Швейцарияның құрамында конфедерация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 19:45, реферат

Описание

Швейцарияның құрамында конфедерация (орталық штат), 26 кантон, 3000-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік – аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады.
Швейцариясының салық жүйесі біртіндеп қалыптасты. 1848 жылға дейін кантондар өз табыстарын кеден баждары есебінен құрады, жекелеген кантондарда мүлік салығы енгізілді. 1848 жылдан бастап кеден баждарын алу өкілеттігі Конфедерацияға берілді.

Работа состоит из  1 файл

швейцария салык жүйесі.doc

— 50.00 Кб (Скачать документ)


Швейцарияның құрамында конфедерация (орталық штат), 26 кантон, 3000-нан астам муниципалитет бар. Кантондар дербес әкімшілік – аумақтық бірлік болып саналса, муниципалды автономияның дәрежесі кантон заңнамасымен анықталады. 
Швейцариясының салық жүйесі біртіндеп қалыптасты. 1848 жылға дейін кантондар өз табыстарын кеден баждары есебінен құрады, жекелеген кантондарда мүлік салығы енгізілді. 1848 жылдан бастап кеден баждарын алу өкілеттігі Конфедерацияға берілді. Осы жылы Швейцария мемлекеті құрылып, кантондарда табысқа және мүлікке салынатын салықтарды алу құқығы берілді. 
Швейцария Үкіметі салық жүйесін жетілдіріп, дамыту барысында жалпыға ыңғайлы және нарықтық жағдайларға бейім өзгерістерді енгізуге, әлемдік бәсекелестік барысында отандық кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді қолдауға ұмтылыс жасайды. 
Швейцарияның салық жүйесі мынадай қағидаларға негізделген: 
• теңдік; 
• сауданың еркіндігі; 
• меншіктің кепілденген құқығы; 
• діни нанымның еркіндігі; 
• кантонаралық екі жақты салық салуға тыйым; 
• расталмаған салықтық түсімдерге тыйым. 
Бұл елде салық жүйесінің жетілдіруі мен оңайлатылуына баса көңіл 
бөлінген және ел Конституциясында кәрініс тапқан. Конституцияда салық салудың үйлесімділігінің екі типі қарастырылған: 
а) вертикалды, яғни конфедерация, кантон, муниципалиттер үшін; 
ә) горизанталды, яғни кантондар, муниципалиттер арасында. 

Осы мақсатқа жету барысында 1990 жылы 14 желтоқсанда Конфедерация «Кантондар мен муниципалитеттердің тура салықтарын үйлестіру туралы» және 1995 жылы 1 қаңтарда «Федералдық тура салықтар туралы» заңдар шығарады. Осы Заңдарға сәйкес төмендегідей қағидалар іске қосылады: 
• отбасына салық салудың схемасын сақтау; 
• әріптестік рентаға шекті салық салу; 
• қайта құрылған компанияларға артықшылық пен салық жеңілдіктер; 
• ұйымдық нысаны өзгерген заңды тұлғаларға салық жеңілдіктері; т.б. 
Швейцарияның федерализм қағидасына сәйкес, елде үш деңгейлі салық салу жүйесі қызмет етеді. Салықтарды конфедералдық Үкімет, кантондар мен жергілікті билік органдары алады. 
Швейцаридағы салықтардың негізгі түрлеріне: 
• заңды тұлғалардың пайдасы мен капиталына салынатын салық; 
• қосылған құнға салынатын салық; 
• жылжымайтын мүліктің құн өсімінен алынатын салық; 
• лотореядан алынатын салық; 
• мұра мен сыйға алынатын салық; 
• меншік құқының өтуіне салынатын салық және т.б. жатады. 
Дивидент, лотореялық ұтыс түрінде табыстарға 35 пайыздық, сақтандыру төлемдеріне 8-15 пайыздық ставкамен салынады. 
Жалпы, Швейцарияның салықтарын екі үлкен топқа топтастыруға болады; 
* табыстар мен меншіктен алынатын салықтар; 
* тұтыну мен меншіктен алынатын салықтар. 
Табысқа салынатын салықтар – кезеңдік салықтар болып табылады. Кезеңдеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 
- базалық – салықты есептеу барысында негізге алынатын табыс алынған уақыт аралығы;

