Экономикалық өсу және оның типтері мен көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 21:07, курсовая работа

Описание

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1. Экономикалық өсу және экономикалық даму 4
1.2.Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 5
1.3.Экономикалық өсудің типтері 8
1.4. Инвестициялар және экономикалық өсу 9
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 10
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗГІ МОДЕЛЬДЕРІ 13
2.1. Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 13
2.2. Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 14
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 15
2.4. Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу 16
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ 17
3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы 17
3.2.ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

Работа состоит из  1 файл

курс.docx

— 151.16 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда  аталған алғышарттарға негізделген  Е.Доммардың моделін қарастырайық. Динамикалық тепе-теңдіктің шарты болып келесі теңдік табылады:

Ақшалай табыстың өсімшесі = Өндіріс (сұраныс) қуатының (ұсыныс) өсімшесіне.

ΔI×1/a=I×δ, немесе  ΔΙ/ Ι=δ×a, мұндағы

Ι – жылдық таза күрделіжұмсалым;

ΔI – жылдық таза күрделі жұмсалым өсімшесі;

ΔІ/І – таза  күрделі жұмсалымның өсу қарқыны;

1/а – мультипликатор, мұндағы а – ұлттық табыс қорының үлесі, яғни қорлардың орташа иілімі;

δ – күрделі  салымдардың  мүмкін орташа өндірісі немесе капитал қайтарымы.

Осылайша  таза инвестициялар өсімі  δ×a тең  болуы керек немесе күрделі жұмсалымның мүмкін орташа өндірісін ұлттық табыс қорының үлесіне көбейту керек. Мысалы, δ=0,3 және а=0,2 , онда инвестициялар өсімінің қарқыны құрау керек: (0,3х0,2)х100%=6 %1.

Р. Харрод моделі  макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық шартына негізделген: I=SxP. Харрод біреуі статистикаляқ  макроэкономиканың шартын көрсететін 2 формуланы қолданады. Ал екіншісі – динамикалық тепе-теңдіктің шарты. Соңғысы туралы айтатын болсақ, нақты қорлар мен мүмкін қорлар салыстырылады. Сонымен, 1-теңдік:

GxC=S,мұндағы  G=ΔY/Y,  S=S/Y,  C=I/ΔY.

 

G – ұлттық табыстың өсу деңгейінің қарқыны;

S– ұлттық  табыс қорының үлесі;

С – капитал сыйымдылығы.

 

  2-теңдік:

 

GwxCr=S.

 

S – ескі (expost) уақыт аралығына жатады;

Gw x Cr – динамикалық тепе-теңдікке қажетті (ex ante) шама;

Cr – капиталдық коэффициенттің қажетті шамасы;

Gw – қажетті, нақтырақ айтқанда, өсудің кепілді екпіні.

 Неокейнсиандық  адамдардың ойынша, нарықты экономикалы  елдерде тұрақты өсудің кепілді  ықпалы автоматтық түрде орындалмайтындықтан,  динамикалық тепе-теңдікті орнату  үшін мемлекеттік реттеу қажет  деген тұжырымға келді.

2.2.  Экономикалық  өсудің  неоклассикалық   моделі

Экономикалық  өсуге анализ жасағанда, неоклассиктер  біріншіден, өнімнің бағасы барлық өндіріс факторларымен жасалады; екіншіден, өндірістің әрбір факторы  өнімнің бағасан жасауға барлық шектік өнімдермен сәйкес өзінің үлесін қосып, осы шекті өнімге тең табыс  көреді; үшіншіден, өнім өндіруге қажетті  өнім мен ресурстар арасында сандық байланыс болғандықтан; төртіншіден, факторлардың дербестігі мен өзара ауыспалдығынан шығады. Неоклассиктердің моделі бірфакторлы  неокейнсиандыққа қарағанда, көп факторлы болып келеді.

Экономикалық  теорияда ex ante және ex post ұғымдары экономикалық процестердің алдын алғы (мүмкін инвестициялар, қорлар) сатыларын және деректі нәтижелер  сатысын (іске асқан инвестициялар, тиімді жасалған қорлар) шектеу үшін  қолданылады.

ҒТР экономикалық өсу теориясындағы зерттеулерге қуатты демеу берді. Интенсивті типке  көшу ҒТР-дың экономикалық өсуге  және оның қарқынына қосқан үлесін ойлауды талап етті.

Осы құбылыстарды зерттейтін неоклассикалық модель кең  тараған Кобб-Дугластың  өндірістік функцияларына негізделген. 1928 жылдың өзінде-ақ  американдық ғалымдар – экономист П.Дуглас және математик Ч. Кобб әр түрлі өндіріс факторларының  өндіріс көлемін немесе ұлттық табысты ұлғайтуға қандай үлес қосатындығын бағалай алатын макроэкономикалық модельді жасады. Бұл функция мынадай түрде болады:

Ү=AK  L, мұндағы Ү - өндіріс көлемі, К – капитал, L – еңбек, А, α және β - өндіріс функциясының  параметрлері немесе коэффициенттері: А – қатынастық  коэффициент; α және β – еңбек және капитал шығындары бойынша өндіріс көлемінің икемділігінің коэффициенті. Негізгі капиталдың динамикасы, жұмысшылардың істеген адам-сағатының статистикалық  негізінде 1899-1922жж. аралығында  АҚШ-тағы өңделетін өндірістік өнімнің көлемі арқылы Ч. Кобб пен П. Дуглас эмпиристік жолмен өндірістік функциялардың келесі параметрлерін анықтады: Ү= 1,01х К0,25х L5.

Кейінірек Коббс-Дугластың өндірістік функциясы  жаңа  фактор – техникалық прогрестің енгізілуімен өзгерген болатын. Бұл амалды ең алғашқы болып голландық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты  Ян Тинберген қолданды.Оның өзгертуінен кейін формула келесі түрге түрленді:

Y= AKL1e.

e –уақыт факторы. Уақыт факторын енгізу тек қана жиынтық сандық емес, сапалық өзгерістерді де көрсетуге мүмкіндік берді.

Одан  кейінгі өндіріс функцияларының анализі американдық экономисттер  Р. Солоу, Дж. Мид, Э. Денисон және тағы басқалардың атымен байланысты. 

2.3 «Нөлдік  экономикалық  өсудің»   концепциясы

ХХғ 70-жылдарының басында  шарасыз, қоғамның даму беталысы сақтала тұрса да, кейбір экономисттер болмай қалмайтын «әлемдік апат»  концепциясымен шықты. АҚШ-тың Массачусет технологиялық  институтының  зерттеу  группасының профессоры Медоузаның басшылығымен «Рим клубының»  «Өсудің  шектері» докладында Жердегі адам санының  тез өсуімен, инвестициондық товар  өндірісінің дамуының және тез таусылып келе жатқан табиғат ресурстарының  арасындағы қарама-қарсылықтың өсуіне байланысты «жалғасып келе жатқан экспоненциалдық  өсудің әрбір күні әлемдік жүйені осы өсудің шегіне итермелейді... біздің планетаның физикалық шектері туралы біліміміздің негізінде өсу фазасы жақын  жүз жыл ішінде аяқталатынын білеміз.» (Meadows D. Et al., the limits to growth. N.Y., 1972, p. 183). Автордың ойынша, «өсу шектеріне» жету халық санының апатты қысқаруымен, қоршаған ортаның бұзылуымен аяқ басып жүреді. Бұл жағдайда, автордың ойынша, жалғыз шешім  «нөлдік өсуді» қолдау болып табылады.

«Нөлдік өсуді» жақтаушылар техникалық прогресс пен экономикалық өсу өмірдің  бірқатар теріс құбылыстарына: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға, улағыш заттардың тасталуына, қалалардың келбетінің бұзылуына алып келетіндігін айтады.Өндіріс процесі табиғи ресурстарды  тек қана түрлендіретіндіктен, уақыт  өткеннен кейін олар қоршыған ортаға қалдық түрінде тасталады.Бұл өсудің түрін жақтаушылар экономикалық өсу  әрқашан да өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алмайтындығын  айтады.

2.4.  Салааралық  баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу

Экономикалық  өсудің маңызды модельдерінің бірі – салааралық баланс моделі. Салааралық баланстың теориялық негіздері  бірінші бесжылдыққа әкелген  жылдары СССР-да жасалған болатын. Бірақ  рәсімделген түрінде алғашқы  болып американдық экономист  В. Леонтьев «шығын шығару» деген  атпен шығарды. АҚШ-тағы салааралық байланыс шахматтық тип түріндегі  кестелерді және сызықтық алгебра құралын  қолдану арқылы 30-жылдары В. Леонтьевпен  американдық экономиканы зерттеу  үшін қолданылған болатын.

Бұл әдісте В.Леонтьев ең бірінші экономикадағы  мөлшерлік байланыстарға назар  аударады (1-кесте). Сала араларындағы бұл  байланыстар технологиялық  коэффициенттер (а11, а12, а13, және т.с.с І квадрант ішінде) арқылы беріледі.

1-кестеде  берілген схемада салааралық  баланс төрт квадрант арқылы  берілген. Бірінші квадрантта - өнім  өндірісіне материалдық үнемдеу  көрсеткіштері. Екінші квадрантта  көрсеткіштер дербес қолдануға,  жинауға, экспорттауға, сатып алуға  арналған соңғы өнімді көрсетеді.  Үшіншіде – қосылған құн және  импорт  көрсеткіштері. Төртіншіде  – таза ұлттық  өнімнің бөлуінің  көрсеткіштері.

Салааралық  байланыс кестесі бағандар бойынша  шығындарды, яғни әрбір саланың бағасын  жасайтын өнім элементтерін және жолдар бойынша ұлттық экономиканың әрбір  саласының өнімін бөлуді көрсетеді.

Леонтъев  кестесінде соңғы сұраныстың немесе бір саладағы өндіріс шарттарының  өзгеруін барлық байланысты салалардың мөлшерлік реацияларын бақылау  арқылы зерттейді. Бұл қажеттіліктер  немесе өнім өндіру технологияларының  кез келген өзгерісі тепе-теңдік жағдайындағы бағалар құрылымын өзгертіп, сол  арқылы технолгиялық  коэффициенттердің  өзгеруіне әкеледі.

Осылайша, «шығын-шығару» әдісін қолдану арқылы тек қана экономиканың салалары арасындағы байланысты ғана емес, сонымен елдің  экономикасының дамуын болжауға болады.

 

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ   ҚАЗІРГІ   ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ   БОЛАШАҒЫ

3.1 ҚР-дағы  қазіргі  экономиканың  жағдайы

Қазақстандағы ЖІӨ көлемі 2011 жылда 9 ай ішінде шамамен 3 млрд. теңгеге жетті2. Қазақстанда 2011 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында ЖІӨ көлемі  18 209,8 млрд. теңгені құраса, өсу 2010 жылдың сол уақыт аралығына қарағанда 10,9% өсті. Қазақстанның статистика агенттігі көрсетілген уақыт аралығында өнеркәсіптегі өндіріс қарқыны 35,1 %, ауыл орман және балық шаруашылығында 2,2% және құрылыста 4,7%  өсті.

2012 жылғы қаңтар-наурыздағы ЖІӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісі 39,9%, қызметтерөндірісі 55,0% құрады. ЖІӨ-нің өндірісінде негізгі үлесті – 33,5% өнеркәсіп және 12,9% көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу алып отыр.

 

5-сурет. Өткен жылғы тиісті кезеңге пайызбен көрсетілген Ж.І.Ө

 

ҚР-ның  президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біздің  тұрақты экономикалық өсуіміз беріп  отырған мүмкіндіктерді біздің халқымыздың  әл-ауқатын жақсарту үшін қолданамыз,»-деді.

Нақты ақша табыстары 13,3%-ке өсті. Бір жұмысшының орта айлық номиналды жалақысы 26,7 мыңға жетті.

«Сыртқы сауда мен қаржы жүйесінің  көлемі – экономика  өсуінің оң көрсеткіштері», - деді президент. Тек  бірінші жартыжылдықта ғана сырқы  саудалық айналым 34,1%-ке өсіп, 30,8 млрд. долларды құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестициялар 12%-ке өсті.

Есепті деректер бойынша 2011 жылғы табыстардың құралуы құрылымында тауарлар өндірісі мен қызметтер өндірісіндегі еңбекақы төлеу үлесі, тиісінше, 27,1% және 42,2% құрады, өндіріске салынатын басқа да салықтар үлесі тауарлар өндірісінде 1,8%, қызметтер өндірісінде 0,5% құрады, тиісінше, жалпы пайда/жалпы аралас табыс үлесі 71,1% және 57,3% құрады.

 

6-сурет. Табыстар әдісімен есептелген Ж.І.Ө

3.2.ҚР-дағы  экономикалық  өсудің  болашағы

Мемлекет  басшысы Үкiметтiң алдына, 2015 жылы жалпы ішкі өнімнің мөлшерін әр адамға шаққанда 15 мың АҚШ долларына дейiн жеткізе отырып, табыстарының деңгейi жоғары елдердiң тобына кiру міндетін қойды. Ол үшін орта мерзімді кезеңде жыл сайын экономиканың өсу қарқынын 7%-дық деңгейде қамтамасыз ету керек.

