Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:07, автореферат

Описание

Осы Стандарттың мақсаты үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесін жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржы есептілігін жасау тәртібін белгілеу болып табылады. Атап айтқанда, ол кәсіпорыннан қызметкерлерге үлестік құралдарға опциондар ұсынатын операцияларға байланысты шығыстарды қоса алғанда, үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларының әсерін пайда немесе залал құрамында және қаржы жағдайында көрсетуді талап етеді.

Работа состоит из  1 файл

2-халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (IFRS) Үлестік құралдар негіздегі төлемдер.doc

— 220.00 Кб (Скачать документ)

59              Кәсіпорыннан осы Стандарт үлестік құралдарға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған басқа міндеттемелерге, мысалы, кезең ішінде өтелген, ол бойынша салыстырмалы ақпарат ұсынылған міндеттемелерге ретроспективті түрде қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ

60              Кәсіпорын осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдануды құптауға болады. Егер кәсіпорын осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін қолданса, оның осы фактіні ашып көрсеткені жөн.



А қосымшасы: Терминдердің анықтамасы

 

Бұл қосымша осы ХҚЕС-ның (IFRS) ажырамас бөлігі болып табылады.

ішкі құн

Қарсы тараптың қол қоюға немесе алуға құқығы бар (шартты немесе шартсыз) акциялардың әділ құны және қарсы тарап осы акциялар үшін ақы төлеуі тиіс баға (егер осындай бар болса) арасындағы айырма. Мысалы, әділ құны 20 а.б[*]. акция үшін орындау құны 15 а.б. үлестік құралдарға опционның ішкі құны 5 а.б.

қайта берілген опционы

Бұрынғы акцияға опционды орындау бағасын төлеу үшін акция пайдаланылған кезде ұсынылатын жаңа акцияға опцион.

бағалау күні

Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құны осы Стандарт мақсаты үшін өлшенетін күн. Қызметкерлермен және осындай қызметтер көрсететін басқа тұлғалармен операциялар үшін өлшеу күні ұсыну күні болып табылады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен (және осындай қызметтер көрсететін тұлғалармен) операциялар үшін кәсіпорын тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсететін күн бағалау күні болып табылады.

үлестік құралдарды ұсыну күні

Кәсіпорынның және басқа тараптың келісімнің талаптарын жалпы түсінулері шартымен кәсіпорын және басқа тарап (қызметкерді қоса алғанда) үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім жасаған күн. Үлестік құралдарды ұсыну күні кәсіпорын қарсы тарапқа, егер бар болса, белгілі бір өту талаптарын сақтау шартымен кәсіпорынның ақша қаражатына, басқа активтеріне немесе үлестік құралдарына құқықты ұсынады. Егер осы келісім бекіту (мысалы, акционерлер) процесіне жатса, онда ұсыну күні осы бекіту алынған күн болып табылады.

үлестік құрал

Кәсіпорынның оның барлық міндеттемелері шегерілгеннен кейін қалған активтеріндегі қалған үлеске құқықты растайтын шарт.[((]

үлестік құралдарға негізделген төлем мәмілесі

Кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді кәсіпорынның үлестік құралдарын (акцияларды немесе акцияларға опциондарды қоса алғанда) өтеу ретінде алатын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді кәсіпорын акцияларының немесе басқа үлестік құралдарының бағасына негізделген сомаға сатып алатын операция.

үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін төлем мәмілесі

Үлестік құралдарға негізделген, кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді ақша қаражатын немесе басқа активтерді осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің жеткізушісіне кәсіпорын акцияларының немесе басқа үлестік құралдарының бағасына (немесе құнына) негізделген сомалармен өткізу жөніндегі міндеттемені қабылдау арқылы сатып алатын төлем операциясы.

үлестік құралдарға негізделген, есеп айырысу үлестік құралдармен жүргізілетін төлем мәмілесі

Үлестік құралдарға негізделген, кәсіпорын тауарларды немесе қызмет көрсетулерді кәсіпорынның үлестік құралдары үшін (акцияларды немесе акцияларға опциондарды қоса алғанда) өтем ретінде алатын төлем операциясы.

акцияларға опциондар

Иесіне кәсіпорынның акцияларына белгіленген немесе анықталған баға бойынша белгілі бір уақыт ішінде қол қоюға құқық беретін, бірақ міндет емес, шарт.

құқығына енуі

 

Қандай да бір нәрсеге құқық алу. Үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде қарсы тараптың кәсіпорынның ақша қаражатын, басқа активтерін немесе үлестік құралдарын алуға құқығы оған белгілі бір өту талаптарын сақтау шартымен өтеді.

үлестік құқыққа кіру кезеңі

Үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім бойынша барлық көрсетілген өту талаптары орындалуы тиіс кезең.

ұсынылған үлестік құрал

Үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде басқа тарапқа кәсіпорын ұсынған кәсіпорынның үлестік құралына құқық (шартты немесе шартсыз).

жалдамалы қызметкерлер және осындай қызмет көрсететін басқа тұлғалар

Өздерінің қызметтерін кәсіпорынға ұсынатын және (а) заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын, (b) кәсіпорынға оның басшылығымен заңды немесе салық мақсаттары үшін қызметкерлер ретінде қарастырылатын тұлғалар сияқты жұмыс істейтін, немесе (с) көрсететін қызметтері қызметкерлер көрсететін қызметтерге ұқсайтын жеке тұлғалар. Мысалы, осы анықтамаға барлық басшы қызметкерлер, яғни кәсіпорынның атқарушы тұлғалары болып табылмайтын директорларды қоса алғанда, кәсіпорынның қызметін жоспарлау, басқару және бақылау үшін өкілеттігі бар және жауапкершілік атқаратын адамдар кіреді.

нарықтық талаптар

Үлестік құралды орындау бағасы, өтуі немесе орындау мүмкіндігі қатысты болатын және үлестік құралдардың нарықтық бағасына байланысты талап, мысалы, акциялардың берілген бағасына немесе акцияларға опционның ішкі құнының берілген сомасына қол жеткізу не кәсіпорынның үлестік құралдарының нарықтық бағасының және басқа кәсіпорындардың үлестік құралдарының нарықтық бағалары индексінің арақатынасына негізделген белгілі бір мақсатқа қол жеткізу.

үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім

Кәсіпорынның және басқа тараптың (жалдамалы қызметкерді қоса алғанда) арасында жасалған үлестік құралдарға негізделген төлем операцияларын жүргізу туралы, басқа тарапқа кәсіпорынның ақша қаражатын немесе басқа активтерін кәсіпорын акцияларының немесе басқа үлестік құралдарының бағасына негізделген сомаларды алуға құқық немесе кәсіпорынның үлестік құралдарын, егер бар болса, белгілі бір өту талаптарын сақтау шартымен алуға құқық беретін келісім.

әділ құн

Актив айырбасталатын, міндеттеме бойынша есеп айырысу жүргізілетін немесе жақсы хабардар етілген, осындай операцияларды жасауға ниетті тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде ұсынылған үлестік құралдар айырбасталатын сома.

үлестік құқыққа өту талабы

Қарсы тарапта үлестік құралдарға негізделген төлем туралы келісім шеңберінде кәсіпорынның ақша қаражатын, басқа активтерін немесе үлестік құралдарын алу құқығы туындауы үшін орындалуы тиіс талаптар. Үлестік құқыққа талаптарына басқа тараптан қызмет көрсетудің белгілі бір кезеңін аяқтауды талап ететін қызмет мерзімінің талаптары және қызметтің белгілі бір қызмет нәтижелеріне (мысалы, белгілі бір уақыт ішінде кәсіпорын пайдасының белгілі ұлғаюы секілді) қол жеткізуді талап ететін талаптары кіреді.

Опционды қайталап алуға құқық

Опционның иесі орындау бағасын төлеу үшін кәсіпорынның ақша қаражатын емес, акцияларын пайдалана отырып бұрын ұсынылған опционды орындаған кезде кез келген ретте үлестік құралдарға негізделген қосымша опциондарды автоматты түрде ұсынуды қамтамасыз ететін талап.



