Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание

Банктік жүйе  нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер, ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы 5
1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалау 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ 17
2.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын орны мен рөлін бағалау 17
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қазіргі жағдайын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 2
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 865.00 Кб (Скачать документ)

       Жалпы алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуына және дамуына орай электрондық ақша жүйесі одан әрі дамиды. Мәселен, Қазақстанда бүгінде электрондық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бойынша инфрақұрылымды дамыту проблемалары бар, оның ішінде оларға көптеген өзара байланысты факторлар кедергі болып табылады, олардың бірі халықтың арасында интернетті қолданудың төмен деңгейі.

       Осы арқылы ең алдымен электрондық ақшаның болашақтағы дамуы тұтастай алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың дамуымен тікелей байланысты. Электрондық сауданың даму динамикасынан нарықтың қатысушылары тарапынан электрондық ақшаны пайдалануға сұраныс артады.

       Өткен жылғы басты жетістік – Қазақстанның банк жүйесі дағдарыстың екінші толқынының теріс ықпалына салыстырмалы түрде алғанда тегеурін танытты. Жекелеген ірі банктердің проблемалары тұтастай алғанда банк жүйесі үшін проблема тудырған жоқ, ал проблемалы банктер қазіргі кезде қайта құрылымдау үдерісін табысты аяқтау үстінде [21].

       Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларының ішінде қоғамды елең еткізген құбылыс 2009 жылдың 4 ақпанында жүргізілген ұлттық валютаның құнсыздануы болды. Ал қазір бұл шараның қажет болғандығы күмән тудырмайды, алайда оны жүзеге асырғаннан кейінгі бірнеше ай ішінде теріс пікірлер білдірілді, сындар айтылды. Алайда, тіпті қаржы жүйесі үшін неғұрлым қауіпті болған құнсызданумен байланысты тәуекелдер – шетел валютасымен берілген заемдар сапасының нашарлауы және депозиттердің банк жүйесінен әкетілуі – аса қиындық тудырған жоқ. Мәселен, 2009 жылдың қорытындысы бойынша құнсызданудың ең қажетсіз деп танылатын болуы ықтимал салдарларына – банктерден салымдардың таза әкетілуі мен тұтастай алғанда банк жүйесіне сенімнің азаюына жол берілмегенін атап айтуға болады. Керісінше, халықтың салымы 20 пайыздан астам өсті. Бұл ретте жекелеген банктерден “салымшылардың бойын аулақ салуы” байқалды, бұл тұтастай алғанда банк жүйесіне тән емес.

       Тұтастай алғанда, 2008 жылғы 25 қарашада қабылданған Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспарын орындау шеңберінде іске асырылған дағдарысқа қарсы шаралар жиынтығы дағдарыстың неғұрлым қауіпті салдарларын еңсеруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, ол экономиканың неғұрлым маңызды салалары бойынша кредиттеудің тапшылығын жеңуге және жете қаржыландырмау салдарынан олардың коллапсын болдырмауға мүмкіндік берді.

      2010 жылы экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстың салдарларын еңсеру қызметіне қатысты қол жеткізетін табыс Үкіметтің, ҚҚА-ның және Ұлттық Банктің жолға қойылған іс-қимылдарына байланысты болады. Қазіргі кезде аса көңіл бөлуді талап ететін негізгі бағыттар барынша айқын белгіленді.

       Біріншіден, бұл – Ұлттық Банктің негізгі міндеті болып табылатын теңгенің бағамдық тұрақтылығын және баға нарығы өтімділігінің қажетті деңгейін ұстап тұру болып табылады. Екіншіден, банктердің баланстарын сауықтыру үдерісін қарқынды ету және оларды сапасыз активтерден “тазарту” қажет. Үшіншіден, дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңінде банктердің кредиттік белсенділігін ынталандыратын шаралар жиынтығын әзірлеу қажет. Төртіншіден, контрциклдік реттеуге көшуді және қаржы институттарында тәуекел-менеджмент жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру қажет. Және, ең соңында, бесіншіден, экономикалық дисбаланстар мен жүйелік тәуекелдер деңгейін төмендететін шаралар жиынтығын әзірлеу қажет.

       Қазіргі уақытта орталық банктердің рөлін күшейту орталық банктің және реттеушінің функцияларын бөле отырып реттеу нобайы қолданылатын елдер үшін ортақ үрдіс болып табылады. Дағдарыстың әсерін айтарлықтай дәрежеде тереңдеткен реттеудің негізгі қатесі қаржы секторын және өзге де секторларды реттеудің дискреттілігі болды. Әлемдік дағдарыс тәжірибесі қаржы жүйесін реттеу тиімділігінің едәуір дәрежеде қолданылатын тәсілдің жүйелігіне және кешенділігіне байланысты екендігін көрсетті. Басқаша айтқанда, қаржы жүйесін реттеген кезде қаржы жүйесіне және тұтастай алғанда экономикаға ықпал ететін бірқатар факторлар ескерілуі тиіс. Осыған байланысты әлемнің жетекші елдері қазіргі уақытта қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды орталықтандырып отыр, бұл ретте қаржы тұрақтылығына жауапты негізгі ведомстволар орталық банктер болады. Осындай себептермен Ұлттық Банктің Қазақстандағы рөлі күшейеді.