- салықтық – салық төленетін мерзім; әдетте бұл кезең бір жылға тең болғандықтан, оны салықтық деп атайды; 
- есептік – бекітілген салық мерзімі қолданыста болатын уақыт аралығы. 
Швейцарияда салықты есептеу әр түрлі екі жүйеге негізделген: 
а) нәтижелейтін салық салу – салық сомасы салық кезені ішінде есептеледі. Бұл жерде базалық және салықтық кезең бір – біріне сәйкес келеді және жылды құрайды. Басым көпшілік кантондар мен Конфедерация заңды тұлғаларға салық салу барысында осы жүйені қолданады; 
ә) алдын ала салық салу – салық алдыңғы бір немесе екі жылда алған табыс негізінде ағымдағы жылдың табысын, сәйкесінше салық сомасын анықтайды. Басым көпшілік кантондар мен Конфедерация азаматтарға салық салу барысында және жекелеген кантондар заңды тұлғаларға салық салу барысында қолданады. 
Швейцарияда халықаралық екі жақты салық салуды болдырмауға баса назар аударады және оның алдын алу үшін халықаралық конвенцияларға қол қойылған. 
Жиынтық табыстан оны алуға кеткен шығындар шегеріліп тасталады. Жалғыз басты ата-аналарға, балаларға, ортақ табысы бар ерлі-зайыптыларға қосымша әлеуметтік жеңілдіктер беріледі. Сондай – ақ сақтандыру жарналары, жинақтаушы депозиттер бойынша пайыздар да жиынтық табыстан шегеріліп тасталады. Салық прогрессивтік шкаламен алынады. Максималды салық ставкасы – 11,5 пайыз. 
Ел Конституциясына сәйкес, компаниялар кантондар және муниципалитет деңгейіне пайдаға салынатын салық  пен капиталға салынатын салықты төлейді. Заңды тұлғалардың капиталына және пайдасына салынатын салықты Швейцарияда тіркелген немесе басқару органы бар кез келген тұлға төлейді.

Салық салу барысында заңды тұлғаның екі түрін жіктейді: 
1) корпорациялар және кооперативтік серіктестіктер; 
2) ассоциациялар, мемлекеттік мекемелер, діни ұйымдар. 
Федералдық пайдаға салынатын салық үш деңгейлі прогрессивтік шкаламен алынады. Салық ставкасы – 3,63 – 9,8 пайыз аралығында. 
Салық капитал сомасының 0,08 пайыз пропорцианалдық ставкамен алынады, Холдингтік компаниялар пайдаға салынатын салықты төлемей, тек капиталға салынатын салықты төлейді. Ал активтерінде жылжымайтын мүлкі бар инвестициялық қорлар пайдаға салынатын салықты төлеп, капиталға салынатын салықты төлемейді. Мемлекеттік кәсіпорындар мен шіркеулер аталмыш салықтан босатылған. 
Төлем көзінен алынатын салықтың зөаңдық негізін федералдық Конституция мен 1965 жылы 136 қазанда қабылданған федералдық заң құрайды. 
Қосылған құнға салынатын салық Швейцарияда 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Бұл салықтың заңдық негізінен федералдық Конституция мен 1994 жылы 22 маусымда қабылданған қосылатын құнға салынатын салық бойынша федералдық кеңестің нұсқаулығы құрайды. Нольдік ставкамен салық салынатын айналым бойынша жеке тұлға өтем ала алады. Оған мынадай қызмет түрлері жатады: 
- экспорт операциялары; 
- халықаралық көлік тасымалы; 
- шетелде қолданылатын қызмет. 
Салық салынатын айналымнан босатылған айналымға мынадай қызмет түрлері жатады: 
- әлеуметтік, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтндыру саласында көрсетілетін қызмет;