В қосымшасы: Қолдану жөніндегі нұсқау

 

Бұл қосымша осы Стандарттың  ажырамас бөлігі болып табылады.

Ұсынылған үлестік құралдардың әділ құнын бағалау

В1              Осы қосымшаның В2-В41-параграфтарында ұсынылған акциялардың және акцияларға опциондардың әділ құнын өлшеу қарастырылады. Қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипатты болып табылатын белгілі бір талаптарға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты ол жан-жақты болып табылмайды. Сонымен қатар бұдан әрі қарастырылатын бағалау мәселелері негізінен қызметкерлерге ұсынылған акцияларға және акцияларға опциондарға жатады, акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құны ұсыну күні өлшенетіні туралы жорамал қабылданады. Дегенмен бұдан әрі қарастырылатын көптеген бағалау мәселелері (мысалы, күтілетін өзгергіштікті айқындау) кәсіпорын тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсетін күні қызметкерлер болып табылмайтын тараптарға ұсынылған акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құнының есеп айырысу бағасы контексте қолданылады.

Акциялар

В2              Қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны кәсіпорын акцияларының акциялар ұсынылған талаптарды (19-21-параграфтарға сәйкес әділ құнды өлшеуден алынып тасталатын өту талаптарын қоспағанда) ескерілетіндей етіп түзетілген нарықтық бағасы бойынша (немесе, егер кәсіпорынның акциялары нарықта еркін айналмаса, есептелген нарықтық бағасы бойынша) өлшенуі тиіс.

В3              Мысалы, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде дивидендтер алуға құқығы болмаса, осы фактор ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Сол секілді, егер өту күнінен кейін акцияларды өткізуге шектеу болса, осы факт назарға алынуы тиіс, бірақ осы шектеулер осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға әсер ететін дәрежеде ғана. Мысалы, егер акциялар толық және өтімді нарықта белсенді айналса, өту күнінен кейін өтуге шектеулердің осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға шамалы әсер етуі немесе ешқандай әсері болмауы мүмкін. Өту кезеңі ішіндегі өтуге шектеулер немесе басқа шектеулер акциялардың ұсыну күнгі әділ құны бағалау кезінде назарға алынуы тиіс, себебі осы шектеулер 19-21-параграфтарға сәйкес ескерілетін өту талаптарының болуынан туындайды.

Акцияларға опциондар

В4              Қызметкерлерге ұсынылған акциялар опциондар үшін көптеген жағдайларда нарықтық бағаларға қолы жетпейді, себебі ұсынылған опциондар бойынша нарықта айналыстағы опциондарға қолданылмайтын талаптар белгіленген. Егер нарықта осындай талаптармен айналыстағы опциондар болмаса, онда ұсынылған опциондардың әділ құны опциондардың бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы бағалануы тиіс.

В5              Кәсіпорын нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушыларының опционның бағасын айқындау үлгісін таңдау кезінде қарауы тиіс факторларды ескеруі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған көптеген опциондардың ұзақ мерзімі бар; әдетте олар опционның өту күні және мерзімінің аяқталуы арасындағы кезең ішінде орындалуы мүмкін және мерзімінен бұрын жиі орындалады. Осы факторларды опциондардың ұсыну күнгі әділ құнын бағалау кезінде ескерген жөн. Көптеген кәсіпорындар үшін осы факторлар опциондардың мерзімінен бұрын орындалу үшін мүмкіндігі көзделмейтін және күтілетін мерзімінен бұрын орындалуға дұрыс әсер етпейтін Блэк-Шоулс-Мертон формуласын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осы үлгіде сондай-ақ күтілетін өзгергіштік және үлгіге арналған басқа бастапқы ақпарат опцион мерзімі ішінде өзгеруі мүмкін екені ескерілмейді. Дегенмен біршама қысқа мерзімі бар, шартта көзделген немесе өту күнінен кейін қысқа уақыт мерзімі ішінде орындалуы мүмкін үлестік құралдарға опциондарға аталған факторлар қолданылмауы мүмкін. Осы жағдайларда Блэк-Шоулс-Мертон формуласы опционның бағасын белгілеудің неғұрлым икемді үлгісін қолдану нәтижесінде алынатын құнға нақты сәйкес келетін құнға әкеп соғады.

В6              Баға белгілеудің барлық үлгісі кем дегенде мынадай факторларды:

(а)              опционды орындау бағасын;

(b)              опционның мерзімі;

(с)              акциялар негізін құрайтын ағымдағы бағасы;

(d)              акциялар бағасының күтілетін өзгергіштігін;

(е)              акциялар бойынша күтілетін дивидендтерді (егер қолданылса); және

(f)              опционның мерзіміне тәуекелсіз пайыздық ставканы назарға алады.

В7              Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушылары баға белгілеу кезінде қарауы тиіс басқа факторлар да назарға алынуы тиіс (19-22-параграфтарға сәйкес әділ құнның өзгеруіне алынып тасталатын өту талаптарын және қалпына келтіру сипаттарын қоспағанда).

В8              Мысалы, қызметкерге ұсынылған акцияларға опцион әдетте белгілі бір кезеңдер ішінде орындалуы мүмкін (мысалы, өту кезеңі немесе бағалы қағаздарды реттейтін органдары белгілеген кезеңдер ішінде). Егер опционның бағасын белгілеудің қолданылған үлгісі опционның оның мерзімі ішіндегі кез келген уақытта орындалуы мүмкін екені туралы жорамалды өзгеше көздесе, осы фактор назарға алыну тиіс. Дегенмен, егер кәсіпорын опционның бағасын белгілеудің опциондардың бағалауға арналған, опцион мерзімінің соңында ғана орындалуы мүмкін үлгісін қолданса, онда оларды өту кезеңі (немесе опцион мерзімі ішіндегі басқа кезеңдер) ішінде орындау мүмкіндігі жоқ екенін есепке алу үшін ешқандай түзету талап етілмейді, себебі үлгіде опциондардың осы кезеңдер ішінде орындалмауы мүмкін екені көзделеді.

В9              Қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондарға тән тағы бір фактор опционды мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі болып табылады, мысалы, өйткені опцион еркін жылжи алмайды немесе қызметкер оған өткен барлық опциондарды жұмыстан шығу кезінде орындауы тиіс болады. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау В16-В21-параграфтарда көрсетілгендей назарға алынуы тиіс.

В10              Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы акцияларға опционның (немесе басқа үлестік құралдың) бағасын белгілеу кезінде қарауы тиіс факторлар ұсынылған акцияларға опционның (немесе басқа үлестік құралдың) әділ құнын бағалау кезінде ескермеуі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар үшін опционның құнына тек жекелеген қызметкердің көзқарасы бойынша ғана әсер ететін факторлар нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы белгілеуі мүмкін бағаны бағалау үшін маңызды емес.

Опциондардың бағасын белгілеу модельдеріне
арналған бастапқы ақпарат

В11              Акциялар мен дивидендтер негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде олар бойынша мақсат опцион үшін ағымдағы нарықтық немесе шарттық айырбастау бағасында көрсетілуі мүмкін күтілетін жақындаған баға болып табылады. Тиісінше, қызметкерлерге ұсынылған үлестік құралдарға опциондарды мерзімінен бұрын орындаудың ықпалын бағалау кезіндегі мақсат қызметкерлердің опциондарды орындау ерекшеліктері туралы нақты ақпаратқа рұқсаты бар сыртқы тараптың ұсыну күнінен қол жеткізілген ақпаратқа негіздей отырып әзірлеуі тиіс күтулердің жақындаған бағалаудан тұрады.

В12              Болашақ өзгергіштіктің, дивидендтердің және орындау ерекшеліктерінің негізделген күтулері жиі болуы мүмкін. Осы жағдайда күтілетін құнды олардың туындау ықтималдылығын ескере отырып диапазон ішіндегі әрбір соманы өлшеу арқылы есептеген жөн.