       Сонымен қатар орталық банктің функцияларына қаржы институттарына өтімділік беру және, бірқатар елдер бойынша, оларды қорландыру кіреді. Бұл қаржы нарығының негізгі субъектілерін тікелей қолдау, сол сияқты оларды реттеу бойынша шешімдер қабылдауды орталықтандыруды талап етеді. Ұлттық Банк қаржы секторын және жүйе құраушы институттарды реттеу жөнінде шешімдер қабылдауға барынша белсенді қатысатын болады. Атап айтқанда, негізгі реттеу бағыттары және реттеу шараларының мақсатты өлшемдері әзірленетін болады.

        Егер бұрын қаржы жүйесін, атап айтқанда банк секторын реттеген кезде қаржы және нақты секторлар арасындағы бірқатар өзара байланыстар ескерілмесе, қазіргі уақытта әзірленіп жатқан реттеу үлгісі экономиканың қаржы, сол сияқты нақты секторларында орын алған тәуекелдердің барлық кешені ескерілетінін болжайды. Макропруденциалдық реттеуді пайдалана отырып қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері проблемаларды жүйелі түрде зерделеуді ескере отырып, кешенді түрде шешілетін болады.

       Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысының ел экономикасына және қаржы жүйесіне теріс әсер етуіне байланысты сынақтан сүрінбей өтті және қазіргі уақытта өзінің дамуының жаңа, дағдарыстан кейінгі сатысына кіруде. Дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне кіру елге әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші бойынша, оның ішінде қаржы жүйесінің даму деңгейі және оған қызмет көрсету сапасы бойынша сапалы секіріс мүмкіндігін береді.

        Қалыптасып отырған жағдайда қаржы жүйесінің даму мүмкіндігін барынша толық пайдалану үшін Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдаманың негізгі міндеттері арасында қаржы секторының орнықтылығын арттыру; ағымдағы қаржы-экономикалық дағдарыс барысында анықталған кемшіліктерге, тұрақсыздық және құбылыстар факторларына жол бермеу бойынша жағдайлар жасау бар. Сонымен қатар, дағдарыстан кейінгі кезеңде инвестициялық белсенділікті макроэкономикалық шешімдерді жүзеге асыру құралы ретінде ынталандыру және инвесторлар тарапынан және сол сияқты қаржы қызметін тұтынушылар тарапынан республиканың қаржы секторына сенімді нығайту болып табылады.

       Атап айтқанда, қаржы секторын реттеудің Қазақстан үшін мүлдем жаңа, макропруденциалдық және контрциклдік реттеу құралдары кіретін тетіктерін ендіру жоспарланып отыр. Жаңа тәсіл тұтастай алғанда қаржы жүйесінің деңгейінде туындайтын тәуекелдерді барынша төмендетуден және сыртқы факторлардың ел экономикасының және қаржы жүйесінің жай-күйіне теріс әсер етуін төмендетуден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды 

               

 

       Қорытындылай келе ҰБ-тің екінші деңгейдегі банктердің өтімділігінің және капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюуі нәтижесінде банктердің жалпы саны 1995 жылы 191-ден 130-ға қысыарды, филиалдары бар банктер 48-ден 36-ға қысқарды.

       1997 жылы 4 банк ашылды әжне 1 банк өзінің жұмысын жалғастырды. КАБ “Туранбанк” және АБ “ӘлемБанкҚазақстан” акцияларын мәжбүрлеп сатып алынғызылды. Олар кейін ЖАҚ “БанкТуранАлем” болып қайта құрылды. ААҚ “Каздорбанк” болып бірікті. ААҚ “Казкредсоцбанктің” акциялары мәжбүрлі түрде сатып алынып, ол ЖАҚ “Жилстройбанкке” қосылуы жүзеге асты.

       Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді                                 

        Қорытытандылай  келе  Қазақстан  Республикасының банк жүйесінің  жоғары деңгейін Ұлттық Банк құрайды.

       Екінші деңгейлі банкке барлық коммерциялық банктер жатады.

       Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

        Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.

      Банк секторына мемлекеттік қолдау шаралары, банктердің дағдарыс сабақтарын есепке ала отырып істеген ішкі түзетулері банк секторының тұрақтылығын, сондай-ақ банктердің депозиттік базасын, оның ішінде халықтың салымдарын сақтап қана қоймай, өсуін де қамтамасыз етті. Сонымен қатар «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның мүмкіндіктеріұлғайтты.

