сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік, бәсеке, құнның өзгеруі.

Сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік қағидасы. Мүлікке деген бағаның өзгеруі сұраныс пен ұсыныс шамаларының өзгеруіне тәуелді.

Негізгі заңдылықтар:

Егер сұраныс тұрақты  болып, ал ұсыныс ұлғайса, онда                       бағалар төмендейді;

Егер сұраныс тұрақты болып, ал ұсыныс төмендесе, онда бағалар көтеріледі;

Егер ұсыныс тұрақты  болып, ал сұраныс өссе, онда бағалар  өседі;

Егер ұсыныс тұрақты  болып, ал сұраныс төмендесе, онда бағалар  төмендейді.

Егер нарықта сұраныс  пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатылса, бағалар тұрақты болады. Қағиданың анықталуы: ұсыныс – құрамындағы белгілі баға бойынша тауарлар саны, сұраныс – белгілі баға бойынша қажетті тауарлар саны. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзара іс – қимыл бағасын анықтайды.

Бәсеке қағидасы. Жал шарты немесе мүлікті сатып алу не сату мәмілелерін жасайтын жалгер мен жал берушілер, сатушылар мен сатып алушылар арасында, жылжымайтын мүлік нарықтарында бәсеке пайда болады. әрбір объекті бәсекеде болады. Пайда бәсекені туғызады, ал артық пайда күйреген бәсекені ынталандыру тенденциясы бар. Бәсекенің болмауы монополиялық жағдайды туғызады. Қағданың анықталуы: нарықтағы пайда, өндіріс факторларын өтеу үшін қажетті деңгейден асып кетсе, онда ерілген нарықта таза табыстардың орташа деңгейінің төмендеуіне алып келетін бәеке өрлей бастайды.

Құнның өзгеру қағидасы. Мүлік объектілері әр уақытта өзгерістерге ұшырайды. Жерді пайдалану мақсаты мемлекет пен жекеше сектордың әсерінен өзгереді және олар тозады, техника, технология және шикізат базасы өзгереді. Экономикалық шарттар жаңа мүмкіндіктерді туғызады, ақша массасының көлемі мен пайыздық ставкалары толқиды. Адамдардың талғамы мен ынталары өзгереді. Объектінің орналасу ортасы өсу, түсу, тоқырау мен жаңару фазаларынан өтеді. Барлық бұл өзгерістер берілген жердегі мүлік объектілерінің пайдалылық дәрежесіне әсер етуі мүмкін. Қағиданың анықталуы: мүлік объектілерінің құны көбінесе тұрақты болып қалмайды, ол уақыт ағымымен өзгеріп тұрады.

Эксплуатациядағы  мүлікпен байланысты қағидасы -  берілген топ мынандай факторлар қағидасын ұсынады: өндірістік, қалдық өнімділік, салымдық, баластандырылған, неғұрлым тиімді пайдалану.

Өндіріс факторларының  қағидасы. Мүліктік кешен өндірістік жүйе болып табылады. Оның табыстылығы төрт фактормен анықталады: менеджментпен, еңбекпен, капиталмен және жермен.  Таза табыс – осы барлық төрт фактордың нәтижесі болып табылады.  Сондықтан табысты бағалау негізінде барық жүйелердің құны анықталады. Мүліктік кешенді бағалау үшін барлық жүйелердің табысын құрудағы әрбір фактордың үлесін білу қажет.

Қалдық өнімділіктің қағидасы. Жердің құнын бағалау негізінде оның қалдық өнімділігі жатыр.экономикалық қызметтің кез келген түрі келесідей факторлардың болуын қажет етеді: менеджмент, еңбек, капитал және жер. әрбір фактор берілген қызметпен жасалатын таза табыстардан төленуі тиіс. Сөйтіп, қалдық өнімділігі, еңбек және капитал  эксплуатациясына және менеджменттің шығындары өтелгеннен кейін, жер теліміне қосылғн таза табыспен анықталады.

Салым қағидасы – кез келген бір жаңа факторларды ендіру нәтижесінде шаруашылық объект құнының өсім сомасы. Салымның анықталуы: шаруашылық объектілерінің құнының ұлғаймалы немесе төмен сомасы. Сөйтіп, мүліктік кешенге қосымша активтерді қосу тиімді болады, егер олар мүліктік кешеннің нарықтық бағасынан жоғары болса. Мүліктік кешенге кез келген қосылған элементтер өтеледі, егер мүліктік кешен құнының өсімі, бұл элементтерді алуға кеткен шығындардан жоғары болған жағдайда.

