Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 00:00, курсовая работа

Описание

Банктік жүйе  нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер, ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы 5
1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалау 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ 17
2.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын орны мен рөлін бағалау 17
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қазіргі жағдайын талдау 21
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ 2
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 865.00 Кб (Скачать документ)

      -Банктік қызмет олар үшін ерекше қызметтің түрі болмайтын 47 ұйым, соның ішінде Қаржы Министірлігінің қазынашылық Комитеті және оның 16 аймақтық басқармасы, нашар қамтамасыз етілген азаматтарға көмек көрсететін Жалпыұлттық қор және оның 16 аймақтық басқармасы, 1 ААҚ “Казпочта”, 5 басқа да қорлар, 7 басқа да ұйымдар.

       Ұйымдардың жиынтық меншік капиталы 6.3 млрд. теңгені құрады. Ол 1999 жылы 5.1 млрд. теңгеге көбейді (5,4 есе).

        Банктік жүйесінің қазіргі кездегі жағдайы және структурасы

        2001 жылдың 1-қаңтарында ҚР-сында 47 банк, 417 филиалдарымен бар (55-тен 47 банкке азайды). 7 банк қсылу есебінен қысқарды. Оларға жекеше тоқталсақ ;

       ААҚ “Семипалатинский МАБ” ААҚ “Иртышбизнесбанкпен” қосылу жолымен қайта құрылды.

        ААҚ “Латур Альянс Банк” ААҚ “Көмірбанкпен” қосылу жолмен қайта құрылды.

        ААҚ “Ақмола-Банк” ААҚ “Валют-транзит банкпен” қосылу жолмен қайта құрылды.

       ААҚ “ЗапКаз Банк”, ААҚ “Актан”, ААҚ Банк “Рика” қосылу жолымен ШАҚ “Жаңағасыр” банк болып қайта құрылды.

         Ал “Абдибанк” АТАҚ пруденциалдық ормативтерді орындалмағаны үшін лицензиясы қайтарылыны алынды.

        Банктік жүйенің жиынтық меншік кпиталы 1.07.00-ге 77,362 млрд. теңгені құрады, ал жиынтық активтері 390,667 млрд. теңгені құрады.

       Ал банктік емес қаржы ұйымдарына көз жүгіртсек: Банктік операциялар- дың жеке түрлерін жүргізетін ұйымдар – 5, Кредиттік серіктестіктер – 8, Ломбардтар – 42 болды.

 

        1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалау

 

 

       Банктердің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, оларды дерозиторларының мүдделерін қорғау,сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында Ұлттық Банк банктерді реттеуді, сонның ішінде:

       -резервтік талаптар нормаларын, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық нармативтер және банкте сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеу;

       -банктерді орындауға міндетті нұсқаулықтармен басқада нармативтік актілерді жариялау;

       -банктердің қызметін испекциялау (тексеру);

       -банктердің қаржы жағдайын сауықтыру жөнінде ұсыныстар беру;

       -банктерге ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану;

       -банктерге санкциялар салу арқылы реттеуді жүзеге асырады.

        Пруденциялдық нормативтер және сақталуға міндетті өзгеде нормалар мен лимиттер.

     1.Банктер міндетті түрде сақтау үшін Ұлттық Банк белгілейтін пруденциалдық нармативтердің құрамына:

        -банктің жарғылық қорының ең төменгі мөлшері;

        -өз қаражаты жеткіліктілігінің коэффиценті;

        -бір қарыз алушыға жасалатын тәуекелдің ең көп мөлшері;

        -өтімділік коэффиценті;

        -ашық вольюталық позиция лимиттері енеді.

      Ұлттық Банк халық аралық банк тәжірибесінде пайдаланылатын қосымша пруденциялдық нармативтер белгілеуге құқылы. Ұлттқ Банк пруденцилдық нармативтерді бұзғаны үшін банктердің жауапкершілігін белгілейді [12,б.98].

       Пруденциялдық нармативтердің нормативтік маңызы мен есептеу әдістемелерін, ашық вольюталақ позицияларды есептеу тәртібі мен олаодың еңбектекрін, резервтік талаптардың нормаларын, оарды сақтау әдісі мен есептеу әдістемесін, тиісті есеп беру нысандарымен оның табыс ету мерзімдерін Ұлттық Банк белгілейді.

       Резервтік қорлар мен күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар:

      1)Банк қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындардың орынын жабу мақсатында банктер резервтік қорлар құруға мінддеті. Резервтік қорлар дивидентер төлегенге дейін бактердің пайдасы есебінен құралады. Банктің резервтік қорының ең төменгі мөлшерін Ұлттық Банк белгілейді.

      2)Жүргізіліп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметін бақылаудың тиісті деңгейін және оның сенімділігін қамтамасыз ету мақсаттында банктер күмәнді және үмітсіз қарыздарды бөле отырып және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Ұлттық Банк белгілейтін тәртіпен шарттар бойынша оларға қарсы провизия жасай отырып, берілген несиелермен басқада активтерді сыныптауды жүзеге асыруға міндетті.

        Банктердің қызметін инспекциялау (тексеру).

       1)Банктердің қызметін инспекциялауды Ұлттық Банк дербес басқа ұйымдарды қарастыра отырып жүргізеді.

