Өндірісті басқаруды жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 05:23, курсовая работа

Описание

Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі және дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады. Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзгеріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.

Содержание

Кіріспе
І Өнеркәсіпті басқарудың теориялық әдістемелік негізі
1.1. Өнеркәсіпті басқарудың түсінігі
1.2. Өнеркәсіпті басқарудың сипаты мен негіздері
1.3. Өнеркәсіпті басқарудың ұйымдық құрылымы
1.4. Өнеркәсіпті басқарудың фнукциялары мен әдістері
ІІ Өнеркәсіпті басқарудың ерекшеліктерін талдау
2.1. Кәсіпорынның ұйымдық экономикалық сипаты, негізгі көрсеткіштерін талдау
2.2. Өнеркәсіпті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
ІІІ Өндірісті басқаруды жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Өнеркәсіптік кәсіпорынды баскарудың ұйымдық құрылымы.doc

— 358.50 Кб (Скачать документ)

 

             

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Өндірісті басқаруды жетілдіру

              Өндірістің тиімділігі көбінесе өндіріс технологиясын таңдауға тәуелді. Технология өндірістің негізгі факторлары арасындағы өзара әрекеттесуін, сонымен қатар ғылым мен тәжірибе арқылы жаңадан ашылған механикалық, физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделген өндіріс құралдарының еңбек затына әсер етуі тәсілдерін көрсетеді.

Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді.  Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.

2006  жылы  қабылданған «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары - ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады.Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін шығады.Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай .  

Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады.Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі.ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен өндірістік кәсіпорындар кіреді.ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , өндірістік кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін өндірістік кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2000 ж. –20796. 

Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ. Бұл айтылған мәселелер әрине, біздің зерттеу объектімізге де қатысты. «Вторсырье – Маркет» ЖШС-ның өндірістік тиімділігін арттыру үшін инновацияның маңызы ерекше екендігі сөзсіз. Сол арқылы өндірістік кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатып, оның тиімділігін арттыру үшін мол мүмкіндіктер пайда болады. Жалпы алғанда, инновация өндірісте тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік. Сондықтан өндіріс тиімділігін арттыруда инновацияның рөлі айырықша деген тұжырым жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Өндірістің экономикалық тиімділігі өндірістік кәсіпорынның тұрақты экономикалық өсуі және дамуы, өндірістік өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты. Өндіріс аясында өндірістік кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі болғанда ғана емес, қызмет масштабы өзгермеген кезде де, өсу өз кезегінде дамуға кедергі келтірмейді.

Тауар өндірушінің негізгі мақсаты - әлемдік сапа деңгейіндегі жоғары бәсеке қабілетті өнім өндіретін жоғары пайдалы өндірістік кәсіпорын ұйымдастыру.Өнеркәсіптік өндірісінің тиімділігі – өндірістік кәсіпорынның қысқа, орта, ұзақ мерзімдердің нәтижелеріне бағытталған өндірістік кәсіпорын әзірлеген стратегиясына тәуелді (өндірістік кәсіпорын потенциалының ең жақы пайдаланылып және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін) экономикалық категория болып табылады.

Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі стратегиялық қағидаларды ескерген жөн:

            Шығармашылық көзқарас – өндірістік кәсіпорын болашағын көре білу;

            Инновация – техника мен технологияны жаңарту; өндірістік ұйымдастыру    және нарық саясатын жаңарту;

        Икемділік және бейімделгіштік – нарық талаптарына сәйкес үнемі өзгерістер енгізіп отыру;

            Өндірістік өндірістік кәсіпорын қызыметінің үнемі есебін және бағалауын жүргізіп отыру;

            Өндірістік өндірістік кәсіпорын дамуының әлсіз және күшті жақтарын өзіндік бағалау;

            Өндірістік өндірістік кәсіпорын стратегиясын жүзеге асыру;

            Ресурстық мүмкіншіліктерге сәйкес болу;

            Персоналды ынталандыру.

Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпы стратегиясы жоқ, әр өндірістік кәсіпорын өзінің даму стратегиясын жекелей, нарықтағы орыны, оның потенциалы, ұйымдастырылуы, бәсекелестері, өндірілетін өнім ерекшеліктері және басқа да факторларға тәуелді әзерлейді. Бірақ стратегия әзірлеудің негізін салушы нормалар және нақты модельдері бар. Нарық жағдайында әр өндірістік кәсіпорын балама стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі бар:

   - жаңа өнім өндіру немесе өндіріліп жатқан өнім сапасын          арттыру;

   -  нарықты дамыту;

   -  менеджментті жетілдіру;

   -  әртараптандыру.

Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жеке-жеке есепке алуды ғана емес, сонымен қатар оларды тиімді үйлестіру, өзара толықтыру әдістерін табуды талап етеді.

              Ұйымдық құрылым ұйымның көлемімен сәйкес келуі тиіс және күрделі болмауы тиіс. Егер ұйым кішкентай және басшы қызметкерлердің жұмысын өзі атқаратын болса, онда элементарлы ұйымдық құрылым қолданылады. Егер қызметкерлердің саны өсіп, оларды басқару бір басшыға қиын болғанда, онда ұйымды басқарудың аралық деңгейі немесе функционалдық құрылым қолданылады.

              Ұйымның әрі қарай дамуы басқару иерархиясының жаңа деңгейлерінің пайда болуына мүмкіндік береді.

              Қорытындысында дивизиондық құрылым немесе бизнестің стратегиялық бірлігінің құрылымы қолданылуы мүмкін. Кешенді жобаларды ұйымдастыру кезінде матрицалық құрылым қолданыла бастайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.      Кенжегузин М.Б.«Экономика Казахстана на пути преобразований» Алматы-2001г.

2.      Горемыкин В.А., Богомолов О.В. «Экономическая стратегия предприятия».Москва: «Филинъ»-2001г.

3.      Кунельский Л.Э. «Как ускорить рост эффективности»Москва:1998г.

4.      Тимохин М.Н, «Экономика организация промышленного производства» Москва: «Мысль»-1987г.

5.      Уолл Н., Маркузе Я., Лайн Д. «Экономика и бизнес А-Я». Москва: «Файр-пресс»-1999г.

6.      Словарь банковских и финансово- экономических терминов./Под                ред. Мамырова Н.К. Алматы:»Экономика»-1999г.

7.      Маркс К., Энгельс Ф. Соч. 2-е издание, Т.24

8.      Андрейчиков А.В., Андрейчикова А.В. «Анализ, синтез, планирование решений в экономике» Москва: «ФиС»-2001г.

9.      Модульная программа для менеджеров .  Кременов Г.Р.                                                         «Управление производительностью качеством» №5.Москва: «Инфра- М»-1999г.

10. Лисицина Н.А. «Экономика, организация и планирование промышленного производства». Минск: «Высшейшая школа»-1999г.

11. Разъяснение по применению типового плана счетов бухгалтерского учета / Библиотека бухгалтера и предприятия, 2009г.7№5-6 (154-155) май-июнь.

12. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы.─ Алматы: Экономика. 2005.─ 330б.

13. Под. ред. Таль Г.К. Антикризисное управление: Учебное пособие: В 2 т. Т. 2.: экономические основы.─ М.: ИНФРА─ М, 2008.─ 1027с

14. «СҰЛТАН» ЖШС-нің 2007-2011 жылдардағы іс-қағаздары мен жылдық қорытынды есептері.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

«Сұлтан» ЖШС – ның  2011 жылғы күтілетін  есебі.

 

Өнім  түрлері

Өлшем  бірлігі

Көлемі

Өнімділік

Жалпы  жиын

1ц/кг  бағасы

Сомасы

Егін  шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

Қыстық  бидай

га

506

15

7085

800

5668000

Яров  бидайы

га

350

12

3500

800

3360000

Сұлы

га

100

12

1000

700

700000

Қант қызылшасы

га

70

200

14000

200

2800000

Көпжылдық шөптер

га

147

-

3000

120

360000

Соя

га

35

12

420

100

420000

Сенаж

-

 

 

5000

60

300000

Солома

-

 

 

500

40

20000

Басқалары

-

 

 

-

 

100000

13350000

Мал  шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

КРС приплоды

бас

45

 

45

3000

135000

Сүт

ц

800

 

750

15

1200000

Салмақты КРС

ц

30,0

 

30

-

225000

Приплод  қой

бас

90

 

90

2000

180000

Жүн

кг

400

 

400

70

28000

Салмақты  қойлар

ц

30,0

 

30

 

165000

Басқалары

-

 

 

 

 

770000

2703000

Басқалары

-

 

 

 

 

100000

 

 

 

 

29

 



Информация о работе Өндірісті басқаруды жетілдіру