       2009 жылы резиденттердің депозит ұйымдарындағы депозиттері 19,7%-ға өсті, бұл ретте жеке тұлғалардың салымдары 28,5%-ға, заңды тұлғалардікі 16,3%-ға ұлғайды. Банк секторының өтімділігімен ахуалдың айтарлықтай жақсаруы Ұлттық Банкке банктерді қайта қаржыландыру көлемін едəуір азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар 2009 жылдың екінші жартысынан бастап Ұлттық Банк банктер өтімділігінің Ұлттық Банктің құралдарындағы (қысқа мерзімді ноталары, депозиттері), сондай-ақ корреспонденттік шоттардағы жинақталған резервін ішкі кредиттеуді ұлғайтуға қайта бағыттау жөніндегі шараларды қолдануда. Алайда банктердің ресурстық базасын ұлғайту экономиканы кредиттеудің өсуіне əкеп соққан жоқ. 2009 жылы банктердің экономикаға кредиттік борышының көлемі 2,5%-ға ғана өсті.

       Ақша базасының 2009 жылы кеңеюі 60,7% құрады, ақша массасы 17,9%-ға, айналыстағы қолма-қол ақша 6,5%-ға артты. Қолма-қол ақшаны шығарудан жəне алудан болған эмиссиялық нəтиже 2009 жылы оң болып қалыптасты, соған қарамастан 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда ол 2 еседен аса азайды. Қазақстан Республикасының төлем жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі 2009 жылы төлемдер саны бойынша 6,1%-ға жəне төлемдер сомасы бойынша 12,6%-ға ұлғайды. Айналыстағы төлем карточкаларының саны 6,2%-ға өсті.

       2009 жылы бірқатар отандық банктер («БТА Банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ жəне «БТА Банк» АҚ ЕҰ - «Темірбанк» АҚ) борыштық міндеттемелерін орындау қабілетінің болмауынан дефолт болып жарияланды, соған байланысты банктер одан əрі банкроттыққа жол бермеу мақсатында қайта құрылымдау үдерісіне бастама жасады. 2009 жылғы 7 желтоқсанда Кредиторлар комитеті жəне «БТА Банк» АҚ «Principal Commercial Terms Sheet» қайта құрылымдау туралы келісімге қол қойды, 2009 жылғы 15 желтоқсанда Кредиторлар комитеті «Альянс Банк» АҚ қайта құрылымдау жоспарын бекітті, 2009 жылғы 18 желтоқсанда Кредиторлар комитеті «БТА Банк» АҚ ЕҰ - «Темірбанк» АҚ міндеттемелерін қаржылық қайта құрылымдауға қатысты «Terms Sheet» құжатына қол қойды. Соның арқасында көрсетілген банктердегі ахуал тұрақтанды, ал борыштық жүктемесінің одан кейінгі төмендеуі олардың кредиттік белсенділіктерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001. – 357 б.
  2. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. — Алматы: Қазақ университеті, 2002 – 289 б
  3. Банки и банковское дело. Под ред. И.Т.Балабекова. санкт-Петербург. Питер. 2001 г. –489 б.
  4. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.08.1995.
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қозғалмайтын мүлік ипотеаксы туралы» Жарлығы №2456 11.02.1999 г.
  6. Банковское дело. Учебник / Под ред. О.И.Лаврушина. Издание второе, переработанное и дополненное. М.: «Финансы и статистика». 2003 г. –678 б.
  7. Банковское дело. Учебник / Под ред. В.И.Колесникова и Л.П.Кроливецкой. М.: «Финансы и статистика». 2001 г. –520 б.
  8. Банковское дело. Учебник / Под ред. Г.С.Сейткасимова. Алматы. Қаржы-қаражат. 1998 г. –580 б.
  9. Батракова.Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. М.: «Лога». 2000 г. –398 б.
  10. Головин.Ю.В. Банки и банковские услуги в России. М.: «Финансы и статистика». 1998 г. –650 б.
  11. Деньги, кредит, банки. Под ред. О.А.Лаврушина. М.: «Финансы и статистика». 1998 г. –627 б.
  12. Деньги, кредит, банки. Под ред. Г.С.Сейткасимова. А.: Экономика.1999 г. –290 б.
  13. Давлетова.М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане. А.: Экономика. 2001 г. –375 б.
  14. Казимагомедова А.А. Банковское обслуживание населения. М.; «Финансы и статистика», 1999 г.
  15. Кураков.К.Л., ТимирясовВ.Г., Кураков.В.Л. Современные банковские системы. Учебное пособие. М.: «Гелиос АРВ» 2000 г.
  16. Web sait – WWW.national bank. kz.
  17. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2010-2014 жылдарға арналған cтратегиялық жоспары
  18. 2010 жылғы 1 қаңтардағы банк секторының ағымдағы жағдайы // / http://www.afn.kz
  19. Кредит нарығын дамытудың сапалы параметрлері туралы / Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі №146 баспасөз релизі, 2009жылғы желтоқсан.
  20. Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі негізіндегі банк секторының қаржы тұрақтылығының мониторингі / Қазақстанның қаржы тұрақтылығы туралы есеп, 2009 жылғы желтоқсан
  21. Ұлттық Банк: қаржы секторы тұрақтылығы мен орнықтылығын арттырмақ // http://www.egemen.kz/372.html
  22. Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов 2010 жылы банк жүйесінің төлемпаздығын қамтамасыз ету және құрылыс секторын тұрақтандыру жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды// http://kz.government.kz/site/news/main/2009/10/131

Информация о работе Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі