Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 22:14, курсовая работа

Описание

Мемлекет қоғамның әртүрлі ортада қызығушылығын білдіреді, сәйкес саясатты ұйымдастырады және іске асырады – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және тағы басқаларды. Мемлекеттің реттеу қызметі экономика саласында бюджетті-қаржылық, ақша-несиелік, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі объект пен субъектінің арақатынасы ретінде болатын бағалы механизм формасында көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған соң өзінің салық жүйесін қалыптастыруға қажет болды. Мемлекет салықтар тек қана бюджеттік кіріс жағын құрып қоймай, сонымен қатар экономикаға реттеу жүргізіп отырады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................................................
5

1
БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1
Бюджетпен есеп айырысудың мәні мен мазмұны................................ ..............
8
1.2
Бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеу ерекшіліктері...............
14
1.3
Салық есептілігі................................ ................................ ................................ ............................
23

2
«ERK–TRUST» ЖШС–де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕСЕБІ

2.1
«ERK–TRUST» ЖШС–нің қаржылық–экономикалық сипаттамасы......
27
2.2
Бюджетпен тікелей салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
33
2.3
Бюджетпен жанама салықтар бойынша есеп айырысу есебі.........................
41

3
«ERK–TRUST» ЖШС-де БЮДЖЕТПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1
Бюджеттік төлемдерді талдау................................ ................................ ............................
45
3.2
Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары................................ ....
47

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................ ....................................................
52

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗІ........................................................................
55

Қосымша А. «ERK–TRUST» ЖШС– нің 2009 ж. Бухгалтерлік балансы............................................................................ .....................................................................

57

қосымша б. «ERK–TRUST» ЖШС– нің 2009 ж. Пайда мен залал туралы есебі ..................................... ...................................................................... .......... .......... ....

58

Работа состоит из  1 файл

finu4et.doc

— 353.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 

                                                 КІРІСПЕ

Мемлекет қоғамның әртүрлі ортада қызығушылығын білдіреді, сәйкес саясатты ұйымдастырады және іске асырады – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және тағы басқаларды. Мемлекеттің реттеу қызметі экономика саласында бюджетті-қаржылық, ақша-несиелік, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі объект пен субъектінің арақатынасы ретінде болатын бағалы механизм формасында көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болған соң өзінің салық жүйесін  қалыптастыруға қажет болды. Мемлекет салықтар тек қана бюджеттік кіріс  жағын құрып қоймай, сонымен қатар  экономикаға реттеу жүргізіп отырады.

Бюджеттік-қаржылық жүйе мемлекеттің – бюджет пен бюджеттік емес қорларды,  қаржылық ресурстарын құрастыру мен қолдану жөні бойынша қатынасты өзіне қосады. Салықтар тауарлық өндіріспен, қоғамның класстарға бөлінуімен және әскер, сот және басқа қажеттіліктерді ұстау үшін қаражатты қажет ететін мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты.

Мемлекеттік бюджет –  жалпы мемлекеттік тұрғыдан бекітіп, пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы  қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы  экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл–ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Мемлекеттік бюджеттің негізгі көзі жеке және заңды тұлғалардан алынған салықтық түсімдерден құрылады.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқына Жолдауында «Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті», - деп атап өтті .  Бұл Қазақстан Республикасының салық саясатының ұтымды  құрылуы себебінен де болып отыр.

Бюджет жүйесінің негізін  салықтардың құрайтыны белгілі. Салық – қаржылық ғылымдарындағы негізгі түсініктерінің бірі. Сондықтан да оның мәнін, міндеттері мен мақсаттарын оқудың маңызы зор.

Салықтар – мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзілетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлем.

Салық кодексі салықты  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының  салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

Зерттеу жұмысының  мақсаты – нақты кәсіпорын мысалында бюджетпен есеп айырысуды талдау мен есебін жүргізудің негізгі аспектілерін оқу, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Осы қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылды:

  • салықтар мәні мен салықтың қызметтеріне түсініктеме беру;
  • салық төлемдерінің жіктемесін зерттеу;
  • бюджетпен есеп айырысудың теориялық аспектілерін қарастыру;
  • кәсіпорында салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу есебін талдау;
  • бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдарын зерттеу.

