Валюталық тәуекелдерді басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 17:32, реферат

Описание

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.

Содержание

1. Валюталық тәуекелдің теоретикалық негізідері.
Тәуекелдің жалпы түсінігі
Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері
Валюталық тәуекелдерді басқару.
Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері
Валюталық тәуекелді басқарудың проблемалары
Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды төмендету шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Валюталы.doc

— 193.50 Кб (Скачать документ)

 

Мазмұны

 

 

  Кіріспе

1.    Валюталық тәуекелдің теоретикалық негізідері.                                    

    1. Тәуекелдің жалпы түсінігі
    2. Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері

 

  1. Валюталық тәуекелдерді басқару.
    1. Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері
    2. Валюталық тәуекелді басқарудың проблемалары

 

  1. Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды төмендету шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

          Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік  туындаған жағдайларда, ресурстық  базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.

Тәуекел деңгейі үлкейеді, егер де:

  • күтпеген жағдайда және тез арада проблемалар пайда болса;
  • банктің өткен тәжірибесіне лайықты емес жаңа мақсаттар қойылса (бұл әсіресе біздің жағдайда өзекті мәселе, себебі коммерциялық банктер институты енді ғана дамуда);
  • басшылықтың тез арада қажетті және жедел шешімдерді қабылдай алмаса; ол қаржылық жағдайға зиян әкелуі мүмкін ( қажетті және/немесе қосымша пайданың алу мүмкіншіліктерінің нашарлауы);
  • банк қызметінің орныққан тәртібі немесе қабылданған заңдардың кемшіліктері белгілі бір жағдайға нақтылы шаралар енгізуге кедергі келтірсе;

Банктік операциялардың барлық түрлері тәуекелге душар болған. Банктің несиелік, валюталық және өзге валюталық операцияларды жүргізу барысында ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруінен туындайтын валюталық шығын – валюталық тәуекел деп аталады.

Валюталық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді, сол себептен бұл мәселелердің алдын-алу банктер үшін өте маңызды болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Валюталық  тәуекелдің теоретикалық негіздері.

                          1.1. Тәуекелдің жалпы түсінігі.

 

Тәуекел табиғаттың түрлі  құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.

Экономикалық категория  ретінде тәуекел өзімен бірге  болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың  туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

Тәуекелді басқаруға  болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын  белгілі бір шекте болжамдау  және тәуекел  дәрежесін төмендету  үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік  беретін түрлі шаралар қолдануға болады.

Көбінесе тәуекелді  басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.

Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен  топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік(1-ші суретте көрсетілген).

Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік  береді. Бұл тәуекел түрлеріне  келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).

Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.

Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.

Қаржы тәуекелінің туындау себептері  – инфляциялық факторлар, банктің  есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі  және т.б.

Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты.

Қаржы тәуекелдері екі түрге  бөлінеді:

  1. Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
  2. Капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).

Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.

Инфляция ақшаның құнсыздануы  болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.

Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.

Дефляциялық тәуекел  – дефляция өсімі кезінде бағалар  деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс  төмендейді.

Валюталық тәуекелдер – сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.

 

                  


1-ші сурет. 






     Экологиялық











 

 

 

 

1.2. Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру         көздері

 

“Валюта” – Итальян  тілінен аударғанда “баға”,  “құн”  деген мағынаны білдіреді. Валюта –  белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге,  евро,  доллар т.с.с. Валютаның  пайда болуы ақшаның пайда  болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде,  кейінрек метал түрінде,  соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған.   ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

Қағаз  ақша ең алғаш  рет ХІ ғасырда Қытайда   пайда  болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік  Америкада,  ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ  ғасырдың басында Англияда шығарылды.

Валюталық тәуекел –  бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.

Валюталық тәуекелдер халықаралық экономикалық қатынастардың қатысушылары душар болған коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылады.

Валюталық тәуекелдер –  шетел валюталарын әртүрлі курстар бойынша сату және сатып алу кезіндегі жоғалтулар тәуекелдігі.

1-ші Кесте

Валюталық тәуекелдің классификациясы:

Ұғымы

1

Операциялық

негізінен сауда операцияларымен, сондай-ақ қаржылық инвестициялау және дивидендтік (пайыздық) төлемдер бойынша  ақша келісімдеріне байланысты.

2

Трансляциялы

бухгалтерлік және қаржылық есепке әсер етеді. Оның операциялық тәуекелден айырмашылығы, ол ақша қаражаттардың ағымы мен төлем мөлшерлерімен байланысты емес.

3

Экономикалық

компанияның экономикалық жағдайына айырбастау курсының өзгеруінің жағымсыз әсер ету ықтималдығымен анықталады.

4

Жасырын

 

Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген


 

Операциялық тәуекел – негізінен сауда операцияларымен, сондай-ақ қаржылық инвестициялау және дивидендтік (пайыздық) төлемдер бойынша ақша келісімдеріне байланысты. Операциялық тәуекелге ақша құралдарының қозғалысы және де пайда деңгейі душар болған.

Бұл тәуекелді пайданы толық көрмеу немесе күтіліп отырған ақша ағымының құралына айырбастау курсының тікелей әсер ету нәтижесінде шығынға ұшырау мүмкіндігі ретінде анықтауға болады. Сатылған тауары үшін шетел валютасын алған экспортшы шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты төмендеуінен ұтылады, ал шетел валютасында төлем жасаған импортер шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты жоғарылауынан ұтылады.

Трансляциялы тәуекелдер – бухгалтерлік және қаржылық есепке әсер етеді. Оның операциялық тәуекелден айырмашылығы, ол ақша қаражаттардың ағымы мен төлем мөлшерлерімен байланысты емес.