        2)Ұлттық Банктің тексеру жөніндегі тапсырмасыда көрсетілген мәселелер боынша банктер инспекциялаушы органға көрсетілген мәселелер бойынша банктер инспекциялаушы органға көмек көрсетуге, сондай-ақ кез-келген лауазымды адамдармен қызметкерлерге сауыл-сұрақ қою мүмкіндігін және тексеруді орындау үшін қажетті кез-келген ақпарат көздерін алуды қамтамасыз етуге міндетті.

       3)Ұлттық Банктің қызметкерлеріне банктердің қызметін инспекциялау барысында алынған мәлеметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым слынады. 

        4)Инсекциялауды жүзеге асырушы тұлғалар банктерлің қызметін тексеру барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін жауап береді.

       Банктің қаржы жағдайы нашарлаған реттерде Ұлттық Банк оның акционерлі алдына қаржылық сауытыру, басшылықты ауыстыру қажеттігі туралы немесе:

       -депозиттер қабылдауды шектеу туралы;

       -жарғылық қорды ұлғайту туралы;

       -дивиденттер төлеуді тоқтатып, провизияларды ұлғайту туралы;

       -жекелеген филиалдар мен өкілдіктерді жабу ақылы, сондай-ақ қызметкерлерді қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы;

      -банктің кез-келген лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін мүлде немесе уақытша қызметін шеттеу туралы;

      -тәуекел деңгейі жоғары банк операцияларының кейбір түрлерін тоқтата тұру немесе шектку туралы ұсыныстар беруде қоса банкті қайта құру қажеттілігі жөнінде мәселе қоюға құқылы;    

       Ықпал етудің шектеулі шаралары мынадай:

       1)Ұлттық Банктің пруденциал нормаивтерінің және сақталуға міндетті басқада нормалары мен лимиттерінің бұзылғанын, нұсқаулықтары мен басқа да нормативтік актілерінің бұзылғанын Ұлттық Банк анықтаған, банктің лауазымды адамдарымен қызметкерлерінің оның қаржылық қауіпсіздігі мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттері мен корресонденттерінің мүдделеріне қауіп төндіретіндей заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған реттерде Ұлттық Банкбанкке мынадай ықпал ету шараларының бірін қолдануға:

       а) міндеттеме-хат талап етуге;

       б) банкпен жазбаша келісін жасауға;

       в) ескерту жасауға;

       г) атқарылуға міндетті жазбаша нұсқама беруге құқылы.

       2) Банктің міндеттеме-хатында орын алып отырған кемшіліктерді мойындау фактісі және банк басшылығының жоспарланған шаралар тізбегін көрсете отырып, оларды қатаң белгіленген мерзімде жоятындығы туралы кепілдемесі болуға тиіс.

       3) Жазбаша келісім – бұл анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және осыған байланысты шараларды бекіту туралы банк пен Ұлтық Банк арасындағы келісім.

 

         2 Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуына талдау жасау

        2.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын орны мен рөлін бағалау

 

 

       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

       Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

       Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

        Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

       Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі  [16].

       Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

       Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

       -мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;                                                    -       төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

       - валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

        - қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

        – Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;

        – Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;

        –  банктердiң банкі функциясын жүзеге асырады;

        – Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

        – төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;

        – Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

       – Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерiн басқарады;

         – қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және т.б. жүзеге асырады;

        – Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.

       Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

        12 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 9 дербес басқармадан тұратын орталық аппарат·       

        16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы

       Ұлттық Банктің 2 өкілдігі:

       Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі

       Ұлттық Банктің Ұлы Британия және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі өкілдігі

       4 есеп беретін ұйым:

       – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

       –«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

       –«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

       –«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

       2009 жылы Ұлттық Банк банктерге қайта қаржыландыру заемдарын беру, қайта қаржыландырудың ресми ставкасын жəне резервтік ең төменгі талаптардың нормативтерін төмендету бөлігінде ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырды [17].

      2009 жылдан бастап Ұлттық Банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын бірте-бірте 10,5%-дан 7,0%-ға дейін төмендетті. Ставканың соңғы төмендеуі 2009 жылғы 4 қыркүйектен бастап 7,5%-дан 7,0%-ға дейін болды.

        2009 жылғы наурызда банктерге ең төменгі резервтік талаптар ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін жəне өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендеді. 2008 жылдың ортасынан бастап ЕРТ нормативтерінің ішкі міндеттемелер бойынша 6% жəне өзге міндеттемелер бойынша 8% бірте-бірте жəне бірнеше рет төмендегенін ескере отырып жалпы сомасы 540 млрд. теңгеге өтімділік босатылды. Бұдан басқа, 2009 жылдың 30 қарашасынан бастап борышты қайта құрылымдау үрдісінде тұрған екінші деңгейдегі банктер үшін ЕРТ-ның жеке нормативтері белгіленген болатын.

        2009 жылы Ұлттық Банк кері РЕПО операциялары жəне 2009 жылғы қаңтар-ақпанда СВОП операциялары арқылы банктерге қайта қаржыландыру заемдарын берді. 2009 жылы кері РЕПО операцияларының жалпы көлемі 5,9 трлн. теңге, СВОП операциялары – 1,4 трлн. теңге болды. Сонымен қатар 2009 жылдың наурызында Ұлттық Банк валюталық СВОП жəне банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік есепшоттарындағы ақша қалдықтарының кепілдігімен СВОП операцияларын жүргізуді тоқтатқанын атап өтуге тиіспіз. Бұдан басқа, кері РЕПО операцияларын жүргізу кезінде кепілдікті қамтамасыз ету тізбесі түзетілген болатын.

Информация о работе Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі