Әлемдегі басты тауар биржалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 18:43, доклад

Описание

Тауар биржасы – заңды тұлға құқығына ие ұйым. Ол күні бұрын белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір уақытта өзі белгілеген ережелер бойынша көпшілік үшін өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы биржалық қызметті ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын қалыптастырады. Аталған белгілерге сай келмейтін ұйымдар өзінің атауында Тауар Биржасы немесе “биржа” деген атауды пайдалана алмайды.

Работа состоит из  1 файл

Әлемдегі басты тауар биржалары.docx

— 48.54 Кб (Скачать документ)

               

                           

 

                                  БАЯНДАМА

 

 

 

 Тақырыбы: Әлемдегі басты тауар биржалары.

 

                               

 

 

 

                                                               Орындаған: Сарқытбаева Ш.

                                                               Тексерген: Бодаухан  Г.

 

 

 

 

 

 

                                                Алматы 2013

 

                                         Әлемдегі басты тауар биржалары

Тауар биржасы – заңды тұлға құқығына ие ұйым. Ол күні бұрын белгіленген белгілі бір орында және белгілі бір уақытта өзі белгілеген ережелер бойынша көпшілік үшін өткізілетін жария сауда-саттық нысанындағы биржалық қызметті ұйымдастыру және реттеу жолымен көтерме сауда базарын қалыптастырады. Аталған белгілерге сай келмейтін ұйымдар өзінің атауында Тауар Биржасы немесе “биржа” деген атауды пайдалана алмайды.

Тауар Биржасы көпшілік қолды тауарлармен (астық, мақта, металл, т.б.) үлгілер және стандарттар бойынша ірі көлемдегі көтерме сауданы қамтамасыз етеді. Кейде биржалар тек бір топтағы тауарлармен ғана сауда жасауға маманданады. Мәміле мерзімдік сипатта болады (ең көп таралған мерзім – 6 ай), мұның өзі баға айырмасынан пайда табу мүмкіндігін туғызады. пайда табу мүмкіндігін туғызады. Биржалық баға туралы деректер биржалық бюллетеньдерде баға белгіленімі түрінде ұдайы жарияланып тұрады.

Алғаш рет 19 ғ-да пайда болды. Қазіргі  кезде мамандандырылған биржалар ретінде  кеңінен таралды. Биржадағы мәмілелер  үш түрлі болып келеді, олар: 1) қолма-қол  ақшалай төленетін мәміле, мұндай жағдайда тауардың дереу жеткізілуі көзделеді; 2) мерзімдік мәміле, мұнда  тауар шартта көрсетілген белгілі  бір мерзім өткеннен кейін жеткізілуге  тиіс; 3) реттелмелі мәміле, яғни ерекше биржалық шарттарға негізделген  мәміле. Қазіргі заманғы биржаларда негізінен стандартталған тауар  сатылады, шындығында тауардың өзі  емес, оны жеткізуге жасалған келісімшарт  қана сатылады.

Аса ірі Тауар Биржасылары Нью-Йоркте (астық биржасы), Лондонда (металл биржасы) орналасқан. КСРО-да Тауар Биржасы 1921 – 30 ж. болды. 1985 жылдан бастап қайта жандана бастады. Қазақстанда Тауар Биржасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде пайда болып, даму жолына түсті. Тауар Биржасыұйымдық жағынан пайда алуға ғана емес, сонымен қатар сауданы жеңілдетуге және арзандатуға мүдделі жеке меншікті тұлғалардың қауымдастықтары түрінде ресімделді. Ол нақты тауар базарынан мерзімді мәмілелер жасалатын, яғни тауар келешекте жеткізілетін базарға дейінгі, сонан соң қазіргі заманғы фьючерстік биржаға дейінгі даму жолынан өтті. Бастапқыда Тауар Биржасы тек сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тұрақты байланысты ғана қамтамасыз еткен болса, кейін сауда ғұрыптарын тиянақтай бастады, баға белгіленімін жүзеге асырып, үлгілік келісімшарттарды әзірлей бастады, дауларды реттейтін болды, т.б.

Соңғы 100 жылда Тауар Биржасының саны шамамен 60-қа дейін қысқарғанына, яғни 3 есе азайғанына қарамастан, олар халықар. саудаға әлі де күшті  ықпал етуде: әлемдік тауар көлемінің 10%-ы осы Тауар Биржасы арқылы сатылады.

Сарапшылар алдағы 3-5 жылда  жаһандық ықпалдасу құблыстарының  арқасында тауар биржаларының өсімі  мүмкін болады -, деген ұйғарымға  келді. Бұл Қазақстан үшін шикізаттық емес саласында өсімге қол жеткізуіне жақсы мүмкіндік болмақ. 2012 жылдың 5 айында ЕТЖ тауар биржасындағы сауда көлемі 2 млрд. доллардан асты. Сала мамандары алдағы уақытта нарық  тек қана еселеп артып отырады  дегенді болжап отыр. ТМД елдерінің арасында ең алып көлемді және дамыған тауар биржалары Беларуссия, Өзбекстан, Ресей мен Украинада орналасқан. Соңғы уақытта Қазақстанда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Қазір елде 17 сауда алаңы бар. 2011 жылы олардың жиынтық тауар айналымы 3 млрд. долларды еңсерді.  

Ең ірі ойыншы, оған жалпы  алаңның 60 пайызы тиесілі ЕТЖ тауар  биржасы болып табылады. Бүгінгі  бағдарламада біз тауар биржаларының жұмысы мен даму көрсеткіштерін саралайтын боламыз.  Қазақстанда тауар биржаларының еңбек ете бастағанына 21 жыл толып қалды. Сол кезде құрылып, жұмыс істей бастаған биржа: Батыс-Қазақстанның Жайық атты Әмбебап тауар биржасы болған еді. Кейін ол қайта құрылымдалып, Қазақстан халықаралық тауар биржасы болып өзгертілді. Алайда, нарықтық экономикаға көшіп, заңнамалық базаның жетілмей жатқан кезінде кәсіби сауда алаңы жайында айтып отыру ерте еді. Тек 2009 жылы ұйымдастырылған электронды сауда ЕТЖ тауар биржасында өтті. Оны Алматы өңірлік қаржы орталығы мен Ресейлік РТС биржасы құрған еді. Сала мамандарының айтуынша, ЕТЖ – барлық халықаралық талаптарға сай, қажетті көлемдегі тұтынушыларға қызмет ете алады. Онда 3 бағыт бойынша қызмет көрсетіліп отыр. Бұл: спот және жылдам сауда, 3-ші бағыт арнайы ұйымдастырылып келетін бәссаудалар. 

 

Тауарлы жүйесінің электронды тауарлы жүйеден басты айырмашылығы ондағы саудаға брокерлерсіз қатысуға болады. Олардың арасында танымал  Е-бэй мен АмазОнды атап өсек болады. Соңғыларында ғаламтор трейдингі жүйесі бар, осының арқасында олар тұтынушылар  санын бірнеше есеге арттыра  алады. Сауданы ұйымдастырып отырған құрылымның жұмысын қиын деп айта алмайсыз. Бірінші қадам – тұтынушы биржада бекітілген брокерлерді таңдайды, онымен келісім шартқа қол қояды. Кейін бірлескен жұмыс басталады. Клиент сауда барысын өзі басқарып отырады. Брокерге қажетті тауарды сатып алу-сату бастамасын қолхат немесе электронды хат негізінде беріп отырады. 

 

 

 2011 жыл Қазақстандық тауар биржалары  үшін сәтті болды. Биыл да  аталған құблыс жалғасатын болады. Экономикалық даму және сауда  министрлігінің хабарлауынша, 2011 жылы  Қазақстанның барлық тауар биржаларында  құны 3 млрд. доллардан астам өнім  сатылды. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 5 есеге артық болып отыр.  2012 жылдың бастамасы да жаман емес. Қаңтар-мамыр айларында ЕТЖ тауар биржасындағы сауда көлемі 2 млрд. доллардан асты. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 164 есеге артық болып отыр. Қаржының басым бөлігі жылдам нарыққа тиесілі болды – 2 млрд. доллардай. Спот нарығының ауқымы 500 млн-ға жетті. Сарапшылардың пайымдауынша, айтарлықтай өсім металлдар секциясына тиесілі. Өндірістік тауарлардың да саудасы жақсы белестерге қол жеткізді. Нарықтағы өсім маусымдық саудаға байланысты болып отыр. 

 

Мұнай өнімдерінің саудасы  бәсең жүріп жатыр. Оған заңнамалық базаның жоқтығы әсер етіп, инвесторлардың сенімін жоғалтып отырмыз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін биржа өкілдері бәс саудаларды ұйымдастырып отыруға  шешім қабылады. Онда көп сатушы мен сатып алушы қатысатын  болады. Сала мамандарының пайымдауынша – бұл нарықтың ауқымын арттырып, биржа жұмысын сапалы етуге әсер ететін болады. 

 

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл тек қана нарықтың ауқымын  арттырып отыруға жағдай жасамай, жылпы  биржаның жұмысын жетілдіріп отыруға  мүмкіндік береді. Қазақстан экономикасында байқалып отырған ықпалдасу процесстері мен КО-ы мен БЭК-істіктің құрылуы Республикамыздың дамуына жағымды әсер етіп отыр. Биржа саудасында көптеген жетістіктерге жетуге жағдай жасалды, бірінші кезекте тауар биржаларын атап өтсек болады. Қазіргі таңда Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина мен басқа да ТМД елдерінің қатысуымен бір алып биржа құру бастамасы талқылана бастады. Бұл әмбебеп биржа нарықтарды біріктіріп, сауда процессін жеңілдететін еді. 

 

Биржаны іске қоспас бұрын, бірқатар жұмыстарды атқарып алу  қажет – дейді сарапшылар. Осыған орай ТМД-ның тауар биржалары  бойыншы комитет құрылып, ол заңнамалық базаны жетілдірумен айналысатын болады. Бұдан бөлек, Еуразиялық даму банкімен ортақ келісім шартқа қол қойылды. Компания халықаралық кеңесшілердің жұмысына қаржы бөліп отырады. Бұл ұлттық биржалар төңірегіндегі білімі мол сол елдің тұрғындары. 

 

Нарық қатысушылары – ТМД  елдерінің тауар биржаларының өкілдері бұл бастаманы жақсы құптап отыр. Себебі, осының арқасында тауар айналымын  бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік  туады. Сарапшылар, нақты санды атап алмай өтті. Алайда, алдын-ала болжам бойынша оның ауқымы 10-даған тіпті 100-деген млрд. долларға жетеді. Жаһандық ықпалдасу құблыстарын жүзеге асыру  үшін бірқатар талаптарды күшейтіп, стандарттарды  көтеруге тура келеді. 

 


Информация о работе Әлемдегі басты тауар биржалары