В13              Болашақ туралы күтулер әдетте тәжірибеге негізделеді, бірақ егер болашақ күтулердің өткен уақытта бақыланған талаптардан өзгешелігі болады деп негізді түрде жорамалдауға болса, өзгереді. Кейбір жағдайларда бірегейлендірілген факторлар түзетілмеген тарихи тәжірибенің болашақ тәжірибенің біршама нашар болжау құралы болып табылатынын көрсетуі мүмкін. Мысалы, егер айырмашылығы үлкен екі қызмет түрі бар кәсіпорын басқасына қарағанда біршама дәрежеде тәуекелділігі төмен болған біріншісін сатса, онда тарихи өзгергіштік болашақ өзгергіштік туралы тиімді күтулерге негіздеген дұрыс болатын ең жақсы ақпарат бола алмайды.

В14              Белгілі бір жағдайларда тарихи ақпаратқа рұқсат берілмеуі мүмкін. Мысалы, листингтен жақында өткен кәсіпорында оның акциялары бағасының өзгергіштігі туралы шамалы тарихи ақпарат болуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін. Листингтен өтпеген немесе листингтен жақында өткен кәсіпорын бұдан әрі қарастырылады.

В15              Тұтастай алғанда кәсіпорын өзгергіштікті бағалауды, опциондарды орындау ерекшеліктерін және дивидендтерді бағалауды өткен тәжірибе қалай болғанын, болашақ тәжірибе негізделген түрде болжанатыны қалай күтілетініне қарамастан, тек тарихи ақпаратқа негіздемеуі тиіс.

Күтілетін мерзімінен бұрын орындау

В16              Қызметкерлер акцияларға опциондарды әр түрлі себептермен мерзімінен бұрын жиі орындайды. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар әдетте өткізуге жатпайды. Бұл қызметкерлердің өздерінің акцияларға опциондарын мерзімінен бұрын орындауына әкеп соғады, себебі бұл қызметкер үшін өзінің опциондарын жүзеге асырудың жалғыз тәсілі. Сонымен қатар жұмыстан шыққан қызметкерлер әдетте қысқа мерзім ішінде оған өткен барлық опциондардың орындалуын талап етеді, керісінше жағдайда акцияларға опциондар алынады. Осы фактор сондай-ақ қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондардың мерзімінен бұрын орындауын туындатады. Мерзімінен бұрын орындаудың басқа факторларына тәуекелдің және мүлікті диверсификациялау кемшіліктерінің алдын алу кіреді.

В17              Күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың ықпал етуі ескерілетін тәсіл опцион бағасын белгілеудің қолданылатын үлгісінің түріне қатысты болады. Мысалы, күтілетін мерзімінен бұрын орындау опцион бағасын белгілеудің үлгісі үшін бастапқы ақпарат (мысалы, Блэк-Шоулс-Мертон формуласы) ретінде опционның күтілетін қолдану мерзімін (қызметкерге ұсынылған үлестік құралдарға опцион үшін ұсыну күнінен опционның орындалуы күтілетін күнге дейінгі кезең болып табылады) бағалауды пайдалану арқылы назарға алынуы мүмкін. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау балама ретінде шартта көзделген қолдану мерзімін бастапқы ақпарат ретінде пайдаланатын опционның бағасын белгілеудің екі мүшелі немесе ұқсас үлгісіне моделденуі мүмкін.

В18              Мерзімінен бұрын орындауды бағалау кезінде қарау қажет факторларға мыналар кіреді:

(а)              акцияларға опцион әдетте өту кезеңінің соңына дейін орындалуы мүмкін өту кезеңінің ұзақтығы. Тиісінше, күтілетін мерзімінен бұрын орындаудың салдарын айқындау опциондарға құқықтардың өтетіндігі туралы жорамалға негізделеді. Өту талаптарының салдары 19-21-параграфтарда қаралады;

(b)              ұқсас опциондар өткен уақытта орындалмай қалған уақыттың орташа ұзақтығы;

(с)              акциялар негізінде жатқан бағаны. Тәжірибе қызметкерлердің акциялар бағасының орындау бағасынан белгілі бір деңгейде асып түсуге жеткен кезде опциондарды орындауға ұмтылатынын көрсетеді;

Информация о работе Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер