ҚЕХС 40 инвестициялық жылжымайтын мүлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Мая 2012 в 10:03, курсовая работа

Описание

Менің бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуын, инвестициялық меншік түсінігі мен инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі және ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамаларын, инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау, шығындар бойынша есепке алу әдістері, ҚЕХС 40 қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары, ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары жағдайында жазу болып табылады.

Содержание

Кіріспе-------------------------------------------------------------------------------------3
I бөлім. ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының теориясы
1. ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартының орындалуы -----------4
1.1 Инвестициялық меншік түсінігі--------------------------------------------------4
1.2 Инвестициялық меншік ретіндегі активтердің жіктелінуі---------------4-5
1.3 ҚЕХС 40 – инвестициялық меншік стандартын қолдану кезіндегі анықтамалар-------------------------------------------------------------------------------5-8
II бөлім. Инвестициялық меншікті тану және шығынын есепке алу әдістері----------------------------------------------------------------------------------------9
2. Инвестициялық меншікті тану кезіндегі бағалау--------------------------9-10
2.1 Шығындар бойынша есепке алу әдістері---------------------------------10-20
III бөлім. ҚЕХС 40 қолдану және күшіне ену талаптары-----------------21
3. ҚЕХС 40 қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары--------------------------------------------------------------------------------21-25
3.1 ҚЕХС 40 күшіне ену талаптары -----------------------------------------------25
3.2 «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялық жобаларды іске асыру --------------------26-27
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------28-29 Қолданылған әдебиеттер тізімі----------------------------------------------------30

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВОЙ КАРЖЫЛЫК ЕСЕП Word.docx

— 82.57 Кб (Скачать документ)

69. Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін есептен шығару немесе істен шығару нәтижесінде туындайтын өзге пайдалар немесе шығындар активтің істен шығуы мен баланстық құнынан таза түсімдердің арасындағы айырма ретінде анықталуға және есептен шығару немесе шығып қалу орын алған кезеңде пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс (кері жалгерлікпен сатуға қатысты 17 (IAS) ХҚЕС өзге қадамды талап ететін жағдайды қоспағанда).

70. Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі істен шыққан жағдайда алынуы тиіс өтем бастапқыда әділ құн бойынша танылады. Атап айтқанда, инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі үшін ақы төлеу мерзімі ұзартылған жағдайда, алынуы тиіс өтем алдымен объектінің төлем мерзімі ұзартылмай ақшалай қаражатты төлеу кезіндегі бағасы бойынша көрсетіледі. Өтемнің атаулы сомасы мен объектінің төлем мерзімі ұзартылмай ақшалай қаражатты төлеу кезіндегі баға арасындағы айырма пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып 18 (IAS) ХҚЕС сәйкес пайыздық кіріс ретінде танылады.

71. Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі істен шыққаннан кейін ұйымда қалған міндеттемелерді есепке алу үшін ұйым 37 (IAS) ХҚЕС немесе басқа Стандарттардың тиісті ережелерін қолданады.

72. Құнсызданған, жоғалтылған немесе берілген инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілері үшін үшінші тұлғалардан алынған өтемдер мұндай өтем алынуы тиіс болған кезде пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс.

73. Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерінің құнсыздануы немесе жоғалуы, өтемді төлеу туралы талаптар немесе үшінші тұлғаларға төлеу және алмастырушы активтерді кейінгі сатып алу немесе құрылысын салу жеке экономикалық оқиғалар болып табылады және төменде көрсетілгендей бөлек ескеріледі:

(а) инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануы 36 (IAS) ХҚЕС сәйкес танылады; инвестициялық жылжымайтын мүліктің есептен шығарылуы немесе шығып қалуы осы.

(б)  Стандарттың 66-71-тармақтарына сәйкес танылады;

(с) құнсызданған, жоғалтылған немесе берілген жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілері үшін үшінші тұлғалардан түскен өтемдер өтем алынуы тиіс болған кезде пайданың немесе шығынның құрамында танылады;

(д) алмастыру ретінде қалпына келтірілген, сатып алынған немесе салынған активтердің құны осы Стандарттың 20-29-тармақтарына сәйкес танылады.

 

 

 

 

 

 

 

III бөлім. ҚЕХС 40  қолдану және күшіне ену  талаптары.

 

3. ҚЕХС 40  қолдану кезіндегі ақпараттардың мазмұнын ашып көрсету талаптары

 

Әділ құн бойынша есеп үлгісі және нақты шығындар бойынша есеп үлгісі

74. Төменде ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар 17 (IAS) ХҚЕС көзделгендерге қосымша қолданылады. 17 (IAS) ХҚЕС сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік иесі операциялық жасалған жалдау шарттары туралы ақпаратты жалға берушінің ашып көрсетуге қойылатын талаптарына сәйкес ашып көрсетеді инвестициялық жылжымайтын мүлік қаржылық және операциялық жалдау шартының талаптары бойынша иелік ететін ұйым жасалған жалдау шарты туралы ақпаратты жалға алушының ақпаратты ашып көрсетуге қоятын талаптарына сәйкес – қаржылық жалдау үшін және жалға берушінің – операциялық жалгерлік үшін қойылатын талаптарына сәйкес ашып көрсетеді.

75. Ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:

(а) оның әділ құн бойынша немесе нақты шығындар бойынша есепке алу үлгісін қолдануын;

(b) егер ол әділ құн бойынша есеп үлгісін қолданатын болса, оның иелігінде операциялық жалдаудың шарты бойынша тұрған жылжымайтын мүліктің үлесін жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктей ме және ескере ме және қандай жағдайларда;

(c) объектіні сыныптау қиын болып көрінген жағдайларда (14-тармақты қараңыз), инвестициялық жылжымайтын мүлік және иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сатуға арналған жылжымайтын мүлікті шектеу мақсаттарында ұйым пайдаланатын өлшемдер;

(d) инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын анықтау кезінде пайдаланылған әдістер мен елеулі жол берушіліктер, бұған әділ құнның анықтамасы нарықтық ақпаратпен расталғаны немесе ол көбінесе объектінің сипатына және салыстырмалы нарықтық ақпараттың болмауына байланысты басқа факторларға (оларды ұйым ашып көрсетуі тиіс) негізделгені туралы ақпарат қосылады;

(е) инвестициялық жылжымайтын мүліктің объектісінің әділ құны (қаржы есептілігінде өлшенген немесе ашып көрсетілген) танымал әрі тиісті кәсіпкерлік біліктілікті меңгерген, сондай-ақ осындай санаттағы инвестициялық жылжымайтын мүлікті бағалау жасау тәжірибесі бар және тап сол аумақта орналасқан тәуелсіз бағалаушының бағалауы негізінде, анықтауына негізделген. Мұндай ашып көрсетудің болмау фактісі қаржы есептілігіне ескертулерде ашып көрсетіледі;

(f)  пайда немесе залал құрамында танылған:

(і) инвестициялық жылжымайтын мүліктің жалгерлік кірісі; және

(іі) кезең ішінде жалгерлік кіріс келтіретін инвестициялық жылжымайтын мүлікке қатысты тікелей операциялық шығыстар (оның ішінде жөндеуге және ағымдағы қызмет көрсетуге арналған шығыстар); және

(ііі) кезең ішінде жалгерлік кіріс келтірмейтін инвестициялық жылжымайтын мүлікке қатысты тікелей операциялық шығыстар (оның ішінде жөндеуге және ағымдағы қызмет көрсетуге арналған шығыстар);

(iv) инвестициялық жылжымайтын мүлікте нақты шығындар бойынша есеп үлгісі пайдаланылатын активтер қорынан әділ құн бойынша есеп үлгісі пайдаланылатын қорға сатқан кезде пайдада немесе шығында танылған әділ құнның жинақталған өзгерісінің сомасы (32С-тамағын қараңыз);

(g) инвестициялық жылжымайтын мүлікті сату немесе істен шығып қалудан кіріс пен түсімдерді бөлу мүмкіндігіне қатысты шектеулердің болуы және сомалары;

(h) инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алу, салу немесе қайта құру не жылжымайтын мүлікті жөндеу, ағымдағы қызмет көрсету немесе жақсарту бойынша келісімшарттық міндеттемелер.

Әділ құн бойынша есеп үлгісі

76. 75-тармаққа сәйкес ашып көрсетілетін ақпаратқа қосымша, 33-55-тармақтарда айтылған әділ құн бойынша есеп үлгісін қолданатын ұйым сондай-ақ есепті кезеңнің басындағы инвестициялық жылжымайтын мүлітің баланстық құнын есепті кезеңнің соңындағы баланстық құнмен салыстыруды ашып көрсетіп, мыналарды көрсетуі керек:

(а) объектілер сатып алу нәтижесінде және активтің баланстық құнында танылатын келесі шығындарды капиталдандыру нәтижесінде ұлғаюы жеке ашып көрсетілетін ұлғаюлар;

(b) бизнесті біріктіру арқылы сатып алу нәтижесіндегі өсімін;

(с) сатуға немесе шығып қалуға арналған топқа енгізілген ретінде жіктелген, 5 IFRS сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен басқа шығып қалулар;

 (d) әділ құнды түзету нәтижесіндегі басқа таза табыстар немесе шығындар;

(е) қаржы есептілігін тапсырудың басқа валютасына көшіру кезінде және шетелдік қызметті есеп беруші ұйымның табыстау валютасына көшуі кезінде туындайтын таза бағамдық айырманы;

(f) инвестициялық жылжымайтын мүліктің объектілерін босалқылар мен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік санаттарына, және керісінше ауыстыру; және

(g) басқа да өзгерістерді.

  1. Егер инвестициялық жылжымайтын мүлік үшін алынған бағалаулар едәуір  шамада қаржы есептілігінің мақсаттары үшін, мысалы, 50-тармақта сипатталғандай жеке активтер мен міндеттемелер ретінде танылатын активтерді немесе міндеттемелерді қайта есепке алуды болдырмас үшін түзетілсе, онда ұйым бұрын қосылып, танылған жалдық міндеттемелерде танылған жиынтық соманы бөлек көрсете отырып қаржы есептілігіне енгізілген алынған бағалау мен түзетілген бағалау арасындағы салыстырманы және басқа елеулі түзетулерді ашып көрсетуі тиіс.
  2. Ұйым жылжымайтын мүлікке инвестицияларды 16 (IAS) ХҚЕС айтылған негізгі есеп тәртібін пайдалана отырып өлшейтін, 53-тармақта сипатталған айрықша жағдайларда, 76-тармақта талап етілетін салыстыру инвестициялық жылжымайтын мүлік осы объектісіне қатысты сомаларды инвестициялық жылжымайтын мүліктің басқа объектілеріне қатысты сомалардан бөлек ашып көрсетуі тиіс. Бұдан басқа, ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(а) инвестициялық жылжымайтын мүліктің сипаттамасы;

(b) әділ құн жеткілікті сенімділік деңгейінде өлшене алмайтын себептерді түсіндіру;

(с) мүмкіндігінше инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнының өлшемі болжамды түрде тұрған шекараны; және

(d) әділ құн бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі істен шығып қалған кезде:

(і) әділ құн бойынша көрсетілмейтін инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің істен шығып қалу фактісін;

(іі) инвестициялық жылжымайтын мүлік мұндай объектісінің сату кезіндегі баланстық құнын; және

(ііі) танылған табыс немесе шығын сомасын.

Өзіндік құн бойынша есеп моделі

  1. 75-тармақ талап ететін ақпаратты ашып көрсетуге қосымша 56-тармақта айтылған нақты шығындар бойынша есеп үлгісін қолданатын ұйым сондай-ақ мынадай ақпаратты ашып көрсетеді:

  (а) амортизация есептеудің қолданылатын әдістері;

  (b) пайдалы қолданудың  қолданылатын мерзімдері немесе амортизация нормалары;

  (с) есепті кезеңнің басындағы және соңындағы жылдық баланстық құн мен  жинақталған амортизация (құнсызданудан болған жинақталған залалдармен қоса);

  (d) мыналарды көрсететін есепті кезеңнің басындағы және соңындағы инвестициялық жылжымайтын мүліктің баланстық құнын салыстырып тексеру:

(і) объектілер сатып алу нәтижесіндегі және актив ретінде танылатын келесі шығындарды капиталдандыру нәтижесіндегі өсім жеке ашып көрсетіп, ұлғаюды;