Үкімет  тапсырмасына сәйкес Эко­номикалық даму және сауда министрлiгі мем­лекеттік ор­ган­дармен бірлесіп 2011-2015 жылдардағы экономиканың 7% өсуiн қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік-экономикалық сая­сат­тың негізгі бағыттарын, со­нымен бiрге осы өсуді қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнім құрылымындағы салалар да­муының индикативтік көрсеткiштерiн әзірледі.

Осы құжат  бірнеше рет Үкімет кеңестерінде, Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отыры­тарында қаралған. Нақты сектор салаларындағы көрсеткіштерде 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаларда айқындалған салаларды дамыту индикаторлары ескеріледі, оларды іске асыру бағдарламаларда көзделген инвестициялық жобалардың есебінен   болжанған.   Сондай-ақ, Индустрияландыру картасына сәйкес өзектендірілген қосымша инвестициялық жобаларды іске асыру мен жаңа өндірістерді енгізу ескерілген.

Егер  барынша iрi салалар бойынша қарастырсақ, онда көрсеткiштер төмендегiше көрiнедi.  2011-2015 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнiмнiң көлемi орташа 4-5 пайызға өседі. Өнер­кәсiп өндiрiсiнің өсу көрсеткiші негiзiнен ағымдағы жылғы 6 пайыздан 2015 жылға 9,1 пайызға дейiн ұлғаюы айқындалған.

Өңдеу өнеркәсiбіндегi өндiрiстiң  өсу   қарқыны    (орташа 10 пайыздан көп) тау-кен өндiрісі секторындағы өсуден жоғары болуы керек. Құрылыс саласындағы жоспарланған шаралар мен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық объектілердің кеңеюін, бағдарламалық құжаттарда ескерiлген ин­вестициялардың көлемiн ескере отырып құрылыс саласындағы өсу 2011 жылы 2,5 па­йыз, 2012 жылы 3,1 пайыз деңгейінде айқындалған. Нақты сектордың өсуі ұсынылатын қыз­меттер көлемiнің ұлғаюына ықпал ететін болады.

Сауда көлемiнің  өсуі ағымдағы жылы 12 пайызға және 2012-2015 жылдары 8-10 пайызға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің насаналы параметрлер шегінде ұл­ғаюы көлiк қызметiнің жыл сайын 7-8 пайызға арттыруына себеп болады.

Ақпарат және байланыс қызметтерi жыл сайын 7-9 пайызға өсуi керек.

Нақты сектор және көрсетiлетiн қызметтер салаларының  осылайша даму серпiндерiн ескере отырып, ЖІӨ-нің нақты өсуiнің деңгейі 2011 жылы 7,0 пайыз, 2012 жылы – 6,9 па­йыз, 2013 жылы – 6,5 пайыз, 2014 жылы – 7,1 пайыз, 2015 жылы – 7,4 пайыз деңгейінде бағаланды, бұл 2011-2015 жыл­да­ры жыл сайын орташа 7,0 пайызға өсуге мүмкіндік береді.

2011-2015 жылдары  экономиканың өсуінің нысаналы  көрсеткiштері 2,0-3,0 пайыздық тармақта  болды, бұл бұрын бекiтiлген  болжамды параметрлерден жоғары.  Шикізат емес салаларды белсендi дамыту арқасында орташа 7 пайыздан артық қосымша өсім қамтамасыз етiлетін болады. Жұмыспен қамтылған халық са­ны 2015 жылы 8,5 миллион адамға дейiн өсуі керек.

2011-2015 жылдардағы  сырт­қы сауда айналымының жыл  са­йын орташа 7 пайыздан аса,  соның iшiнде экспорт – 5 па­йыздан  көп, импорт – 10 па­йызға ұлғаюы  болжануда.

Өсу индикаторларын мемлекеттiк органдардың стра­те­гиялық жоспарларында бекiту қажет, өйткені олардың табыстары әрбiр жетекшiнiң ті­келей жауапкершiлiгінде бо­лады. Экономикалық өсу жет­кiлiктi экономикалық ресурс­тармен (инвестициялар, ең­бек ресурстары, энергия ре­сурстары, инфрақұрылым) қам­тамасыз етілуі тиіс.

Жалпы ішкі өнімнің жыл сайын орташа 7,0 пайызға өсуi үшiн есептер бойынша негізгі капиталға инвестициялардың көлемi 2011-2015 жылдары 2010 жылға қарағанда 58,5 пайызға, 2015 жылы 7,6 триллион теңгеге дейiн өсуі тиіс. Экономикалық даму және сауда министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры экономикаға шетелдiк капиталды (инвестициялар, қарыздар және тағы басқалар түрiнде) тарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын пысықтауы керек.

Информация о работе Экономикалық өсу және оның типтері мен көздері