1 БЮДЖЕТПЕН  ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бюджетпен  есеп айырысудың   мәні мен мазмұны

Мемлекет қоғамның әртүрлі ортада қызығушылығын білдіреді, сәйкес саясатты ұйымдастырады және іске асырады  – экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және тағы басқаларды. Мемлекеттің реттеу қызметі экономика  саласында бюджетті-қаржылық, ақша-несиелік, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі объект пен субъектінің арақатынасы ретінде болатын бағалы механизм формасында көрсетіледі.

Бюджеттік-қаржылық жүйе мемлекеттің  – бюджет пен бюджеттік емес қорларды,  қаржылық ресурстарын құрастыру мен қолдану жөні бойынша қатынасты өзіне қосады. Салықтар тауарлық өндіріспен, қоғамның класстарға бөлінуімен және әскер, сот және басқа қажеттіліктерді ұстау үшін қаражатты қажет ететін мемлекеттің пайда болуымен бірге қалыптасты.

Мемлекеттік бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады. Оның негізін салықтар құрайды.

Салықтың экономикалық мәні — шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

Салықтар мемлекеттің  өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай  немесе натуралдық формада тұрақты  түрде төлейтін жарналары қажет  болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды .

Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен  түсініктеме берілген. Мәселен, Салық  Кодексінде «Салықтар – мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзілетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын, бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер» деп атап көрсетілген .

Байболтаева Н.Ә. окулығында «Салық дегеніміз — бұл мемлекеттің және муниципалдық органдардың қызметін қаржылық жағынан қамтамасыз ету мақсатында мемлекет (өкілетті орган ретінде) заңмен белгілеген заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті төлем». Яғни, ол ақшаның кайтарымсыз алынуы. Салықты төлеу кезінде ақшаның бір жақты қозғалысы жүзеге асырылады және ақша салық төлеушілерден мемлекеттік ақша қорына (бюджетке) түседі .

Сұлтанова Б.Б «Салық есебі» оқулығында «Салық – мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен қамтамасыз етілетін, тұрақты және баламасыз, қайтарылмайтын сипаттағы белгілі бір мөлшерде, мемлекетпен заңды бекітілген салық субъектісімен жүргізілетін, тиісті кұқықтык негіздегі өкілетті органмен әкімшілік тәртіпте мемлекет табысына міндетті түрде ауда–рылатын ақшалай төлем /6/.

В. Радостовецтің  оқулығында «Салық – мемлекет алдындағы әрбір  салық төлеушінін міндеттемесі болып табылады және ол салық занына сәйкес жүргізіледі» деген анықтама берілген /7/.

 Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекетгік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.

Бюджеттен мемлекеттік  кірістер мен шығындарының құрылымын  көруге болады. Мемлекет бюджет арқылы мынандай төлемдер жасайды:

  • ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары;
  • субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі;
  • сувенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты;
  • дотация – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Нарықтың экономика мен мемлекеттің салық саясатыныц негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Салық саясатының  басты мақсаты — салық жүйесін кұру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизме іске асыру.

Мемлекеттің салық қызметі  келесі бағыттардан тұрады:

– мемлекеттің салық жүйесінің қалыптасуы;

– салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

– арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

– салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті /8/.

Қазақстан Республикасының  салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен  өтті.

Бірінші кезең – 1991 жылғы 9 шілдедегі Қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР–нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті кабылданды.

Екінші кезең – Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте–бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып, салық саны 45–тен 11–ге дейін қысқартылды. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік, алтауы жергілікті салықтар.

Үшінші кезең – 2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасыньщ Салық кодексі қабылданды.

Салық кодексі салықты  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік катынастарын, сондай–ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

Қазақстан Республикасының  салық зандары Салык кодексінен, сондай–ақ қабылдануы Салық кодексінде көзделген нормативтік құқықтык актілерден тұрады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі Салық кодексінде көзделмеген міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – Салық кодексінде белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

Информация о работе Бюджетпен қарым-қатынас есебін жетілдіру жолдары