(іі) бизнесті біріктіру арқылы сатып алу нәтижесіндегі өсімін;

(ііі) сатуға арналған ретінде жіктелген немесе 5 (IFRS) ХҚЕС сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген топқа енгізілген активтер мен өзге шығып қалуларды;

(іv) амортизацияны;

(v)  36 (IAS) ХҚЕС сәйкес есептілікте құнсызданудан болған залалдар деп танылған соманы және есепті кезең ішінде құнсызданудан болған қалпына келтірілген соманы;

(vі) қаржы есептілігін берудің басқа валютасына ауыстырған кезде және шетелдік қызметті есеп беретін ұйымның валютасына ауыстыру кезінде туындайтын таза бағамдық айырманы;

(vіі) инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерін босалқылар және иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік санаттарына, және керісінше ауыстыруды; және

(vііі) басқа да өзгерістерді;

е) инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнын. Ұйым инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнының сенімділігін жеткілікті дәрежеде анықтай алмайтын, 53-тармақта айтылған айрықша жағдайларда, ол мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:

(і)  инвестициялық жылжымайтын мүліктің сипаттамасын;

(іі) әділ құн жеткілікті сенімділік деңгейінде есептеле алмайтын себептерді түсіндіруді; және

(ііі)  мүмкіндігінше инвестициялық жылжымайтын мүліктің әділ құнының өлшемі болжамды түрде тұрған шекараны.

Әділ құн бойынша есеп үлгісі:

80. Бұрын 40 (IAS) ХҚЕС қолданған (2000 жылғы редакция) және операциялық жалгерлік шарты бойынша оның иелігіндегі жылжымайтын мүліктің тиісті критерийлерінің кейбірін немесе барлығын қанағаттандыратын   объектілерін инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктеуге және ескеруге шешім қабылдаған ұйым осы таңдаудың ықпалын осы таңдау бірінші рет жасалған кезеңнің басында бөлінбеген пайданың сальдосын түзету ретінде тануы тиіс. Бұған қоса:

(а) егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүліктің осы объектілерінің әділ құнын алдыңғы кезеңдерде (5-тармақта келтірілген әділ құн анықтамасын қанағаттандыратын және 36-52-тармақтардағы ұсынымдарға сәйкес есептелген) бұрын ашып көрсеткен болса (қаржы есептілігінде немесе өзгеше жолмен), ұйымның мыналарды жүзеге асыруы құпталады, бірақ талап етілмейді:

(і) осындай әділ құн ашып көрсетілген ең алғашқы есепті кезеңде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзету; және

(іі) аталған кезеңдер ішіндегі салыстырма көрсеткіштерді қайта есептеу;

(b) егер ұйым (а) тармақта көрсетілген ақпаратты бұрын ашып көрсетпеген болса, ол салыстырма ақпаратты қайта есептеуі тиіс емес және ол осы фактіні ашып көрсетуі керек.

81. Осы Стандарт 8 (IAS) ХҚЕС талаптарынан ерекшеленетін қадамды қолдануды талап етеді. 8 (IAS) ХҚЕС, қайта есептеу мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, салыстырма ақпаратты қайта есептеуді талап етпейді.

82. Ұйым осы Стандартты алғаш рет қолданған кезде, бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзету жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін «қайта бағалаудан мүлік құны өсуінің» бабының құрамына кіретін соманы қайта сыныптауды қамтиды.

Нақты шығындар бойынша есеп үлгісі:

83.  8 (IAS) ХҚЕС ережелері ұйым осы Стандартты алғаш қолданған кезде және есеп үлгісін нақты шығындар бойынша таңдаған кезде туындайтын есеп саясатының кез келген өзгерістеріне қатысты қолданылады. Есеп саясатының өзгеруі жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін «қайта бағалаудан мүлік құны өсуінің» бабының құрамына кіретін соманы қайта сыныптауды қамтиды.

84. 27-29-тармақтарда баяндалған активтерді айырбастау операцияларының нәтижесінде сатып алынған инвестициялық жылжымайтын мүліктің бастапқы бағалауға қатысты талаптар болашақ операцияларға ғана перспективалы түрде қолданылуы тиіс.

Информация о работе ҚЕХС 40 инвестициялық жылжымайтын мүлік