- биржадағы ойын; 
- мәдениет, білім, сақтандыру саласындағы қызмет; 
- қаржы саласындағы операциялар; 
- ұзақ мерзімді лизинг; 
- ішкі пошта маркаларын лизинг. 
Қонақ үйлерге 3 пайыздық ставкамен, азық – түлік өнімдері, ауыл шаруашылық өнімдері, радио мен телекорпорацияның қызметі 2 пайыздық ставкамен, бұлардан басқаларының бәріне 6,5 пайыздық ставкамен салық алынады. 
Кеден баждары экспорт, импорт операциялары бойынша кеден тарифтеріне сәйкес құнынан емес, өлшем бірлігінен алынады. 
Швейцария салық жүйесі отбасының табысы мен активі дербес экономикалық бірлікті көрсететін қағидаға негізделген және федералдық салықтар сияқты алынады. Отбасына түсетін салық ауыртпалығын төмендету мақсатында мынадай шаралар қолданылады: 
- екі жақты шедул – бір шдулға қолданылады. Ерлі-зайыптылардың салық ауыртпалығын төмендететін болғандықтан, басым көпшілік кантондар мен Конфедерацияда қолданылады. 
- табысты бөлу – отбасының жалпы табысына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы салық салынады. 
- Тұтынушылар санына негізделегн салық салу – салық ставкасын анықтау үшін отбасының табысы отбасы мүшелерінің санына бөлінеді. 
Барлық кантондарда табысқа салық салу барысынд жиынтық табыстан 
ерлі – зайыптыларға, жалғыз басты ата – аналарға, мүгедектерге, балаларға, асырауындағыларға берілетін әлеуметтік төмендету мен сақтандыру алымдары шегеріліп тасталады. 
Әлеуметтік төмендету сомасының мөлшерін әр кантон өздері белгілейді. Табыс салығы прогрессивтік шкаламен алынды.

Барлық кантондар Швейцарияда жұмыс жасайтын шетел азаматтарынан табыс салығынан төлем көзінен ұстайды. Салық салу барысында тамақтануға, киім – кешекке, автокөлік ұстауға, білім және мәдениет шараларына кеткен шығындар табыстан шегеріліп тасталады. 
Кантондарда, сондай-ақ, жеке тұлғалардың активтеріне салық салынады. Салық салу объектісі болып жеке тұлғаның барлық меншіктері мен меншік құқықтарының ақшалай нысандағы құны табылады. Салық салынатын меншіктің құрамына барлық жылжитын (бағалы қағаздар, банк депозиттері, автокөліктер, т.б.) және жылжымайтын мүліктер кіреді. Салық мүліктердің нарықтық құнынан есептеледі. Таза активтерге салынатын салық прогрессивтік шкаламен салынады. Көпшілік кантондарда салық салу барысында салық төмендетулері (скидка) беріледі. 
Кантондар – алынатын келесі салықтың бірі – үй шаруашылығына салынатын салық. Бұл салық коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың табыс салығынан қосымша ретінде алынады. Салық ставкасын кантондар белгілейді. 
Мұра мен сыйға салынатын салық кантондар деңгейінде алынады. Жекелеген муниципалитеттерде ғана ос салықты алу құқығы берілген. Салық салу объектісі мұраға берілгенмүліктің құны болып табылады. Салық мүліктің нарықтық құнынан прогрессивтік шкаламен есептеледі. 
Жылжымайтын мүлікке салынатын салық меншіктің нарықтық құнына байланысты орналасқан жері бойынша салынады. Фермерлік шаруашылықтың меншігіне салық оның табыстылығына байланысты салынады. 
Барлық кантондарда аумақтағы швейцариялық номері бар барлық автокөлік, трейлерден жыл сайын көлік құралдарына салынатын салық алынады. Конфедерация, кантон, муниципалитет атына тіркелген және шетел фирмалрының өкілдіктерінің автокөліктеріне аталмыш салық салынбайды. 
Салық автокөлік құжаты мен номері берілген тұлғадан алынады. Автокөлікті лицензиялау және оған тіркеу куәлігін беру кантондарда жүргізіледі. Салық ставкасы көлік түріне байланысты өзгеріп отырады.


 

 

 



Информация о работе Швейцарияның құрамында конфедерация