Баланстандырылған қағидасы. өндіріс факторлары экономикалық баланстандырылған болса, онда меншік объектісінің құны максималды болады немесе сақталады.меншік объектілерінің құны төрт элементтердің баланстандырылуына тәуелді: рентаға, еңбекке, капиталға, басқару координациясына. Ең жоғарғы табысты қамтамасыз ететін әрбір меншшік объектісі үшін теоретикалық тепе-теңдік нүктесі бар. Қағиданың анықталуы: кез келген меншік объектісіне өндірістің әр түрлі факторларының оптималды сомасы сәйкес келеді. Олардың бір – біріне сай болуы арқылы мүліктің максималды құны пайда болады. Сөйтіп, әр түрлі мінездеме бойынша, мүліктік кешенді құрайтын үлестер бір – бірімен келісуі керек. Мүліктік кешен кез келген бір элементті қосу, берілген принципті бұзу, оның құнының өсуіне алып келмейді.

Неғұрлым тиімді пайдалану қағидасы – барлық қарастырылған үш қағиданың синтезі мүмкін болатын варианттардың ішінен жеткілікті негізделген мүліктік кешеннің функционалды мүмкіндіктерін неғұрлым толығымен орындайтын және объектінің ең жоғарғы құнына алып келетін, мүліктік кешен неғұрлым тиімді пайдалану варианты таңдалады. Құнды бағалау үшін осы вариант қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жұмысымда жалпы  бизнесті бағалау қағидалары мен  олардың анықталу тәсілдері жайлы  сөз болып отыр.

Бизнес дегеніміз жалпы  заңды және жеке тұлғалардың нақты  қызметі болып табылады. Бизнесті бағалаушы, жасалып жатқан бағалаудың міндетін білгеннен кейін ғана керекті әдістемені дұрыс таңдай алады.

Кәсіпорын бизнесін жүйе ретінде қарастырсақ, құрамына тауар  нарығының секторын бақылауға рұқсат ететін, оның мүліктік кешені мен құқық  жүйесі немесе қоржыны кірсе, мүліктік кешеннің жиынтығында қосымша құнның пайда болуы мүмкін.

Айрықша құқықтар портфелінің  көмегімен тауар нарығының ірі  секторларын басқару бойынша  компаниялардың мүмкіндіктерін бағалау, олардың айырықша құқықтар мен бизнесін бағалауына қосылады.

Кез келген мүліктің құнын, бір – бірімен тығыз байланысты екі тәсілмен анықтауға болады: біріншіден, осы мүлікті басқа бір мүліктің кейбір санына алмастыруы. Екіншіден, мүлік иесі болашақта алатын табыстардың ағымды құнын анықтауы.

Мүліктің құнын бағалау  нақты бір мақсатпен жүргізіледі бұл мақсат, бағалаудың тағайындалуы деп аталады. Құнның әр түрлі анықтауларын қолдағанда, мүліктін құны әр түрлі болады. Мысалы, оттан сақтандыру мақсатынлһда құнның бағалануынан ерекшеленеді. Бірінші жағдайда, құнның мөлшері құрылғылардың элементтеріне кеткен шығындармен, ал екінші жағдайда, ипотекалық несие бойынша төлемдердің тоқталу жағдайында, объектіні сату үшін нарықтағы мүмкін болатын бағамен анықталады.

Бұл жұмыста келтірілген  қағидалар жалпы түрде әмбебап  және мүліктің барлық түрлеріне қолданылады. Олардың құрамы объектінің ерекшеліктеріне тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Асқарова Ж.А. «Бизнесті  бағалау», оқу құралы. Алматы –  2007ж.

 

2. Акимбеков С  «Экономикалық  теория»  Алматы – 1999ж.

 

3. Есипов В, Маховикова  Г, Терехова В

«Оценка бизнеса»  Питер  – 2002ж.

 

  4. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә, «Кәсіпорын экономикасы»,

оқу құралы. Алматы. «Экономика – 2003»


Информация о работе Экономикалык жуйе