Бұл тәуекел есептік  немесе тепе-теңдік тәуекелдік ретінде белгілі. Әртүрлі елдің валюталарында көрсетілген активтер мен пассивтер арасындағы қарама-қайшылық мүмкіндігі тәуекелдің қайнар көзі болып табылады. Мысалы, егер британдық компанияның АҚШ-та дочерний (еншілес) филиалы болса, онда оның құны АҚШ долларымен көрсетілген активтері бар. Егер британдық компанияның осы активтердің құнын компенсациялаушы АҚШ долларымен жеткілікті пассивтері болмаса, онда компания тәуекелдікке бас ұрады. Егер компания трансляциалы тәуекелдік аса маңызды емес деп есептесе, онда бұл тәуекелді хеджирлеудің қажеті жоқ. Бұл әдісті жақтап, активтер мен пассивтерді негізгі валютада бағалағанда баланстық есепте олардың өзгеруінің еш маңызды мағынасы жоқ бухгалтерлік процедура деуге болады. Фунт стерлингпен көрсетілген АҚШ компаниясының активтерінің құны АҚШ долларының фунт стерлингке шаққандағы айырбастау курсының қозғалысымен бірдей ауысса, АҚШ компаниясының пайда көзіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан да курстың ауытқуынан жоғалтулар тәуекелдігі болмаса, хеджирлеуге кететін шығын еш мағынасыз деп есептеледі.

Трансляциялы тәуекелдің дәрежесін есептеу көптеген келіспеушіліктер тудырды, ең алдымен көптеген жылдар бойы қолданылған есептеу әдістерінің әртүрлілігіне байланысты.

Экономикалық тәуекел  – компанияның экономикалық жағдайына айырбастау курсының өзгеруінің жағымсыз әсер ету ықтималдығымен анықталады. Тәуекел, бәсекелестік күрестің ұқсас тауар өндіруші жағынан да, сонымен қатар басқа өнім шығарушылар жағынан да өзгеруіне, және де тұтынушылардың белгілі бір тауар маркасын ұстанымының өзгеруіне де байланысты пайда болуы мүмкін. Әсер етудің тағы да басқа қайнар көздері болуы мүмкін, мысалы айырбастау курсының өзгеруіне қатысты үкіметтің реакциясы немесе валютаның құнсыздануынан пайда болған инфляцияның нәтижесінде жалақының өсуін тоқтату.

Жасырын және (немесе) трансляциялық  тәуекелдер – шетелдік еншілес компаниялар өзіндік тәуекелдіктерге душар болған кезде де пайда болуы мүмкін. Мәселен,  Британдық компанияның Америкадағы филиалы өнімін Австралияға экспорттайды. Америкалық еншілес компания үшін Австралиялық доллар курсының өзгеруінен жоғалтулар тәуекелдіктері бар, осыған орай ол Австралиялық доллар курсының АҚШ доллар курсына қатысты жағымсыз өзгеруіне байланысты шығынға ұшырауы мүмкін. Осындай шығындар филиалдың пайда алуына кедергі жасайды. Бұдан жанама операциялық тәуекелдік туындайды. Себебі, еншілес компаниядан түскен түсімдер қысқарады.

Мемлекеттік тәуекелдер – бұл белгілі бір мемлекеттегі инвестициямен байланысты және барлық кәсіпорындарға бірдей болатын инфляциялық, әлеуметтік тұрақсыздық және тағы да басқа тәуекелдер.

Мемлекеттік тәуекелдер қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-саяси өзгерістердің өзара ұштасуымен сипатталатын көпфакторлық құбылыс. Егер дамыған мемлекеттерде мемлекеттік тәуекелдерінің деңгейі аз мөлшерде өзгеріп отыратын болса, ал дамушы мемлекеттердің мемлекеттік тәуекелдеріне едәуір қысқа мерзімді еркіндік тиесілі.

Тәуекелдерді қаржыландырудың әртүрлі жолдары бар. Ең алдымен бұл қауіпсіздікті жетілдіретін іс шаралар үшін шығын, зияндарды компенсациялайтын келешек шығындар, сақтандыру сыйлықтарын төлеу үшін шығындарды қамтамасыз ететін кәсіпорын бюджеті. Одан кейін бұл өзін өзі сақтандырушы резервтік фондтар, олар ертерек кәсіпорынның өз қаражатынан құралған.

Төтенше жағдай кезіндегі  шығындарды жабу үшін кредиттер, банктерді  инвестициялық ресурстары тартылуы мүмкін. Сондай ақ төтенше жағдайларға байланысты құралған арнайы бюджеттік және бюджеттік емес фондтардан мемлекеттік көмек көрсетілуі мүмкін.

2-ші Кесте

Тәуекелді қаржыландыру бөлімдері:

Ұғымы

1

Оқиғаға дейінгі қаржыландыру

ойламаған жағдайлар  болмай тұрып, алдын ала сақтандыру төлемдерін төлеу немесе резервтік фондтарды ұйымдастыруға бөлінген қаражат.

2

Сақталып қалған тәуекелдіктердің зияндарын компенсациялауға кеткен шығын (оқиғадан кейінгі қаржыландыру)

туындаған кәсіпорын  шығындарын өтеуді көздейді. Егер сақтандырылған болса, сақтандырылмаған тәуекелдерді ғана өтейді.

3

 

 

 

 

Тәуекелді  басқаруға  кететін әкімшілік шығындар (ағымдық  қаржыландыру)

Тәуекел - менеджерлерінің  жұмысына, компьютерлік базаларды қалыпта  ұстауға, сарапшылар жұмысын төлеуге, арнайы ұйымдарды жалдауға және т.б. кеткен әкімшілік шығындардан құралады.

Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген

Информация о работе Валюталық тәуекелдерді басқару